6 Сырмаққа қажетті геометриялық фигуралар түрлерінің айырмашылығын түсіндіріңіз. (осы файл 4ші сұрақ) 6. Сырмақ – қазақтың үй ішінде тұтынатын ете ертеден келе жатқан төсеніштерінің бір түрі. Оны көлеміне, жасалу түріне қарай түрлі-түрлі атайды.
1.Көш сырмақ – көш бастайтын түйеге жабатын үлкен сырмақ.
2.Төр сырмақ – төр алдына салатын бас сырмақ.
3.Төсеніш сырмақ – төрдің екі жағына төселетін сырмақ.
4.От сырмақ (от киіз) – киіз үйдің от жағатын орталығын айналдыра төсейді. Оның бет жағы ойыс, ірге жағы дөңес келеді.
5.Төсек сырмақ –жер төсектің астына, кереуеттің алдына төселетін шағын сырмақ.
6.Ақ сырмақ – ақ киізді ақ жіппен сырып жасалған сырмақ.
7.Қарала сырмақ – қара киізге ақ киіз оюлап тігілген сырмақ.
8. Жиек сырмақ – бір түсті киіздің бетін жиекпен өрнектеп тігілетін түрі.
9.Оюлаған сырмақ – киіздің бетіне түрлі-түсті матаны оюлап бастырып, жиектеп тігілген сырмақтың түрі.
10.Дебеке сырмақ – қозы жүнінен арнап басқан қыздардың төсеніші.
11.Алаша сырмақ – ортасына алаша басып тіккен сырмақ түрі.
12.Бөстек сырмақ – ортасына аң терісін жымдастырып тігілген сырмақ.
13.Қара сырмақ – қара жүніннен киіз басып, оны жиектеп, өрнектеп тіккен сырмақтың аты.
14.Бірбеткей сырмақ – астарланбай сырылған жиекті сырмақтың түрі.
15.Ас сырмақ – дастарқанның, дөңгелек үстелдің астына салуға арналған сырмақ осылай аталады.
16.Кілем сырмақ – ортасына түкті кілем келтіріп, шетін екі жолақ жиекпен жиектеп, ойыстырып жасалған сырмақ.
Сырмақ тек күзем жүннен істеледі.
7 Қолөнер бұйымдарын дайындау жолдарын түсіндіріңіз. 7. Қазақ қолөнері, ұлттық өнер өткен өмір еншісіне айналып, оған мән берілмей, кейбір бұйымдарымыздың көзі жоқ болуда, тіпті мұражайдан да таба алмайсың.
Қазақтың қолданбалы өнері дайындалатын материал түріне қарай ағаштан, сүйектен, теріден, металл, текстиль материалдардан дайындалған болып бөлінеді.
Қазақтың ұлттық бұйымдарының түрлері: киіз, тұскиіз, текемет, сырмақ, қоржын, алаша, аяққап, тұтқыш, ою - өрнек, құрақ құрау. Ағаш бұйымдары: сандық, кебеже, адалбақан. Зергерлік бұйымдар: сырға, білезік, сақина, бойтұмар.
(барлығы туралы жазу)