2. Перпендикулярны табақша,
lamina perpendicularis,
facies nasalis
maxillae-re жанасып жатады. Оның латералды бетінде жүлге, sulcus
palatinus major, өтеді, ол жоғарғы жақсүйектің аттас жүлгесімен
бірге
canalis palatinus major түзеді.
Медиалды бетінде екі: ортаңғы (crista ethmoidalis) және төменгі
(crista conchalis) мұрын қалқандары үшін екі қыр білінеді. Таңдай
сүйегінде үш өсінді бар. Біреуі, prosessus pyramidalis,
горизонталды
және перпендикулярлы табақшалардың қосылған жерінен артқа қарай
және латералды шығып, тұтас бассүйекте сынатәрізді сүйектің
қанат-
тәрізді өсіндісінің тілігін толтырады. Вертикалды бағытта өзекшелер,
can ales minores, арқылы нервтер мен тамырлар өтеді. Қалған екі өсінді
перпендикуляр табақшаның
жоғарғы жиегінен шығыңқырап, ол ойық
сынатәрізді сүйек денесімен қосылып, тесікті, foramen sphenopalatinum
(аттас тамырлар мен нервтерге арналған), тұйықтайды. Бұл өсінділердің
алдыңғысы көзұясының түбін оның ең артқы бұрышында толықтырады
және сондықтан processus sphenoidalis деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: