атқарады. Бұларға екі отряд жатады: тұмсықты сүліктер - Rhynchobdellida
және жақты сүліктер -Gnathobdellida.
Тұмсықты сүліктер отряды - Rhynchobdellida
Бұл отрядқа еркін жүзетін және паразиттік тіршілік ететін сүліктер
жатады. Тұмсықтарының болуымен ерекше. Ол
ауыздан уақытша сыртқа
шығып қорегіне қадалуға қабілетгі. Branchellion туысының өкілдерінде
желбезектері болады. Негізгі тұқымдастары: Ichthyobdellidae, Glossiphonidae.
Балық сүліктері - (Ichthyobdellidae)
тұқымдасының өкілдері балық
шаруашылығына көп зиян келтіреді. Бұлар теңіздерде,
тұщы суларда кең
тараған. Негізгі өкілдері: балық сүлігі - Piscicola geometra, сүйекті
балықтардың желбезегіне жабысып қанын сорады. Ұзындығы 20-50 мм,
алдыңғы
сорғышы жақсы дамыған, диск тәрізді,
денесінен айқын бөлініп
тұрады (98,Г-сурет). Көл, өзен, тоспа суларда кездеседі. Pescicola caspica -
Каспий теңізінде мекендейтін, сүйекті және бекіре балықтардың паразиттері,
ұзындығы 8 мм шамасында. Cystobranchys fasicatus - жайынның,
C.mammillatus - налимнің паразиті. Trachelobdella
turkestanica Орта-лык
Азияда (Іле өзенінде) кең тараған қаяз бен маринканың паразиті.
Жалпақ сүліктер (Glossiphonidae) тұқымдасының өкілдері әр түрлі
омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың паразиттері. Protoclepsis
туысының өкілдері құстардың жұтқыншағы
мен кеңірдегінде паразиттік
тіршілік етеді. Haementeria costata - тасбақалардың, Batracobdella algira -
қосмекенділердің, Glossiphonia complanata - ұлулардың паразиттері.
Кейбір сүліктер өз ұрпағының дамуына қамқорлық жасайды.
Жұмыртқаларын денесімен жауып немесе жас ұрпақтарын денесінде алып
жүреді. Ондай түрлеріне Glossiphonia және Haementeria туыстары жатады.
98-сурет. Сүліктер (Hirudinea): A - медициналық сүлік (Hirudo medicinalis); Б -
жалпақ
сүлік (Glossiphonia); В - жалған жылқы сүлігі (Haemopis sanguisuga); Г - балық сүлігі
(Piscicola geometra); Д - балық сүліктердің иесіне жабысу
Достарыңызбен бөлісу: