Ою-өрнек мотивтерін түсіндіріңіз. 1 деңгей 1-2 ші сұрақтары Сүйек пен мүйізді ұқсату өнерін түсіндіріңіз


Мүйізді өңдеу және одан жасалатын бұйым



бет3/11
Дата19.09.2023
өлшемі46,25 Kb.
#108714
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
5) 2 деңгей

2. Мүйізді өңдеу және одан жасалатын бұйым
Мал мен аңның жүн терілерімен қатар олардың мүйіздері мен тұяқтары да іске жарап отырған. Халқымыздың ертеден келе жатқан қолөнер мэдениетінің үлгілері ішінде мүйізден жасалған әсем заттар асқан шеберліктің белгісіндей оқшау тұрады. Әрбір мүйіз өрнек ата-бабаларымыздың ерлік еңбектері мен ежелгі ел салтының шежіресі іспеттес.
Мүйізді ұқсатудың негізгі әдісі қыздыру, не қайнатып балқыту. Сөйтіп оны белгілі бір нұсқаға келтіреді. Балқып тұрған мүйіз шебердің өзі қажет еткенінше июіне, қалыпқа салуына, жонуына, кесіп өрнектеуіне де оңай. Мәселен, тарақ жасау үшін ірі қараның мүйізін ұсақ тісті пышқымен ыдыратпай отырып белшектеп тіледі. Одан кейін тарақтың мөлшеріндей етіп, қысқыға салып жалпақтап түзетеді. Шапқымен, пышақпен жұқартып жонып алған мүйізді екі тақтайдың арасына салып қысқыға бекітеді, содан кейін оны сол тақтаймен қоса пышқылап тістерін шығарады. Тарақтың ірі тісі мен ұсақ тісін тілетін пышқы екі түрлі болады, оның бірі қалың да екіншісі жұқа болады. Тарақтың ұсақ тістерін сындырып алмас үшін оны тақтайға қысып сол тақтаймен тұтас кесу керек. Даяр болған тарақты егеп, ыспалап, бояп әдемілейді.
Мүйізді сүйекпен, ағашпен араластыра қиюластырып оюлайды. Мүйіз алтындаған, немесе күмістеген мық шегелермен, алтын-күміс құрсаулармен білезіктеуге де икемді. Мүйізді ұқсату жұмысына сиырдың, серкенің, қошқардың, тау текенің, құлжаның мүйіздері, жылқының тұяғы, түйенің табан мүйіздері пайдаланылады. Әсіресе семіз, жас малдардың мүйіздері жақсы. Ортасын қуыстап немесе екі қабат етіп беттестіріп, өте жұқарта жонылған мүйізді ширатып гүл, жапырақ, қауырсын, қанат бейнесіне келтіріп өрнектейді.
Сүйекке түс берудің 3 түрлі жолы бар. Өң беру, шалағайлы өң беру, бүкіл бұйымды бояу. Ойылған сүйектің тілігіне жай қаламсаптың (графит) ұнтағын сеуіп, марлы матамен ысқылап, дөңес жерге өң бермей, тек түс ойық жерлерде ғана қалдыра көріктігін арттырады.
Шалғайлық өңді ағашты бояуға арналған өсімдік, ағаш, жеміс-жидек заттарынан алынған тұнбаға сүйек бөлшектерін салып алуға болады. Сол түсті беттің түріне сызу пышағымен гравер ою сала, өте әдемі, әсем түрдегі ақ сүттей сызықты ою алуға болады. Неғұрлым ертіндіде сүйек көп тұрса, соғұрлым түстің өңі жақсы және өз түсін ұзақ сақтауға мүмкіндігі бар.


3 Тері мен былғарыны өңдеу жолдарын түсіндіріңіз.
3. Тері деп мал мен аң, құстан сойылып алынған шылғи теріні айтса, былғары – сол теріні өңдеу арқылы тұрмыстық қажеттілікке жаратуға дайындаған тері.
Иленген теріден айырмашылығы былғарының жүнін жидітіп, тазалап алып тастайды.
Теріні қазір тері илейтін заводтарда арнаулы техниканың көмегімен химиялық қоспалар арқылы илесе, атамыз қазақ бұрындары қолмен-ақ илеген.
Тері 2 әдіспен иленеді:
1. Күбідегі иге салып илеу.
2.Даярланған иді теріге жағу арқылы илеу.Иді ашыған сүт, айран, іркіттен не езген ұнға тұз, сабын ұнтағын қосып дайындайды.Теріге и жағу иге салудан бұрын теріні шелден суға жуып тазартады. Күбідегі иге салынған теріні күніне 2-3 рет шайқап араластырып, терінің иге толық батып тұрғанын қадағалап, жүннің жидімегені не көңіл бөледі. Қой, ешкі терілері иде 6-9 күн, ірі қара мал терісі 15-20 күн жатады.
Иі сіңген теріні талқыға салып жұмсартады.Сонан соң қылышпен қырып өңдеп, уқалайды. Терінің түсі ақшыл болуы үшін бор, ұнның кебегін жағып отыру керек.Талқы айыр бұтақтан жасалынған теріні созуға арналған құрал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет