ТƏЖІБАЕВ Ш.С.
Оқушылардың
салауатты
тамақтануы
туралы
əңгіме
АСТАНА-АЛМАТЫ-2008
2
Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
Профилактикалық медицина академиясы
Қазақ тағамтану академиясы
ТƏЖІБАЕВ Ш.С.
Оқушылардың
салауатты тамақтануы
туралы əңгіме
АСТАНА-АЛМАТЫ-2008
3
Кітап мұғалімдерге, оқушыларға жəне олардың ата-аналарына, сонымен
қатар мектепке дейінгі жəне мектептік мекемелердің ас блок жұмыскерлеріне,
медициналық жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған.
ҚР ҰҒА жəне РМҒА академигі, профессор Т.Ш.Шармановтың
редакциялығымен
Рецензенттер: Алдашев А.А. – м.ғ.д., профессор
Бекбосынов Т.К. – м.ғ.д., профессор
4
Мазмұны
Бет
Алғыстар 5
Атқарушы тұжырым 6
1–БӨЛІМ
Кітаптың алғышарттары мен міндеттері 13
2–БӨЛІМ
Тағамдық заттар жəне тағамдық азық-түліктер –
жалпылама мəліметтер
20
3–БӨЛІМ
Тағамдық калориялар 29
4–БӨЛІМ
Белоктар 41
5–БӨЛІМ
майлар 49
6–БӨЛІМ
Көмірсулар
60
7–БӨЛІМ
Витаминдер 70
8–БӨЛІМ
Минералдар 79
9–БӨЛІМ
Су
88
10–БӨЛІМ
Тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі 92
11–БӨЛІМ
Мектептік тамақтану проблемаларын шешу
жолдары
96
Кестелер 105
5
АЛҒЫСТАР
Кітап Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігінің
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысымен дайындалып
басылған. Комитет төрағасы Ж.К.Жөкеновке жəне Комитет Төрағасының
орынбасары Шер Р.П., Комитеттің Балалар құқықтарын қорғау
басқармасының бастығы Г.А. Саймасаеваға жəне бас сарапшы
Л.Дауылбаеваға кітапты дайындап басып шығару процесстеріне көрсеткен
кеңестік, ұйымдастырушылық жəне техникалық көмектеріне алғысымызды
білдіреміз.
6
Атқарушы тұжырым
Бұрыс тамақтанудың таралуының негізгі себептері оқушылардың,
мұғалімдердің жəне ата-аналардың салауатты тамақтану туралы қазіргі
кездегі нұсқаулық ақпараттан жеткіліксіз хабардар болуында жатыр.
Кітапта оқушылардың салауатты тамақтануы туралы ғылыми негізделген
нұсқаулар келтірілген. Салауатты тамақтану қалыпты өсу мен дамудың,
денсаулықты сақтау жəне созылмалы аурулар туындау қауіпін
төмендетудің негізі болып табылады. Ол сонымен қатар қалыпты
физикалық жəне ақыл-ойдың еңбекке қабілеттілігін қамтамасыз етуге,
оқуға мүмкіншіліктерді жəне мектептегі үлгерімін жақсартуға қажет.
Бұл нұсқаулар ғылыми мəліметтерге негізделген жəне іс жүзіндегі
тəжірибемен дəлелденген. Олар адам денсаулығын сақтау үшін аса қажет
салауатты тамақтану мен кейбір тағамдық заттардың маңыздылығы туралы
қазіргі таңдағы жинақталынған білімді анализдеу мен синтездеу арқылы
жасалынды.
Əрбір кеңестік нұсқау кітаптың жекеше бөлімдерінде жеткілікті көлемде
келтірілген. Дегенмен кейбір нұсқаулармен шектелмей, оларды біртұтас
ұғым ретінде қабылдаған дұрыс. Егер аталған нұсқауларды ұстанып жəне
соған сəйкес физикалық белсенділік танытқан жағдайда денсаулықты
айтарлықтай нығайтып, еңбекке қабілеттілікті көтеріп, оқуға үлгерімді
жақсартып жəне де түрлі аурулардың алдын алуға əбден мүмкін.
Кітап оқушыларға, мұғалімдерге жəне ата-аналарға арналған.
7
ТАҒАМДЫҚ АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕРДІ, ТАҒАМДЫҚ ЗАТТАР МЕН
КАЛОРИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Негізгі нұсқаулар
Түрлі тағамдық заттарға бай əртүрлі тағамдық өнімдер мен сусындарды
пайдаланыңыздар.
Тағамдарды таңдау барысында мыналарды пайдалануды шектеңіздер:
•
қаныққан майларды (жануар тектес майлар);
•
транс-майлық қышқылды майларды (маргариндер);
•
холестеринді;
•
тез сіңетін көмірсуларды (тəттілер);
•
тұздарды.
Мектеп жасындағы балаларға алкоголь ішуге тиым салынады.
Тағамдық заттардың мөлшері мынадай болуы керек:
•
үйлестірілген жəне кеңес етілген нормаларға сəйкестендірілген;
•
калорияға мұқтаждыққа сəйкес.
ДЕНЕ САЛМАҒЫН ҚАЛЫПТЫ ДЕҢГЕЙДЕ ҰСТАУ
Негізгі нұсқаулар
Дене салмағын қалыпты деңгейде ұстау үшін:
•
Тағамдық өнімдер мен сусындарды энергия шығынына сəйкес
калория көлемінде ғана қабылдаңыздар.
Дене массасының ұлғаюын болдырмау үшін:
•
тағамдық өнімдер мен сусындардан түсетін калория көлемін
біртіндеп төмендетіңіздер;
•
сонымен қатар физикалық белсенділікті арттырыңыздар.
8
Дене массасының төмендеуін болдырмау үшін:
•
тағамдық өнімдер мен сусындардан түсетін калория көлемін
біртіндеп арттырыңыздар.
Оқушылардың жекеше топтарына кеңестік нұсқаулар
Дене массасысының тапшылығында (гипотрофияда) дəрігер кеңесін
алыңыз жəне медицина қызметкерінің қадағалауымен:
•
тағамдық өнімдер мен сусындардан түсетін калория көлемін
біртіндеп арттырыңыздар.
Дене массасының артықтығы мен семіздікте:
•
егер қалаған деңгейге дейін рацион калориялылығын төмендету
барысында қалыпты өсу жəне даму үшін қажетті тағамдық заттардың
тиімді мөлшерін қамтамасыз ету мақсатында міндетті түрде дəрігер
кеңесін қабылдау керек;
•
жасына сəйкес қалыпты өсу мен даму мүмкіндігін сақтай отырып,
тағамдар мен сусындардан түсетін калория деңгейін біртіндеп
түсіріңіздер;
•
онымен бір мезгілде физикалық белсенділікті арттырыңыз.
Созылмалы науқастығы бар не/немесе дəрі қабылдайтын салмақ
артықшылығынан зардап шегетін балалар:
•
Тамақтануды шектеу туралы шешім қабылдардың алдында,
тамақтануды шектеу денсаулықты нашарлатып немесе негізгі ауру
түріне кері əсерін тигізбеу мəселесіне байланысты емдеуші
дəрігермен кеңескен жөн.
ҚОЛДАНУҒА КЕҢШІЛІК ЕТІЛГЕН ТАҒАМДЫҚ АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕР
Негізгі нұсқаулар
Энергетикалық қажеттілік шеңберінде көкөністер мен жемістерді
жеткілікті мөлшерде пайдаланыңыздар.
•
Мысалы, мектеп жасындағы балалар күнделікті тамаққа 300
9
граммнан (бастауыш сынып) 500 граммға дейін (жоғарғы сынып)
көкөніс жəне жеміс қабылдауы керек.
Əр күні əр түрлі көкөністер мен жемістер қабылдаңыз.
•
Мысалы, келесі топқа жататын көкөністерді апта аралығында
бірнеше рет кезектестіріп қабылдауға болады: қошқыл-жасыл
көкөністер, сары-қызғылт көкөністер, ас бұршақтар, крахмалы көп
көкөністер жəне т.б.
Аптасына бірнеше рет бұршақтарды қабылдаңыздар.
•
Бұршақтар (ас бұршақтар, бұршақтар, ноқат, соя, маш, жасамық)
амин қышқылдық құрамы жақсы белоктарға жəне тағамдық
талшықтарға бай.
Күнделікті бүтін дəндік дақылдардан 90 грамм тамақ пайдаланыңыз.
•
Бүтін дəндік дақылдардан жасалынған тағамдар қабылданатын
барлық дақылдық жəне нан өнімдерінің жартысына жуығын алып
отыруы керек.
Күнделікті майсыздандырылған немесе майлылығы төмен (мысалы, 1-
пайыздық) сүт немесе соған пара-пар сүт өнімдерін мына есеп бойынша
қолдану керек:
•
2 стакан - 6-8 жасар балаларға;
•
3 стакан – 9 жəне одан жоғары жастағы балаларға.
ФИЗИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК
Негізгі кеңестер
Тұрақты түрде физикалық белсенділік пен кем қимылдауды төмендету
мыналарды жақсартады:
•
денсаулықты жақсартады;
10
•
физиологиялық аман-саулыққа жетелейді;
•
қалыпты салмақты демейді.
Белсенді физикалық дайындық аса маңызды:
•
жүрек-қан тамыр жүйесін демеп нығайтады;
•
қаңқа сүйек-бұлшық ет жүйесінің күші мен төзімділігін арттырады.
Қалыпты салмақты демеу мен артық майлардың жиналуының алдын
алу үшін:
•
күнделікті 60 минут бойы орташа немесе үрдісті физикалық
ауырпалықтар түсіріп отырыңыз;
•
диетаны қадағалаңыз жəне калорияны артық қабылдаудан алшақ
болыңыз.
Созылмалы аурулар туындау қауіпін төмендету үшін:
•
кəдімгі уақыттағы физикалық белсенділікке үстеме ретінде
күнделікті 30 минуттан кем емес орташа-үрдісті физикалық
ауырпалықты түсіріп отырыңыз.
Көпшілік тұлғалар үшін денсаулықты жақсарту жоспарлары мына
жағдайларда іске асады:
•
Анағұрлым үрдісті жəне ұзақ уақыттық физикалық ауырпалықтар
берген жағдайда.
Артық салмақты кеміту үшін:
•
Физикалық ауыртпалық ұзақтығы мен оның дəрежесі туралы
шешімді қабылдау үшін емдеуші дəрігеріңізбен кеңесіңіз;
•
Тағамдық калорияны қабылдауды төмендету мезгілімен бір кезде
күнделікті 60-90 минут бойы шамалы немесе орташа ауыртпалық
беріп отырыңыз.
БЕЛОКТАР
Негізгі кеңестік нұсқаулар
11
Белоктар балалардың қалыпты өсуі мен дамуын қамтамасыз ету
үшін аса маңызды.
Белоктар тəуліктік рацион калориялылығының 10-15 пайызын
қамтамасыз етуі керек.
Əрбір негізгі тамақтану кезінде (таңертеңгі ас, түскі ас, кешкі ас)
жануар тектес белоктар көзінің тым болмаса біреуін қабылдаңыз
(балықтық, сүт жəне еттік тағамдық өнімдерді).
Аптасына бірнеше рет жақсы амин қышқылдарынан құралған белоктар
көзі ретінде бұршақ тектес тағамдарды қабылдаңыз.
КӨМІРСУЛАР
Негізгі нұсқаулар
Қөмірсулар тəуліктік калориялылықтың не бары 50-60 пайызын
қамтамасыз етуі керек, оның ішінде мыналар санатынан да:
•
күрделі көмірсулар (крахмал) - 40-50 пайыз;
•
жай көмірсулар (тəттілер) –10 пайыздан артық емес.
Көкөністерді, жемістерді жəне талшыққа бай бүтін дəндік дақылдардан
жасалған өнімдерді пайдаланыңыздар.
Қант қосылмаған тағамдар мен сусындарды таңдаңыз.
Құрамында қант пен крахмалдары аз тағамдар қабылдасаңыз жəне
сонымен қатар ауыз қуысы гигиенасын қадағаласаңыз тіс жегісі сізді
мазаламайды.
МАЙЛАР
Негізгі нұсқаулар
Майлар рационының тəуліктік калориялылығының не бары 25-35
12
пайызын қамтамасыз етуі керек, оның ішінде мыналардың есебінен:
•
көп қанықпаған май қышқылдарының - 15-25 пайыздық көзі болып
табылатын өсімдік майларынан, балық тағамдары мен жаңғақтардан;
•
калорияның 10 пайызынан төменірегін – қаныққан майлар есебінен
(жануар майлары);
•
холестеринді 300 мг/күндігіне жəне одан кемдеу;
Таңдау түрлі өсімдік майларына түскені дұрыс жəне омега-3 май
қышқылдарымен байытылған тағам түрлеріне баса назар аударыңыздар.
Ет өнімдерін, тауық етін, сүт жəне сүт өнімдерін таңдау барысында
назарды майлылығы төмен немесе майсыз түрлеріне (мысалы,
майлылығы ноль ақ ірімшік) аудару керек.
Құрамында транс-майлық қышқылдары жəне қаныққан қышқылдары
жоғары майларды пайдалануды шектеу керек, құрамында аталған
майлар аз тағамдық өнімдерді таңдаңыз.
ТҰЗ БЕН КАЛИЙ ПАЙДАЛАНУДЫ ҚАДАҒАЛАҢЫЗ
Негізгі нұсқаулар
Күндігіне тұзды 2300 миллиграммнан (бір шай қасыққа жуық) артық
қабылдамаңыз.
Құрамында тұзы кем тағамдарды таңдаңыз.
Калийге (көкөністер мен жемістер) бай тағамдарды қабылдаңыз.
Жеке оқушылар тобына арналған нұсқаулық кеңестер
Қан қысымы жоғары тұлғаларға:
•
күніне тұзды 1500 мг-нан артық емес жəне калийді көкөністер мен
жемістерден 4500-4700 мг кем емес мөлшерде қабылдаңыз.
ТАҒАМНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
13
Негізгі нұсқаулар
Тағамды ластандыратын бактерияларды жұқтырмау үшін:
Қолыңызды жуыңыз, жемістер мен көкөністерді жуыңыз, тағаммен
жанасатын барлық жерлерді тазалаңыз.
Шикі ет жəне құс етін жууға болмайды, өйткені олар басқа тағамдық
өнімдердің қосымша бактериялық зарарлануын шақыруы ықтимал.
Сатып алу, тамақ əзірлеу жəне сақтау кезінде шикі, пісірілген жəне
пайдалануға дайын тағамдарды бір-бірінен бөлек ұстаңыздар.
Микроорганизмдерді жою үшін тамақ əзірлеу кезінде оларды қауіпсіз
температураға дейін қыздырыңыздар.
Жылдам бұзылатын тамақтарды тоңазытқышта, ал қажет болған
жағдайда мұздатқыштарда сақтаңыздар, оларды дұрыс ерітіңіздер.
Мыналарды пайдаланудаң алшақ болыңыздар:
•
шикі (пастерленбеген) сүттен жəне де құрамына пастерленбеген сүт
кіретін тағамдардан;
•
шикі немесе шала пісірілген жұмыртқалардан жəне құрамына шикі
жұмыртқа кіретін тағамдардан;
•
шикі немесе шала піскен еттерден, тауық етінен;
•
пастерленбеген шырыннан.
14
Салауатты тамақтану:
Организмнің тағамдық
заттар мен энергияға
мұқтаждығын қамтамасыз
етеді.
Организмнің ас қорыту жəне
ферменттік
мүмкіншіліктеріне сəйкестік.
Рациондағы тағамдық
заттардың алуан түрлілігімен
сипатталады.
Сапалы жəне қауіпсіз.
Өсу мен дамуды тиімді
қамтамасыз етеді, денсаулық
деңгейі мен жұмысқа
қабілеттілікті арттырады.
Тамақтануға байланысты
өрбитін аурулардың дамуын
тежеп алдын алады.
1
-бөлім
Кітаптың алғышарттары
жəне міндеттері
Кітапта денсаулықты сақтаудың жəне созылмалы аурулар туындау
қауіпін төмендетудің негізі - оқушылардың салауатты тамақтануына
ғылыми негізделген кеңестер беріледі. Салауатты тамақтану физикалық
жəне ақыл-ойдың қалыпты дамуын қамтамасыз етуде, мектепте оқу
мүмкіншілігін арттыру мен үлгерімді жақсартуда да аса маңызды.
ТАМАҚТАНУ ЖƏНЕ ДЕНСАУЛЫҚ
Мектеп жасында бойдың өсіп, дене
салмағының ауырлауы, қаңқа сүйек пен
оның ет-бұлшық еттерінің дамуы
қарқынды түрде жүреді,
жасөспірімдердің жыныстық жетілуіне
байланысты жүйке-гормоналдық жүйеде
терең қайта құру процесстері басталады,
жүйке-психикалық жүйеде маңызды
өзгерістер болады.
Сонымен қатар,
оқушыларға оқу бағдарламаларының
ұдайы күрделіленуіне байланысты үлкен
психикалық-эмоционалдық
ауыртпалықтар түседі.
Өсу мен анаболикалық
(синтетикалық) процесстердің жоғары
жылдамдықпен жүруі тамақпен бірге
пластикалық материалдардың, ең
15
Салауатты тамақтану мен
белсенді өмір сүру қалпының
келтірер пайдалы жақтары:
Жалпы денсаулықты
жақсартуы.
Жалпы көңіл-күй мен сырт
пішінді жақсартуы.
Қалыпты өсуді, физикалық
жəне ақыл-ой дамуын
қамтамасыз етуі.
Ауруларға төтеп бергіштік
қарсыласуды нығайту.
Сергектік пен энергияның
тасуы.
Физикалық жəне ақыл-ой
қабілеттілігінің артуы.
Қалыпты салауатты салмақ.
Бұлшық ет жəне сүйек
мықтылығы.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымының мəліметі бойынша
əлемдегі өлім-жітім себебінің
60 пайызы тікелей дұрыс
тамақтанбауға байланысты .
алдымен белоктың, минералдық тұздардың жəне де метаболикалық
процесстердің сыртқы регуляторы – витаминдер мен
микроэлементтердің
жеткілікті түрде түсуін талап етеді.
Бұл заттардың (нутриенттердің) жеткілікті мөлшерде түсуі қалыпты
өсу жəне сүйек тіндері мен қаңқа-бұлшық ет аппаратының түзілуіне аса
қажетті жағдаят болып саналады, ал олардың тапшылығы өсуді тежеп
қана қоймай, мүлдем тоқтатып тастауы да ықтимал.
Бұл факторлар оқушылардың
түрлі тағамдық заттар мен энергияға
мұқтаждығына үлкен əсер етеді.
Оқушылардың тамақтануын
тиімділендіру барлық қажетті
тағамдық заттардың түсуін, қалыпты
өсіп-дамуға, мектеп жасындағы
науқастықтың алдын алып, оқудың
жоғары тиімділігін арттыруға ықпал
етеді. Мектеп жасында дұрыс
тамақтанбау олардың денсаулығына
ерекше кері əсерін тигізеді.
Қазіргі таңда адамдардың, оның
ішінде балалардың да аурушаңдығы
мен өлім-жітімінің негізгі себебі
дұрыс тамақтанбау мен кем қимылдау
тұрмыс салтында болып отыр. Ерте
жаста жəне мектеп жасында дұрыс
тамақтанбау мен тамақ
жетіспеушілігінің адам ғұмырының
барлық кезеңінде кері əсері байқалып
отырады.
Дұрыс тамақтанбау жəне кем
қимылдау тұрмыс салтына тікелей
байланысты ауруларға жүрек-қан
тамыр патологиясы, диабеттің екінші түрі, қан қысымының жоғарылығы,
остеопороз жəне обырдың кейбір түрлері жатады.
Бұл аурулардың ішінде жүрек-қан
тамыр патологиясы (атеросклероз,
инфаркт, инсульт) ерекшеленуде –
себебі халықтың өлім-жітімінде
бірінші орынды алып отыр. 50-60
жаста əр-бір екінші өлім, ал 60 жастан
асқандарда өлімнің үштен екісі жүрек-
16
ДДҰ анықтамасы бойынша
қазіргі таңда адамдардың
денсаулығына қауіпті келесі
он фактордың жетеуі
тамақтану бұзылыстарына
жатады:
Дене салмағының артықтығы
жəне семіздік
Ашығушылық
Қандағы холестерин
мөлшерінің артықтығы
Қан қысымының
жоғарылығы
Микротағамдық заттар
тапшылығы
Азық-түліктер мен ауыз
суының төмен сапалылығы
Алкоголизм
Темекі тарту
Қауіпті жыныстық қатынас
Тұрғын үйлерде
жағылатын қатты отын
түтіні
қан тамыр ауруларынан туындайды. Дамуының негізгі себебі дұрыс
тамақтанбау саналатын бұл ауруларды салауатты тамақтану арқасында
болдырмауға əбден мүмкін. Дұрыс тамақтанбау нəтижесінде жүрек-қан
тамыр аурулары патологиясының дамуының түп-тамыры мектепке
дейінгі жəне мектеп жасында қалыптасады
Дұрыс тамақтанбау жəне кем
қимылдау өмір қалпы организмнің
энергетикалық балансын бұзуға
əкеліп соғады. Адамдар калорияны
мұқтаждықтан артық қабылдайды,
кем шығындайды. Ал бұл жүрек-қан
тамыр патологиясын дамытатын
дене салмағының артықтығы мен
семіздіктің негізгі себебі.
Жеткіліксіз тамақтану
арқасында калорияның кемдігінен
гипотрофия дамуы сирек кездеседі.
Гипотрофия барысында балалардың
қалыпты өсуі мен дамуы бұзылады,
олардың физикалық жəне ақыл-ой
мүмкіндігі төмендейді, организмнің
қарсыласуы нашарлап, арушаңдық
пен өлім-жітім артады. Гипотрофия,
əсіресе балалық кезде жəне мектеп
жасында денсаулық жағдаятына кері
əсер етеді.
Салауатты тамақтану
онкологиялық патологияның да
алдын алу үшін өте маңызды.
Канцерогендер адам организміне
негізінен тамақпен жəне ауыз
суымен түседі. Олар адам
организмінде тек қана тағамдық
заттардың қатысуымен зарарсыздандырылып сыртқа шығарылады.
Оқушылардың кейбір микроэлементтер мен витаминдерді жеткіліксіз
қабылдауы назар аударарлық проблема болып табылады. Кеңінен
таралғандар қатарына темір тапшылығы мен теміртапшылық анемиясы,
йод тапшылығы мен йодтапшылық аурулары, А витаминінің
жетіспеушілігі, фолий қышқылы мен бірқатар өзге витаминдердің
жетіспеушілігі (Е, С, В
1
, В
2
жəне басқалар), минералдық тұздар мен
микроэлементтердің (кальций, мырыш жəне басқалар) жетіспеушілігі
17
Оқушылар арасында асқазан-
ішек патологиясының өсуінің
негізгі себептік факторлары
мыналар:
Тамақтану тəртібінің
бұзылуы
Мектептік ыстық тамақтың
болмауы
Дəмханалық тамақтанудың
басым болуы
Сапасыз тағамдарды
пайдалану
кіреді. Бұл микронутриенттердің (А витаминінің, мырыштың, йодтың
тапшылығы) жетіспеушілігі балалардың өсуін тежеуге, сүйек пен тістердің
түзілуінің бұзылуына, остеопороздың (кальций мен Д витаминінің
жетіспеушілігі) дамуына, оқуға қабілеттілік мүмкіншілігінің (йод, темір,
B
1
, B
2
, В
6
витаминдерінің жетіспеушілігі) төмендеуіне жəне тағы басқаларға
əкеліп соқтырады. Сонымен қатар, йод тапшылығы оқушыларда
созылмалы аурулар даму қаупін арттырып, жадында сақтау мен көргенді
есте сақтауды нашарлатады, оқуға қабілеттілікті төмендетіп, тұлғалық
қалыптасуға кесірін тигізеді. Темір жетіспеушілігі де ақыл-ой мен
физикалық еңбекке қабілеттілікті төмендетіп, балалардың оқу
мүмкіншіліктерін нашарлатады.
Тамақ арқылы витаминдер-антиоксиданттардың (Е, С, А, β-
каротиннің), мырыш пен селеннің жеткіліксіз түсуі иммунитеттің
төмендеуінің, соның арқасында оқушылардың түрлі инфекцияларға
сезімталдылығы артуы жəне де қант диабеті, тері мен буын ауруларының
қайта қозып немесе дамуының негізгі себептеріне жатады. Балалық шақта
мырыштың жетіспеуі бойдың өспей қалуына себепші.
Оқушылардың тағамындағы бұзылушылықтар физикалық жəне
ақыл-ой дамуының тежелуіне, сабаққа үлгерушіліктерінің нашарлауына
жəне де аурушаңдың белең алып, денсаулықтың төмендеуіне соқтырады.
Сонымен қатар, бұл жағдайда балаларға жүргізілетін иммунизациялау
тиімділігі жеткіліксіз, жұқпалы, паразитарлық жəне зарарсыз жай аурулар
созылмалы түрде өтеді, кейде тіптен олар асқынуларға ұрындырады.
Жалпы алғанда оқушылар тамақтануының бұзылыстары елдің
интеллектуалдық жəне адами потенциалын едəуір төмендетеді.
Оқушылар арасында асқазан-
ішек ауруларының үрдіс таралуы
назар аударарлық проблема болып
отыр. Бұл аурулардың дамуында
тамақтану тəртібін бұзу, мектепте
ыстық тамақтың жоқтығы, төмен
сапалы тағамдарды пайдалану əсері
мол. Оқушылардың тамақтану
тəртібі оқу ауыртпалықтарынан,
спортпен шұғылданудан, еңбекке
араласуынан жəне басқа да
факторларға байланысты. Ол
оқушының қосымша сабақтарға
қатысу уақытына, спорт
секцияларына баруына жəне өз
қызығушылығынан баратын
үйірмелеріне байланысты өзгеріп
18
отырады. Бұл жағдайда оқушылардың тамақтану тəртібінің қатаң
сақталынып, тамақты бір уақытта ішу əдетін қалыптастырған өте дұрыс.
Оқушылардың уақытының басым бөлігі мектепте өтетінін, оның
үстіне оқу процессінің аса үрдіс жүретіндігін ескере отырып,
мектептерде ыстық тамақ беруді ұйымдастыру аса маңызды. Шын
мəнінде, мектептің тамағына ыстық таңертеңгілік жəне түскі ас кіруі, ал
ұзартылған күн тобына баратын балалар үшін түстен кейінгі тамақ
берілуі керек-ақ.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУ МЕН АУРУЛАРДЫҢ
АЛДЫН АЛУ ҮШІН ТАМАҚТАНУ ЖӨНІНДЕГІ КІТАПТІҢ МАҢЫЗЫ
Бұл кітаптағы салауатты тамақтану туралы кеңестер оқушылардың
қалыпты өсіп дамуына, жақсы физикалық жəне ақыл-ой қабілеттілігінің
иегері, оқуға жоғары ықылыстылық мүмкіншіліктерге жəне де аталған
аурулар дамуына төзімді болуына бағытталған. Олар Дүниежүзілік
Денсаулық Сақтау ұйымының
1
жəне америкалық
2,3
, еуропалық
4,5
, ресейлік
6
жəне қазақстандық
7,8
ғалымдардың мəліметтеріне негізделген.
Ғылыми мəліметтерге негізделген бұл нұсқаулар іс жүзінде тəжірибеге
аса бай. Олар Адам денсаулығын сақтау үшін аса қажет салауатты
тамақтану мен кейбір тағамдық заттардың маңыздылығы туралы қазіргі
таңдағы жинақталынған білімді анализдеу мен синтездеу арқылы
жасалынды.
Əрбір кеңестік нұсқау кітаптың жекеше бөлімдерінде салиқалы
көлемде келтірілген. Бірақ кейбір нұсқаулармен шектелмей оларды жалпы
тұрғыдан ұғынған дұрыс. Егер аталған нұсқауларды ұстанып жəне соған
сəйкес физикалық белсенділік танытқан жағдайда денсаулықты
айтарлықтай нығайтып, еңбекке қабілеттілікті көтеріп, оқуға үлгерімді
жақсартып жəне де түрлі аурулардың алдын алуға əбден мүмкін.
1
Food and Nutrition Policy in Schools (Политика питания и пищевые продукты в школах). WHO,
Copenhagen, 2006, 66 p.
2
Dietary Guidelines for Americans (Рекомендации по питанию для американцев), 2005, 84 p.
3
Nutrition Standards for Foods in Schools (Стандарты питания и пищевых продуктов в школах). National
Academies Press, Washington, 2007, 297 p.
4
School Meals in Secondary Schools in England (Питание в средних школах Англии). London, 2004, 87 p.
5
School Meals in Primary Schools in England (Питание в начальных школах Англии). London, 2004, 183 p.
6
Руководство по детскому питанию. Под редакцией В.А.Тутельяна и И.Я.Коня. Москва, 2004, 662 с.
7
Шарманов Т.Ш. Питание и здоровье. - Алма-Ата: Изд-во «Казахстан». - 1974. - 14,9 п.л.
8
Аблаев Н.Р., Тажибаев Ш.С. Витамины в действии. Учебное пособие. Алматы, 2005, 162 с.
19
Достарыңызбен бөлісу: |