Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет14/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   369
Мигуэль Серветте
(1509-1553) өзінің “Христиандыкты 
қалпына келтіру” деген шығармасында осы туралы жазды. Идеализмнің 
жауы ретінде ол күпірлік келтіреді деген айыпқа үшырап, 1553 жылы 
өзінің кітабымен бірге отқа жағылады. Сөйтіп, анатомияның дамуы 
шіркеудің беделіне күмән келтірген көптеген озат ғалымдардың 
қайғылы тағдырларымен байланысты болды. Коломбо да, Серветте де 
араб Ибн-ан-Нафистің ашқан жаңалығын білмеген болу керек.
Везалийдің басқа бір ізбасары және Гарвейдің ұстазы 
Иероним
Фабриций
(1537-1619) вена қақпақшаларын сипаттап жазды. Бұл 
зерттеулер Гарвейдің қан айналымын ашуын әзірледі, ол өзінің 
көпжылдык (17 жыл) эксперименттері негізінде Галеннің “пневма” 
туралы идеалистік ілімін теріске шығарып, кан айналымының дүрыс 
жолын сипаттап берді.
Гарвей өз зерттеулері нәтижелерін “Жануарларда жүрек пен канның 
қозғалысы туралы анатомиялық зерттеу” деген атақты трактатында 
баяндап, қан артериялардан аса жіңішке түтікшелер арқылы веналарға 
өте отырып, қан тамырлардың түйық шеңберімен козғалады деп 
дәлелдеді.
Гарвейдің кішкентай ғана кітапшасы медицинада бүтіндей бір дәуір 
жасады. Бүл кітаптардың жариялануы екі жакты реакция: алдыңғы 
қатарлы ғалымдар тарапынан тілектестік, ал консерваторлар тарапынан
2 — 2 1 0
17


ашу-ыза тудырды. Ол кездегі ғалымдар қауымы ғылымдағы екі түрлі 
идеалистік және материалистік дүниетанымды білдіретін екі партияға 
галендіктер мен гарвейліктерге бөлінді. Везалий сияқты Гарвей де 
қуғындалып, жалаға ұшырады, бірақ оның материалистік ілімі жеңіп 
шықты.
Гарвейдің ашқан жаңалығынан кейін әлі де канның артериялардан 
веналарға қалай өтетіні анықталмады, бірақ Гарвей олардың арасында 
көзге көрінбейтін анастомоздардың болуын болжап айтты да, кейін 
микроскопиялық анатомия пайда болған кезде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет