Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы педагогикалық ұйымның ықпалы мазмұны кіріспе


І1-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНІҢ РОЛІ



бет6/10
Дата25.06.2022
өлшемі303,5 Kb.
#37301
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
І1-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНІҢ РОЛІ


2.1. Оқытуды ұйымдастырудың формалары тұралы ұғым

Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқытуды ұйымдастыру формасы – оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі.


Оқушылар ұжымы немесе қарапайым тілмен айтсақ – балалар мен жасөспірімдердің өз еріктерімен және алдына белгілі бір мақсат қойып білім дағдыларын игеруге ұжымды түрде арнайы топқа біріккен жас өспірімдердің шығармашылық әрекеттерінің үрдісі деуімізге болады.
Мектептердің даму тарихында оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формалары пайдаланылды. Оқыту формаларының бірте-бірте өзгеруі мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және үдемелі ғылыми техниканың өзгеруіне байланысты болады.
Ертедегі Грецияда оқытудың жеке формасы пайдаланылды. Бұл келесі ғасырға дейін — дворяндар үйелмендерінде сақталды.
Ерте замандағы Вавилонияда, Египетте, Қытайда, Үндістанда оқытудың жеке-топтық формалары шығып дамыды.
Орта ғасырда сабақ бір топ оқушылармен өткізілді. Мектептерде сабақтардың тұрақты кестесі, оқытудың дәл мерзімі болмады, оқушылар мектепке жылдың қай мезгілінде болса да қабылданды.
Мұнан былай қоғамның дамуы білім беру ісіңе көтерінкі талап қойды. Сондықтаң оқыту жұмысын ұйымдастырудың тиімді формасы туралы сұрақтар туды. Оқытудың мұндай формасы XVI ғасырда Ресейдің оңтүстік батысындағы мектептердің (Львов, Луцкая және басқа облыстар) тәжірибесінде пайда болды. Мектептерде құрамы берік, белгілі жастағы оқушыларға сынып ұйымдастырылды, оқу сабақ кестесі бойынша өткізілді, әрбір оқу сабақ деп аталды.
XVII ғ. Я. А. Коменский сол облыстардағы мектептердің тәжірибесін жинақтап өзінің «Великая дидактика» кітабында сынып-сабақ жүйесін дәлелдеді, оның кезеңдерін түсіндірді: оқу материалдарын баяндау; жеке және барлық оқушылардың жұмысын бақылау; оқушылардан оқу материалын сұрау. Сабақта әр түрлі дидактикалық принциптер (оқытудың көрнекілік, жүйелілік, тиянақтылық принциптері) пайдаланылды. Оқу сабақ формасында сыныпта оқушылардың белгілі кұрамымен кесте бойынша жүргізілді. Бұл жүйе оқытудың сынып-сабақ формасы деп аталды.
Я. А. Коменский сынып-сабақ жүйесінде үш жүзге дейін оқушыларды оқытудың мүмкіншілігі туралы пікір айтты. Бұл жерде сыныпты әрбір он балаға бөледі, оқуды әрбір топпен жақсы оқитын оқушы-декурион жүргізеді.
Сол сияқты жүйе XVII ғ. аяғында-ХІХ ғ. басында Анғлияда пайда болды, оны оқытудың белль—ланкастер жүйесі деп атады. Бұл жүйені жасаған қызметкері А. Белль және мұғалім Д. Ланкастер. Бұл жүйе бойынша мұғалім оқуды 600-ден астам оқушылармен үлкен залда өткізеді. Содан кейін оқушыларды топтарға бөледі. Әрбір топтағы оқушылармен оқуды мониторлар—топ басқарушылары жүргізеді.
Оқытуды ұйымдастырудың мұндай жүйесі XIX ғасырдын үдемелі педагогтары А. Дистервектің, К. Д. Ушинскийдің идеяларына қайшы келеді. Олар сабақта ойлау, сұрақтар мен жауаптар, іздену, табу үстем болу керек дейді. Демек, оқытудың, дамыту тәсілдерін қорғайды.
XX ғасырдың бірінші жартысында орыс педагогтарды АҚШ-тағы, Германиядағы оқытудың әр түрлі формаларымен (даль-тон-план, лабораториялық бригадалық форма винетка-план, трамп-план, иена-план т. б.) байланысты, олардың бірсыпырасы бұрынғы совет мектептерінде пайдаланылды. Мысалы, даль-тон-план (АҚШ, Дальтон қаласы) сабақты болдырмауды, жүйелі курстардың оқытылмауын талап етеді. Сонымен бірге дальтон-план нәсіліне қарай қабілетті, дарынды балаларды оқытуды жақтайды. Дальтон-планның мәні: оқушы өз бетемен жұмыс істейді, тапсырманы орындайды, сынақ тапсырады, келесі тапсырманы дайындайды. Демек, консультанттар балалармеи дербес оқытуды жүргізеді. Дальтон планның негізгі мақсаты ұжымнан жекеленетін адамдардың психологиясын
тәрбиелеу.
Сонымен, сын көзімен қарамаушылықтың нәтижесінде оқытудың әр түрлі формалары шетел педагогикасынан ауысып, мектептерде қолданылуы, біріншіден, мұғалім ролінің төмендеуіне, екіншіден, оқушылардың ғылым негіздерінен терең білім алуына зиянды әсер етті. Шетел мектептерінен ауысып келген оқытуды ұйымдастырудың көптеген формалары қатты сынға алынды. 1930 жылдан бастап мектептерде оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ болды.
XX ғасырдың бас кезінде америка философы—идеалист АҚШ педагогикасына зор ықпал жасаған Джон Дьюи (1859—1952) келешекте мектеп болмайды деген болжау айтқан. Олай болса мектептерде оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы сабақта жойылады. Бірақ оның жорамал ойы орындалмады, керісінше сабақ бүкіл дүние жүзі елдеріндегі мектептерде бірте-бірте дамуда және заман тілектеріне сәйкес өзгеруде.
Сабақты мақсатқа бағытталған мұғалім мен оқушылардың ұжымдық шығармашылық еңбегі деп қарастыру керек. Сабақта оқыту мен тәрбиешінің мақсаттары, міндеттері, жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісі кеңиді, қабілеті дамиды, көзқарасы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Сабақтың шын мақсаты — тұлғаны оның қабілеті мен дарындылығына сүйеніп дамыту. Әрбір сабақ логикалық, психологиялық және ұйымдастыру бірлігі болуы тиіс.
Логикалық бірлік—бұл сабақ бөліктерінің, яғни құрылым элементтерінің аралығындағы ішкі өзара байланыс заңдылығы. Мысалы, қайталау—қорытындылау сабағының бөліктері: қорытынды әңгіме немесе шолу лекциясы, жаппай сұрау, кейбір сұрауларды анықтау; мұғалімнің сабақты қорытындылауы. Мұндай сабақта, біріншіден, игерілген білім еске түсіріледі және жүйеге келтіріледі; екіншіден, білімдегі, іскерліктегі, дағдыдағы кемістіктер толықтырылады; үшіншіден, оқылатын материалдардың маңызды идеялары толық ашылады, төртіншіден, жаңа мен ескі салыстырылады, жаңа мысалдар ойластырылады, жаңа міндеттер шешіледі.
Психологиялық бірлік оқушылардың танымдық іс-әрекетіндегі белсенділігі, жинақтылылығы. Танымдық іс-әрекеті түйсік, қабылдау, ойлау, зейін сияқты психикалық процеспен байланысты. Психологиялық бірлік — бұл іс-әрекетінің мотивтерін жасау. Мысалы, тікелей талаптандыру, перспективті талаптандыру және ойдың талаптандыру мотивтері туралы жоғарыда айтылған болатын. Сабақтың психологиялық бірлігі оқушылардың дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез, қабілет, ынта т. б.) есепке алуды талап етеді, бұл жеке адамның дербес — типологиялық ерекшеліктері.
Ұйымдастыру бірлігі — бұл сабақта алдын-ала жабдықтарды және оларды рет ретімен пайдалануды, бүкіл сабақ бойында оқушыларды белсенді тиімді жұмысқа ұйымдастыру.
Сабақты оқушылар үшін тиімді және қызықты етіп өткізу үшін не керек?
Сабақты осы сияқты талаптарға сәйкес өткізу үшін кейбір ғалымдар, жаңашыл мұғалімдер (М. Н. Скаткии, М. И. Махмутов, В. Ф. Шаталов, Е. Н. Илыш т. б.) белгілі жағдайлар керек дейді. Біріншіден, әлеуметтік-педагогикалық жағдай, бұл мұғалімнің шығармашылық жұмысы, білімнің белгілі көлемі мен сапасынын шындығы, ынтымақтастық, яғни мұғалім мен оқушылардың бірлескен шығармашылық еңбегі, лабораториялар мен кабинеттердің қазіргі заманға лайық жабдықталуы. Екіншіден, дидактикалық жағдай — бұл оқыту процесінің принциптерінің және әдістерінің заңдылықтарын сақтау және тиімді етіп пайдалануды қамтамасыз ету, сонымен бірге жаңашыл мұғалімдердің іс тәжірибесін терең зерттеп, пайдалана білу, өйткені, олар оқыту әдісіне бірсыпыра жаңалықтар енгізеді.
Мектепте сабақ қандай дидактикалық талаптарға жауап беруі тиіс?
Сабақтың міндеттері білім, даму және тәрбие мақсаттарымен анықталады. Осы тұрғыдан сабаққа қойылатын кейбір талаптарды қарастырайық.
1. Сабақтың дидактикалық мақсатының айқындығы. Әрбір сабақта оқыту және тәрбие мақсаты дәл қойылуы тиіс. Оқыту мақсаты дегеніміз жаңа білімді меңгеру, іскерліктің, дағдының қалыптасуы, тәрбие мақсаты — жеке адамгершілік қасиеттерді қалыптасыру (белсенділік, ұқыптылық, жинақылық, орындағыштық, өзін-өзі билеушілік т. б.). Бұл мақсаттар оқыту және тәрбие процесі функцияларының іске асырылуына байланысты.
2. Оқу материалдарының көлемін анықтау. Сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкес, яғни балалардың білім деңгейін, жас және дербес ерекшелігін еске алып, сабақтың әрбір құрылым бөлігіне оқу материалын таңдап алу.
3. Оқыту мен тәрбиенің бірлігі. Оқыта отырып тәрбиелеудің мәні—тұлғанын өмірге, білімге қатынасын, қабілетін, адамгершілік қасиетін қалыптастыру. Білім беру мен тәрбие міндеттерін оқыту процесінде шешу мұғалім мен оқушылардың іздену іс әрекетінің нәтижесіне байланысты.
4. Оқытудың ұтымды әдістерін таңдап алудың сабақ типтеріне, сабақтың әрбір кезеңіндегі оқу материалының мазмұнына сәйкестігі.
5. Сөз бен көрнекілікті үйлестіру, қазіргі техникалық құралдарды, әсіресе ЭВМ, компьютерлерді, бағдарламалап оқыту машиналарын қолдану. Осылардың бәрі оқу еңбегінің өнімділігін арттырады, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, оқыту процесін басқаруды жеңілдетеді.
6. Оқушылардың білімді терең ұғуын, сонымен бірге сабақта олардың зейінін, есін, байқағыштығын, әуестілігін, елігушілігін үнемі бақылап есепке алу.
7. Сабақты ұйымдастыруды ширақ, дер кезіндс бастап, сабақ уақытын тиімді, нәтижелі пайдалану.
Сонымен, негізгі талаптарды кешенді түрде жүзеге асыру- оқыту процесін жақсы өткізудің, сабақтың сапасын арттырудың қажетті шарттарының бірі.
Осы талаптардың негізінде қарастырсақ. САБАҚ—бұл бір-бірімен өзара байланысқан тұтас жүйе, мақсат, оқу материалын ашу деңгейі, қолданылатын әдістер, сабақтың құрылымы, оқытудың нәтижелері т. б.
Сабақ құрылымындағы басты элементтердің бірі — жалпы дидактикалық мақсат. Оны үшке бөлуге болады:
а) білім (білім, іскерлік, дағды) жүйесін қалыптастыру;
ә) даму—оқушылардың өз бетімен танымын ынталандыру, олардың дидактикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін дамыту;
б) тәрбие — ғылыми дүниетанымын, құнды құлықтық қасиеттерін, өмірге орайлық көзқарасын қалыптастыру.
Сомымен сабақ оқушыларды білім жүйесімен қаруландырып қоймайды, ол тәрбиелеуші міндеттерінде атқарады.
Оқытуды сабақта ұйымдастырудың әр түрлі формаларына ұжымдық, топтық, жұп және дербес формалары жатады.
Барлық мұғалімдердің барынта күшті, қабілетті барлығын жұмысқа тарта және қызықтыра білетін педагогикалық кұралы — балалар ұжымы.Ол балаларды зорламайды, мәжбүр етпейді, оларды атап айтқанда, оқу іс-әрекетіне қатыстырады. Сондықтан, сабақ мұғалім мен балалардың ұжымдық енбегі. Оқытудың ұжымдық мәні әрбір баланы оқытады, тәрбиелейді, ал әрбір бала жолдастарымен бірге оқыту, тәрбие ісіне мұғалімнің тікелей басшылығымен белсене қатысады. Әрбір бала сабақта кезек бойынша әр баламен жұмыс істей отырып, кейде үйретуші, кейде үйренуші болып барлық балаларды, ал олар әрбір баланы оқытады және тәрбиелейді.
Оқудың ұжымдық формасы динамикалық (қозғалғыш) жұп немесе ауыспалы жұп түрінде өтеді. Бұл жерде оқушылар бір-бірінен әншейін жұптасып қана қоймайды, әрбір бала кезек бойынша әр баламен кездесіп жұмыс істейді. Демек, барлығы жұптасып жұмыс істейді, бірақ жұптардың құрамы үнемі өзгеріп отырады.
Бұл жағдай сабақ кезінде қалай іске асырылады?
Әрбір минут сайын балалардың ішінен біреуі тез жан-жаққа қарап бір оқушыны табады, сергімен жұмысты аяқтаған немесе бітіре бастаған оқушы қолын көтеріп, оған белгі береді. Осыдан кейін екеуі бірігіп, жұмысты жалғастырады. Бұл жөнінде жаңашыл мұғалім В. Ф. Шаталовтың тізбек және десант әдістерін тиімді қолдануға болады.
Оқытуды ұйымдастырудың топтық формасы сабақта қолданылады, бірнеше топқа бөлінеді. Әрбір топта 4-5 оқушы болады. Оқушылар белгілі оқу тапсырмаларын орындайды. Мысалы:
а) талдауды және материалды салыстыруды қажет ететін тапсырмалар; ә) жаттығуларды қажет ететін тапсырмалар;
б) теориялық материал негізінде есептер шығару.
Барлық тапсырмалардың сұрақтарына барынша жауап үшін оқушылардың бірлесіп жұмыс істеуі қажет. Осыдан кейін әрбір оқушы топтық тапсырманың бөлігін өз бетімен орындайды. Әрбір топтың жұмыс қортындысы ұжымдық түрде талқыланады. Жұмыстың нәтижесін жолдастарының ұсынысы бойынша әрбір оқушы баяндайды. Мұғалім жеке жетістіктерді бағалайды және топтың әрбір мүшесінің бағасын жинақтайды.
Сабақта жұмыстың мұндай формасы оқушылардың өзара әрекеттесу тәсілдеріне себепші болады. Мысалы, олар топтық айтыс, ынтымақтастық, өзара жәрдем, өзара түсінісу, оқушылардың тұйық мінезділігін, тұйық оңашалануын, бөлектенуін болдырмау.
Оқытуды ұйымдастырудың дербес формасы бойынша әрбір оқушы тапсырма алады, оны өз бетімен орындайды. Тапсырманың түрлері: тіл сабағында жаттығулар, математика, физика, химия сабақтарында есептер шығару, оқу кабииеттерінде тәжірибе жасау, оқу-тәрбие учаскесінде жеке оқу тапсырмаларын орындау, үйірмелер сабақтарында дербес жұмыстарды, саяхат жеке тапсырмаларды, үйге берген оқу тапсырмаларын орындау т. б. Оқытудың дербес формасын ұйымдастырудың өте құнды түрі бағдарламалап және компьютерлі оқыту.
Жоғары сыныпта әрбір оқушыға дербес оқып зерттеуге тапсырмалар беруге болады. Бұл өз бетімен іздену жұмысының өте болымды формасы. Әрбір оқушы тақырып бойынша әдебиеттерді, материалдарды, құралдарды пайдаланып, тапсырманы жоспарға сәйкес орындайды. Олардың негізінде оқушы семинарларда сөйлеп, өзінің пікірін айтады.
Оқушылардың өз бетімен орындайтын дербес жұмысы білімді терең және берік игеруге ғана мүмкіндік туғызбайды, ол жеке адамның құнды қасиеттерін — өзін-өзі билеушілікті, ұйымшылдықты, өзініц түпкі ойына жету мақсаттылығын қалыптастырады.
Сонымен, оқыту формаларын таңдап алу, біріншіден, оқу, тәрбие жұмысының міндеттеріне, екіншіден, оқу материалының көлемі мен күрделілігіне, үшіншіден, ұжымдағы оқушылардың оқу мүмкіншілігіне байланысты.
Оқыту процесіндегі ең басты тұлға — бала. Егер мұғалім әрбір балаға сабақта дербес назар ауларып, дер кезінде көмектессе, зер салса, онда әрбір оқушы өзін мұғаліммен теңмін деп сезінеді, оның, адамгершілік көмегін шын ниетпен қабылдайды. Осындай ынтымақтастық педагогикасы жағдайында барлық балалар жұмыс істен білуді, ойлауды сүйеді, қуаныш етеді.
4. Оқытуды ұйымдастырудың басқа формалары.
Мектепте сабақтан басқа оқытуды ұйымдастырудың бірнеше формалары бар: оқу саяхаты, семинар сабақтары, практикумдар, факультативтер, консультациялар, үй оқу жұмысы т. б.
Саяхат пәндер бойынша жоспарланып, мектептің жалпы іс жоспарларына кіреді. Саяхатты ұйымдастыру үшін түрлі объектілер пайдаланылады. Оларға музей, көрме, табиғат, өндіріс жатады.
Оқу саяхаты оқытудың дидактикалық және политехникалық принциптерін іске асырады, оқушылардың техникалық ой-өрісін кеңейтеді, өсімдіктер дүниесін, тірі организмдерді зерттеуге мүмкімдік туғызады, танымдық ынтасын дамытады. Оқу саяхатының түрлері:
а) кіріспе саяхат — жаңа тақырыпты (оқу материалдарын) түсіндіру алдында оқушылардың қажетті білімді жинастыруы;
ә) кезектегі саяхат — ұзақ мерзімде оқушылардың үлкен тақырыппен жұмыс істеуі, кейбір мәселелерді иллюстрациялау;
б) қортынды саяхат курстың белгілі тарауы аяқталғаннан кейін өткізіледі. Мақсаты: сыныпта өтілген оқу материалдарын тереңдету және бекіту.
Саяхатты өткізу үшін жоспар жасалады, онда мынадай мәселелер бейнеленеді:
1. Саяхаттың мақсаты және объектісі.
2. Оқушылармен алдын ала объектіге байланысты түрлі жұмыстар жүргізіледі: әңгіме, бақылау, тәжірибе т. б.
3. Саяхат барысында істелетін жұмыстар: бақылау, өлшеу, сурет салу, есептеу, жазып алу, объектіні толық қарау.
4. Оқушыларды бірнеше топқа бөліп, оларға нақты тапсырмалар беру. Мысалы, бірінші топ—бақылау, өлшеу, екінші топ — сурет салу, сызу, үшінші топ—есептеу, жазып алу жұмыстарын орындайды.
Кіріспе сабақта мұғалім оқушыларды саяхат жоспарымен таныстырады, олармен ұйымдастыру мәселелерін талқылайды.
Саяхат біткеннен кейін оқушылармен оқу конференциясы өткізіледі. Онда оқушылар алған тапсырмалары бойынша баяндама жасап, сөз сөйлейді. Конференцияны бірнеше қатар сыныптар оқушыларымен өткізу өте тиімді болады. Ең соңында конференция жұмысын жетекші мұғалім қорытындылайды.
Семинар сабағы — бұл жоғары сыныптарда тарих, әдебиет жалпы биология т. б. пәндер бойынша өткізіледі. Семинарға қатарынан екі сабақ беріледі, онда 2-3 мәселелер қарастырылады. Оқушылар сабаққа дайындалу үшін әрбір мәселе бойынша материал жинайды, бақылау жасайды, кітапханаға, музейге, көрмеге, архивке барады, құжаттармен танысады, қосымша әдебиеттерді зерттейді.
Семинар сабақтары оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді: зерттелген материалдың мәніне жете түсінеді, өз ойын мазмұндап дәлелдейді. Демек, семинар сабақтары оқушыларды зерттеу жұмысының кейбір элементтерімен таныстырады.
Практикумдар — курс тарауы аяқталғаннан кейін оқушылардың өз бетімен орындайтын лабораториялық жұмысының кешендісі. Лабораториялық жұмыстарды оқушылар топ-топ болып дербес орындайды, эксперименттік есептер шығарады.
Мұғалім оқу бағдарламасының материалдарын және мектептің нақтылы жағдайын есепке алып, практикумдар тақырыбын анықтайды. Оқу жоспарындағы сағаттардың есебінен практикумдарды өткізуге 6-8 лабораториялық сабақтар бөлінеді. Лабораториялық жұмыстар негізінен химия, физика, биология пәндері бойынша өткізіледі.
Факультативтік сабақтар — оқытудың формасы оқушылардың қалауы бойынша жүргізіледі. Негізгі мақсат: оқушылардың ғылыми-теориялық білімін, танымдық ынтасын, шығармашылық қабілетін дамыту. Факультатив оқушыларға кәсіби бағдар беру ісінің тиімді формаларынық бірі. Факультатив сабақтары жалпы орта білім беретін мектептін өтпелі базистік оқу жоспарының жылжымалы бөлімінде 5-ші сыныптан бастап өткізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет