Білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру бағытындағы іс-әрекеттерді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар 1-тоқсанда:
5-сынып пен 6-сынып арасындағы сабақтастықты сақтау;
4-сыныптан келген баланың жеке ерекшеліктерін ескеру.
Олқылықтардың орнын толықтырудың кезеңдері: 1-қадам. Олқылықтарды анықтау. Диагностика жүргізу. Диагностикадан кейін оқушылардың біліміндегі олқылықтарды деңгейіне қарай күрделіден қарапайымға дейін жіктеп, бөлу.
2-қадам. Уақытты белгілеу. Анықталған олқылықтардың деңгейіне қарай оған жұмсалатын уақытты жоспарлау. Бір тақырыпқа бірнеше сағат бөлу не керісінше бір сабақтың ішіндегі белгілі бір уақыт жеткілікті болуы мүмкін.
3-қадам. Оқыту әдісін таңдау. Білімдегі олқылықтарды толықтыру бойынша шараларды таңдау үш факторға байланысты:
- өткізілетін материалдың көлемі;
- жоспарланған уақыт мөлшері;
- баланың жас және жеке ерекшеліктері.
Білімдегі олқылықтарды толықтыру жұмыстарының формалары: 1. Өзіндік жұмыстар Тақырыпты және тапсырманы түсіндіре отырып, өз бетінше ізденуге тапсырма беру;
2. Нақты мақсатқа бағытталған әрекеттер жасау.
3. Сыныпты толық оқыту
Егер бүкіл сыныптың қажеттіліктері немесе олқылықтары шамалас болса,бұл көп уақытты қажет етеді, бірақ білім алушылардың басым бөлігін қамтиды.
Білімдегі олқылықтарды толықтыруға бағытталған сабақтарды ұйымдастыру формалары: сыни пікір жазу, эссе жазу, тілдің көркемдегіш құралдармен жұмыс жасау, көркем шығармалардан алынған үзінділермен жұмыс, мәтінмен жұмыс, тестпен жұмыс. (Жеке, жұптық, топтық жұмыс.)
Осы жұмыстар бойынша күтілетін нәтиже оқушы өз көзқарасын дәлелді қорғайды, шығармадан автор бейнесін анықтайды, шығарманың жаңашылығына баға береді, сыни пікір жазады, көркемдік құндылығына салыстырмалы талдау жасайды.
Тарих пәні бойынша олқылықтарды жою (тарих пәні мұғалімі – Тлеугабылов М.С.)
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру жөнінде ұсынымдар 2021-2022 оқу жылында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша шектеу шаралары кезіндегі оқу жылдарында жіберілген білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылының оқу бағдарламасын меңгерту бағытында мақсатты шараларды жыл бойы жүргізу ұсынылады.
«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша шектеу шаралары кезіндегі оқу жылдарында жіберілген білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтауды ауызша сұрақ қою, өзара бақылау, жазбаша жұмыстар, тестілеу арқылы жүргізу ұсынылады. «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша анықталған қателер мен олқылықтарды 4 блокқа топтастыру ұсынылады: - қоғамдық қатынастар; - мәдениеттің дамуы; - саяси жүйелер; - экономикалық қатынастар. Бұл топтастыру білімдегі олқылықтардың орнын толықтырудың нақты жүйесін құруға мүмкіндік береді, өйткені жоспарлау кезінде мұғалім зерттелетін тақырыптар мен білім алушылардың олқылықтары болған тақырыптар мен оқу мақсаттарын байланыстыра алады. Мысалы, «Қазақстан тарихы» пәні бойынша өткен оқу жылындағы меңгерілмеген оқу мақсаттарын оқу тапсырмаларында біріктіру ұсынылады: 6-сыныпта: 6.1.2.1 үстемдік етушілер мен бағыныштылардың өзара қатынасын сипаттау оқу мақсаты мен 5.1.2.1. ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау оқу мақсатын; 191 6.3.2.2 ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау оқу мақсатын меңгерту кезінде 5.3.2.2 Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарымқатынасын анықтау оқу мақсатын тапсырмаларда кіріктіру ұсынылады; 7-сыныпта: 7.1.2.1 дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау оқу мақсатын меңгертуде 6.1.2.1 қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау оқу мақсатын; 7.2.1.1 салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау оқу мақсатын меңгерту кезінде 6.2.1.1 түркілердің дүниетанымдық ерекшеліктерін түсіндіру оқу мақсатын; 8-сыныпта: 8.2.3.4 Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы рөліне баға беру оқу мақсатын меңгертуде 7.2.3.4 Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қ. Халид еңбектерінің тарихи дерек ретіндегі маңызын айқындау оқу мақсатын; 8.3.1.3 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызын анықтау және тұлғалардың рөліне баға беру оқу мақсатын меңгертуде 7.3.1.3 Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарын анықтау оқу мақсатын; 9-сыныпта: 9.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау оқу мақсатын меңгертуде 8.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау оқу мақсатын; 9.2.3.2 білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру оқу мақсатын меңгертуде 8.2.3.2 кеңес дәуіріндегі қазақ тілінің ахуалын анықтау оқу мақсатын кіріктіріп тапсырма беру ұсынылады. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша өткен оқу жылындағы меңгерілмеген келесі оқу мақсаттарын оқу тапсырмаларында біріктіру ұсынылады: 6-сыныпта: 6.2.2.3 антикалық мәдениет пен байланыс орнату арқылы Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетін (бейнелеу, мүсін өнері) сипаттау оқу мақсаты мен 5.2.2.3 ежелгі дүние өнеріне сипаттама беру оқу мақсатын; 6.4.2.1 экономикалық қатынастардың формаларын түсіндіру арқылы феодалдық шаруашылықтың ерекшеліктерін сипаттау мен 5.4.2.1 экономикалық ілгерілеуді түсіну үшін шаруашылықтың иемденуші және өндіруші түрлерін салыстыру оқу мақсаты бойынша салыстырмалы талдау тапсырмасын беру ұсынылады; 7-сыныпта: 7.2.4.1 өзгерістер мен сабақтастықты көрсету арқылы, адам мен қоғам өміріндегі ғылыми жаңалықтардың маңызын талдауда 6.2.4.1 адам өміріндегі қоршаған орта туралы білімнің рөлін түсіндіру оқу мақсатын; 7.3.1.4 әртүрлі елдердің бір уақыт кезеңіндегі тарихи оқиғаларын салыстыру арқылы ұлттық мемлекеттердің (Италия, Германия) қалыптасу 192 маңызын анықтауда 6.3.1.4 феодалдық соғыстар мен орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы арасында байланыс орнату оқу мақсатын тапсырмаларда кіріктіріп беру ұсынылады; 8-сыныпта: 8.4.1.1 XX ғасырдың басындағы техникалық революция жетістіктерінің (конвейер өндірісі, стандарттау) мемлекеттердің шаруашылық жүйесінің дамуына ықпалын бағалауда 7.4.1.1 себеп-салдарды анықтау арқылы Еуропадағы феодалдық құрылыстан капиталистік шаруашылыққа (мануфак тура, фабрика) өту процесін түсіндіру оқу мақсатын; 8.4.2.1 «жоспарлы экономика»,«нарықтық экономика» ұғымдарын қолдана отырып, XX ғасырдың бірінші жартысын дағы капитализм мен социализмнің экономикалық жүйелерін салыстыруда 7.4.2.1 түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін анықтау оқу мақсатын кіріктіру; 9-сыныпта: 9.2.1.1 қоғам өміріндегі дәстүрлі және деструктивті діни ұйымдардың іс-әрекетіне баға беру оқу мақсатын меңгертуде 8.2.1.1 тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін салыстыра отырып, мемлекет пен діннің өзара қатынасын сипаттау оқу мақсатын; 9.2.4.3 ғылыми жаңалықтардың (генетика, микробиология, ақпараттық технологиялар, нанотехнологиялар, ядролық физика) қоғам дамуына ықпалын талдауда 8.2.4.3 әскери ғылым мен техниканың және соғыс стратегияларының рөлін бағалау оқу мақсаты; 9.3.2.5 аймақтық шиеленістердің себептері мен салдарын тұжырымдауда 8.3.2.5 ХХ ғасырдың басына қарай әлемнің аумақтық бөлінуін және мемлекеттердің саяси құрылымын сипаттау оқу мақсаты бойынша тапсырманы кіріктіру ұсынылады. Сонымен қатар тарихи зерттеулер жүргізу, тарихи оқиғаларды, процестерді, құбылыстарды бағалау дағдыларын қалыптастыру, қазіргі заманғы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерге бағдарлану үшін білім алушылардың тарихи білім мен дағдыларды пайдалану қабілетіне назар аудару ұсынылады. Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша қосымша сабақтар, шағын топтармен жұмысты ұйымдастыру кезінде оқу пәндері бойынша күрделі тақырыптарды меңгерту ұсынылады. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша қайталау және бекітуге арналған тақырыптар: 6-сыныпта 5-сыныптың келесі тақырыптары ұсынылады: «Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің тұрақтары»; «Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті»; «Сақтар туралы тарихи мәліметтер»; «Үйсіндер туралы жазба деректер»; «Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық және рухани мәдениеті»; «Ғұн тайпаларының бірігуі», «Ғұндардың Батысқа қоныс аударуы»; 193 7-сыныпта 6-сыныптың келесі тақырыптары ұсынылады: «Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер»; «Түркі әлемі қалыптасуының басталуы»; «X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы Қазақстан аумағындағы саяси процестер»; «Қыпшақ хандығы»; «Моңғол шапқыншылықтарының салдары»; «Қазақстан аумағында ұлыстардың құрылуы»; «Қазақ хандығының құрылуы», «XVI-XVII ғасырлардағы қазақтардың рухани мәдениеті»; 8-сыныпта 7-сыныптың келесі тақырыптары ұсынылады: «Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталауы»; «Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс»; «Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс»; «XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары»; «XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық реформалар»; «Қазақтардың 1860-1870 жылдардағы азаттық күресі»; «XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамы»; «XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы Қазақтардың ауызша тарихи дәстүрлерінің дамуы». 9-сыныпта 8-сыныптың келесі тақырыптары ұсынылады: «Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы»; «Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында (1917-1920жж.)», «Қазақстандағы ұлттық автономиялар»; «Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустрияландыру»; «Қазақстандағы ұжымдастыру», «1920-1930 жылдардағы саяси репрессиялар»; «Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы». Мысалы, «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша: 6-сыныптан 5-сыныптың келесі тақырыптары ұсынылады: «Таяу және Орта Шығыстағы ежелгі империялар неліктен қуатты болды?»; «Ежелгі Орта Азия империялары қаншалықты қуатты болды?»; «Ежелгі дүниенің мәдени мұрасы қандай?». 7-сыныпта 6-сыныптың келесі тақырыптары ұсынылады: «Неліктен VIII-XII ғасырды ислам мәдениетінің «алтын ғасыры» деп атайды?»; «Еуропада орталықтандырылған мемлекеттер қалай құрылды?»; «Шығыстағы Ренессанс әлемдік мәдениетті қалай байытты?». 8-сыныпта 7-сыныптың келесі тақырыптары ұсынылады: «Өнеркәсіп төңкерісі әлемді қалай өзгертті?»; «1848 жылғы революциялар Еуропада қандай саяси идеяларды қалыптастырды?»; «Италия және Германияның бірігу жолдары қаншалықты бір-біріне ұқсас болмады?»; «XІX ғасырдағы өнер мен әдебиет әлеуметтік әділетсіздікті қалай суреттейді?». 9-сыныпта 8-сыныптың келесі тақырыптары ұсынылады: «XIX ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басында өнер қалайша өзгерді?»; «Әлем елдері Ұлы дағдарыстан қалай шықты?»; «ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениеттің даму ерекшеліктері қандай?». Білім олқылықтарының орнын толықтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру кезінде оқытудың келесі белсенді және интерактивті әдістерін қолдану ұсынылады