тізбегінен құралған. Нерв түйіндерінен дене бөліктеріне нервтер таралады.
Құрсақ тізбегі 20 және сдан да
көп ганглиялардан тұрады, әрқайсысы бір
сегментке сәйкес. Жұтқыншақ асты ганглиясы 4 ганглияның қосылуынан, ал
артқы ганглиясы ірі 7 ганглияның қосылуынан пайда болған.
Сүліктерде кең тараған сезім мүшелерінің бірі - әрбір сегментінде бір
қатар көлденең орналасқан "бокал тәрізді" (кейде сезім бүршігі
деп те
атайды) мүшелер. Бокал тәрізді мүше - ұзынша келген сезгіш эпителиальды
клеткалар, бұларға нерв ұштары жалғасады, денесіне жанасқан әсерді сүлік
сол арқылы сезеді. Сезгіш эпителиальды клеткалар
тобын сыртынан мөлдір
вакуольдеры бар ірі клеткалар қоршаған. Бокал тәрізді мүшенің қызметі әлі
зерттелмеген, бірақ химиялық әсерді сезеді деп болжайды.
Көптеген сүліктерде алдыңғы сегменттерінде болатын бокал тәрізді
мүшелерінің біршама бөлігі көзге айнала алады. Көздері 1-5-ке дейін жұп
болып, дененің алдыңғы бөлімінде орналасады. Медициналық сүліктің
көздері пигментгі бокал түрінде болады (97-сурет). Бокалдың ішінде толып
жатқан ірі көру клеткалары болады. Терінің
астындағы паренхимада
орналасқан көздің бокалдары сыртынан қара пигментпен қапталған.
Бокалдың ортасынан көру нервтері өтеді, әрбір көру клеткасына нервтің ұшы
жалғасады. Осындай құрылысты көздердің көру қызметі жарық пен
қараңғыны ғана ажыратады.
Достарыңызбен бөлісу: