Оқулық Шымкент 2012 жыл удк


Демографияның медициналық-әлеуметтік қырлары



бет15/95
Дата07.01.2022
өлшемі1,99 Mb.
#18029
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   95
Демографияның медициналық-әлеуметтік қырлары.

Тұрғындардың бір аумақтан екінші аумаққа немесе елден сырт жерлерге қоныс аударуын механикалық қозғалыс немесе миграция деп атайды. Миграция деген сөз латын тілінен туындаған, қоныс аударам немесе өтемін деген мағынаны береді. Миграцияның жиілігі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларға тікелей байланысты. Мысалы ХХ ғасырдың соңында бұрынға Кеңестер Одағында орын алған миграциялық үдеріс империяның ыдырап, көптеген тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына және осы елдерде әлеуметтік-экономикалық тоқыраудың өте терең болып қалыптасуына байланысты болды.

Миграцияның бірнеше түрлері бар, оның ішінде:


  • Қайтарымсыз немесе түпкілікті (қоныс аударуға байланысты тұрғын аумағын түпкілікті өзгерту);

  • Уақытша (ұзақ мерзімге, бірақ шектеулі уақытқа қоныс аудару);

  • Мезгілді (жылдың белгілі бір кезеңіне қоныс аудару);

  • Тербелісті (тұрғын аумағының шекарасынан тыс жерде орналасқан жұмысына немесе оқуына тұрақты қатынау);

  • Қайтарымды миграция;

  • Амалсыз (қашқындар немесе жер аударылғандар)

Сонымен қатар сырттай (өз елінен тыс) және іштей (ел аумағында) миграциялар бар. Сырттай миграция эмиграция және иммиграция деп жіктеледі. Эмиграция дегеніміз азаматтардың өз елінен өзге елге тұрақты қоныс аударуын немесе ұзақ мерзімге қоныс аударуын айтады. Иммиграция-азаматтардың өзге елден осы елге қоныс аударуы болып табылады.

Іштей миграция бір ауданнан екінші ауданға немесе ауылды жерден қалаға қоныс аудару болып табылады. Қалаларға бағытталған миграцияға байланысты урбанизация деген ұғым пайда болды. Ауылдың немесе кішігірім қалалардың тұрғындары ірі қалаларға жиі қоныс аударады. Оның негізгі себептеріне ауылды жердегі жұмыссыздық, әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық жағдайдың ауырлығы жатады.

Тұрғындардың миграциясы туралы деректерді ішкі істер органдарының келу және кету оқиғаларын есепке алу құжаттарындағы мәліметтерді сараптау арқылы жинақтайды.

Миграциялық үдерісті бағалау үшін арнайы көрсеткіштерді қолданады. Олардың ішінде ең жиі пайдаланатындары:



  • әрбір 1000 тұрғынға балап есептегендегі көшіп келгендер саны;

  • әрбір 1000 тұрғынға балап есептегендегі көшіп кеткендер саны;

  • миграциялық өсім;

  • миграция коэффициенті.

Жоғарыдағы көрсеткіштерді есептеу үшін мынадай формулалар қолданылады:

  • Көшіп келгендерді 1000 тұрғынға балап есептегендегі көрсеткіші:

әкімшілік аумаққа көшіп келгендер х 1000;

тұрғындардың орташа жылдық саны



  • Көшіп кеткендерді 1000 тұрғынға балап есептегендегі көрсеткіші:

әкімшілік аумақтан көшіп кеткендер х 1000;

тұрғындардың орташа жылдық саны

- Миграция коэффициенті =__(көшіп келгендер + көшіп кеткендер)______

стационралық тұрғындар санын, 100% деп ептегенде.

Миграциялық өсім көрсеткішін абсолюттік немесе салыстырмалы шамалар арқылы есептеуге болады. Миграциялық үрдістің күшеюі барлық елдерде байқалады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет