Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы педагогикалық ұйымның ықпалы мазмұны кіріспе


І-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫ – МЕКТЕПТЕ ТӘРБИЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАСЫ



бет3/10
Дата25.06.2022
өлшемі303,5 Kb.
#37301
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
І-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫ – МЕКТЕПТЕ ТӘРБИЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАСЫ


1.1. Оқушылар ұжымы мен педагогикалық ұжымның қарым-қатынасы, оларды топтастыру

Тәрбиелеудің жаңа шарттары мектепте тәрбие қызметінің жаңа формасы оқушылар ұжымын тудырды. Ол жеке адамның жан-жақты дамуына мейлінше жақсы жағдайлар жасайды. А. С. Макаренко көпжылдық педагогикалық тәжірибені қорытып-талдау негізінде: егер балалар ұжымы нағыз ұйым болса, онда ғажайып нәрселер жасауға болады деген.


Оқушылар ұжымы— оқушылардың жалпы мақсатпен және қоғамдық пайдалы бірлескен еңбекпен топтасқан тұрақты бірлестігі. Дені таза және топтасқан оқушылар ұжымына тән сипаттар — идеялық нысаналылық, оның іс-әрекетін жалпы ұйымдастыру, оқушылардың өзара тығыз әрекет етуі, жалпыға бірдей жауапкершілік, ұжымның жеке мүшелеріне жоғары талап қоюшылық. Жақсы ұйымдасқан ұжымның маңызды белгісі — дені таза қоғамдық пікір, сенім мен жоғары талап болуы. Сондай-ақ, топтасқан оқушылар коллективі үшін онда игі дәстүр, алға тартымды перспектива қою, сергек, көңілді күй, жоғары тәртіп орнату, сын мен өзара сынды дамыту тән. Оқушылар ұжымы — бұл өзіндік әрекетке ие ұйым, ол оның барлық мүшелері әр түрлі іс-әрекет ұйымдастыруда дербестік және инициатива көрсеткен жағдайда өсіп, дамиды.
Оқушылар ұжымының тәрбиелік ролін көтеру — мектептің даму тенденциясының бірі. Жақсы ұйымдастырылған ұжымда үш негізгі қызмет: ұйымдастырушылық, идеялық-тәрбиелік және әр алуан іс-әрекетті ынталандыру қызметі ойдағыдай орындалып отырады.
Тәрбие процесін ұйымдастыру жайында сөз қозғалғанда, оны жарақтауды есте тұтудың маңызы үлкен. Тәрбиеші оқушыға тікелей әсер жасай алады, бірақ оған жолдастары арқылы, оқушылар коллективі арқылы да әсер жасай алады. Жеке адамға тәрбиелік ықпал жасаудың негізгі формасы, негізгі құрал-жарағы оқушылар коллективі болады..
Педагогика оқушылар ұжымын ұйымдастыру және тәрбиелеу жөніндегі мәселені шешу кезінде жеке адам мен коллективтің ара қатысы туралы маркстік-лениндік ілімді басшылыққа алады, аса көрнекті педагогтарының теориялық тұжырымдарына және тәжірибелерге арқа сүйейді. Бұл тәжірибе ұжымның тәрбие берудің өте маңызды және ешнәрседен ауыстыруға болмайтын формасына айналғаның көрсетеді. Жеке адамның жан-жақты дамуы үшін қажетті жағдай ұжымда ғана жасалады. Әрине, ұжымда жеке адамға автоматты түрде әсер етпейді.
Ішкі ұжымдық қарым-қатынастарды дұрыс ұйымдастырудың маңызы үлкен. Олар жеке-дара даму үшін қолайлы, қолайсыз және екіталай болуы мүмкін. Педагогтардың міндеті — оқушылардың бір-бірімен араласуын ұйымдастыру, оқушылар коллективінде дұрыс өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Мұның өзінде араласу оқушылардың бір-біріне ықпал жасауын ғана емес, өзара әрекеттес болуды, өзара әсер етуді, өзара тәрбиені де қарастырады.
Басқарудың және өзін-өзі дамытудың субьектісі ретінде қазіргі педагогикалық ұжым туралы орыс педагогтары Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский, Н.И.Пироговтардың оқыту мен тәрбиелеудің өзара байланыстылығы, оқушылар мен педагогтардың бірлесе жұмыс істеуі, педагогтардың өзін-өзі дамытуға ұмтылуы сияқты идеяларының ықпалымен қалыптасты.
Мұғалімдердің тәрбиелік ықпалына біріктіру 20-30 жылдары педагогика мен мектептің маңызды міндеттерінің бірі болды. «Тәрбиешілер ұжымы болуы керек, - деп жазды А.С.Макаренко –тәрбиешілер ұжымға біріккен жерде және біртұтас жұмыс жоспары, балаға деген бірыңғай ықпал жоқ жерде ешқандай тәрбие роцесі болуы мүмкін емес».
Педагогикалық ұжымның топтасуы және дамуы идеясы В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық жүйесінде практикалық көрініс тапты.Ол әрбір педагогикалық ұжымның өзіндік ерекшелігі болатындығын атап көрсетті.
Педагогикалық ұжым адамдардың әлеуметтік және кәсіптік бірлестігі ретінде ұжымға тән барлық белгілерді біріктіреді. Ерекше адамдар тобы ретінде мектеп педагогикалық ұжымына жинақылық, басшының болуы, топтасу, салыстырмалы түрде тұрақты және ұзақ мерзімде әрекет ету сияқты қоғамдық және кәсіптік сипаттар тән. Педагогикалық ұжым сондай-ақ, оқушылар ұжымы да, оның құрамдас бөлігі болып есептеледі.
Сыныпта өз-өзінен шағын топтар, микроколлективтер пайда болатыны аз емес. Олар әдетте ортақ мүдде, ортақ іс негізінде (маркаларды жинау, көгершіндерді бағу, модельдер жасау т.с.с.) құрылады. Олардың жұмысын дұрыс арнаға бағыттау керек. Осы топтарға біріккен мектеп оқушыларының жалпы кластық, жалпы-мектептік істерден тыс қалмауына, өз мүдделері шеңберінде тұйықталып қалмауына ұмтылу керек. Бірқатар жағдайларда қоғамдық, орта мен микроколлективтің әсер етуі арасында қайшылық пайда болады. Өкінішке орай, соңғы әсер ешқашанда жақсы бола бермейді.
Ұжымның өсу және даму процесінде онда сынып пен мектеп өмірінің аса маңызды мәселелері жөнінде, оқушылар іс-әрекетті бағалауда қоғамдық пікір қалыптасады. Ол бірте-бірте оқушылардың қылықтары мен әрекеттерін бағалаудың критерийіне айналады. Қоғамдық пікірдің тәрбиелік ролі моральдық нормаларды бұзушылықты кінәлаумен және теріске шығарумен ғана шектелмейді. Қоғамдық пікірдің ынталандырушылық, ұйымдастырушылық ролінің, коллективтің қоғамға бағалы қылықтар мен әрекеттерді жақсы бағалай білуінің маңызы да ерекше.
Топтасқан ұжым қоғам пікірінің күшімен әр оқушыға, оның мінезі мен тәртібіне игілікті әсер жасайды. Жолдастарының не ойлайтынын, олардың белгілі бір қылыққа қалай қарайтынын ой елегінен өткізу жаман қылықтардан сақтандырады. Оқушылар әдетте жолдастарының пікірін бағалайды, олардың кеңестерін құлақ түре тыңдайды. Осының бәрі мінез-құлықтың қажетті дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. А. С. Макаренко «Совет мектебіндегі тәрбие проблемалары» атты мақаласында: «Зор беделді және сүйікті мектеп коллективінің қоғамдық пікірін бақылау осы тамаша достық одақтың мүшесі ретінде оқушының мінезін шыңдайды, ерікті тәрбиелейді, жеке бастық мінез-құлықтың қоғамға пайдалы дағдыларын, мектеп үшін және өзі үшін мақтаныш сезімін бойға сіңіреді. Сонда бала... өзін қалай ұстауды, өзі құрметтейтін коллективтің оны не үшін мақұлдайтынын және не үшін: кіналайтынын біледі».
Әрине, қоғамдық пікірдің барлығы дерлік жақсы роль атқара бермейді. Кейде, дұрыс тәрбиелемеудің нәтижесінде нашар пікір туады. Мысалы, бір топ оқушылар немесе класс тұтасымен тәртіп пен әдепті әдейі бұзатындарды бүркемелейді де мұны жолдастықтық көрінісі деп біледі. Педагогтардың міндеті — өтіп жатқан оқиғаға коллективтің дұрыс көзқарас қалыптастыру қоғамдық пікірді жағымсыз фактілермен қарсы күресуге жұмылдыру. Тәрбие беруде коммунистік тәрбие міндеттеріне лайықты қоғамдық пікір ғана игі роль атқарады. Ұжым іс-әрекетінің жоғары идеялы сағытта болуын, оның мектептің, оқушылар ұйымдарының өзін-өзі басқару органдарының негізгі міндеттеріне сәйкес келуін қамтамасыз етудің соншама маңызды екендігі осында жатыр.
Ұжым өз ішінде байсалды сын және өзара сын, оның мүшелерінің теріс қылықтарын коллектив болып айыптау бар жағдайда тәрбие берудің қуатты құралына айналады. Егер оқушылар кемшіліктер туралы батыл да ашық айта алатын болса және іскер және принципті сынды дұрыс қабыл ала білсе, мектепте жақсы қасиеттерді қалыптастыру ойдағыдай өтеді. Жөнсіз қылықтар ескерусіз қалмайды. Оларды мұғалімдердің, мектеп басшыларының нұсқауын күтпей-ақ оқушылардың өздері-ақ айыптайды.
Сынып ұжымында сын мен өзара сынның даму деңгейі көбіне оның топтасу дәрежесіне байланысты болады. Ұжым неғұрлым топтасқан сайын онда кемшіліктер мен лайықсыз қылықтар соғұрлым батыл сыналады. Бұл сын тіпті тым шашаулау жүргендердің өзін өзі мінез-құлықтары туралы ойлануға және оны түзетуге, кемшіліктерді жоюға көндіреді. Жолдастардың қатал, бірақ, әділетті сыны әдетте мұғалімдердің ақыл айтып, кеңес беруінен әлдеқайда әсерлі. Көптеген мектептердің тәжірибелері ұйымшыл және топтасқан коллективтің класта іріткі салушыларға коллектив көмегіне сүйенбейтін мұғалімдерден гөрі, әлдеқайда тиімді әсер ететінін көрсетіп отыр.
Оқушылар ұжымы тәрбие беруде «қатар әрекет жасау пе-дагогикасык» ойдағыдай қолдануды қамтамасыз етеді. Ұжым неғұрлым топтасқан болса, педагогтар мен оқушылар ұжымы, органдарының қатар әрекеті жасауы соғұрлым күшті және тиімдірек болады. Мұның өзі коллективті тәрбиелік ықпал және оқушылардың өмірін ұйымдастыру объектісінен тәрбиелеу, тәрбиелік, қарым-қатынастарды дамыту субъектісіне апналдыруға жәрдемдеседі.
Тіпті, өте талантты педагогтың бір өзі, ол оқушылар ұжымына сүйене отырып қол жеткізерліктей табысқа жете алмайды.. А.С. Макаренконың тәрбие беретін мекемелердегі көпжылдық тәжірибесі негізінде дұрыс, советтік тәрбие тұтас, күшті, әсерлі коллективтер құру жолымен ұйымдастырылуы тиіс деген қорытындыға келуі тегін емес. Ол оқушылар коллективін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ең басты формасы ретінде қарастырылады.
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбие беру жеке-дара ықпал жасауды, әрине, жоққа шығармайды, оны да қарастырады.
Оқушылар ұжымын ұйымдастыру, топтастыру және тәрбиелеудің ролі үлкен. Олар оқушылар ұжымының өмірі мен жұмысына идеялық мазмұн береді және класс, жалпы мектеп ұжымдарының сүйеніші болып табылады.
Мектептің ұйымы. Қазіргі жағдайда мектеп ұйымдарының алдына қойған міндеттерді ойдағыдай шешуге көмектесуге жұмылдырылған: саяси жағынан белсенді, істі білетін, еңбекті сүйетін және жұмыс істей алатын, өз Отанын қорғауға әрқашанда дайын адамдар ұрпағын калыптастыруға септігін тигізу. Жігіттер мен қыздардың саяси, еңбек және адамгершілік шыңдалысын күшейту, оларда білімге, мәдениетке, кәсіптік шеберлікке, халық игілігін сақтауға деген ұмтылысты тәрбиелеу әр ұйымының жауынгерлік нақты ісіне айналуы тиіс. Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар берудегі ролі үлкен.
Мектеп ұйымдары мектептің өндірістік еңбек коллективтерімен жанды байланысын жүзеге асыруға жәрдемдеседі. Бұл еңбекке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру, оқушыларды өмірге, еңбекке даярлау міндеттерін ойдағыдай шешуге көмегін тигізеді, олардың идеялық-адамгершілік тәрбиесін жетілдіруте себепші болады. Бұл мәселелер айрықша үлкен орын алады.
Мектептегі жылдар — жеке адамның идеялық-адамгершілік жағынан қалыптасуында мейлінше маңызды және жауапты кезең. Дәл осы жылдарда дүниетаным мен жоғары идеялылығының негізі салынады. Бұған ғылым негіздерін игеру, басшылыққа алынатын документтерін оқып-үйрену.

1.2. Балалар ұжымы және оның тәрбие беру мүмкіндігі


«Ұжым» деген ұғымның өзі тәрбиеленушілер бірлестігі деп түсіндіріледі. Мұндай ұжымның өзіндік маңызды белгілері бар:


1.Жалпы әлеуметтікмәнді мақсат: кез келген топта.трамвайға мінген жолаушыларда да, ұрлық істелген қылымыскерлерде де мақсат болады. Ұжымның мақсаты қоғамдық мақсаттармен сәйкес келеді, яғни өкісет заңдарына, конститутцияға, басшы идеологияға сай келмей, қоғам мен мемлекеттік қолдау көрмейді.
2.Жалпы бірліктегі іс-әрекет: қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін жалпы біріккен іс-әрекет ұйымдастыру қажет. Адамадар белгілі бір мақсат жолында ұжымдарға бірігеді. Ұжым мүшелерін ерекшклейтін белгі- олардың іс-әрекет қорытындысы үшін болған жоғары өзіндік жауапкершілігінің болуы.
3.Жалпы таңдалған басқарушы орган: ұжымда демократиялық қатынас пайда болады. Басқару органы ұжымның беделді мүшелерін ашық және тікелей таңдайды.
Жақсы ұйымдасқан ұжымда бір-біріне көмек, бір-біріне жауапкершілік, дұрысын айту, өзін-өзі сынау, бәсекелестік сияқты сана қалыптасады. Жоғарыда аталған белгілері бар ұжымда еңбекке, адамдарға, жеке және қоғамдық міндеттерге гуманистік қатынастар жүйесі қалыптасады.
Ұжым үнемі өзгеріп отырады.Өйткені оның құрамындағы адамдар ауысып отырады. Сол үшін педагогикалық жетекшілер қарым-қатынас және әсер ету жобаларын жиі өзгертіп отыруға міндетті. Тәрбиені ұжымдағы қарым-қатынас құрылымының көп деңгейлігін ескере жүргізу қажет.
Тәрбиенің басты міндеті – балаларды дамытудың әр түрлі деңгейіне бара-бар қатынастың қазіргі кездегі тәжірибесін форма есебінде беру ғана емес, сонымен бірге жеткіншектерді жаңа, неғұрлым жоғары қоғамдық қарым-қатынас деңгейіне бағыттап дайындау. Адамның тұтас жеке басын қалыптастырудың аса маңызды шарты мен құралы коммунистік тәрбиенің идеялық-саяси құралы, адамгершілік, еңбек эстетикалық және басқа жақтары балалар коллективі болып табылады. Оны жалпы да өзіне тән белгілердің жиынтығын сипаттайды.
Тәрбиені ұйымдастыру формалары және оларды жіктеу. Күрделі де көпқырлы тәрбие процесі әр түрлі формалардың көмегімен жүзеге асырылады. Олар өте өзгермелі, серпінді келеді. Оларды таңдау тәрбие жұмысының мазмұнына, оқушылардың жас шамасына, тәрбиешілердің шеберлігіне және тәрбие процесі өтетін басқа жағдайларға байланысты болады.
Тәрбиені ұйымдастыру формасы — деген көп жағдайды қамтитын кең мағыналы ұғым. Ол тәрбие қызметін ұйымдастырумен байланысты нақты процестерді белгілеу үшін қолданылады. Егер тәрбиені ұйымдастыру формасын ең жалпы түрінде қарастыратын болсақ, онда олар тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасында қалыпқа түсіп келе жатқан қарым-қатынастарды, сондай-ақ балалар коллективіндегі тәрбиелеу процесіндегі қарым-қатынастарды бейнелейді. Осы қарым-қатынастар қалай қалып алып келе жатқанына, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің қандай позицияда тұрғанына байланысты тәрбие процесі белгілі бір ұйымдастырушылық формаға келтіріледі. Олар басшылық ету және бағыну қарым-қатынастарын, жұмсалатын күштің орны анықталуын, тәрбиелік қызметтің жоспарлануы мен ұйымдастырылуын, оның нәтижелерінің есепке алынуы мен бағалануын сипаттайды.
«Форма» ұғымы — «заттың, процестің, құбылыстың ұйымдасу әдісі мен тіршілік әдісін» білдіреді (философиялық экциклопедия). Тәрбиені ұйымдастыру формасы — тәрбие элементтерінің ішкі байланысын бейнелейтін және тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара қарым-қатынастарын сипаттайтын тәрбие процесіи ұйымдастыру әдісі. Кейде педагогикалық әдебиетте және мектеп практикасында «тәрбиенің ұйымдастыру формалары» ұғымы қолданылады. Бұл да тәрбие процесін ұйымдастырудың әдістерін мегзейді.
Педагогикалық әдебиетте оқушылардың қалайша ұйымдастырылғанына байланысты (тәрбие процесіне бүкіл класс, оқушылардың шағын топтары мен немесе жеке оқушылар қатыстырыла ма) тәрбие формаларының жіктелуі беріледі. Соны есепке алудан мынадай формалардың беті ашылады: жаппай немесе бұқаралық топтық немесе үйірмелік және жеке-дара. Бұл әлдеқайда көп таралған жіктеу. Ол ұйымдастыру формаларын көрсетеді, мұнда тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің тәрбие процесіндегі қарым-қатынастары, олардың араласу формалары бейнеленеді.
Тәрбие қызметін ұйымдастыру формаларын тәрбиелік ықпал жасау методикасына байланысты жіктеуге талпынушылық та бар. Мұндай жіктеуде тәрбие формалары мынандай топтарға бөлінеді: сөздік, (саяси-хабарлар, жиналыстар, жиындар, линейкалар, лекциялар, баяндамалар, оқырмандар конференңиялары, диспуттар, кездесулер, ауызша газеттер, радио, журналдар т.с.с); практикалық (жорықтар, экскурсиялар, спартакиадалар, олимпиадалар мен конкурстар, пионер және комсомол әрекеттері ауқымындағы жұмыстар, қызыл ізшілдердің іс-әрекеті, техникалық творчество, жас натуралистер үйірмелері, сондай-ақ сенбіліктер, т.с.с); көрнекілік (мектеп музейлері, лениндік мүйістер, бөлмелер, мен залдар, соғыс және еңбек ерлерінің галереялары, кіші третьяков галереялары, көркем творчество көрмелері, кітап көрмелері мен жаңа кітаптар жаймалары, тақырыптық стенділер, т. б.) Мұндай жіктеу ең алдымен тәрбиелік шараларды бір рет өткізуді мегзейді (саяси хабарлар, әңгімелер, экскурсиялар, жорықтар т. с. с). Рас, практикалық және кернекі формалардың кейбіреулері белгілі бір бағытта ұзақ уақыт тәрбиелік жұмыс өткізуді көздейді. (Мысалы, қызыл ізшілдердің қызметі, тимуршылар жұмысы, мектеп музейлері).
Тәрбиелік ықпал жасау сипатына қарай жіктеудің шартты сипатта болатынын да есте ұстау қажет. Тәрбие практикасында сөздік, практикалық және көрнекілік формалар тығыз астасып жатады ғой. Мысалға, саяси хабарларды, оқырмандар конференцияларың өткізу практикалық істермен байланысты. Саяси хабарлар, конференциялар барысында әр түрлі көрнекілік құралдар пайдаланылатыны да аз емес (портреттер, карталар, схемалар, диапозитивтерді, кинофильмдерді керсету т.с.с). Істің мәні қандай формалардың басым екендігінде, негізгі, жетекші болатындығында.
Жоғарыда келтірілген жіктеулер, әрине, тәрбие процесін ұйымдастыру формаларының бүкіл молшылығын қамти алмайды. Соңғы кезде жаңа ұйымдастыру формалары шықты: әр түрлі көркемөнер клубтары, ғылыми қоғамдар, мәдениет университеттері, мектептегі көркемөнерпаздар театрлары мен киностудиялары, Лениндік оқулар, лениншілдер үш ұрпағының слеттері, теориялық конференциялар өткізіледі, жас дзержинскийшілер отрядтары, ма-каренколық отрядтар, комсомолдық постылар, пионерлік патрульдер, еңбек звенолары, штабтар т. б. ұйымдастырылады.
Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық-әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзатгық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.
Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның әлеу-меттік-мәдени (өмір және әрекет-қылық кейпін таңдау және іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкерлікті қаты-нас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тәрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау және психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл-күйге сәйкестігімен (көңіл-күй тәжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті тәжірибесін кұрастыру үшін), жағдайға орай орындалуымен (негізгі құралы – тәрбиелік жағдай), болашаққа бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді.
Сонымен, тәрбие - бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты әрвкеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік процесс.
Берілген анықтаманың мазмұндық құрылымына зер салайық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет