Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет147/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

Ac қорыту жүйесі - алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектер. Алдыңғы 
сорғышының түбіңде орналасқан ауыз тесігі ауыз қуысына, одан 
жұтқыншаққа жалғасқан. Жұтқыншақтың құрылым ерекшеліктері - негізгі 
систематикалық
белгілер. 
Тұмсықты сүліктерде
(Rhynchobdellida) 
жұтқыншақта етті түтік немесе тұмсық 1 болады. Ол ауыздан уақытша 
шығып, қорегіне қадалуға қабілетті. Жақтылар отрядының (Gnathobdellida) 
ауыз қуысыңда үш хитинді тістері болады, біреуі арқа және екеуі бүйір. Олар 
тісті ара сияқты жақты құрайды. Қоректену кезінде сүліктер жағымен 
(тістерімен) иесінің терісін тесіп, сол жерден қанды сорады. Жұтқыншаққа 
бір клеткалы сілекей бездері ашылады. Медициналық сүліктің (Hirado 
medicinalis) сілекей бездері гирудин (Hirudin) деп аталатын, қанды 
ұйытпайтын қасиеті бар ерекше белоктық зат бөліп шығарады. Сүліктер 
жаралаған жерден қанның көп уақытқа дейін тоқтамай ағатыны осы 
гирудиннің бөлінуінен. Осыған байланысты сүліктің ішегіне түскен қан 
бірнеше айға дейін ұйымайды.
Жұтқыншақ жіңішке әрі қысқа өңеш арқылы ортаңғы ішекке 
жалғасады. Ортаңғы ішектен тұйықталған бірнеше бүйірлік қалталары 
тарайды (медициналық сүлікте 10-11 жұп). Бүйірлік қалталары бар бөліктерді 


кейде қарын деп те атайды. Осыған сүліктің сорған қаны жиналып
сақталады. Қалталардың артқы жұбы дененің соңына дейін созылып жатады. 
Ортаңғы ішек артқы ішекке жалғасып, ол артқы сорғыштың үстінде 
орналаскан аналь тесігімен аяқталады.
Кейбір еркін тіршілік ететін сүліктер ұсақ жануарлармен қоректенеді.
Зәр шығару жүйесі - метанефридиялы. Бір қабатты клеткаларымен 
қапталған нефридиялық түтіктері дененің бүйір жағында метамерлі 
орналасқан. Бұл түтіктер нефропора (шығарғыш тесіктер) арқылы сыртқа 
ашылады. Медициналық сүлікте 17 жұп нефридиялары бар.
Сүліктердің нефридияларының негізгі ерекшелігі - нефростома 
(кірпікшелі воронка) мен нефридиялық түтігі жалғасқан жерінде екеуінің де 
ұшы тұйық бітеліп, нефростомаға жиналған несеп заттар оның қабырғасы 
арқылы нефридия түтігіне осмостық жолымен сіңіріледі де, сыртқа 
шығарылады. Нефростома кеңейген ұшымен бүйір жағындағы синустың 
(целомның қалдығы) ішіне, жіңішке жағымен тұйықталған резервуарға 
ашылады.
Целом қалдықтарының қабырғаларында дән тәрізді клеткалар 
жинақталған.
Оларды "ботриодты тканьдер" деп атайды. 
Азқылтандылардағы хлорагогенді клеткаларға ұқсас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет