«Оқушылардың қазақ тілі, әдебиет, тарих пәні мұғалімдерінің білімдегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындалуы туралы»



бет2/6
Дата02.12.2023
өлшемі338,35 Kb.
#131960
1   2   3   4   5   6
Жоспарлаужұмысы (I тоқсанның II аптасында)

3

Пәннің оқу бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылында өтілетін тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкес келетін өткен оқу жылдарындағы күрделі тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтау

4

Сәйкес келетін тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтағаннан кейін қысқа мерзімді сабақ жоспарларын мақсаттарды үйлестіре, кіріктіре отырып әзірлеу. Жаңа тақырыптар мен оқу мақсаттарын меңгеру үшін өткен оқу жылдарындағы тақырыптар бойынша білімінде олқылығы бар оқушыларға алдын ала дайындалып келуге берілетін тапсырмалар әзірлеу.

5

Пәннің оқу бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылындағы тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкес келмейтін өткен оқу жылдарының күрделі тақырыптары мен оқу мақсаттарын анықтау

6

Жаңа бағдарламаға сәйкес келмейтін өткен оқу жылдарының күрделі тақырыптары мен оқу мақсаттары бойынша білімінде олқылықтары бар оқушылардың тізімін жасау және топтастыру

7

Білімінде олқылықтары бар оқушылардың топтарымен өткізілетін
консультациялардың кестесін жасау

8

Білімінде олқылықтары бар оқушыларға өткізілетін кеңес беруді сәйкес келетін жаңа тақырып пен оқу мақсатына сабақ жоспарлаудан бұрын өткізу

9

Білімінде олқылықтары бар оқушылардың топтарымен өткізілетін кеңес беру кестелерін жоспарлау принциптері:

  • жаңа сабақтан бұрын кеңес беру;

  • жұмыс күндеріне сыймаған жағдайда сенбілік немесе жексенбілік кеңес беру;

  • II, III, IV тоқсандық каникул күндеріндегі кеңестер;

  • жазғы мектеп күндеріндегі кеңестер

10

Жаңа сабақтан бұрын кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

11

Сенбілік немесе жексенбілік кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

12

Каникул күндеріндегі кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

13

Жазғы мектеп күндеріндегі кеңес тақырыптарын анықтау, кестесін дайындау

14

Жаңа оқу жылында оқу пәндері бойынша білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу кестесін және талдау жұмысының жоспарын дайындау (бұл жерде білім алушының өткен оқу жылы бойынша білімінің сапасы да,олқылықтары да көрінеді)

«Қазақ тілі» пәнінен білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін 5-9-сыныптарға арналған оқу бағдарламасы бойынша өткен оқу жылдарының оқу мақсаттарына сәйкес келетін жаңа оқу жылындағы оқу мақсаттарын анықтау қажет.


«Қазақ тілі» пәні бойынша 5-сынып білім алушылары үшін бастауыш сынып бағдарламасы негізінде білім алушылардың біліміндегі орын алған олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында бастауыш сыныптың «Қазақ тілі» пәнінен күрделі оқу мақсаттарын кіріктіріп, сабақ жоспарлау ұсынылады.


«Қазақ тілі» пәні бойынша 6-7-сынып білім алушыларының біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында төменде күрделі деген оқу мақсаттарының жобасы ұсынылды.

6-сынып

7-сынып

Тыңдалым және айтылым

тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау

тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен
көзқарасты ажырата білу

Оқылым

ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар
арқылы тану

публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік
құралдар арқылы тану

Жазылым

эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін
сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу

эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац
түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу
(«келісу, келіспеу» эссесі)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет