10 сурет. Денсаулық сақтау жүйесіне нысан ретінде басқарушылық әсер ету механизмі.
Басқару механизмі
шарттары
ұйымдастырушы
даму
әдістері
Ұйымдастырушылық-нұсқаушылық
Экономикалық-математикалық
әлеуметтік-психологиялық
Қызметтері
Болжамдау
Жоспарлау
Жобалау
Ұйымдастыру
реттеу
Есепке алу
Қадағалау
Сараптау
Денсаулық сақтау жүйесін басқару дегеніміз – менеждмент. Оның басқару нысаны әлеуметтік-техникалық ашық динамикалық қүрделі жүйе болып табылады. Оны басқарудың негізгі ерекшеліктеріне:
- қабылдаған шешімдердің ерекше жауапкершілігі. Осы шешімге адамның өмірі мен денсаулығы тікелей байланысты;
- қабылдаған шешімнің болашақтағы нәтижесін болжау мүмкіндігінің қиындығы;
- бұрыс қабылдаған шешімді жөндеу мүмкіндігінің жоқтығы жатады.
Нарықтық экономикаға жаңадан өте бастаған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін басқару оңай бола қойған жоқ. Жаңа экономикалық жағдайға өту экономика әдістері, қорларды экономикалық сараптау, жұмыс нәтижесін сараптау, қабылданған шешімнің экономикалық тиімділігін бағалау әдістерін дұрыс қолдана білуді талап етеді.
Менеджмент ғылымы философия, политология және социология сияқты өзге ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Менеджмент ғылымының зерттейтін негізгі тақырыбы басқару саласындағы адамдардың бір-бірімен қоғамдық қатынасы болып табылады. Менеджменттің теориясы мен тәжірибесінің дамуында әдістемелік тұрғыда 4 бағыт айқындалады:
Әртүрлі ғылыми мектептердің пайда болуы;
Үрдістік көзқарастың туындауы;
Жүйелік көзқарастың пайда болуы;
Жағдаяттық көзқарастың пайда болуы;
Бұл ғылыми бағыттың даму барысында менеждмент мәселесіне әртүрлі көзқараспен қарайтын бірнеше мектеп пайда болды. Соңғы кезде менеждмент туралы көзқарастардың нашар жақтары алынып тастап, күшті жақтары одан ары дамытыла түсті.
Ғылыми мектеп – бұл менеждмент туралы көзқарастар жүйесі. Көзқарастар жүйесі басқару әдістемелері мен теорияларынан тұрады. Алғашқы осындай мектептің іргесін қалаған (1856-1915 жылдары) және басқарудың бірегей теориясын ұсынған америка инженері Ф. Тейлор болатын. Ф. Тейлор менеджменттің негізі ретінде тиімділік шартын ұсынды. Ол мухият хронометражды бақылау арқылы жұмысты барынша үнемді орындауға негізделген өнімділік нормативтеріне сүйенеді.
Сонымен қатар, тиімділіктің тетігі ұжымның тығыз байланыста және барынша жауапкершілікпен жұмыс атқару қажеттігіне сенімінде деп қарастыру шарты да дұрыс деп есептелінеді. Классикалық мектеп немесе әкімшілік басқару мектебі (1920-1955 жылдары) ғылыми мектепке қарағанда жалпы ұйымды басқару мәселесімен айналысты. Бұл мектептің менеждмент ғылымына қосқан үлкен үлесі – басқаруға жүйелі түрде кірісу шартын ұсынды. Бұл мектепті ұйымдастырушы француздың маманы және ірі өндіріс басшысы А. Файоль еді. А. Файоль менеждмент – болжамдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бұйыру, үйлестіру және қадағалау істерінің біріңғай жүйесі деп атап көрсетті. Менеджмент туралы бұл ұғым осы күнге дейін өз мәнін жоғалтқан жоқ.
Адамдар арақатынасы туралы мектеп пен іс-әрекеті туралы ғылыми мектеп 1940 жылы құрылып, бүгінгі күнге дейін жұмыс атқаруда. Бұл мектептің ең ірі абройларына М. Фоллет, Э. Майо, А. Маслоу, Р. Лайкерт, Д. Макгрегор сияқты ғылымдар жатады. Бұл мектептің менеджмент саласындағы ұстанымы тұлғалар арасындағы қатынасты басқару және психология мен социологияны қолдану болып табылады. Осы саланың белді ғалымы Элтон Майо мынандай қағидаларды ұсынды:
Қызмет орнында адамдарды алға жетелейтін әлеуметтік қажеттіліктер. Оның ішінде достықты, өзін-өзі силау, ұжымды мойындау қажеттілігі,
Адамдар өздерінің әлеуметтік арақатынасын еңбек ету ортасында қанағаттандыра алады. Ал атқаратын қызметі оны көбінесе аса қанағаттандыра қоймайды.
Еңбек ету ұжымы жұмысшыға әкімшілік қадағалау мен марапаттаудан да жоғары әсерін тигізеді.
Бақылаушылардың жұмыс нәтижелігі оларға тәуелді қызметкерлердің әлеуметтік сұранысын қанағаттандыру дәрежесіне байланысты.
Роберт Лайкерттің зерттеу нәтижелері көрсеткендей, басқару саласында (менеджмент) өз жұмысшыларына қамқорлықпен қарайтын менеджерлер жақсы табысқа жетеді. Бұл менеджерлер басқаратын адамдарына, олардың алдына қойған мақсатын орындау үшін барынша жайлы жағдайды қамтамасыз етеді.
Ара қатынас және іс-әрекет туралы мектеп 1950 жылдан бері қарай жұмыс істеуде. Бұл мектептің алдына қойған мақсаты басқару саласына кибернетика, математика мен статистика, жобалау, болжамдау және элдектронды-есептеу құралдарын менеджент мәселелерін шешу жұмысына қолдану әдістемелерін жетілдіру болып табылады. Алайда, бұл бағыттарды менеджментте қолдану барысында күтілетін нәтижелер ойдағыдай бола бермейтіндігін естен шығаруға болмайды. Менеджментке үдеріс ретінде қарау А. Файольдің еңбектерінде терең орын алған. Оның негізінде басқарушылық ұғым жатыр. Ол белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін бір-бірімен тығыз байланысты қимылдар жасау керектігін көрсетті.
Барлық қызметтердің жиынтығы басқару үрдісін құрайды. Менеджмент қызметінің маңыздылығы туралы ғалымдардың түсінігі уақыт өте келе өзгеріске ұшырауда. Ол көптеген себептерден туындап отыр. Оның ішінде экономикалық, қоғамдық, мәдени себептермен қатар, ғылымның да өзіндік әсері бар. ХХ ғасырдың 50 жылдарында менеджменттің ең басты қызметі денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру деп есептелсе, қазіргі кезеңде – үйлестіру деп санайды. 1960-1970 жылдары менеджменттің жүйелі әдістемесі сандық әдістемемен қатар дамыды. Менеджментте бұл әдістемелер әртүрлі басқарушылық мәселелерді сараптауда қолданылады. Әсіресе ұйымдастырушылық құрылымдарды сараптауда, әртүрлі құрылымдық бөлімдер байланысының жалпы ұйым қызметіне тигізетін әсерін есепке алу қажеттігі туындағанда сандық және сапалық әдістемелермен қатар жүйелі әдістемені қолдану жақсы нәтижесін береді.
Жүйелі әдістеме дегеніміз – басқарушылар үшін қажетті шарттардың жиынтығы емес, керісінше, ұйымдастыруға және басқаруға байланысты ойластыру әдістемелері. Жүйе – ол бір-біріне тәуелді бөліктерден тұратын бірегейлік белгісі. Оның әрбір бөлігі жалпы ортақ бірліктің сипатына өзіндік үлесін қосады. Жүйелердің екі негізгі түрі бар: ашық және жабық жүйелер. Жабық жүйенің қатаң белгіленген шекарасы бар. Оның іс қимылдары жүйені қоршаған ортаның әсерінен тәуелсіз болады.
Алайда жүйелердің басым бөлігі ашық болып келеді және қоршаған ортамен тығыз байланыста жұмыс атқарады. Жағдаятты әдістеме белгілі жағдайларға үйлестірілген жобалар мен бәсекелестік әдістемелерді пайдалануға күш салады. Сол арқылы ұйымның алдына қойған мақсатына қол жеткізуге ұмтылады. Бұл теорияның жақтастары, егер әкімшілік ұйымның құрылымы мен басқарушылық құрылымды қажетті міндеттерге, технологияларға, күтілетін нәтижелерге, адамдардың ұмтылыстарына, қоршаған орта өзгерістеріне әдейілеп бейімдесе, онда бұл ұйым, өте тиімді жұмыс атқарады деп есептейді. Жағдаяттық теорияның пайымдауынша әртүрлі сұранысы мен себептері бар адамдардың тиімді жұмыс атқаруы үшін әртүрлі басқарушылық құрылымдық саясатты жүргізу қажет. ХХ ғасырдың 60 жылдарында Америка Құрама Штаттарында (Лоренс пен Порш) және Ұлыбританияда (Бернс және Сталклер) жүргізген зерттеулер, базардың сұранысының өзгеруіне дер кезінде бейімделуге ұмтылатын ұйымдар басқару құрылымын ұдайы өзгертіп отыратындығын анықтайды.
Менеджмент туралы қазіргі замандағы көзқарас дүниежүзіндегі қоғамдық дамудың обьективтік өзгерістеріне сай қалыптасуда. Оның негізгі себебі ғылыми-техникалық жетістіктер және әлемдік экономиканың құрамдық өзгерістері болып табылады. Экономиканың нарықтық бағытқа бет алуы басқару үрдісінің шарттарын қайта қарауды талап етті.
Қазіргі таңда басқару жүйесі адамдық немесе әлеуметтік сипатқа ие болуда. Өндірісте шығарылатын тауарлардың көлемін арттырудан, олардың сапасын арттыруға, тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруға бет бұруда.
Заманауи менеджмент ұйымдастыру мәдениетінің ролін арттыруға, жұмысшылардың ынтасын жоғарылатуға және басқару тиімділігін көтеруге көп көңіл бөлуде. Ұйымдастыру мәдениеті басқарудың ең маңызды құралы болып табылады. Бұл әдістеме басқару саласында тарихи қалыптасқан әдет-ғұрыпқа, құндылықтар мен шарттарға жүгінеді және ұйым ішіндегі қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас үдерісінің қалыптасуы барысында туындаған заманауи өзгерістерді де есепке алады.
Басқару үрдісін ұйымдастыруда стратегиялық жоспарлау әдісіне жиі көңіл бөлінуде. Себебі қоршаған ортаның күрт өзгерістері, технологияның жылдам дамуы және күнделікті тәжірибеге жаңалықтардың ұдайы енгізілуі, бәсекелестіктің және нарықтың қатаңдануы менеджменттің жаңа әдістерін қолдануды талап етуде.
Соңғы жылдары басқарудың құрлымы өзгеріске ұшырап, оның бір орталықтан басқару жүйесінен аластауы байқалады. Ұйымдастыру жүйелері көбінесе басқаруға кедергі келтіретін себептерді анықтауға және оларды шешудің жолдарын белгілеуге арналған жұмыстармен айналысуда. Менеджменттің болашағы мол бағытының бірі – халықаралық қатынастарға байланысты туындайтын басқару мәселелерін зерттеу болып табылады. Егер дүниежүзінде біріңғай экономиканың қалыптасқандығын мойындасақ, онда басқару үрдісінде халықаралық қатынас мәселесіне баса көңіл бөлу керектігі туындайды. Заманауи менеджменттің даму үрдісін техниканың даму үрдісінен бөлектеп қарауға болмайды. Сондықтан, заманауй менеджментті тар шеңберде қарастырмай, оны жүйе ретінде қарау қажет деген терең көзқарастар жиі айтылуда.
Достарыңызбен бөлісу: |