Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған


Тұқы балық биттер отряды - Branchiura



бет137/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

Тұқы балық биттер отряды - Branchiura


Балықтардың терісінде тіршілік ететін эктопаразитті шаянтәрізділердің шағын ғана отряды. Денесі дорзовентральды бағытта жалпайып, құрсағы ішке қарай иілген, карапаксы баскеуде бөлімін жауып тұрады. Басы кеудесінің бірінші сегментмен бірігіп біткен, кеудесі 4 сегментті, құрсағы қысқа, сегменттелген ұшы екі қалақты.


Паразиттік тіршілік етуіне байланысты антеннулалары мен антенналары ұсақ ілмек тәрізді өсінділер. Мандибулалары жіңішке тескіш тұмсыққа, ал астыңғы жақтарының бірінші жұбы екі күшті сорғышқа айналған. Басында үш науплиальды көзшелерімен қоса күрделі жұп көздері бар. Тұқы балық биттер кейде өз иелерін тастап еркін жүзуге қабілеті бар, оған жұп бұтақты кеуде аяқтары жәрдем береді. 60 түрі бар. Тұқы биті - (Argulus foliaceus) тұқы және басқа тұщы су балықтардың паразиттері, кейде балық өсіретін шаруашылықтарында балықтардың жаппай қырылуына душар етеді.


Мұртаяқты шаяндар отряды - Cirripedia


Бұлар бекініп тіршілік ететін теңіз шаяндары, паразит формалары да бар. Өзінің тіршілік циклін еркін жүзетін науплиустан бастап, кейін циприс деп аталатын келесі личинкалық сатысына айналады. Циприс - бақалшақты шаяндар (Ostracoda) класс тармағы Cypris туысының өкілдеріне ұқсастығына қарай аталған. Оның қосжақтаулы бақалшағы болады. Личинка алғашқыда жүзіп жүреді, кейін су түбіне шөгіп, антеннуласындағы цементгі бездері арқылы субстратқа бекінеді. Антеннулалары мен басының алдыңғы бөлімі түгелімен бекіну мүшесіне айналады, бір түрлерінде олар ұзын бұлшықетті сабақша, ал басқаларында жалпақ табан түрінде болады, қалған дене бөлімдері суда бос жатады. Бекініп тіршілік етуіне байланысты денесінде біраз өзгерістер байқалады: антенналары мен күрделі көздері дамымаған; кеуде аяқтарының 6 жұбы қоректі аузына қарай әкелуші, екі бұтақты ұзын "мұртшаларға" айналған (отрядтың аты да осыдан); құрсағы жетілмеген; бүкіл денесі (сабақшадан басқа) тері немесе мантия (rp.mantion - жамылғы, шапанша) қатпарларымен қапталған, ол көмірқышқыл ізбесті бөліп шығарып, күрделі бақалшақты құрайды. Сонымен, мұртаяқты шаяндардың ересек түрлері бақалшақпен қапталған, бекініп тіршілік ететін жануарлар, олар шаянтәрізділерді, қарапайымдыларды және басқа суда қалқып жүретін организмдерді қорек етеді. Мұртаяқтарының қозғалуының арқасында судың ағысымен келген қорек заттар ауызына барып түседі.


Мұртаяқты шаяндардың көбісі - гермафродиттер. Гермафродитке айналуы олардың бекініп тіршілік етуіне байланысты деп болжайды. Екі особьтің арасындағы ұрықтану процесі құрсақ соңындағы ұзын талшық тәрізді шағылыс мүшесінің көмегімен өтеді. Дара жынысты түрлері де бар, ол Аісірре туысының A. lampas түрі. Аталығы өте ұсақ, аналығының мантия қуысында жатады. Jbla және Scalpellum туысының кейбір түрлерінің ірі
гермафродит особьтарымен қатар ергежейлі "қосымша" аталықтары да болады. Олар қатты регреске ұшыраған (қаңқасы, аяқтары болмайды), гермафродитті особьтардың мантия қуысында жатады. Осылардың барлығы мұртаяқтылардың дара жынысты формасынан гермафродиттерге айналуына дәлел бола алады.
Мұртаяқты шаяндардың 1000-нан аса түрі бар. Негізгі туыстары: теңіз үйрекшесі - Lepas және теңіз жаңғағы Balanus (109-сурет). Теңіз үйрекшесі етті сабақшасымен субстратқа бекініп отырады, 5-6 тақталардан тұратын бақалшағы екі бүйірінде қысыңқы. Теңіз жаңғағы субстратқа жалпақ табаншасымен бекініп, ізбестті тақталармен қапталған аласа мұнара түрінде болады. Бұлар теңіздердің тасты жағаларында көп кездеседі, ондай жерлерде теңіздегі әр түрлі қатты заттар жарай береді, тіпті теңіз кемелерінің суға батып тұратын бөліміне де жабысады, кейбір түрлері (Coronula туысынан) акула және киттердің терісіне бекінеді.
Мұртаяқты шаяндардың ішінде паразиттік тіршілік ететін тобын құрайтын тамырбасты шаяндар да кездеседі. Олар саккулина (Sacculina) және пельтогастер (Peltogaster) туысының өкілдері. Бұлар, онаяқты шаяндардың паразиттері, паразиттілігіне байланысты дене сегменттері, аяқтары, сезім мүшелері, ішегі жойылған.
Ересек саккулина крабтың құрсағының төменгі жағында сабақшасы арқылы жабысып отырады. Денесі қап тәрізді, сабақшасының ұшынан тамыр сияқты бұтақтанып кететін жіңішке тармақтар тарайды, олар крабтың барлық бөлімдеріне және мүшелеріне еніп кетеді де, солар арқылы паразит иесінің сөлін сорады. Жыныс жүйесі гермафродитті. Жұмыртқаларынан науплиус, ал одан циприс личинкасы дамып шығады. Циприс личинкасы крабтың денесіне жабысып, кеуде мен құрсақ бөлімдерін тастайды да, крабтың ішкі қуысына енеді. Иесінің сөлімен қоректеніп өсе бастайды, кейін крабтың нәзік құрсақ жабындарын жарып, сыртқа қапшық тәрізді денесін шығарады.



  1. сурет. Мұртаяқты шаяндар (Cirripedia): I - теңіз үйрекшесі (Lepas); 1 - денесі, 2 - аяқтары, 3 - бақалшағы, 4 - сабақшасы; II - теңіз жаңғағы (Balanus); 1 - бақалшақ, 2 - қақпақша; III - Balanus-тың метанауплиус личинкасы; 1 - антеннула, 2 - антенна, 3 - үстіңгі жак, 4 - астыңғы жақ, 5 - құрсақ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет