Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған



бет165/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   174
Сезім мүшелері. Көпаяқтылардың сезгіш түкшелеріне бай, жұп мұртшалары иіс және дәм сезу қызметін атқарады. Сонымен қатар, басының бүйір жағында антенна мен көздердің аралығында, таға тәріздес ойықтың ішінде сезгіш клеткаларының шоғыры орналасқан, олар Темешваров сезім мүшесі, атқаратын қызметі белгісіз, болжам бойынша бұлар хеморецепторлар. Бұл мүшені ми нервтендіреді.
Көптеген көпаяқтылардың көздері екі, төрт және одан да көп болуы мүмкін. Көздері басының бүйір жағында орналасқан және жай, қарапайым құрылысты. Тек, шыбынжегілерде ғана (Scutigera) басында көздерінің екі үлкен шоғыры болады, олар өте тығыз, бір-бірімен жанасып, насекомдардың күрделі фасетті көздеріне ұқсайды. Көпаяқтылардың көру қабілеті онша күшті дамымаған. Олар көлеңкелі, қараңғы жерлерді қалайды.
Жыныс жүйесі. Дара жынысты. Аталық және аналық жыныс бездері тек сирек жағдайда өзінің бастапқы жұп күйін сақтаған (кейбір пауроподаларда), көбінесе жұп емес бір ғана без түрінде. Мысалы, аталық жыныс безі қалақша, немесе жұқа ұзын түтікше түрінде, немесе 11-12 жұп кішкене бөлшектерден тұрады; бұлар бір ортақ жыныс түтікшесіне жалғасады. Кивсяктардың жұмыртқа жолы мен ұрық жолының бастапқы
бөлігі жұпсыз түтік тәрізді. Олар алға бағытталып, екіге айырылады да, екінші тұлға сегментінің құрсақ жағына ашылады. Симфилалар мен пауроподалардың жыныс тесігі де екінші тұлға сегментінде ашылады.
Chilopoda класс тармағының өкілдерінде жыныс түтігі бастапқы бөлігінде жұпсыз, кейін екі бұтаққа бөлінеді де, олар міндетті түрде қайтадан бірігеді. Жыныс тесігі денесінің соңғы сегментінің алдындағы жағында ашылады.
Көпаяқтылардың жыныс жүйесінде қосымша мүшелері болады, мысалы, аталық ұрық жолы қапшық тәрізді ұрық көпіршігімен және қосалқы бездерімен, ал аналық жұмыртқа жолы - тұқым қабылдағыш қапшығымен және бірнеше қосалкы бездермен жалғасқан.
Көпаяқтылардың ұрықтану әдістері сан алуан. Қарапайым жағдайда аталық өзі бөліп шығаратын торға ұрық сұйықтығының тамшысын немесе сперматофораны іліп қояды, кейін оны аналық алады. Кейде копуляциялану орны болады, мұндай жағдайда ұрық сұйықтығы аналықтың жыныс тесігіне аталықтың арнайы аяқтары - гоноподиялардың көмегімен құйылады.
Дамуы. Көпаяқтылардың жұмыртқалары ірі және сарыуызға бай, сондықтан бұлардың ұрықтары жұмыртқаның беткейлі бөліну нәтижесінде пайда болады.
Постэмбриональды дамуы екі түрлі жолмен жүруі мүмкін (постэмбриональды даму - бұл организмнің жұмыртқадан шыққаннан бастап жыныстық күйіне жетілгенге дейінгі даму кезеңі).
Бірінші жол, нағыз тура даму жолы, Chilopoda класс тармағының кейбір өкілдерінде кездеседі; жұмыртқадан шыққан жас жануардың тұлға сегменттері мен аяқтарының саны толық, яғни аналық организмге ұқсас болып келеді. Екінші жол - яғни анаморфозды даму жолы - ерінаяқтылар мен қосжұпаяқтыларда кездеседі. Бұл жағдайда жас жануарлардың тұлғасындағы сегменттері мен аяқтар саны толық болмайды, сегменттері мен аяқтары түлеу нәтижесінде түгел пайда болады. Олардың түзілуі тельсонның алдында жатқан өсу зонасының есебінен жүреді. Chilopoda класс тармағының анаморфозды түрлерінің ұрықтарында 12 жұп тұлға аяқтары, ал Diplopoda класс тармағының ұрықтарында үш алдыңғы жұп жүргіш аяқтары болады да, одан кейін аяқсыз сегменттер жалғасады. Бұл алтыаяқты личинка сатысы толық түрленіп дамитын насекомдардың личинкасына ұқсас (129-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет