Байланысты: Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы педагогикалық ұйымның ықпалы
Балалар ұжымының тәрбиелеу мүмкіндіктері мыналармен: 1) балалар әрекетінің мазмұнымен; 2) бұл ұжым қаншалықты тұтас іс-әрекеттің субъективті ісі ретінде болатындығымен; 3) іс-әрекет процесінде ұйымдастырылатын барлық қарым-қатынастардың жүйесімен айқындалады. Барлық ұжым мүшелеріне әрбір бала үшін орнықты жағдай туғызатын қамқорлық қарым-қатынас ұйымдастыру аса маңызды.
Балалар ұжымы тәрбие объектісі ғана емес, оның субъектісі де. Әрбір бала — осы ұжымның мүшесі, сондықтан да мектеп оқушысына ұжымдық іс-әрекеттің мақсатын таңдауғанақтылы қатысып, оны өмірде іске асырып, көпшіліктің пікірін ұйымдастырып отыруы қажет. Жеке адамға балалар коллективінің тәрбиелік ықпалы, баланы белгіленген қатаң талаптарға бағындыруға мұқтаж ететін қысыммен емес, балаларды олардың творчестволық белсенділігін жан-жақты ашуға итермелеуімен анықталады. Әрбір баланың дербестігін, инициативасын көрсету, даралығын дамыту үшін жағдай жасау жеке адамның адамгершілік өрісінің байлығын ашып, оның моральдық-ерік сапаларын қалыптастырады.
Ұжымшылдық — жеке адамның өзінің нақтылы іс-әрекетіне көзқарасының бірден-бір маңыздысы — қоғамдық іске творчестволық көзқарас, бірақ тек өз тобының жай қоғамдық ісіне ғана емес, жалпы барлық іс-әрекетке творчестволық көзқарас. Нақ осы жағдайда қоғамдық іс-қажеттілік болып есептелетін қалыптасқан жеке адамның өзін-өзі көрсетуі болып өтеді. Мұндай қажеттілікті тұйық топта, оның тар шеңберлі істеріне ғана көзқарасып қалыптастыру арқылы қалыптастыруға болмайды, өйткені жеке адамды жан-жақты дамыту бір бөлігі ұжым болып табылатын кең шеңберлі мақсаттарға бағдар алумен қамтамасыз етіледі.
Зерттеулер көрсетіп отырғандай, баланың екі ұшты моралының басты себептерінің бірі (өз коллективінде ол жолдастық, өзара көмектестік, жауапкершілік қарым-қатынас көрсетеді, ал өз коллективінен тыс жерде коллектившілдік қасиеттер көрсетпейді, өз тобында тұйық қалуы болып табылады.
Өзара жарысқа түсе отырып, мектеп оқушылары басқа коллективтің, кей кезде жалпы іске зиян тисе де, олардың класының (командасының, тобының) озып шығуына ынталанатын жағдайы да ұшырасады. Мұндай жағдай, ұжым әлі де қалыптаспаған, яғни онда жалпы іс үшін жауапкершілік айқын көтерілмеген кезде байқалады да өзара жарыс бірінші орынға шығу мотивінен туады. Бұл мотивтер топтық эгоизм сипатында болады да коллектившілдікті қалыптастыруға көмектеспейді. Коллектившілдік «өз» коллективінде ғана қалып қоятын істерге сүйенбейді, себебі, коллектившіл болу — тек қана өз коллекттивінің ісі үшін «жаны ашу» емес. Коллектившілдікте ең бастысы - іс-әрекетке қоғамдық бағдар беру жалпы іске творчсстволық көзқарас. Сондықтан да коллектившілдікті тек қана өз коллективінің істеріне көзқарасқа сәйкес тәрбиелеуге болмайды.
Жеке адамның нақтылы коллектившілдік қасиеттерін қалыптастыру жеке коллективтің істері мен мақсаттарын белгілі дәрежеде абстракциялауды, бұл істер мен мақсаттардың біздің қоғамды құратын коллективтердің неғұрлым кең міндеттерімен байланысты екенін сезінуді қажет етеді. Нақ осы жолда ғана мектеп оқушыларының жалпы істер үшін дара жауапкершіліктері қалыптасады. Демек, арнайы ұйымдастырылған қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің бағытына сүйене отырып, балалардың қарым-қатынастарының берілген жүйесін дамыту үшін негіз жасайтындай, коллектив аралық сан алуан байланыстарының торабын құру елеулі мақсат болады.
Балаларды жалпы біртұтас, көп салалы коллектив құратын, тұрақты және уақытша коллективтердің бірлестіктерінде ұйымдастырылатын іс-әрекеттің әр түріне бір мезгілде енгізудің маңызы өте зор, себебі, бұл мектеп оқушыларының жеке мүддесіне қосымша жаңа баға беріп, оны қоғамдық мәнді міндеттерді шешуге бағдарлап қоймай, балалардың сан алуан қарым-қатынастарын жетілдіреді. Мысалы, коллективтер арасындағы байланыстарды нығайтуда уақытша бірлестіктерді мақсаттылықпен құру маңызды орын алады. Бұл жерде балалардың іс-әрекеттері қысқа мерзімді істерді орындауға тапсырма алатын шағын топтарда ұйымдастырылады. Бұл бірлестіктердің психологиялық ролі мынада: әрбір бала неғұрлым белсенді позиция ұстайтындай мүмкіншілік алатын ситуация жасалады, балалардың өзіндік іс-әрекеттерін кеңінен және іс жүзінде дамытатын шарттар пайда болады. Шағын бірлестіктер шеңберінде ұйымдастырылатын іс-әрекеттер процесінде әрбір мектеп оқушысы өзін жеке адам ретінде «жариялай алады», мүддесі бір, жалпы мақсат пен дара жетістіктерге жетудегі қызығуы бірдей басқа балалардан қолдау және қуаттау мүмкіншілігін алады. Нақ осы жағ-дайда бала барлық жолдастары мен өзі үшін маңызы бар топтағы өзара қарым-қатынасты ұғынады.
Балалардың бірімен бірге оқитын, екіншісімен бірге еңбек ететін, үшіншісімен сурет салып, ән айтатын, төртіншісімен туристік жорықтарға жол тартатын және т. б. балалардың сан алуан уақытша және тұрақты, көп және аз мөлшерлі бірлестіктеріне өте отырып, мектеп оқушысы әр топтың ықпалын сезінеді, онда белгілі бір орын алумен қатар, оның әрқайсысында ерекше роль атқарады. Мұндай бірлестіктердің көп қатарлы жүйесінде әр бала өзін қанағатталдыратын орын табуына мүмкіндік бар. Демек, балалар коллективін құрудағы шешуші сәт, оның қандай да бір нақтылы міндеттерімен шектеліп қоймай, кең көлемді қоғамдық мақсаттарға шығуы болуға тиіс, мұның өзі жеке адамның коллектившілдік қасиетін белсенді қалыптастыру негізін – балалардың көп салалы қатынастарын кең өрістетуді қамтамасыз етеді.