Байланысты: Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы педагогикалық ұйымның ықпалы
2.3 Оқушылар ұжымын қалыптастыруға бағытталған іс- тәжірибелерден мысалдар Оқушылар ұжымы немесе қарапайым тілмен айтсақ – балалар мен жасөспірімідердің өз еріктерімен және алдына белгілі бір мақсат қойып білім дағдыларын игеруге ұжымды түрде арнайы топқа біріккен жас өскіндердің шығармашылық әрекеттерінің үрдісі деуімізге болады. Ойымызды одан әрі дамыту үшін тәрбиеленуші ұжымдық ортаның қалыптасуы негізін немесе генезисін анықтап алған жөн деп санаймыз. Генезис, яғни белгілі бір ғылыми-зерттеу обьектісінің шығу тегінің себеп-салдарын, методологиялық негіздерін арнайы зерттеу мн зерделеуге бағытталған ғылыми-танымдық тәжірибелер жиынтығы дейміз. Демек, біз қарастырып отырған обьектіміздің пайда болуы және оның пайда болуына әсер еткен факторлар мен басқа құбылыстарды ажырату мен талдау – кез-келген проблеманы терең зерттеу жұмысына негіз боларлық тұтқа болары хақ.
Оқушылар ұжымы деген атау – ұжым, оқушы, бала, оқушы балалар ұйымы, мектеп, тәрбие атауларымен тығыз байланыста отырып педагогикалық зерттеулерде жиі қолданылады. Оқушылар ұжымын – балалар ұжымы деп атау ғылыми басылымдарда кезедеседі.
Оқушылар ұжымының даму кезеңдерін А.С.Макаренко өзінің көп жылғы педагогикалық тәжірибелеріне сүйене оырып, оған терең педагогикалық талдау жасайды. А.Макаренконың аталмыш озық идеалары «Педагогика және психология» түсіндірме сөздігінде ұғынықты сипатталады. Ондағы: «.. Ұжымның даму кезеңдерін А.С.Макаренко айқындаған. Ол балалалр ұжымы дамуының кезеңдерін мақсатына, іс-әрекетіне, мазмұнына, тәртіпке, балалардың қарым-қатынасына тәуелділігіне байланысты ажыратты.
Бірініші кезеңде – мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап қою арқылы балаларды мінез-құлық нормасына үйретіп, әлеуметтік тәжірибеге тартады.
Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға көшеді. Бұл кезеңде тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең – бұдан былай белсенді топтың және ұжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық (ұжымдық) пікір пайдаланылады..»,-атты тұжырымдар арқылы А.С.Макаренконың оқушылар ұжымында тәлім-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру барысындағы педагогикалық мәселелер жөніндегі құнды идеяларын байқаймыз.
Көрнекті ғалым Павел Блонскийдің пайымдауынша, балалар ұжымының табиғатын терең тану үшін, ұжымның әр мүшесінің мінез-құлық ерекшліктеріне мән беру керек деп санаған. Ол 1928 жылы жарыққа шыққан «Педагогикалық энциклопедия» басылымының белсенді ғылыми авторларының бірі бола жүріп, аталмыш жинақтың «Балалар ұжымындағы өзін-өзі басқару жұмыстары» атты бөлімде ұжымдық тәлім-тәрбие мәселелерін педология ғылымдары негізінде қарастыру туралы пікірлерін білдіреді.
Аталған еңбектер педагогика ғылымындағы тәрбие мәселелеріне қатысты зерттеулерде басшылыққа алынып келгені рас. Бірақ, соңғы жылдары әсіресе 1990 жылдан бергі тәрбие теориясына қатысты еңбектерде жоғарыда аталған ғылым-педагогтардың біз қрастырып өткен ұжымдық тәрбиеге байланысты пікірлері жеткіліксіз қамтылғаны байқалады. Ондай көріністердің белең алуы – ұжымдық тәрбие жұмыстарының бір сарынды, бір жақты сипат алған коммунистік тәрбие идеяларына ауытқып, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруде мол тәжірибе жинақтаған халықтық педагогиканың демократиялыққағидаларына терең назар аудармай келгендігінен деп қорытынды жасаймыз. Аталған анықтамалар жиынтығы оқушылар ұжымы туралы жалпы сипаттама беруге мүмкіндік туғызады. Бұл жерде біздер «ұжым» және «ұйым», «оқушы» және «бала» деген зерттеу обьектіміздегі ерекше назар аударатын мәселелер жөнінде түсініктеме беруді жөн деп санаймыз. Біздің ойымызша «ұжымның» да «ұйымның» да негізгі мақсаты бір, ол – ортақ мүдделерін бірлесе отырып шешуге және көздеген мақсатына жетуге ерікті түрде біріккен оқушы балалардың топтары. Оқушылар мен балалардың топтасуы – жай құбылым емес екені белгілі. Ұжымдық топтасуды – балалар мен оқушылар қарым-қатынастары мен шығармашылық әрекеттерінің жиынтығы десек, ұйымдық құрылымды – ұжым жетістіктері мен мәртебесін анағұрлым жоғары деңгейге көтеруге бағытталған әлеуметтік құбылыс демекпіз. Айталық, белгілі ұжымның озық дәстүрлерін, немесе шығармашылық жетістіктері мен бастамаларын жинақтау, тарату, насихаттау үшін және ол жетістіктердің қоғам қажеттілігіне айналуы үшін бір емес, бірнеше ұжымдық топтарды біріктірген ұйымдқ бірлестіктің әрекеті мен талабы анағұрлым тиімдірек болады деп санаймыз. Оның тиміділігінің тағы бір ерекшілігі – ұжым мен ұйымның педагогикалық тұтастығында. Олардығ тұтастығы оқушылар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге, мектеп пен қоғамға пайдасы тиетін ауқымды тәлім-тәрбиелік іс-шараларды өзара ынтымақтаса отырып жүргізуге, оқушылар ұжымында өзін-өзі басқару жұмыстарын оңтайлы үйлестіруде және мектептегі педагогикалық қауымдастықпен бірлесе отырып мазмұнды-мақсатты жұмыстар жүргізуге зор мүмкіндік тудыратыны сөзсіз. Әр ұжымда қалыптасқан дәстүрлердің уақыт өткен сайын молайып, кейні ол дәстүрлердің бірнеше ұжым топтардың қажеттілігіне айналуы – мақсаты мен ой-арманы бір ұжымдардың бір ұйымға бірігуіне себепші болды. Демек, ұжым әрекеттерінің айрықша белсенділік танытуы – олардың ұйымдық құрылымының қалыптасуына негіз болмақ.
Американдық ғылым-педагог Джиллдің «Мектеп республикасы» атты оқушылар ұжымында тұңғыш қалыптасқан өзін-өзі басқару жүйесінің пайда болуы - әлеуметтік құбылыс екені рас. Аталмыш құбылыстың қоғамдық қажеттілікті қалыптастырмағаны жағдайында, оның педагогикалық бастама ретінде жер-жерге таралуы мүмкін болмас еді. Мұндай тәжірибелердің білім мекемелерінен қолдау табуы – оқушылар ұжымындағы тәрибе жұмыстарының түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жүргізілуіне ерекше жағдай туғызды. Солардың бірі Ұлыбританияда пайда болған «скауттар» атты балалар мен жасөспірімдердің бірлестіктері болып табылады.
Жоғарыда келтірілген мағлұматтар негізінде бүгінде мектептегі оқушылар ұжымында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру барысында, аталмыш қоғамдық бірлестіктердің пайда болуы мен қалыптасуы кезеңдерін болжау үшін В.де Фельтренің «Қуаныш мектебі», Джиллдің «Мектеп республикасы», Р.Бадэн-Поуэлльдің «Скауттар ұйымын» және Кеңестер Одағында мектептегі тәрибе жұмыстарының орталығына айналған бүкілодақтық пионер ұйымдарының тарихнамасын ғылыми тұрғыда қайта зерттеген абзал.
Бүгінгі таңда мектептегі оқушылар ұжымы бірнеше ұйымдарға бөлініп өз беттерімен стихиялы түрде әрекет етуде. Ол ұйымдарға «Атамекен», «Жұлдыз», «Болашақ», «Қазақстан балалар мен пионер ұйымдарының одағы» және басқа ұйымдар жатады.
Мектепте оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру мақсатында, ұжымдық тәрбиенің бір үлгісі ретінде халық педагогикасын қарастырып, зерттеп, дамытушы М.Құсабаевтың 1991 жылы қабылданған «Атамекен» бағдарламасының отыз бағытының ішіндегі «Сөнбес жұлдыздар» бағыты негізінде Семей қаласының №5 қазақ мектеп-гимназиясында «Ұлан» құрылды.
«Ұлан» ұйымы орта буын оқушыларына сабақта және сабақтан тыс мезгілде ұлттық тәрбиені насихаттау, тарихты зерттеп білу, қамқорлық жасау, тәрбие істерін жүргізу үшін құрылған ерікті ұйым болуы қажет.
«Ұлан» ұйымының негізгі мақсаттары:
ұландардың үйлесімді дамуына жағдай туғызу;
салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;
ана тілін, ұлттық рухын әрқашан жоғары ұстауға тәрбиелеу;
ұлттық тарихты, салт-дәстүрді, мәдени мұраны мейлінше терең білуге әрі оны мақтан тұтуға тәрбиелеу;
имандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу;
ұйымшылдыққа, іскерлікке баулу;
ұландардың өзін-өзі басқаруы мен олардың белсенділігін арттыру;
Конституция баптарын жете білуге, оны қалтықсыз орындауға баулу.