Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған



бет162/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

КӨПАЯҚТЫЛАР КЛАСЫ - MYRIAPODA


Көпаяқтылардың 53000-нан астам түрі бар, басым көпшілігі құрлықта (ағаштардың, тастардың астында) тіршілік етеді, ұзындығы 1-3 мм-ден 28 см- ге дейін (тропикалық Graphidostreptus gigas), дене сегменттерінің әрқайсысында жұп немесе екі жұп аяқтары орналасқан, олардың саны әр алуан, кейде 177 жұпқа дейін (кластың аты да осыдан).


Көпаяқтылар класы төрт класс тармағына бөлінеді: симфилалар - Symphyla, пауроподалар - Pauropoda, ерінаяқтылар - Chilopoda, қосжұпаяқтылар - Diplopoda.
Құрылысы мен физиологиясы. Көпаяқтылардың құрт тәрізді созылған денесі екі бөлімді: бас және тұлға. Бас бөлімі тұлғасынан айқын ажыраған, оның құрамында акрон және оған біріккен 4 сегмент (симфилаларда - Symphyla, ерінаяқтыларда - Chilopoda) немесе 3 сегменті (пауроподалыларда - Pauropoda, қосжұпаяқтыларда - Diplopoda) бар. Кейде соңғы сегменті "мойын" сегменті деп аталады. Бас құрылысының бұл ерекшелігі көпаяқтылардың белгілі бір қарапайымдылығының көрінісі. Акронда бір жұп мұртшалары немесе антенналары және жұп фасеттік көздері орналасқан. Мұртшалары кейбір шаянтәрізділердің антеннулаларына сәйкес ұзын, көп буынды, бір бұтақты, басым көпшілігінде жіп тәріздес, иіс және сипап сезу қызметін атқарады.
Акронға бірігіп қосылған 3 немесе 4 сегменттердің аяқтары, қорегін ұстау, ұсақтау, шайнау қызметіне байланысты ауыз-жақ аппаратына айналған. Бірінші интеркалярлы (ендірме) деп аталатын сегментінің аяқтары жойылған, екінші мандибулярлы сегменттің аяқтары үстіңгі жақ немесе мандибула, ішкі жағы тісшеленіп келген, қатты тақта тәрізді үшінші және төртінші сегменттерінің аяқтары астыңғы жақ және астыңғы ерін тақталарын немесе максилла I, максилла ІІ-ні түзейді (128-сурет). Максиллалар үш буынды: негізгі, қалақша бөлігі және буындалған жақ қалақшалары, кейбір жағдайда қалақша бөлігі және жақ қалақшалары редукцияға ұшырауы мүмкін.

  1. сурет. Көпаяқтылардың ішкі (А) және ауыз аппаратының (Б) құрылысы: 1 - мұртша (кесілген), 2 - жұтқыншақ үсті ганглия, 3 - улы жақаяқ, 4 - өңеш, 5 - сілекей без, 6 - құрсак, нерв тізбегі, 7 - аяқтың түп жағы, 8 - ортаңғы ішек, 9 - мальпиги түтігі, 10 - тұқым без, 11 - тұқым қапшығы, 12 - тұқым жолы, 13 - артқы қосалқы жыныс безі, 14 - алдыңғы қосалқы жыныс безі, 15 - сыртқы жыныс тесігі, 16 - жоғарғы ерін, 17 - жоғарғы жақ, 18 - төменгі жақтың бірінші жұбы (максилла I), 19 - төменгі жақтың екінші жұбы (максилла II), 20 - жақаяқ

Көпаяқтылардың ауыз аппаратының құрылысы әр класс тармағының өкілдерінде әр түрлі. Symphyla және Chilopoda класс тармағы өкілдерінде ауызы алдыңғы жағынан хитинделген үстіңгі ерінмен жабылған, ол түрі өзгерген аяқ емес, бастың хитин қабатының есіндісі, оның астында жоғарғы жақ - мандибула, төменгі жақ - максилла I және максилла II жатады. Diplopoda және Pauropoda класс тармағының өкілдерінде үстіңгі ерін мен күшті дамыған мандибуланың астында жалғыз жұпсыз күрделі құрылысты гнатохилярий (gnathochilarium) деп аталатын тақтасы бар. Ол төменгі жақ - максилла І-шінің өзгерген түрі. Бұларда максилла ІІ-ші дамымаған. Мойын сегментінің аяқтары редукцияланған.


Бас бөлімінен кейінгі дене немесе тұлға бөлімінің сегменттері айқын бөлінген.
Олардың саны әр түрлі: пауроподаларда - 14, симфилаларда - 18, ерінаяқтыларда - 181. Тұлғаның бір қалыпты немесе гомономды сегменттелуі тек ең қарапайым түрлерінде болады, мысалы, Chilopoda класс тармағының Pachimerium ferrugineum өкілінде, ал қалғандарының сегменттері эволюция барысында өзгеріске ұшырап саны жағынан азайған және біразының көлемі
кішірейген. Бұл жағдайда, кішірейген және қалпында қалған сегменттер кезектесіп орналасады, мысалы, Diplopoda класс тармағының өкілдерінде, ал Lithobius forficatus-тың бірінші және соңғы үш сегменттері басқаларынан айрықша. Diplopoda класс тармағының өкілдерінде сегменттерінің басым көпшілігі (алғашқы төрт және "мойын" сегментінен басқа) жұптасып қосылады. Жұптасқан сегментінің әрқайсысында екі жұп аяқтары болады (класс тармақтың қосжұпаяқтылар деп аталатыны осыдан).
Көпаяқтылардың тұлға сегменттерінің біркелкі болуымен қатар, олардың аяқтарының құрылысы да ұқсас, бірнеше буыннан (6-8) тұратын және тырнақпен бітетін жүру аяқтары болады. Олардың морфологиялық және функциональдық дифференциациялануы өте сирек.
Ерінаяқтылардың бірінші сегментінің аяқтары жақаяққа айналған, олар қорегін ұстап, өлтіру қызметін атқарады. Бұл жұп аяқтардың көлемі үлкейген және біршама жуандаған негізгі буыннан тұрады, буын ұшы үшкірленіп, ілгек сияқты иіліп біткен. Аяқтың түбінде улы безі бар, оның тесігі аяқтың ұшында ашылады. Бөлінген у буынаяқтылар мен омыртқалыларға күшті әсер етеді. Мысалы, сколопендраның (Scolopendra) уы адамның қолын ісіріп жібереді. Кейбір жұп аяқтары копуляцияға қатысып, құрылысы жағынан біраз өзгерген де, олар гоноподий деп аталады.
Денесі бір қабатты гиподермальды клеткаларынан бөлінген хитинді немесе ізбест сіңген кутикуламен қапталған. Гиподермальды эпителий қабаты бір және көп клеткалы тері бездеріне бай, солардың арасында қорғаныш қызметін атқаратын бездері де бар. Олар тұлға сегменттерінің арқа жағында орналасып, әр түрлі секреттерді сыртқа бөліп шашады.
Секреттердің химиялық құрамы да әр түрлі, мысалы, Spirobolus туысының шығарған секреті улы және адамның терісін күңгірт түске бояйды, Polyzonium rosalbum - камфордың күйдіргіш дәмі мен иісі болатын сүт тәрізді сұйық шығарады, тропикалық Fontaria-ның шығаратын секретіне миндальдің ащы иісі тән және бос күйінде синиль қышқылына бай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет