Оқулық Шымкент 2012 жыл удк


Салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру бағдарламалары. Салауатты өмір сүру салты дәрігерлер абыройын қалыптастырудағы ұйымдастырушылық шара ретінде



бет93/95
Дата07.01.2022
өлшемі1,99 Mb.
#18029
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95
8.5. Салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру бағдарламалары. Салауатты өмір сүру салты дәрігерлер абыройын қалыптастырудағы ұйымдастырушылық шара ретінде.
Салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру қызметі Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің маңызды бір саласына айналды. Бұл саланың денсаулық сақтау жүйесін оңтайлауда атқаратын ролін денсаулықты сақтау, денсаулықты күшейту денсаулықты одан ары дамыту бағыттарынан байқауға болады. Салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудағы ұлттық саясат «Қазақстан 2030» атты стратегиялық бағдарламада, «Иод тапшылығының профилактикасы туралы», «Денсаулық сақтау жүйесі туралы», «Тұрғындардың денсаулығын қорғау туралы» заңдарда, «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Респуликасының Кодексінде анықталған.

Жер беті тұрғындарының аурушаңдығын, мүгедектік пен өлім оқиғаларын төмендетуге және өмір сүру ұзақтығын арттыруға деген қызығушылығын ескере келе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы бағытта стратегиялық құжаттар қабылдады. Оның ішінде, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес конвенциясы (2003 жыл), балалардың денсаулығы мен өмір сүру жағдайын жақсарту туралы Хельсинки декларациясы мен жоспары (2004), алкогольге қарсы Европаның 2000-2005 жылдарға арналған күрес жоспары, денсаулық, физикалық белсенділік, тамақтану саласындағы жахандық стратегия (2004), 2005 жылы қабылданған жақандану жағдайындағы денсаулықты күшейту туралы Бангкок декларациясы, Европаның бейэпидемиялық ауруларға қарсы күрес және профилактика стратегиясы (2006 жыл) бар. Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының осы бағдарламаларына қосыла отырып, мемлекеттің салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесіне арналған нормативтік-құқықтық құжаттарын қайта қарады.

Қазіргі күні біздің елімізде салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру қызметінің құрлымы анықталып, 14 облыста, 9 қалада, 10 аудан орталықтарында салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру ұйымдары және 252 денсаулықты күшейту орталықтары құрылды. Олар қажетті материалдық-техникалық базамен және білікті мамандармен қамтамасыз етілді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы мемлекеттік саясатты салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру мәселелерінің Ұлттық орталығы жоспарлайды және жүзеге асырады. Бұл орталық «Қазақстан 2030» стратегиясын іске асыру мақсатында 1997 жылы 3 желтоқсанда Үкіметтің № 1678 шешімімен ұйымдастырылды.

Салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру жұмысы төмендегідей бағыттарда іске асырылады: физикалық белсенділікті арттыру, салауатту тамақтану, темекі шегу профилактикасы, алкоголизм профилактикасы, наркотиктер қабылдау профилактикасы, туберкулез профилактикасы, инфекциялық аурулар профилактикасы, жұқтырылған иммундық тапшылық синдромының (ЖИТС) профилактикасы, репродуктивтік денсаулықты күшейту, алғашқы медициналы-санитарлық көмек деңгейінде денсаулықты күшейту және аурулардың профилактикасын арттыру шаралары бар.

Соңғы жылдары осы Ұлттық орталықтың ұсынысымен «Темекі шегуді шектеу және оның профилактикасы туралы» заң қабылдады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесе отырып темекі шегудің профилактикасына арналған Ұлттық жұмыс жоспары жасалды. Еліміздің қалаларында «Біздің қала темекі түтінінен тәуелсіз қала», «Темкіні таста да, ұтып ал» деген бағдарламалар белсенді жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасында алкогольдік ішімдікті қолдануға шектеу қою саясатын жүзеге асыруға арналған бағдарлама жасалып, еліміздің барлық аймақтарында белсенді жүзеге асырылуда.

Мемлекетімізде наркотикті қабылдауды шектеу және оның профилактикасы, жастардың репродуктивтік денсаулығын қорғау, туберкулездің алдын алу, түсік тастау және қажетсіз жүктілік мәселелері бойынша профилактикалық бағдарламалар кеңінен іске асырылуда.

Республикада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының профилактикалық бағдарламалары ендірілуде. Осылайша, 1999 жылы «Салауатты қалалар» жобасы белсенді түрде жүзеге асырылды. Осының нәтижесінде Қазақстан 2002 жылы Европаның «Салауатты қалалар» желісіне мүше болды. Бұл жобаны Республиканың 12 қаласы қолдады.

1998 жылдан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Денсаулықты күшейтуді қолдайтын мектептер» бағдарламасы Республиканың 750 мектебіне ендірілді. Осындай мектептердің алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру үшін оларға әдістемелік, ақпараттық, материалдық қолдау жүргізілді.

2000 жылдан бері дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты Университеттер» атты бағдарламасы Қазақстанның 47 жоғары оқу орындары мен 11 орта арнайы оқу ұйымдарында ендірілді. Осының нәтижесінде студенттер арасында Халықаралық, Республикалық, аймақтық семинарлар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, фестивальдар ұйымдастырылып, студент және оқушы жастар арасында салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру мәселелері, аурулар мен оған алып келетін зиянды әдеттердің профилактикасын жүзеге асыру жолдары үйретілді.

2001 жылдан бастап дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Денсаулықты күшейтуді қолдайтын ауруханалар» атты профилактикалық бағдарламасы емдеу-профилактикалық және санитарлық-профилактикалық ұйымдарда ендіріле бастады. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты барлық ауруханалардың дәрігерлері мен қызметкерлерін аурулардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оларға заманауи ақпаратты жеткізу, өздерінің әдеттілігі мен ауруларды салауатты өмір сүру салтына тәрбиелеу. Осы жобаның тиімді жүзеге асыруына байланысты Қазақстан Республикасы Европалық «Денсаулықты күшейтуді қолдайтын ауруханалар» желісіне мүше болып қабылданды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында «Салауатты жұмыс орындары», «Салауатты ауылдар» атты дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының профилактикалық бағдарламалары да 2003 жылы қолға алынып, жақсы нәтижелермен жүзеге асырылды.

Осы бағдарламалардың тиімділігі Ұлттық орталықтың басшылығымен жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарында дәлелденді. Айта кететін жағдай, салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру мәселелерінің Ұлттық орталығы 1998 жылдан бері халықаралық «Маңызды бейэпидемиялық аурулардың біріңғай профилактикасы» атты СИНДИ – Қазақстан бағдарламасын орындаушы ұйым болып есептелінеді. Бұл бағдарламаның орындалуына Астана мен Семей мемлекеттік медицина университетінің, Оңтүстік Қазақтан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының оқытушылары мен профессорлары да белсенді ат салысты.

Социологиялық және әлеуметтік-медициналық зерттеу жұмыстарының нәтижелері салауатты өмір сүру салтын тұрғындар арасында белсенді қалыптастыруға азаматтардың медициналық мәдениеті мен гигиеналық білімдерінің төмендігі кері әсерін тигізуде. Сондықтан бұл жұмысты бала бақша мен мектеп қабырғасынан бастау қажет. Ал жалпы тұрғындар арасында жүргізілетін салауатты өмір сүру салтын насихаттау және гигиеналық тәрбие беру жұмыстарында зиянды әдеттердің денсаулыққа тигізетін кері әсерін дәлелді материалдарды қолдана отырып көрсетудің тиімділігі айтпаса да түсінікті деп ойлаймын.



Бұл жұмыстарды жүзеге асыратын дәрігерлердің өздері салауатты өмір сүруі қажет. Тек осындай жағдайда медицина қызметкерлерінің жүргізетін үгіт-насихаты мен медициналық-гигиеналық тәрбие жұмысы барынша тиімді, ал олардың білікті маман ретіндегі абройы жоғары болады.

Ұсынылған негізгі әдебиеттер тізімі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет