10 Ширатылған мақта, жібек жіптердің орындалу реттілігін түсіндіріңіз 10. Кестелеу (өрнек салу) - мата бетіне әшекей өрнек салу өнерінің бір түрі. Кестелеуге кез келген маталар және әр түрлі жіптер (мулине, жүн жіп, жібек жіп, синтетикалық жіп) пайдаланылады.
Керекті құрал-жабдықтар
Кестелуді қолмен тігу үшін жіп, мата, ине (көзі кең, қысқа), қайшы, оймақ, түйреуіш, желім, біз және дөңгелеккергіш қажет.
Матаның қалыңдығы кесте жібінің жіңішке, жуандығына және тігістің шаншылым жиілігіне сай келуі керек. Мата қалыңдау болғаны дұрыс, бірақ тігісті тартып, иненің өтуін қиындатпауы керек, мата өте жұмсақ болса да тіккен кесте бедері әдемі көрінбей қалады. Кенеп матаның құрылымы қандай мөлшердегі болсын иненің өтуіне оңай, иненің қалдырған ашық іздері басқа маталарға қарағанда кейін тез жабылып кетеді. Өте нәзікбұйымдарды кестелеуге өте жұқа бірақ құрылымы тығыз маталарды пайдаланған жөн, себебі ол жұмысқа қосымша айқындық әсер беріп тұрады. Айқас тігіс сияқты санап тігілетін кестелерге канва ыңғайлы. Канвалар жіптердің санына, тығыздығына қарай әр түрлі нөмірлі болады. Нөмір санының өсуіне қарай канваның көздері кішірейе береді.
Иненің жуан-жіңішкелігі кесте тігілетін материалдың қалыңдығына және жіптің жуан-жіңішкелігіне (нөмеріне) байланысты болады. Кесте тігудегі ең басты құралдың бірі болғандықтан иненің сапасының жоғары болғаны дұрыс. Кестенің түрлеріне қарай инелердің де түрлері әр түрлі болады. Жіптің жеңіл сабақталуы үшін иненің көзінің үлкен болғаны дұрыс. Өте ірі инемен кестеленген кесте тегіс болып түспейді.
Жүн маталарды кестелеуге ұзындығы орташа (көлемі 1-10) емес, бірақ жіп өтетін көзі үлкен, ұшы сүйір ине қолданылады.
Ұшы сүйір (көлемі 13-26), ұзын және жуан, көзі үлкен ине материалды жуан жіптермен кестелеу үшін қолданылады.
Тегіс тоқылған және селдір матаны (канвалауға) кестелеуге ұшы доғал (өлшемі 13-26) ине пайдаланылады. Мұндай ине матаның жіптерін суырмайды, түтпейді.
Жіптің ұзындығы 50-60 см. артық болмауы керек. Кесте жіптердің бірнеше түрлерімен кестеленеді:
Ширатылған мақта жіп - әдетте жеңіл бөліп алуға болатын алты қабаттан тұрады. Кейбір мұндай ширатылған жіптерді бөлмей сол күйінде пайдаланады. Канваға кестеленетін кестелерден басқа түрлеріне қоладана береді.
Ширатылған жібек жіп - алты қабаттан тұрады, мақта жіптер сияқты пайдаланылады, ерекшелігі жібек жіп жарқырап кесте түрін ашып тұрады.
Ирис - ширатылған жылтыр жіп кестенің көп түрлеріне қолданылады.
Кесте тігуге арналған жұмсақ мақта жіп - көбіне канва және қалың маталарды кестелеуге қолданылады.
Металл жіптер.
Жіңішке жүн жіп - қос қабатты жіңішке жүн жіппен маталарды, сонымен қатар канваға тігілетін әдемі өрнектерді кестелеуге жарамды.
Қайшының ұшы үшкір, ұзындығы 10-12 см. болғаны дұрыс.
Оймақ - қалың маталарды кестелеген кезде қолды жарақаттамай матаға иненің кіруін жеңілдетеді. Оймақтар қандай материалдан жасалса да ортаңғы саусаққа киюге ыңғайлы болғаны дұрыс.
Сабақты кесте. Кестенің бұл түрін тігу үшін өрнектің нұсқалары пайдаланылады. Оларды тіккен кезде ине кері шаншылады, яғни әрбір жаңа тігіс осылайша түседі. Жіпті бекітіп, инені матаның кесте түсетін бетіне шығарған соң оған 2-4 жіпті іліп алу керек. Жіпті шығарып алған соң инені қайта шаншып, сосын оған алғашқы тігіске қанша жіп алынса, сонша жіп іліп алады. Тігістердің біркелкі болып түсуін қадағалау және инені екінші, үшінші, одан кейінгі тігістерде алдыңғы тігістің ортасынан шығарып отыру қажет.