Оқушылардың салауатты тамақтануы туралы əңгіме



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата12.03.2017
өлшемі1,64 Mb.
#9111
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

1-сурет  – Тағамдық өнімдердегі тұздың негізгі көздері 
 
Калийдің негізінен дəрілерден немесе биологиялық белсенді 
қоспалардан емес, тағамнан қабылданғаны дұрыс. Калидің ең жақсы 
тағамдық көздеріне, калийдің бикарбонаттық алдыңғы туындысы көп 
мөлшерде кездесетін жемістер (калийге, əсіресе кептірілген жемістер бай) 
мен көкөністер жатады. Олар қышқыл-негіз балансын ұстап тұруға өте 
керек, сонымен қатар бүйректерде тас пайда болуы мен сүйек массасының 
жоғалтылу қауіпін төмендетеді. Калийге аса бай тағамдық өнімдерге көк 
көкөністер, жүзім мен тамыржемістер жатады. Ол əжептеуір мөлшерде ет 
пен сүтте де кездеседі. 
Организмге темір негізінен еттік, балықтық, сүттік тағамдардан жəне 
дəндік дақылдардан, сонымен қатар көкөністерден түседі. Өсімдік тектес 
тағамдық өнімдерден не бары 3-4% темір сіңіріледі, ал қалғандарының 
нəжіспен бірге шығып кететінін айта кету керек. Өсімдік тектес тағамдарға 
кіретін гемдік емес темірдің сіңімділігі тағам рационында С витаминінің 
мөлшері көп болса артады. Темірдің сіңімділігі мыналарда жақсы - сүттік 
тағамдардағы (8-10%), балықтық тағамдардағы (10-12%), əсіресе ет 
тағамдарында (18-20%). Бауыр темірдің аса бай көзі. Темірдің ет 
тағамдарынан жақсы сіңірілетіндігі, олардың құрамында гемдік емес 
темірге қарағанда, сіңімділігі аса жоғары болып келетін гемдік темірдің 
барлығынан. 

 
85
Темір сияқты, мырыштың да негізгі тағамдық көздеріне еттік, 
балықтық, сүттік жəне астық дəндерінің өнімдері мен көкөністер жатады. 
Темір мен мырыш жетіспеушіліктерінің бір-бірімен қосарланып жүретіні 
кездейсоқ емес.
 
Йодтың тағамдық бай көздеріне мұхиттар мен теңіздердің 
жағалауларында өсетін, тек қана теңіз тағамдық өнімдері мен өсімдіктері 
жатады. Егер топырақта йод мөлшері аз болса, ол осы территориядан 
өндірлетін тағамдық азық-түліктердегі мөлшерінен бірден байқалады. 
Мұндай жерлерде йод тапшылығына байланысты өрбитін аурулар жиі 
кездеседі. Қазақстанның негізі территориясын қоршаған ортасы йодқа 
жұтаңдау келеді.  
Селенмен қамтамасыз ететін тағамдарға астықтық дақылдар, еттік 
жəне балықтық тағамдар жатады. Ауыз суы фтордың негізгі көзі. Бұл 
микроэлементке адамдардың қажеттілігін өтеуде тағамдар маңызды 
орынды иемденбейді. Сумен адам күндігіне1-1.5 мг, ал тағаммен – 0.25-
0.35 мг фтор қабылдайды.  
 
МИНЕРАЛДЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ 
 
 
Сүт тағамдарын аз мөлшерде қабылдайтындықтан, Қазақстанда 
кальций жетіспеушілігі кеңінен таралған болып саналады. Бұл өсу 
үстіндегі организмдердің, оқушылармен қоса, қаңқа сүйегінің дамуы мен 
өсуінің бұзылуына жəне жасы келген кісілердің сүйегінің нашар 
минерализациялануы мен сынғыштығына соқтырады. Фосфор организмге 
барлық тағамдық заттармен түсетіндіктен, оның тапшылығы іс жүзінде өте 
сирек кездеседі. 
Темір жетіспеушілігі барысында темір тапшылық анемиясы (ТТА) 
дамиды, бұл жағдай тері беттерінің боздығымен, тез қалжыраушылық, 
физикалық жəне ақыл-ой еңбекке қабілеттілігінің төмендеуімен 
сипатталады. Анемия Қазақстане өте кеңінен таралған, оның ішінде мектеп 
жасындағы балалар арасында да (26-кесте). Кестеде көрсетілгендей, 
мектеп жасындағы балалардың 40% астамы анемиядан зардап шегеді, ал 
бұл жағдай олардың денсаулық көрсеткіштерін айтарлықтай нашарлатады, 
аурушаңдықты көтереді, еңбекке қабілеттілікті жəне танымдық іс-
əрекеттерді төмендетеді, сабақ үлгеріміне кесірін тигізеді.  
Екі жасқа дейінгі балалар организмінде темір жетіспеушілігі бас 
миының дамуында қалпына келмейтін негативтік əсерлерге соқтырады. 
Мұндай балаларда инфекцияларға төзімділік нашарлайды, ал олар қайсы 
бір өзге аурулар сияқты тез ем қонбай, айығуы қиын созылмалы ауруларға 

 
86
айналады. Физикалық жəне ақыл-ой дамуының тежелуі айқын байқалады; 
ақпарат қабылдау мүмкіндігі кемиді, оқуда үлгерімі нашарлайды. 
Ересектерде кездесетін темір жетіспеушілік анемиясы еңбекке 
қабілеттілікті, танымдылық мүмкіндікті төмендетеді, қатерлі ісік 
ауруларының даму қауіпін арттырады, əсіресе асқазанның, қуық асты 
безінің, өңештің, тік ішектің, сүт бездерінің, сонымен қатар туберкулез 
сияқты қатерлі инфекциялық аурулардың ауыр түрде жəне ұзаққа созылып 
кетуіне ықпал етеді. Темір жетіспеушілік анемиясы бар адамдарда 
қоршаған ортаның кері əсерлеріне төзімділік төмен. ДДҰ-ның жəне 
Бүкілəлемдік Банк анықтамасы бойынша, анемия бала туу жасындағы 
əйелдердің еңбекке қабілеттілігін жоятын, жетекші үш себептің біріне 
жатады. 
Мырыш жетіспеушілігі организмнің дамуы мен өсуін тежейді, бой 
қысқалығына, жыныс функцияларының бұзылыстарына, жыныс 
гормондарының белсенділігінің төмендеуіне, сперматогенездің 
төмендеуіне, жыныс бездерінің дамуы мен екінші жыныстық белгілердің 
дамуының артта қалуына соқтырады. Бұл жағдайда инсулиннің синтезі, 
маңызды ас қорыту ферментерінің қызметі, көру анализаторының 
функциясы бұзылады, иммунитет əлсірейді, инфекцияларға жəне суыққа 
шалдығуға сезімталдық артады, жарақаттар мен жырылып қалған жерлер 
өте нашар жазылады. Мырыш жетіспеушілігінде тəбет зардап шегеді, 
дəмдік сезіну бұзылады жəне тағамның дəмін айыру нашарлайды. 
 
Йод жетіспеушілігінде жемсау ауруы дамиды – мойынның алдыңғы 
жағында орналасқан қалқанша безінің ұлғайып көрінуі. Құрсақтағы 
нəрестеде немесе ерте жастағы бала кезде йод жетіспеушілігі болса, онда іс 
жүзінде емделмейтін ақыл-ой мешеулігі дамиды. Сондықтан йод 
тапшылықтың алдын алу жұмыстарын уақытында жүргізу керек. 
Селеннің жетіспеушілігінде антиоксиданттық жүйе, биологиялық 
мембраналардың структурасы мен функциясы, жүрек қызметі бұзылады. 
Ауыз суының əдетінде, 1 литрінде 1 мг фтор кездеседі. Фтордың ауыз 
суындағы мөлшері 0.5 мг/л төмендеген жағдайда тіс жегісінің пайда болу 
жиілігі біршамаға артады. 
 
Минералдық заттар жетіспеушілігінің алдын алу
 
 
Микронутриенттер жетіспеушілігінің алдын алудың негізгі 
стратегиялары (витаминдер мен микроэлементтердің) жоғарыдағы 
витаминдер жетіспеушілігінің алдын алу тарауында жазылған. Тек қана 
оған қосарымыз, йод тапшылықтың алдын алу үшін ас тұзын йодтау 
кеңінен қолданылады. Қазақстанның барлық жерінің дерлік топырағында 

 
87
Негізгі нұсқаулар 
 
Күнделікті сүт тағамдарын 
жəне жаңа үзілген жемістер 
мен көкөністерді 
қабылдаңыздар 
 
Тұз қабылдауды 
шектеңіздер, тұзы кем 
тағамдарды таңдаңыздар 
 
Таңдау байытылған 
тағамдық өнімдерге түссін 
 
Тұрақты түрде  
поливитаминдік-минералдық 
препараттар қабылдаңыздар 
 
Əрбір тамақтану кезінде 
неше түрлі тағамдар 
қабылданыңыздар 
жəне суларында йод жетіспейді, сондықтан халық тамақ əзірлеу кезінде 
йодталынған ас тұзын пайдалануы керек. Қазіргі кезде Қазақстанда тағамға 
пайдаланылатын барлық тұз йодталынады.  
Ауыз суы фторға кедей аудандарда суды фторлау жүргізіледі, яғни 
осы минералдың тапшылығының алдын алу мақсатында суды фтормен 
байытады. Жасанды фторландыру барысында судағы фтордың мөлшерін 
0.7-1.2 мг/л дейін жеткізеді. Қазақстанның сауда орындарында селенмен 
байытылған ауыз суы да бар. 
 
НҰСҚАУЛАР 
 
 
Кальций жетіспеушілігінің 
алдын алу мақсатында күнделікті 
сүт тағамдарын қабылдаңыздар. 
Таңдаудың майлылығы төмен сүт 
тағамдарына түскені жөн. 
 
Тұз қабылдауға шек 
қойыңыздар, тұзы кем тағамдарды 
таңдаңыздар. Тұзды 2000 (бастауыш 
сынып оқушылары) – 2300 (жоғарғы 
сынып оқушылары) миллиграммнан 
артық қабылдамаңыздар.  
 
Қан қысымы жоғары 
жандарға күніне 1500 мг-нан 
артпайтын тұз, сонымен қатар 
жемістермен жəне көкөністерден 
кемінде 4700 мг калий қабылдауға 
кеңес етіледі.
 
 
Йод жетіспеушілікті жəне 
соған байланысты өрбитін 
аурулардың алдын алу үшін тек қана 
йодталынған тұзды қабылдаңыздар. 
 
Тағамдарды сатып алғанда, бидай ұнын жəне ұннан жасалынған 
тамақ түрлерін де (нан, макарон жəне тағы басқалары) қоса, таңдау 
минералдармен жəне витаминдермен байытылған тағам түрлеріне түссін. 
 
Тұрақты түрде профилактикалық мақсатта поливитаминдік-
минералдық препараттарды – 1 дражеден күніне немесе күн ара 
қабылдаңыздар. 

 
88
 
Салауатты тамақтану жөніндегі өз білімдеріңізді көтеріңіздер жəне 
тиімді тамақтану принциптерін ұстаныңыздар. Əрбір негізгі тамақтану 
үстінде (таңертеңгі ас, түскі ас, кешкі ас ) əртүрлі тағам түрлерін 
қабылдаңыздар, оның ішінде жануар тектес тағамдар да, көкөністер мен 
жемістерді де кірсін. Неғұрлым рациондағы тағамдық өнімдер жиынтығы 
сан алуан болса, соғұрлым рацион үйлестірілген, минералдар мөлшері 
бойынша да толық құнды. 
 
 
 
 
 
 
 

 
89
 
9
 –
бөлім
 
Су 
 
АДАМ 
ОРГАНИЗМІНДЕГІ СУДЫҢ РОЛІ 
 
Адамның денесінің 50-70% судан құралған. Сондықтан болар, адам 
сусыз тек қана 5-7 күн шыдаса, тамақсыз -20 жəне одан да артық уақыт 
өмір сүре алады. Организмдегі судың мөлшері адамның жасына жəне дене 
құрылысына байланысты. Жаңадан туылған сəбилер мен ерте жастағы 
балалардың денесінде су, жасөспірімдер мен ересектерге қарағанда 
əлдеқайда көп. Ет тіндері, май тіндеріне қарағанда суға бай келеді. 
Еркектердің денесінде орта есеппен, əйелдерге организміне қарағанда ет-
бұлшық ет тіндері көп. Сондықтан жастарының бірдейлігіне қарамастан,  
əйелдер денесінен гөрі еркектердің денесінде су көп.  
Адам организміндегі барлық маңызды физиологиялық жəне 
биохимиялық процесстер сулы ортада жүреді. Осыған байланысты іс 
жүзінде су адам организмінің барлық функциясын атқаруға қажет. 
Мысалы, су қабылданатын тағамдық өнімдерді қорытуға, сіңіруге, 
тағамдық заттарды асқазан-ішек жолдарында жəне қан тамырларында 
тасымалдауға, түсетін тағамдық заттардан адам денесінің компоненттерін 
синтездеуге,организмнен алмасу өнімдерін шығару үшін қажет. Ол 
сонымен қатар электр сигналдарын (импульстерді) жасуша араларында 
жеткізуге, дене температурасын реттеуге (су буланып шыққанда дене 

 
90
суыйды), барлық зат алмасу түрлерінің қалыпты өтуі үшін керек. Сусыз 
адам денесінің бірде-бір клеткасы қызмет атқара алмайды. 
 
СУҒА ҚАЖЕТТІЛІК  
 
Суға қажеттілік тек қана жасына, жынысына жəне адамның дене 
салмағына байланысты емес, ол қоршаған ортаның температурасына жəне 
еңбек сипатына да байланысты. Балалардың жасы толған жəне дене 
салмағы артқан сайын суға мұқтаждығы да арта түседі. Қоршаған орта 
температурасының өсуі жəне физикалық еңбек адамның суға 
мұқтаждығын, судың деммен ауаға жəне денені суыту үшін термен шығып 
кетуіне байланысты арттырады. Жоғары ауа температурасы мен 
физикалық еңбек ауыртпалығының қосарлана жүруі суды көп қабылдауды 
талап етеді. Организмдегі су қоры шектеулі, сондықтан адам тұрақты 
түрде су шығынын толтырып отыруға міндетті.  
Бастауыш сынып оқушыларының күнделіктігі суға қажеттілігі 1 -ден 2 
литрге дейін, ал жоғарғы сынып оқушыларының қажеттілігі күніне 1.5 л-
ден 3 литрге жуық. Адамның дем алу кезінде шығатын жəне термен 
бөлінетін су шығыны 40% жуық, зəрмен – 53-55% жəне нəжіспен 5-7%. 
Қатты терлеу барысынде су ғана шығындалмайды, сонымен қатар 
организм электролиттерді де - натрий, калий, хлор, өзге минералдар, жəне 
де суда еритін витаминдерді де жоғалтады. Мұндай жағдайларда суға, 
минералдар мен витаминдерге көтерілген мұқтаждықтың орнын толтыруға 
тура келеді.  
 
СУДЫҢ НЕГІЗГІ КӨЗДЕРІ 
 
Судың негізгі бөлігі тек қана таза су (орта есеппен күніге 2-3 стакан) 
түрінде емес, сұйық жəне жартылай сұйқыл тамақтармен, сүтпен, 
сусындармен (шəй, кофе, газдалынған сусындар, шырындар), көкөністер 
мен жемістерден қабылданады. Қоюлатылған жануар тектес жəне өсімдік 
тектес майлардан, басқа кез келген тағамдық өнімдерде судың белгілі бір 
мөлшері болады. Мысалы, жемістер мен көкөністерде су 90%-ға шейін, 
сүтте – 85%, қатты ірімшікте – 30-40% бар. Судың тамаша көздеріне, сүт 
жəне дəн-сүт негізінде əзірленген сусындар мен көжелер жатады. 
Организмде аздаған су мөлшері тағамдық заттардың тотғуында пайда 
болады. 
Қайнатылмаған су ауру шақыратын микроорганизмдермен ластануы 
ықтимал. Мұндай жағдайларда термикалық өңдеуден өткен (қайнатылған) 

 
91
суды немесе сауда орындарында сатылатын бөтелкелік суларды 
пайдаланған жөн.  
 
СУДЫ ЖЕТКІЛІКСІЗ ҚАБЫЛДАУ 
 
Су жетіспеушілігінде ылғалдың қызыл иектің шырышты қабатынан, 
тілден, ауыз ұрттарынан бөлінуі салдарынан ауыз қуысында құрғақтық 
байқалып, шөлдеген сезім пайда болады. Сонымен қатар зəрдің бөліну 
көлемі азаяды. Мұндай қорғағыштық механизм организмде суды сақтау 
үшін іске қосылады. 
Қоршаған ортада жоғары температура жағдайында су ішуді шектеу 
бастан күн өтуге (ыстық соққы) соқтыруы ықтимал. Бұл кезде су мен 
электролиттерді жоғалту нəтижесінде дене температурасы көтеріледі, 
бұлшық еттердің əлсіреуі байқалады, бас айналып қалтыраушылық 
басталады. Күн өтудің ауыр түрі өлімге апарып соқтыруы ықтимал. 
Организмнің сусыздануы диарея (іш өту) кезінде де байқалады. 
Сусызданудың да ауыр түрлері өліммен аяқталады. Көптеген дамушы 
елдердегі диарея жас нəрестелер (1 жасқа дейінгі балалар арасындағы 
өлім) арасындағы өлім-жітімнің негізгі себебі болып табылады, ал өлімнің 
нақтылы себебі сусыздану екені мəлім. Қазақстанда диарея жас сəбилер 
өлімінің себебі ретінде алдыңғы орынға ыстық жаз айларында шығады. 
Диарея барысында сусызданудың алдын алу үшін регидратациялық 
ерітінділерді (тəттіленген физиологиялық ерітінді) қолданады.  
Қалыпты жағдайларда суды қабылдау физиологиялық 
механизмдермен реттеледі. Су тапшылығында шөлдеу сезімі пайда болады 
жəне дені сау адам организміне қажетті мөлшерде су ішеді. Су ішу 
тəртібіне жылдың ыстық мезгілі болып табылатын жаз айларындағы 
температура көтерілу кезінде айрықша назар аудару керек.  
Артық су зəрмен жəне термен шығып кетеді. Артық мөлшерде су 
қабылдау жүрек-қан тамыр жəне зəр шығару жүйелерінің қызметтеріне 
ауыртпалықтар түсіреді. Осыған байланысты су мен сусындарды порцияға 
бөліп-бөліп қабылдаған дұрыс, бірақ жиі (бірнеше жұтым су немесе 
сусындарды əрбір 30-60 минут сайын).  
 
НҰСҚАУЛАР 
 
 
Күнделікті суды қажетті мөлшерде қабылдаңыздар. Суды немесе 
сусындарды күнделікті 2-3 стакан ішіңіздер. Балалардың жалпы 
қабылдайтын су мөлшері күніне орта есеппен 1-3 литрдей болады. 

 
92
Негізгі нұсқаулар 
 
Суды жеткілікті мөлшерде 
қабылдаңыздар, əсіресе 
жылдың ыстық 
мерзімдерінде 
 
Қайнамаған су ішпеңіздер 
 
Су жəне сусындарды 
порциямен аз жəне жиі 
қабылдаңыздар 
 
Кəдімгі күндерге қарағанда, 
ыстық ауа райында су мен 
сусындарды көбірек қабылдаңыздар. 
 
Су жəне сусындарды жиі жəне 
аз мөлшерде қабылдаңыздар– əрбір 
30-60 минут сайын бірнеше жұтым. 
 
Ішек инфекцияларының алдын 
алу үшін қайнамаған су ішпеңіздер. 
Қайнаған су немесе сауда 
орындарында бөтелкелерде 
сатылатын сулар мен сусындарды 
қабылдаңыздар. 

 
93
 
10
 –бөлім
 
Тағамдық өнімдердің 
қауіпсіздігі 
 
ТАҒАМДЫҚ АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ НЕГІЗГІ ЛАСТАНДЫРУШЫЛАР 
 
Тағамдық азық-түліктер адам денсаулығына кері əсерін тигізетін 
бактериялармен, вирустармен, паразиттермен, токсиндермен  жəне де 
химиялық заттармен ластануы мүмкін. Оның ішінде қауіпті проблемаға 
тағамның бактериалдық ластануы жатады. 
 
ЛАСТАНҒАН ТАҒАМДЫҚ ӨНІМДЕРДІ ПАЙДАЛАНУДАН 
ТУЫНДАЙТЫН АУРУЛАРДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ МЕН СИМПТОМДАРЫ  
 
Ластанған тағамдық өнімдерді қабылдағаннан пайда болатын 
аурулардың белгілері мен симптомдары іш өту, жүрек айнуы, құсу, іштің 
бүріп ауыруы жəне сусыздану сияқты асқазан-ішек симптомдарынан, сал 
болып қалу пен менингит тəріздес ауыр жағдайларға дейін болады.  
 
ЛАСТАНҒАН ТАҒАМДЫҚ ӨНІМДЕРДІ ПАЙДАЛАНУДАН 
ТУЫНДАЙТЫН АУРУЛАРДЫҢ  АЛДЫН АЛУ 
 
Ластанған тағамдарды пайдаланудан өрбитін аурулар туындау қауіпін 
азайту үшін қолданылатын шаралар өте қарапайым болып табылады. 

 
94
Оларды дəрігерлер мен мамандарға жүгінбей-ақ үй жағдайында іске 
асыруға əбден болады. 
Тағамдық өнімдердің ластануының алдын алуда тағамдық өнімдерді 
дайындау тізбесіндегі əрбір тұлға маңызды роль атқарады, фермерден 
бастап, тағамдық өнімдерді өндірушілер, сатушылар, қоғамдық тамақ 
əзірлеу орындарының жұмыскерлері тағамның қауіпсіздігі үшін жауапты. 
Қолды таза ұстау, тағамды таза ыдыста сақтау, жемістер мен көкөністерді 
пайдалану алдында өте мұқият жуу – бəрі маңызды. Шикі тағамдық азық-
түлікті пайдалануға дайын тағамдардан бөлек ұстау керек. Сонымен қатар 
тағамдарды əзірлеу үшін жетікілікті жоғары температураны пайдалану, 
жылдам бұзылатын тағамдық өнімдерді тоңазытқыштарда (қажет болса 
мұздатқыштарда) сақтау, азық-түліктің мұзын еріту ережесін ұстану.  
Қолды өте мұқият сабындап таза, мүмкіндігінше жылы сумен тамақ 
дайындар алдында жəне тамақ əзірлеп болған соң да, əсіресе шикі ет, 
тауық еттері, жұмыртқа мен теңіз өнімдері сияқты азық-түліктен кейін жуу 
керек. Қолды жуып болғаннан соң таза жəне құрғақ сүлгімен сүрту керек.  
Тағамдық заттардың бактериялармен ластануын болдырмау үшін 
көбінесе қолды мұқият жуып тазалау да жеткілікті. Жаңа үзілген жемістер 
мен көкөністерді ағын судың астында мұқият жуу жəне қағаз немесе 
мақтаматадан жасалған сүлгілермен құрғатып сүрту керек. Тағамдық 
өнімдерді ылғал күйінде сақтау бактериялардың тіріліп қайта өсуіне 
мүмкіндік береді.  
Əдетінде тағамдар қабылдауға дайын күйінде арнайы қаптамаларда 
сатылады. Оларды жуудың, əрине керегі жоқ, алайда олардың жазуларын 
мұқият оқып, сақтау мерзімдері өтпей тұрып қабылдау керек. Əдетінде, 
мұндай тағамдар тоңазытқышта арнаулы температура жағдайында 
сақталынуы керек жəне де бұл орындалуды талап етеді.   
Шикі тағамдық азық-түліктерді жəне қабылдауға дайын тағамдарды 
бөлек-бөлек ұстау тағамдардың бір-бірінен қарама-қарсы түрлі 
бактериалдық зарарланудың алдын алады. Тоңазытқыштың ішіндегі 
сөрелер шикі тағамдық заттардағы, шикі жемістер мен көкөністерден, өте 
тез бұзылатын деликатестерден бактериялармен зарарлануы ықтимал. Егер 
жақсылап тазартпаған жағдайда, бұл ластанған сөрелер де зарарлау көздері 
болады.   
Шикі жəне шала дайындалған еттен, құс еттерінен, жұмыртқадан 
дайындалған тағамдар бактериалдық зарарланудың потенциалды көздері 
болып табылады. Мұндай тағамдар температуралық өңдеуден жеткілікті 
түрде өтуге тиіс. Бактериялар Цельсий бойынша +4 -тен +60 градусқа 
дейінгі  температурада жақсы көбейеді. Сондықтан тағамдық өнімдерді 
тоңазытқышта 4 градустан төмен тəртіпте, ал қыздыру температурасы 60 
градустан жоғары болуы керек. Тоңазытқыш температурасын +4 градустан 

 
95
Негізгі нұсқаулар 
 
Қолды сабындап тамақтанар 
алдында жуыңыздар 
 
Жемістер мен көкөністерді 
пайдаланар алдында 
жуыңыздар 
 
Шикі сүт пен пастерленбеген 
шырындарды, қайнамаған 
суды ішпеңіздер 
 
Шикі немесе жеткілікті 
дайындалмаған жұмыртқаны, 
ет пен құс еттерін 
пайдаланбаңыздар 
 
Қауіпсіздігі күманды 
тағамдарды 
қабылдамаңыздар 
арттырмай ұстаған жөн, ал мұздатқыштарда  – Цельсий бойынша  -18 
градустан көтермеген жөн.  
Тағамның сыртқы түрі алдамшы болуы ықтимал. Тіпті тағамның 
тауарлық түрі жап-жақсы болған күнде де, оны қабылдау қауіпті болуы 
əбден мүмкін, өйткені бактерияның өсіп жайылуы тағамның сыртқы түрі 
мен иісіне əсер етпеуі ықтимал. Егер тағамдық заттардың қауіпсіздігінен 
күдіктенген жағдайда, олардың дəмін татып көруге болмайды, яғни 
олардың көзін жою керек.  
 
НҰСҚАУЛАР 
 
 
Қолды сабындап жылы ағын 
сумен тамақ əзірлеу алдында жəне 
əзірлегеннен кейін, жəне де 
тамақтанар алдында жуыңыздар.  
 
Қабылдар алдында жемістер 
мен көкөністерді мұқият 
тазалаңыздар жəне жуыңыздар.  
 
Шикі азықтық өнімдерді 
пайдалануға дайын тағамдардан бөлек 
сақтаңыздар.  
 
Тамақты қыздыру кезінде, 
оларды микроорганизмдерді жою 
үшін қауіпсіздік тепертурасына дейін 
қыздырыңыздар. 
 
Жылдам бұзылатын 
тағамдарды тоңазытқышта, қажет 
болған жағдайда  – мұздатқышта 
ұстаңыздар, жəне де мұзын дұрыс 
тəртіпте ерітіңіздер.  
 
Пастерленбеген шырындар мен шикі (пастерленбеген) сүтті, жəне 
де пастерленбеген сүттен дайындалған тағамдарды пайдаланбаңыздар. 
 
 
Шикі немесе шала піскен жұмыртқаларды, құрамында шикі немесе 
шала піскен жұмыртқалар, еттер немесе құстар еттері кірген тағамдарды 
қабылдамаңыздар.
 
 
Қауіпсіздігі жөнінде күманданған жағдайда, ол тағамдарды 
қабылдамаңыздар.
 
  

 
96
 
11
 – бөлім
 
Мектептік тамақтану 
проблемаларын шешу 
жолдары 
 
МЕКТЕПТІК ТАМАҚТАНУ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ШЕШУ ҮШІН КЕЛЕСІ 
МƏСЕЛЕЛЕРДІ ЕСКЕРУ КЕРЕК: 
 
 
Мектептік  тамақтану  жағдаятын  сараптау:  кезектегі  проблемалар 
жəне  бұл  проблемалаларды  шешудің  маңыздылық  дəрежесі  мен 
қиыншылығы. 
 
Мектептік  тамақтанудың  маңыздылығын  жəне    ұйымдастырудың 
қажеттілігін сараптау. 
 
Мектептік  тамақтану  проблемалаларын  шешу  мүмкіндіктерін 
сараптау. 
 
Өзге  елдер  тəжірибесін  ескере  отырып  проблемаларды  шешу 
жолдарының тиімдісін мен ұтымдысын таңдау. 
 
Мектептік тамақтану бағдарламасын қабылдау. 
 
Бағдарламаны жүзеге асыру. 
 
  

 
97
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕКТЕПТІК ТАМАҚТАНУ ЖАҒДАЯТЫН 
САРАПТАУ 
 
 
Жергілікті қаржыдан 1-4 сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ 
беруді ұйымдастыруда белгілі бір тəжірибе жинақталынған. 
 
Кейбір өлкелерде  (Алматы, Қапшағай, Астана, Актөбе, Қарағанды, 
Қостанай, Ақтау, Павлодар, Шымкент) «Тетра-Пакпен» бірлесіп 
«Мектептік сүт» бағдарламасы (70 мың оқушылар қамтылған) басталды. 
 
Алматы облысынды балалар жəне емдəмдік тағамдарды өндіретін 
өнеркəсіп орнының құрылысын салу жоспарлануда. 
 
75% мектептерде дəмханалар жоқ, 45% мектепте асханалар жоқ, 
60% мектептік асханалар технологиялық жабдықтармен жəне мебельмен 
қамтамасыз етілмеген. 
 
44% оқушыларға мектептерде ыстық тамақ берілмейді. 
 
25% мектеп мектептік тамақтануға ыңғайлыландырылған 
жайларды пайдаланады. 
 
32% мектеп тасымалданатын суды қолданады. 
 
Мектептік тамақтанудың мемлекеттік бағдарламалары жоқ. 
 
Мектептік тамақтану индустриясы құралмаған. 
 
Мектептік тамақтанудың ғылыми негізделінген стандарттары жəне 
оқушылардың тамақтану стандарттарын бағалау жүйесі қабылданбаған. 
 
Мектептік тамақтану жөнінде бірқатар нормативтік құжаттар жасау 
жəне қабылдау қажет. 
 
Мектептік тамақтардың сапасы мен қауіпсіздігін анағұрлым 
жақсартуды керек етеді. 
 
Мектеп ас блоктарының жұмыскерлерін, мұғалімдерді, 
оқушыларды жəне ата-аналарды мектептік тамақтану мəселелері бойынша 
оқыту жүргізілмейді. 
 
Түрлі арнаулы топтарды оқытуға арналған оқу материалдары жоқ. 
 
МЕКТЕПТІК ТАМАҚТАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет