Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған



бет163/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

Ас қорыту жүйесі. Көпаяқтылардың ас қорыту жүйесі түтік тәрізді, тек артқы ішегі имек болып келеді. Аузы басының төменгі жағында, өңеш деп аталатын алдыңғы ішекке жалғасады. Ас қорыту жүйесінің алдыңғы бөлігі сілекей бездерімен байланысты. Кивсяктардың үш жұп сілекей бездері бар, олардың әрқайсысы жеке тесікпен ашылады: екі жұбы ауыз қуысына, үшіншісі гнатохилярияға. Ерінаяқтыларда эктодермальды жолмен пайда болған 3-5 жұп сілекей бездері болады. Олар да ауыз қуысына жеке тесіктер арқылы ашылады. Екінші жұп жақтарының түбіне ашылатын сілекей бездері насекомдар личинкаларының жібек беретін бездеріне ұқсайды.
Ортаңғы ішек коректі корыту және сіңіру қызметін атқарады. Артқы ішегі қысқа (128-сурет).
Diplopoda класс тармағының өкілдері өсімдікқоректі және негізінен шіріген жапырақтарымен, өсімдік қалдықтарымен қоректенеді. Ерінаяқтылар

  • жыртқыштар, насекомдармен қоректенеді.

Зәр шығару жүйесі. Ортаңғы және артқы ішектің арасында ішекке бір немесе екі жұп тұйықталған ұзын мальпиги түтігі жалғасқан (128-сурет).
Түтік эпителиінде және оның қуысында несеп қышқылы жиналады, көпаяқтыларда да насекомдардағы сияқты олар зат алмасудың қалдық өнімі болып табылады. Мальпиги түтігімен қатар зәр шығару қызметін басқа да мүшелер, мысалы, лимфа бездері атқарады. Олар мальпиги түтігінің немесе құрсақ қан тамырының немесе құрсақ нерв тізбегінің бойында орналасқан. Бұл бездер ерімейтін заттарды ұстап және жинап, дене қуысында қалған қатты бөлшектерді сіңіреді (фагоциттейді).
Сонымен қатар, зәр шығаруға "майлы дене" деп аталатын мүше де қатысады. Көпаяқтылардың миксоцель қуысының көптеген жерлерінде клеткалардың шоғыры кездеседі. Бұл шоғырлар жұқа арнайы қабатпен қапталған. Осындай шоғырлардың жинағын "майлы дене" деп атайды. Оның клеткаларында көптеген май тамшылары және зәр қышқылының конкрециясы бар. "Майлы дене" тек қор заттарын жинаушы емес, сонымен қатар қалдық өнімдерді де (мысалы, зәр қышқылын) жинайды.
Тыныс алу жүйесі. Барлық Tracheata сияқты, көпаяқтылар тек трахея арқылы тыныс алады. Жоғарыда көрсетілгендей, трахея эктодермальды, сыртқы хитиңді кутикула жабыны дененің ішкі жағына қарай ығысып, трахея түтікшесінің шоғырын құрайды. Олар ұзына бойы және көлденең орналасқан трахея түтіктеріне айналып, олардан тарамдалған жіңішке трахеолалар әрбір клетканы, мүшені орап, оларды оттегімен қамтамасыз етеді. Трахея жүйесінің ішкі қабырғалары хитинді сақиналарымен астарлаған, сол себептен олар қабыспайды, ауа еркін өтеді. Трахея жүйесі жұп стигмалардан немесе тыныс алу тесігінен басталады. Олар тұлға сегменттерінің бүйір жағында орналасқан. Diplopoda класс тармағының өкілдерінде сегменттері жұптасып қосылғандықтан стигмалары да екі жұпты. Бұлардың сегментгерінде бір-біріне қатыссыз және тармақталмаған трахея шоғыры жұбымен жатады.
Chilopoda класс тармағының көптеген түрлерінде жұп стигмалары сегмент сайын емес, кезектесіп орналасқан, ал Scutigera туысының өкілдерінде тек 7 жұп стигмасы болады.
Трахеядағы газ алмасу процесі бұлшықеттердің жиырылып, босаңсуы арқылы дене көлемінің өзгеруі нәтижесінде жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет