Сабақтың тақырыбы: Ц, Э, Ч әріптерін жазу
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әріптердің айтылуы мен жазылуын меңгерту. Орыс тілінен неген сөздерде кездесетінін түсіндіру. Сөздерді дұрыс жазуға дағдыландыру, көркем, байланыстырып жазуға баулу. Икемділікке, ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау
Сабақтың көрнекіліктері: әріптер, кеспе қағаздар, суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру:
- Оқушыларды сабаққа жинақтап, назарын сабаққа аудару
ІІ. Психологиялық дайындық
Қолға қалам алайық
Салақтықтан қашайық
Бүгінгі өткен әріпті
Көркем етіп жазайық
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, бізде көркем жазу сабағы. Көркем жазу сабағында біздер әріптерді әдемі жазуға, сөздердің арасынан табуға жаттығып жатырмыз.
- Ендеше, қазір біз жұмбақтар шешіп көрейік..
Цирк те бар, парк те жоқ
Цифр да бар, шипр да жоқ (Ц)
- Сонымен балалар, мынау қандай әріптер?
- Осы әріптерге байланысты сөздер ойлайықшы..?
- Бұл сөздердің ішінде осы дыбыстар кездесіп тұрғанын байқадыңдар ма?
- Өте жақсы
- Балалар Ц, Э, Ч дыбыстарының айтылуына көңіл бөлейік, қалай айтылады.?
(барлығы хормен айтады)
Ц - қандай дыбыс? (дауыссыз дыбыс, көк текшемен белгіленеді)
Э - қандай дыбыс? (дауысты дыбыс, қызыл текшкмен белгіленеді)
Ч - қандай дыбыс? (дауыссыз дыбыс, көк текшемен белгіленеді)
Дәптермен жұмыс
-Енді дәптерімізді ашып, күннің жадын жазайық
Бүгінгі ц, э, ч әріптерін дәптерімізге бас және кіші әріптерін байланыстырып жазып шығайық.
Цц.....................................................................................................................
Ээ......................................................................................................................Чч.....................................................................................................................
Терме диктант
Алма, цирк, кітап, экран, орындық, чек, автобус, концерт, шахтер, чемодан, электр, дәптер. ( цирк, экран, чек, концерт, чемодан, электр)
Сергіту сәті: Үйрек аузын ашады,
Қанаттарын қағады.
Бір отырып, бір тұрып,
Билеп – билеп алады.
-Балалар, осы әріптерге байланысты тақпақтар жаттап айтайық.
Цирк келіп ауылға,
Балаларды қуантты.
Билет сатып алуға,
Жібердім мен де Қуатты.
Экскаватор жүргізіп,
Жерді қаздық жаңалап.
Элеватор қосқызып,
Өңдедік бидай тазалап.
Чемоданын арқалап,
Гена кетіп барады.
Чебурашка мүңайып,
Артынан ұзақ қарады.
-Мына суреттер бойынша сөйлем құрастыру.
Мысалы: циркуль, цемент, цирк, электр, экран, экскаватор, чемодан, чемпион, чек сөздерін қатыстырып, үш сөйлем жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |