Ою-өрнек мотивтерін түсіндіріңіз. 1 деңгей 1-2 ші сұрақтары Сүйек пен мүйізді ұқсату өнерін түсіндіріңіз


Сүйекті өңдеу және одан жасалатын бұйымдар



бет2/11
Дата19.09.2023
өлшемі46,25 Kb.
#108714
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
5) 2 деңгей

1. Сүйекті өңдеу және одан жасалатын бұйымдар.
Сүйек материалдарын сақтау
Сүйекті 50-60% салыстырмалы ылғалдылықта, 15-20˚С ауа температурасында сақтау қажет. Бөлме ішінің ауасы тазаланып, бақылау жүргізіп, егер бөлме іші кебу болса, сүйектің формасының өзгеруі, ылғалдылығы тиісті мөлшерден көп болса, сүйектің ісініп қалыпты формасын жоғалтып отырады. Ылғалдылықты жоғарылату үшін шелекпен су, ал ылғалдылықты кеміту керек болса, жәшікпен әк қою керек. Дайындалған сүйектерді қораптарға салып кебу бөлмеге сақтаған жөн. Сүйек ұзақ уақыт іске жаратылмай тұрса, беті өзінен-өзі сарғыш түске жабылуы мүмкін. Әрине, бұл кемістік майлы сүйектің әсерінен. Сондықтан майдан арылу үшін кальцилі сода ертіндісін 7-12 гр. 1 литр қайнаған суға құйып сүйекті екі-үш сағат ұстайды. Оны кейін кептіріп бір қалыпты ауа температурасында сақтап қояды. Дайындалған жалпақ сүйек тілігін алып ірі түйіршікті зімпарамен тазалап ою-өректерді түсіру процесіне өтеді.
Сүйекті әшекейлеу
Сүйек материалын жас сүйекші өңдеу кезінде, алдымен ою-өрнекті жалпақ тілік сүйектің беткі көлемінің ұзындық және еңдік өлшемін алып, сол көлемінің өлшеміне шағындап ою-өректің нобайын қағазға салып алады. Нобайды кейде, үлгі болатын заттың (қалың қағаз, оргалит, жіңішке ағаш, қаңылтыр) бетіне түсіріп ойып алады. Ойылып алынған оюлы үлгіні тілік бетке қойып қатты қалам саппен үлгінің нұсқасымен белгі сызықтар түсіреді.
Үлгідегі ою-өрнектерді кесіп алу үшін, оюдың бірнеше жерінен бұрғымен тесіп, кішкене арамен оңай кесуге мүмкіндік жасайды. Бұл тесіктерді тіс техниктерінде кездесетін бор машиналармен де жеделдеттіріп тесуге болады. Қазіргі кезде ол машина өте тапшы. Сондықтан, бізге тек бұрғы, қол сызғыш және кішкене арамен шектелеміз. Селдір оюда тесілген жерге араның бір ұшын кіргізіп, араның екінші ұшына бекітеді. Кесуді жеңілдету үшін құрылғы пайдаланамыз. Шынтақ араның тұтқасының бойында тұратындай қалыпта қолды ұстап, бір қалыпты жоғары төмен жүргізе отырып аралаймыз. Егер жиекке оралған, яғни, өрнек жалпақ тіліктің шетінде жатса, араның тісін ажыратпай бірден аралап түсіруге болады. Осындай тәсілмен ою-өрнекті аралап зімпаралап шығады. Селдір оюдың кейбір қырларын тегістеуде жіңішке аралармен, ысқымен және құрылғыны пайдалана отырып өңделеді.
Сүйек бетке граверлі сызу жүргізу сүйекшіге селдір оюдан жеңіл келеді. Ол үшін сызу клепигін (аспап) алып дайын тілікке түскен оюлы нұсқалы сызыққа 70˚-50˚ қойып, тілікті сол қолға, клепикті оң қолға ұстап, оң қолдың бас бармағымен сызғышқа күш түсіріп нұсқаның үстіне жүргізе отырып сызық аламыз. Нұсқа сызығының өңі үлкен болу үшін қайталап аспапты терең алып жүргіземіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет