көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөз, табу сөздердің
қолданыс аясын түсіну және ажырата білу
фразеологизм, мақал мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік
ерекшеліктерін түсініп қолдану
Соған байланысты пән мұғалімдеріне білімдегі олқылықтарды толықтыру жұмысының бірнеше кезеңдері ұсынылады: кешенді диагностикалық жұмыс жүргізу; жұмысты жоспарлау; жүзеге асыру; мониторинг жүргізу. Диагностикалық жұмыс: Пән бойынша өткен оқу жылдарының оқу бағдарламасындағы тақырыптар мен оқу мақсаттары бойынша диагностикалық бақылау жұмысы жүргізіледі. Ол үшін алдымен күрделі деген оқу мақсаттарын іріктеп алып, сол бойынша тапсырмалар әзірленеді. Жүргізілген диагностикалық бақылау нәтижесі бойынша өткен оқу жылдарында оқытылған тақырыптар мен оқу мақсаттарынан білімінде олқылықтары бар білім алушылардың саны арқылы күрделі тақырыптар мен оқу мақсаттары анықталады.
Жоспарлау кезеңі: Жаңа оқу жылында іске асырылатын оқу мақсаттарына өткен оқу жылдарының сәйкес келетін оқу мақсаттарын кіріктіре отырып, қысқа мерзімді сабақ жоспарларын құрастыруға болады. Ал сәйкес келмеген оқыту мақсаттары бойынша білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін жеке немесе топтық жұмыс жоспарларын әзірлеу ұсынылады. Жүзеге асыру кезеңі: Жаңа сабақты жоспарлаудың алдында өткен оқу жылдарындағы оқу мақсаттары бойынша білімінде олқылығы бар оқушыларға алдын ала тапсырмалар әзірленеді.
Мониторинг жүргізу кезеңі: Бұл кезеңде пән бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында жүргізілген жұмыстарға әр тоқсанның соңында талдау жасалады. Сондай-ақ білімдегі олқылықтарды толықтыру бойынша қарастырылған оқу мақсаттарын формативті бағалауда, БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын құрастыруда ескерген жөн. Қысқа мерзімді сабақ жоспарын әзірлеуде үлгі ретінде кіріктіріп өткізуге ұсынылатын күрделі оқу мақсаттарына тоқталсақ.
4-сыныптың «Әдебиеттік оқу» пәнінің оқу бағдарламасындағы «4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру» деген оқу мақсатын 5-сыныптағы «5.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау» деген оқу мақсатымен кіріктіруге болады. 5-сыныптағы «5.2.3.1 шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау» деген оқу мақсатына сабақ жоспарлау кезінде 4-сыныптағы «шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу) табу және оларды қолдану» оқу мақсатын кіріктіру арқылы 4-сыныпта жіберген білімдегі олқылықты толықтыруға болады.