«Ақылдының алты ойлау қалпағы » әдісі арқылы оқушылар жаңа сабақ бойынша кіріспе жасап, меңгерген ақпараттарымен бөліседі.
Мақсаты: Ұсынылған мәселе бойынша өз ойына талдау жасайды. Жасалған жұмыс бойынша өз көзқарасына рефлексия жасай біледі, толыққанды, жан-жақты түйіндеме жасайды, жасалған жұмыс бойынша өзінің шығармашылық қатынасын көрсетеді, таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі артады.
Қолданылуы:
Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді. Оқушыларға қалпақ беріледі (рас қалпақ немесе ойдан шығарылған), олардан мәселені талқылау барысында барлық ой операцияларын (ойлану, талдау т.б.) осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте жүргізу сұралады. Сынып топтарға бөлініп, бір топқа бір түсті қалпақ беріледі. Мұғалім әңгімені жүргізеді, бағыттайды.
2 тапсырма
«Сергіту сәті».
«Батыл жүрек» мультфильмі.
Мерида ханшайым ел қызғанатындай қалыңдық болды. Бірақ ол қазір тұрмысқа шығуға дайын емес, сондықтан ол ата-анасымен жанжалдасады. Мерида оларды сендіре алмаймын деп шешіп, сиқыршыдан көмек сұрады. Бірақ соңында бәрі ол қалағандай болмайды. Енді ол жағдайды түзету үшін қандай батылдыққа баруы керек?
ҚБ: «Алма» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.
Түсінікті. Сұрақтарым бар. Түсінбедім.
3 тапсырма
1.Суретке қарап, кішкентай қыздың кескін-келбетін әңгімелеңдер.
2. Суретте қандай табиғат аясы берілген және әр сөйлемдеріңе сын есім мен зат есім, сан есімдерді, сондай-ақ омоноим, синоним, антонимдердің қатарын да қосыңдар.
Тапсырманы екі топқа бөлініп орындаңдар.
4 тапсырма
STEM талдау
Талдау сұрағы: Қазақ мультфильмдерінің нарықта халықаралық бәсекелестік бойынша топ жару қабілетін талдаңдар.
Дескриптор:
-Қазақ мультфильмдері маңызды әрі жайлы толыққанды мәлімет алады;
- анимация жасау идеясын түсінеді.
|