Əдебиеттер:
1. Т. Əбдірахманов. Талаптар тағылымы. 1991
2. Б.Кенжебаев. ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті. 1994
3. Бес ғасыр жырлайды. (Жинақ), 1990
4. Қазақ əдебиетінің тарихы. 2 том, 2-кітап
ХХ ғасыр басында демократтық бағытта дамыған қазақ əдебиетіне
өз тарапынан бірқатар үлес қосқан ақындардың бірі. Бекет Өтетілеуов
1883 ж қазіргі Қостанай облысының Обаған ауданына қарасты М. Ю,
Лермонтов атындағы совхозда туған. Ата-анасының соншалықты аштық
дəулетінің болмағанмен, өз күндерін көрерлік орталау шаруасы болған.
Бекет жасында ауыл мұғалімдерінен сабақ ала бастайды. Сонан 1897
жылы ауылдағы үш жылдық орыс мектебінде оқиды. Мұны бітірген соң
120
1901 ж Боровойдағы екі кластық мектепке, онан бітіріп шыққаннан кейін
Бекет
1908 жылдан бастап Қостанай Уезіне қарасты мектептерде мұғалім
болып істейді. Бекет Өтетілеуов- өзінің бар саналы өмірін
педогогикалық ағартушылық қызметке берген адам. Бірақ ол тек
мектептерде бала оқытып, сабақ беумен ғана шектеліп қоймай, əдебиет
саласында да бір қатар еңбек еткен адам.
Бекет бұл салада роман,
повесть, поэма тəрізді көлемді шығарма жазбағанмен, аз- аздап өлеңдер
жазған. Бекеттің əдебиет саласындағы еңбегінің басым жағы орыс
əдебиетінің көрнекті шығармалары қазақшаға аудару болып табылады.
Бекет өзінің мұғалімдік қызметін атқара жүріп орыс əдебиетінің
көрнекті шығармалары қазақшаға аудару болып табылады. Бекет өзінің
мұғалімдік қызметін атқара жүріп орыс əдебиетін мол оқиды. Ыбырай,
Спандияр тəрізді көрнекті редагогтар үлгісімен орыс əдебиетінің
бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударып, оқушыларға ұсынып
отырады. Солай етіп, Бекет арқылы А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов,
И.А.Крылов, В.А.Жуковский шығармалары қазақ арасына кең тарай
бастады.
Мысалы, А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романына үзінді,
«Брожу ли я здолы улиц шумных» шығармасын, А.Н. Плешеевтың
«Нишие» өлеңдерін, И.А.Крыловтың «Котенок и скворец», «Ворененок»
тағы басқа көптеген мысалдарын аударды. Бекет орыс ақындарының
шығармаларын қазақ тіліне аударғанда оларға өте талғампаздықпен
қарағанын аңғарамыз. Өйткені Бекет аудармаларының қайсысы болса да,
қазақ өмірі мен, қазақ тұрмысында бар көріністермен ұштасып жатады.
Сондықтан мұндай шығармаларды аударғанда Бекет алдына халықтық
тұрғыдан айқын мақсат қойып бұл мəселеге үлкен жауапкершілікпен
қараған деп білеміз. Мысалы, «Қайыршылар» деп аталатын шығармада
аш, жалаңаштықтан тұрмыс азабын тартып жүрген жетім балаға бір
байдың алаңғасар қызметшісі зəбір көрсеткенде оған аяушылық
көрсетіп, қол ұшын беріп жəрдемдесетін адам тұрмыс азабын көрген
жігіттердің бірі. Бірқатар мысалдарында өзі еңбек етпей, біреудің еңбегі
мен ғана күн көретін мазақ етілсе, «Бүркіт пен өрмешек» енді
біреулерінде өзінің қолынан келмейтін шамасынан келмейтін іске,
ұмтылып көпке күлкі болатын доңқайларды «Балапан қарға»
мысалдарында жуалайды.
Бекет аудармалары туралы айтқанда, тағы бір ескере кететін нəрсе-
аудармашы мысал өлеңдерінің соңында өзінің қорытындыларын қосы
ұсынып отырғандығы. Мұндай қорытындылар аударманың идеялық
мазмұнын, автордың идеялық мақсатын оқушының бірден-бір дұрыс
түсінуіне жөн сілтейді. Мысалы, И.Крыловтың «Мужиктер мен өзен»,
«Крестьян и река» деп аталатын мысалында өзен шектен тыс қатты
тасып, сай саланың бəрін су алып кетеді де мужиктердің шаруасы
бүлінеді. Диірмендер бұзылады, егіндер суға кетеді не керек
мужиктердің еңбектерімен істелген нəрселердің бəрі де тасыған судың