Өзбек филологиясы факультеті түркi филологиясы кафедрасы



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата14.02.2017
өлшемі0,83 Mb.
#4135
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Сұрақтар мен тапсырмалар
1.  Тұрмағамбет поэзиясының жанрлық ерекшеліктерін санап өт: 
2.  Ақын поэзиясында Шығыс əдебиеті дəстүрінің көрінісі қандай?  
3.  Тұрмағамбеттің  «назым», «насыр»  терминдерін  қолдануы  неге 
байланысты?  
4.  Тұрмағамбеттің    «Мəрді  диқан», «Рауабану»  дастандарының 
идеялық мазмұнын талда.  
5.   Ақынның мысал жанрындағы өзіндік ерекшелігін көрсетіп бер.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
53
МҰСАБЕК БАЙЗАҚОВ 
(1846-1932) 
 
Жоспары: 
1.  Мұсабек Байзақовтың өмірі, шығармалары  
2.   Мұсабек Байзақовтың өлеңдері  
3.   Мысалдары  
4.   Дастандары  
  
 
 
Əдебиеттер: 
1.  Молда Мұса «Өткен күндер» шығармалары,1990 
2.  Б. Кенжебаев. ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті. 1994  
3.  Р. Бердібаев. Замана толғаулары. Алматы, 1997  
4.  Бес ғасыр жырлайды. (жинақ), Алматы, 1989  
5.   Ə. Дербісалин. Қазақтың демократияшыл əдебиеті. 1990  
 
 
Мұсабек Байзақов ХІХ ғасырдың соңы мен   ХХ ғасырдың басында 
өмір сүрген, əдебиетте көркем мұра  қалдырған ақындардың бірі.  
Мұсабек  Байзақов  қазіргі  Шымкент  облысы,  Түркістан    ауданына 
қарасты  Шоқтас  ауылында  1849-жылы  туылған.  Мұсабектің  арғы 
аталары  дəулетті  адамдар  болған.  Өз  əкесі  Байзақ  дəулеті  бар,  өз 
айналасына  аты  шыққан,  ел  арасында  «Байзақ  датқа»  аталған  кісі.  Ата 
тегі, өз əкесі өз заманында бай- шонжар аталғанымен осынша дəулет пен 
байлықтың  қызығын  болашақ  ақын  көре  алмайды.   Өйткені  атадан 
балаға  мұра  болып  келе  жатқан    бақ-дəулеттің  Мұсабек  тұсында  көзі 
сарқылып,  іргесі    сөгіліп,  күйреп  қалады.  Байзақтың  дəулеті  күйзеліп, 
кедейленген  кезінде  өмір  сүрген  ақын  Мұсабек  жасынан-ақ  қатігез 
кедейлікпен  жағаласып  өмір  кешеді,  өз  өмірінде  жоқшылық  пен 
кемтарлықты  аз  көрмейді.  Мұсабекпен  көп  айтысқан  ақын  қыз 
Манаттың кейінректе:   
Байзақ бұлт шөгетін өліп қалған,  
Ол ердің мəртебесі биік болған.  
Панаң жоқ бұлт түгіл тозаң тоқтар, 
Əйтеуір құр көңілің ғой ойыңа алған,-деп кемсіте  
сөйлеуі  де  ақынның  осындай  тұрмыс  кемтарлығына  байланысты 
айтылған  болатын.  Мұсабек  жайын  сөз  еткен  əдебиетшілердің  қай-
қайсысы  да  оның  арғы  атасынан  келе    жатқан  сондай  мол  дəулет 
Мұсабектің кезінде қатты күйзеліске ұшырап сарқылғанын, ақынның өз 
басының  жоқшылық  талқысына  көп  түсіп  қол  қысқалығының  зардабын 
тартқанын айтады.  

 
54
Мұсабектің  өзі де кейбір шығармаларында ата-бабасының бұрынғы 
байлығын  еске  алады.  Онда  өз  басының  кедей,  жарлы  да  болса  өнер 
жолында жүргендігін айтады:  
Сұңқардың баласы едім мен де бұрын,  
Дүние сырт айналып кетті қырын.  
Бүгін жаршы атанып, домбыра алдым, 
Сыпайы жасырмайды деген сырын.  
Ақын  ата-бабасын    еске  алғаны  ғана  болмаса,  келмеске  кеткен  ата 
дəулетін    жоқтан  күңіреніп  күйзелмейді,  өткеннен  үтім  те  күтпейді, 
қайта алдағы күнге, келер тұрмысқа деген сенімін жоймайды.  
Ақын  туындыларынан  алдымен – замана,  қоғам  қайшылықтары 
көбірек  байқалады.  Мұсабек  бай  мен  кедей  арасындағы  қайшылықты 
айқын көреді. Ол «Қайраты бұл дүниенің мал менен пұл» өлеңінде: 
Мал керек қожаға да, төреге де, 
         Малсызды опат дейді кенегеде. 
         «Опат» деп ойласаңдар өлгенді айтар, 
         Қор болды кедей сорлы мұнша неге, -дейді. 
  
Мұсабек орыс əдебиетімен де белгілі дəрежеде таныс болған тəрізді.  
Бірақ қай кезде қалай танысқанын жəне қай дəрежеде білгендігін де айту 
қиын.  Дегенмен,  ақын  өсе  келе  оқу-  білімінің,  өнер  мен  ғылымның 
маңызын жете түсінген. Осындай жаңалықтың жаршысы талаптанған.  
Қымбат баға бір гауҺар ғылым деген,  
Қəдірі надандарға білінбеген.  
Ғылым шамын қолына алған адам,  
Қараңғы тар жолда да сүрінбеген.  
Сондай ақ ақынның: 
       Молданың қазақия алдындаймын
       Көңіліңді өлеңге де қалдырмаймын. 
       Бірдеймін парсы, түркі, арапшаға, 
       Тек тұрмай орысша да балдырлаймын, -дегені оның орыс ақын-
жазушыларының  аты-жөнін  біліп.  Орыс  тілінде  де  аздап  болса  да 
хабардар болғандығын көрсетсе керек. 
Оның Қоқан əкімдерінің кейпін елестететін өлеңінде: 
                  Бұрынғы сұрап тұрған Қоқан еді, 
                  Бектері алтын жаға, оқалы еді. 
                  Бауыздап өзін өзі қойдай сойып. 
                  Өзгемен  ұрысуға  қопал  еді,-  деуінде  белгілі  дəрежеде 
тарихи ақиқат та бар еді. 
   Мұсабектің тек кедейшілік, жоқшылық қана азаптамайды, оның өз 
басының  күйініші,  өкініші  мол  трагедиясы  да  біраз  қиыншылыққа 
ұшыратады.  Ер жеткен шағында қаяусыз жүрегіне шоқ салып, махаббат 
дариясы шомылған ғашығы Сырым  қыз бұрын құда түсіп, қалың малын 
төлеп  қойған  бай  ауылға  өзіне  тең  емес,  егде  тартқан  біреуге  еріксіз 

 
55
ұзатылады.  Қыздың  өз  сүйгеніне  бара  алмаса  да,  өз  теңдесіне 
қосылмағанына ыза болған ақын:  
Ауылың жылда шығар Арысуға,  
Жолықтың қоныстас боп Қыпшақ қуға,  
Ақылың жұрттан асқан бір бала едің,  
Қимаймыз жүзі бөтен жеті руға.  
Тидің бе, Сырым соған өзің сүйіп,  
Дегенге соны сүйдім жүрмін күйіп.  
Бір жігіт Көтеншіден таппадыңба,  
Күзеген сақал- мұртын қуға тиіп- деп хат жазады.  
Мұсабектің  өмірі  де,  творчествосы  да,  ақынның  өмір  жолына 
байланысты  жоғарыда  айтылғанындай,  Октябрь  революциясына  дейінгі 
жəне Октябрь революциясынан кейінгі екі кезеңге бөлінеді.  
Ақын ескі дүниенің қоғамдық табиғатын, əлеуметтік сырын бірқатар 
дəрежеде  дұрыс  ұғады.  Сондықтан  мұндай  шығармаларында  ол  жеке 
меншікке  негізделген  байлықтың  сыр-сипатын,  қоғам  мүшелерінің 
қарым-қатынасын,  байлар  мен  кедейлер  арасындағы  теңсіздікті  көре 
білді. Өз еңбегінің қызығын көре алмай, ауыр азаппен күн кешкен еңбек 
адамының  қоғамдағы  теңсіздігіне,  күйзелген  өміріне,  жоқшылық 
тұрмысына, жаны ашығандықпен қинала қарайды. 
Қайраты бұл дүниенің мал мен пұл, 
Патшадай малды кісі кедейлер-құл. 
Сұңқардай құр ығытқан болуын күтіп, 
Дəулетсіз  қор  болды  қайратты  ұл,-  деп  жеке  байлыққа  негізделген 
таптық қоғамның табиғатын, оның байларға, барларға ғана қызмет етіп, 
еңбек адамын езгіге салғанын ашына айтса, ынсапсыз замана байлардың 
дүниеқоңыздың əрекеттерін, дүние, байлық қуған замана адамдардың ар-
ұяттан,  адамгершілік  сипаттан  айрылғанын  сынап,  өмір  бойы  еңбек 
еткен жазықсыз жандардың езгіге қор болғанын баяндайды: 
Байлық артық – болыстан. биліктен де, 
Əр істі ақша шешер киліккенде. 
 
Ақынның  «Сайлау  деген  елге  бір  бүлік  болды»  деп  аталатын  өлеңі 
терең ойдың бүкпесіз шындығы болып табылады. 
Сайлау деген бір бүлік болды,  
Параланып əкімдер пулға толды.  
Іріктеп көріктісін пұлға сатып,  
Пышыққа жарайтынын қырып болды,  
дегенге,  ақын  патшаның  заманындағы  сайлаудың  ел  ішіне  бүлік 
салып,  елді    айтыс-тартысқа  дұшар  ететін  дау-жанжалдың  қайнар  көзі, 
отошағы болып келгендігін ашық та ашынып айтады.  
Не нарлар түсті базар жетектеліп,  
Шашылды ақша көшеге етектеліп,  
Елдегі бұл сайлаудың бүлігіне.  
Ешкім шыдам берместей төтеп келіп… 

 
56
Амал құмар мырзалар қарыздар боп,  
Айғырдай қамшы кесті шабуылдап жүр,  
деп  əшкерелесе,  халыққа  бүкіл  болып,  елді  дүрліктіріп  келетін  ол 
заманның сайлауының сыр-сипатын аша түсіп: 
Сайлау елді бүлдірді бүлік етіп,  
Ата-бала, ағадан іні кетіп,  
Бала қораз секілді не мырзалар,  
Қызыл шақа боп қалды-ау жүні кетіп,- деп суреттейді.  
Ескі замандағы өмір шындықтарын адамгершілік тұрғысынан қарап  
ұға  білген,  өнердің,  адал  еңбектің  пайдасын  түсіндіреді.  Харекетке 
жаратқан  адамзатты, «Ғылымсыз  болып  қартайсаң», «Жолаушымыз 
отырсаң,  жатсаң-дағы»  т.б.  өлеңдер  жақсы  үмітке,  ізгі  мақсатқа 
шақыратын прогресшіл ойға құрылған мазмұнды шығармалар.  
Ғылымсыз болып қартайсаң,  
Қараңғыда қаларсың.  
Ғылымды болсаң əр уақытта,  
Шамшырақтай жанарсың,  
Жастығында ұмтылсаң,  
Һəр өнерді табарсың…  
Ғылым- бір шаҺар шарбаттай,  
Ішсең мейрің қанарсың,  
 Мұсабек ақын творчествосында айрықша көзге түсетін соңы жанр-
оның    мысал  өлеңдері.  Мұсабек  мысал  өлеңдер  жазуға  машықтанған, 
ысылған ақын.  
Мұсабек  ақынның  «Тышқан  мен  түйе», «Жолбарыс  пен  түлкі», 
«Қайырымды  қыз  бен  қайыршы», «Семірген  есек»  т.б.  мысалдарында 
адалдық  пен  арамдық,  əділет  пен  зұлымдық  қатар  алынып,  біріне-бірі 
қарсы  қойылу  арқылы  адамгершілік  шынайы  əділдік,  еңбек  мəселесі 
насихатталады. 
Көрінген  қарағайдай қалың жусан,  
Қылармын бəрінде опат біраз тұрсам.  
Жолбарыс ырылдаған, қабылан, бəрі,  
Шықпайды неге атың мендей тусаң?  
деп  мақтанған  тышқан    кішкене  судан  өте  алмай,  мүсəрпірлік 
басына түскенде:    
Тақсыр-ау, сіз бір ұлық, біз бір нашар,  
Кей жаман ел билейтін судай тасар.  
Сен түскенде тізеден келген суың,  
Мен түскенде тізеден жүз кез асар,-  
деп  ақырында  өзінің  мүшкіл  халін  мойындамайды.  Осындағы 
тышқан  арқылы  қайратсыз,  өнерсіз,  мақтанышшыл  мінезді,  кейбір 
адамдар бойындағы жағымсыз əдеттерді сынайды да:  
Парқы бар жақсының да жаманның да,  
Белгілі қас жаманның əлі сондай,  
Жамандап біреуді алдап, өзі алданып,  

 
57
Жүреді ісі шаппай, сірə, оңға-ай,- деп қорытынды жасайды.  
Адам  даңқы  ақылдылық,  кісі  көркі  кішіпейілдік  дейді  ақын.  Осы 
тəрізді шектен тыс жеңілтектік, ұшқалақтық отқа түсірер оспадар мінезді 
ақын «Ағаш пен маймыл» атты мысалында да біраз сынға алады.  
Аузын бақпай кей адам сөз есітер,  
Ағаш қысқан маймылдың құйрығындай,  
Бір жігіттің пайдасы тиер досқа,  
Тасатай алмай кей таяқ түсер босқа.  
Екі адамның қысылып арасына,  
Сөгіс алар кей надан құр босқа.  
Ақынның  «Түзу  терек», «Адалдық  пен  арамдық»,  деп  аталтын 
мысалдарында  да,  ой  туғызарлық,  ғибрат  аларлық  мазмұн  бар.  «Түзу 
теректе» қайырымды да қамқор ана мəпелеп, күтіп өсерген түзу де əдемі 
теректің  көріктілігіне  көзі  түскен  патша  оны  өсірген  кемпір-ананың 
қарсылығына  қарамастан,  алтын  төлеп  кесіп  алады.  Оны  алтымен 
қаптатып  сарайға  қояды.  Оны  баптап,  осынша  көркем  де  зəулім  етіп 
өсірген  ананың  мейірмандылығына  зəулім  биік  терек  арқылы  адам 
жанының  сұлулығына,  ниетінің  қашанда-ақ  адал  болуын,  пікірдің 
мұқият түзу болуын аңсаған ақын:  
Тура жүрсек озбаймыз сіз бенен біз  
Жақсы болмас еш қыңыр басылған із.  
Бір болып тұралықтан жүрер мыңға, 
Қыңырлық не шығады болса да жүз,-дейді.  
«Адалдық  пен  арамдықта»  да  адалдық,  əділет  жолын  табуға  жөн 
сілтейді.  Ұрлық, зорлық, қиянатпен тапқан мал мен байлықтың бақытқа 
жеткізбейтін жол екенін баяндайды.  
Үлгі алдық мысал үшін кəсіптерді,  
Əркімге əртүрлі етіп нəсіп берді.  
Істер деп адал кəсіп үмітім бар,  
Арамды адал менен есіткенде.  
Мұсабек үлкенді-кішілі бірнеше поэманың авторы.  Оның «Ұры мен 
жолбарыс», «Опасыз  жар», «Сұлу  əйел  мен  молда»,  деген  поэмалары 
поэзияда  да  сюжетті  туындылар  жасуда  ақындық  өзіндік  бетін  шама 
шарқын  аңғартарлық  шығармалар. «Сұлу  əйел  мен  молда»  өздерін 
əділеттің  сақыйлысында  санайтын  арамза    молдалардың  бойындағы 
кейбір  сұрқиялықты  əшкерелейтін  шығарма.  Ақын  көрікті  əйелдерге 
ессіз құлап түсушіліктің түбінде тақсырет тарттыратынын ескертеді. Бір 
сұлу  əйелге  құмартқан  молданың  қаншама  дүреленгенін  суреттеу 
арқылы желікпе мінездің пайдасыздығын насихат етпек болады. 
 «Опасыз жарда жеңілтек əйелдің теріс қылықтарын көрсетіп,күлкі, 
мазақ  етсе,  мұнда  оған  қарама-қарсы,  адал  да  ақылды,  семья  намасын 
қорғай  білер  ақылды  əйелдің  ұтымды  іс-  əрекетін,  бейнесін  көреміз.  
Негізі  Қорасанда  болған  оқиға  деп  ескерілетін  «Опасыз  жарда» 
күйеуінен  ойланбай  безген  жеңілтек  əйелді  кенеттен  тапқан  досы – 

 
58
қарақшы жер соқтырып кетеді. Бұл да дидактикалық мақсатты көздеген 
шығарма. 
Ал «Ұры мен жолбарыс» атты поэмасында ақын бірі жем, екіншісі 
мал  іздеп  шыққан  жолбарыс  пен  адамның  арасындағы  оқиғаны 
суреттейді.  Керуеншілдердің  бір  атын  соқпақшы  болған  жолбарыс 
кенеттен  ұрының  тақымына  түсіп  қалады.  Мал  түгіл  бас  қайғы  болып, 
жолбарыс  қорыққанынан  түні  бойы  шапқылай  береді.  Жылқы  деп 
қараңғыда    абайламай  мініп  қалғаны  жолбарыс  екенін  көргенде  ұрыға 
қатты  қауіп  болады.  Дегенмен,  адам  аңнан  айласын  асырып,  жолбарыс 
əбден  қалжырап,  жортақ  жүріске  түскен  кезде  бір  ағаштың  бұтағынан 
ұстап  қалып  қояды.Əбден  зəресі  ұшқан  жолбарысқа  бір  маймыл  келіп 
жолығып,  адамнан  кегін  əпермек  болады.  Бірақ  адам  маймылдың  да 
сазайын  тарқызады.  Шығарманың  пафосы  адамның  ақыл-парасатын 
ардақтау, ұлылығын көрсету. 
 Ақынның  «Семірген  есек»  атты  мысалы  да  нысанаға  дөп  тиіп 
жатқан ғибратты шығарма. Жолбарыс терісін жамылған есектен адам да, 
аң да сескеніп, мұның өзіне оңаша бау-бақты қалдырып кетеді. Бірақ көп 
ұзамай  есектің  ескі  əдеті  есіне  келіп,  ол  қарны  тойған  соң  ақырып 
жібереді.  Ақырсаң,  есектігіңді  білдіріп  аласың  деген  досы  құланның 
сөзін  есінен  шығарады.  Ақырып  қалып,  сыры  паш  болады  да,  бұрынғы 
қор күйіне қайта түседі. Мысал: 
                     Артылса, кей адамның мəртебесі, 
                      Есектей  едірейіп  шығады  есі, -деген  жолдармен 
аяқталады. Ақынның мысалдары ықшам, үйлесімді əрі жатық келеді.  
 Мұсабек  Байзақов  халықтың  эпостық  жырларын  да  жақсы 
білген.Бізге  оның  қолынан  өткен  «Ер  Шора»  дастанының  бір  нұсқасы 
келіп жеткен. Бұл дастанды оңтүстік топырағында алғаш өңдеген Молда 
Мұса ма, басқа ма ол жағын дəл көрсету қиын. Алайда бұл варианттың 
бір маңызды өзгешеліктері бар. 
Дастанда  Қазан  қаласын  мекендеген  қырық  мың  үйлі  тама,  оның 
ханы  Əлімхан,  батыры  Ер  Есім,  бай  Нəрік  туралы  айтылады.  Шұбар 
атына  туысы  Есім  қызығып,  тізе  көрсеткен  соң,  Нəрік  өкпелеп,  қырық  
үйімен  түрікмен  жағына  көшіп  кетеді.  Мұнда  аз  үйлі  тама  көп  қорлық, 
астамшылық  көреді.  Өктемдік  етіп,  зорлық  жасаушы  түрікменнің 
шонжары  Əліби  болады.  Нəрік  пен  оның  əйелі  Күлқаныс  балалары 
болмай  зар  шегеді.  Ақырында,  Күлқаны  ұл  туып,  атын  Шора  қояды. 
Шора  жасынан  қайратты,  ерекше  ер  болып  өседі.  Таманың  қырық 
баласының  асығын  зорлықпен  тартып  алып  дəндеген  Шора  мың  балаға 
қаймықпай  қарсы  тұрады
.  Осы  қышлыққа
  шыдамаған  жəне  бұрыннан 
Нəріктің  шұбар  атына  көз  тігіп  жүрген  Əліби  тамаларға  тағы  да  тап 
береді. Ерегіс ұрыста Шора Əлібиді өлтіреді. Бірақ көп түрікмен тыныш 
қоймайтынын  сезіп,  Шораны  Қазанға  мың  үйлі  еліне  жібереді.  Көп 
уақыт  жол  жүріп,  арып-ашып  жеткен  Шора  елінің  кегі  үшін 
қалмақтармен  екі  рет  соғыста  (бірінде  Садыр,  екіншісінде  Қараман) 
жеңіп  шығып,  тамалардың  малы  мен  жандарын  қайтарады. 

 
59
Қалмақтардың  малын  шабайық  деген  ағасы  Есімді  сөзбен  ұялтып 
тоқтатады.  Ақырында  əке-шешесіне  аман  табысып,  түрікмендермен 
достасып, мұратына жетеді. «Ер Шораның» қысқаша мазмұны осындай. 
 
Мұсабек  пен  Манат  қыздың  арасында  болған  бұл  айтыс  өткен 
ғасырдың соңғы жылдарында болса керек. Болған жылын дəл айту қиын. 
Бұл  айтыс  Мұсабектің  жасы  қырықтан  асып,  егде  тартып  қалған  кезде 
болған.  Бұл  кезде  əйелі  өліп,  бойдақтық  басына  түсіп,  ел  аралап 
жүргенде, қазіргі Шымкент облысына қарасты Шаян деп аталатын жерде 
Жылқыбай  деген  ақын  досының  үйіне  келгенде,  сол  ауылда  бойжетіп 
кемеліне  келіп  отырған  қыз  манатқа  арнайы  хат  жазып,  өз  көңілін, 
үміткер ойын білдіреді.  
Мұсабек  алғашқы  хатында-ақ  Манаттың  сұлулығына,  ақыл 
парасатын бейнелеп, оған өз көңілін білдіріп, үйлену ойын ашық айтады:  
Хат жаздым қалам алып Манатжанға,  
Жүзіне жанның бəрін қаратқанға 
Ақ жүзін бір көрсетер күн бар ма деп, 
Сыртыңнан жалынушы едім жаратқанға.  
Болғанда бойың нəзік, белің шыбық,  
Қап-қара қиғаш қасың көзің тұнық.  
Осындай қымбат баға жар табылса,  
Жатар ем бұл жағынан жаным тынып,- деп жазылған алғашқы хатқа 
Манат қыз да қарсы жауап жазады. 
Манат  қыздың  ақындығы  да  бабында  екендігі  əрбір  сөз  ағымынан 
айқын  аңғарылып  отырады.  Манат  зор  парасат  иесі,  қысылғанда  сөз, 
жөпелдемеде
 сөз тапқыш дарындылығын көрсетеді. Көп жерлерде оның 
дарындылығы Мұсадан асып түспесе, кем емес. Мұсаның малсыздығын, 
əсіресе  жер  ортасы  жасқан  келгендігін  бетіне  салық  етіп  сөзден 
ұттырмауы  Манаттың  айтыс  өнеріне  əбден  дағдыланып  алғандығын 
көрсетеді. 
 Молда  Мұса  мен  Манат  айтысынан  сол  заманға  лайықты  кейбір 
салт-сана,  əдет-ғұрып  елес  береді.  Мұсабек  Манаттың  шалсың  деген 
сөзіне  айылын  да  жимайды.  Əлі  елуге  келгенім  жоқ  деп  бой  бермей 
сөйлейді.  Кейін  мəселе  жасқа  емес,  дүниеге-малға  келіп  тірелгенде 
Молда  Мұса  қалың  мал  төрелік  қауқарым  бар  деп  сендірмек  болады. 
Бірақ қанша əдемілеп айта білгенімен, кедейлігін жасыра алмай қалады: 
                    …Таусылмас құдай берген өлеңім бар. 
                     Молдалық. Диқаншылық өнерім бар. 
                     Бір сиыр, бір жүйрік ат, екі өгіз, 
                      Азғана құдай берген қорегім бар. 
                       Əрбірін бағаласаң бір ділдалық, 
                      Тоғыз жүз шамасында терегім бар. 
Молда Мұсаның қанша көсіліп сөйлегендегі дəулеті – «бір сиыр, бір 
ат,  екі өгіз» екені мағлұм болды. Тіпті Мұсабек «қора-қора қойым бар» 
дей қалғанда да, Манат оның өтірігін бірден əшкерелеген болар еді: 

 
60
                     … Панаң жоқ, бұлт түгіл, тозаң тоқтар. 
                      Əйтеуір құр көңілің ғой ойыңа алған,- дейді ақын қыз. 
Манат  жауаптарының  сол  дəуірдегі  алдыңғы  қатарлы  қазақ 
қызының  лебізі,  өз  хұқығын  қорқауы,  зорлыққа  қарсылығын  байқау 
қиын емес. Мұсабек сөздері қанша ұтымды, үйлесімді келгенімен əділет, 
шындық  Манат  жағында.  Егде  тартақан  ақынның  тізеден  басып,  кейде 
əнтек,  ерсілеу  сөйлеп  жасытпақ  болғанынан  Манат  шошынбай,  қайта 
қасарыса  түседі.  Айтыста  өлеңдік  жақтан  көркем  бітімді  жолдар, 
шумақтар  көптеп  кездеседі.  Бұл  молда  Мұсаның  айтыс  өнеріне 
қаншалықты шебер болғандығынан дерек береді.         
  Манат  Мұсабектің  кедейлігін,  оның  жасы  үлкейіп  қалғандығын 
айтады.  Бірақ айтыс мұнымен толастамай, үдей түседі.  Басы осы қызға 
үйлену  үмітінен    туған  жеке  бастық  мүддені  жеткізер    сəлемнен 
басталады, айтыс дами келе сол дəуір жағдайын, заманның сыр-сипатын, 
қоғам  өмірін,  қысқасы,  сол  заманның  əлеуметтік  шындығын  бірқатар 
аңғартарлықтай дəрежеге көтерілгенін көреміз.  
Мұсабек Байзақов- ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында 
дарынды ақындық талантымен танылған, қазақ елінің бірқатар жерлеріне 
аты  мəшҺүр  болған  көрнекті  ақындардың  бірі.  Жоғарыда  атап,  кейде 
талдап,  шолу  жасап  өткеніміздей  Мұсабек  қазақтың  өлең  құрылысына 
өзіндік  жаңалық  қоса  алмағанымен,  қазақ  поэзиясының  əр  түрлі 
саласында шығарма жазып, өзіндік пікірін ашық ұсынып отырған. Ақын 
Мұсабек  Байзақұлының  əдеби  мұрасын  жалпы  алғанда,  негізінде  оның 
бұқара  халықтың  мүддесін  түсінгенін,  замана  шындығын  жырлағанын 
көреміз.  Ақын  өзінің  мысалдары  мен  дастандарында  да  өмірдің  түрлі 
мəселелеріне үкім, ғибрат айтуға ұмтылған. Сонымен қатар ол айтыстың 
да əйгілі жүйрігі ретінде бағаланады. Мұсабек ақын негізінде өлеңді ойға 
құратын, қызыл сөзге көп бармайтын шайыр. 
Қорыта  келгекнде,  Мұсабек  Байзақұлы  (Молда  Мұса) –ХІХ 
ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі əдебиет тарихынан өзіне 
лайықты орын алатын елеулі ақындардың бірі.   
 
 
 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар:  
1. 
Мұсабек  поэзиясында  шығыс  əдебиеті  дəстүрі  қандай 
дəрежеде?  
2. 
 Ақын өлеңдерінде дəуір, заман шындығы қалай көрінген?  
3. 
Мұсабектің  мысалдарының  тақырыптық  жəне  идеялық 
көркемдігіне талдау жаса!  
4. 
Мусабектің  жазба  айтыстары,  оларда  көтерілген  қоғамдық-
əлеуметтік мəселелер?    
     
 
 

 
61
ƏРІП ТƏҢІРБЕРГЕНОВ 
(1856-1924) 
 
Жоспары: 
1.  Ə. Тəңірбергеновтың өмір жолы  
2.  Ə.  Тəңірбергеновтың  өлеңдері,  тақырыптары  мен  идеялық 
көркемдігі. 
3.  Ə.Тəңірбергеновтың  қисса-дастандары,  мазмұны,  жанрлық 
өзгешеліктері.  
4.  Ə. Тəңірбергенов шығармшылығының өзіндік ерекшеліктері. 
5.  Ə. Тəңірбергенов  творчествосының əдебиетімізден алатын орны  
 
Əдебиеттер: 
1.  Ə. Тəңірбергенов. Ұмытпаңыздар, мені. /жинақ 234  
2.  Б.Кенжебаев. Ө.Есназаров. ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті. 
3.  Қазақ əдебиетінің тарихы. ІІ том, І кітап.  
4.  А. Нұрқатов. Абайдың ақындық дəстүрі. 
 
 
ХІХ ғасырдың  аяғы мен ХХ ғасыр басындағы демократ- ағартушы 
əдебиеттің көрнекті өкілі-Əріп Тəңірбергенов.  
Əріп\ шын аты- Мухаметғарып\ 1856 жылы Семей облысы 
көп адам
 
екен.  Əріп  алғаш  ауыл  молдасынан  сауат  ашып , 11-12 жасында 
Семейдегі  миссионерлік  мектепке  оқуға  түседі.  Ол  кездегі  тəртіп 
бойынша  мұндай  мектептерде  ауқатты  адамдардың  балалары  ғана  оқи 
алатын.  Бір  жылы  Семейдегі  миссионерлік  мектепке  болыс  басына  бір 
баладан  жіберу  туралы  патша  үкіметі  тарапынан  нұсқау  келеді.  Сонда 
Əріп ауылының болысы Жарқынбай деген адам өз баласын қимай, басқа 
байлар да балаларын жібергісі келмей, Тəңірбергенге:» Сенің балаларың 
көп  қой,  бір  балаңды  жоққа  санап  орыс  мектебіне  бер,  бір  болыс  елміз 
ғой,  сенің  балаңды  ортадан  жалдайық»,-  дейді.  Болашақ  ақын  осылай 
орыс оқуына түседі. Ақын Төлеу Көбдіковтың: 
                    Он бірден он екіге келер жасың, 
                    Сатылды  отыз  қойға  сенің  басың,-  дейтін  əзілі  осыған 
орай айтылған. 
   Миссионерлік мектепте 5-6 жыл оқиды, сонымен бірге Семейдегі 
татар  медрессесінен  де  сабақ  алады.  Өз  ана  тілімен  бірге  татар,  орыс, 
араб, парсы, қытай тілдерін де біршама меңгеріп алады.  
Мектепті  бітірген  соң  бірнеше  жыл  ауылда  муғалім  болып  істейді, 
1875-1876  жылдары  қызмет  бабымен  қытайдың  Шəуешек  қаласындағы 
орыс консульствосында жумыс істейді.  Жетпісінші жылдардың соңында 
елге  оралып,  бірыңғай  шығармашылықпен  танысып  өлеңдерін  байға 
сынатып отырған. 

 
62
1880-1889  жылдары  Ə.Тəңірбергенов  Жетісуда,  Верный,  Бішкек 
қалаларында  əртүрлі  чиновниктік  қызметтер  атқарады.  Қызмет  жасай 
жүріп  Жетісуды,  Қырғыз  елдерін  аралап,  олардың  тұрмыстарымен 
танысады. Өзі де   өлеңдер жазады.  Жетісуда болған сапарында атақты 
Сара  ақын Тастанбекқызымен кездесіп, оның аузынан Біржан мен Сара 
айтысын жазып алған. Кейін «Біржан сал мен ақын Сараның айтысқаны» 
деген атпен жеке кітап етіп бастырады. Əріп пен Сара жақсы таныс, дос 
болған. Бір-бірін ұнатқан деген де сөз бар. Əріптің «Сараға» деген өлеңі 
бұл сырды нақтылай түседі. Өлеңге қарағанда Сараның да Əріпке көңілі 
теріс емес, екеуінің арасында құпия сыр бар тəрізді. 
                    Хақиқат шын ғашық жар дегізіп ең, 
                    Əуелден тілің ұшын емізіп ең. 
                    Ақырда сөз аяғы қайыр болсын
                    Дегендей камал тоят жегізіп ең… 
Əріп  Тəңірбергенов 1888-1889 жылдары  Жетісудан  өз  еліне 
қайтады,  Семей  уезіне  қарасты  жерлерде  əртүрлі  қызметтер  атқарады. 
Абаймен,  оның  айналасындағы  ақындармен  байланысы  күшейеді. 
Абайға  жазғандарын  көрсетіп  сынатып  та  отырады.  Абай  Əріптің 
«Зияда-Шамұрат» атты дастанын сынайды. Мысалы: 
                 Сөз айттым «Əзіретəлі, айдаһарсыз, 
                 Мұнда  жоқ  «алтын  иек,  Сары  ала  қыз,-  деген  жолдар 
Əріптің дастаныдағы Хорлы қыздың портретін беретін. 
                 Ақ тамақ, алтын иек, мойындары, 
                 Ұжмақтай  иістенген  қойындары,-  деген  жолдарды 
сынаудан туған. Əріп Абайдың сынын мойындап, ол ұсынған жаңашыл 
бағытты  жақсы  түсінеді.  Абай  шығармаларын  сүйіп  оқиды,  үлгі  алып, 
насихаттап отырады. Сондықтан да ол: 
                  Абайды жарасады мақтағанға, 
                  Алмас қой екі жүзді сақтағанға. 
                  Алтынға су тигенмен қараймайды, 
                  Жұдырық хан артынан боқтағанға,-дейді. 
 Өзі  өлең  жазумен  қатар  Ə.Тəңірбергенов  орыстың  классикалық 
əдебиетін, Пушкин мен Лермонтов мұраларын көп оқиды жəне олардың 
Абай  дəстүрімен  қазақша  аударады.  Пушкиннің  «Евгений  Онегин»  
романынан үзінді, Лермонтовтың «Ақын өліміне» атты өлеңін аударған. 
Əріп  Тəңірбергенов 1924 жылы, 21-июньде  өзінің  туған  жерінде 68 
жасында дүние салған.  
Ақынның төңкеріске дейін «Зияда-Шамырат» атты кітабы басылған, 
көптеген өлеңдері жинақтарда жəне жеке кітап болып, 1920-1940 жылдар 
арасында  бірнеше  рет  басылды.  Кейін  ақын  шығармалары 
«Ұмытпаңыздар,  мені»  деген  атпен  жеке  кітап  болып  жəне  бірнеше 
жинақтарда үзбей жарияланып келеді. 
«Зияда-Шамырат»  Шығыстың  қиссашыл  ақындарының  əсерімен 
жазылған туынды. Автор мұнда шығыс халықтары арасында көп тараған 

 
63
«Мың  бір  түн», «Сейфіл-Мəлік», «Жүсіп-Зылиқа»  сияқты  атақты 
дастандардағыдай таза махаббатты, шынайы достықты мадақтайды. 
Бағдат  патшасы  Мұхтардың  көп  жылдар  бойы  зарығып  көрген 
жалғыз баласы Зияда түсінде көрген Хорлы деген қызға ғашық болады. 
Ел-жұрты,  ата-анасының  өтінішіне  қарамастан  Хорлыны  іздеп  перілер 
мекені  саналатын  Иранбаққа    он  екі  мың  əскермен  аттанады.  Мұхит 
үстінде  күшті  дауыл  соғып,  он  екі  мың  адамнан  тек  Зияда  жəне  оның 
Құсмүлие  атты  жолдасы  ғана  аман  қалады.  Жағаға  шыққан  екеуі 
зеңгілерге  кездесіп  соғысады,  отыз  мың  қолмен  болған  шайқаста  Зияда 
жеңіліп зеңгілерге Құсмүлие екеуі тұтқын болады. Зеңгілердің патшасы 
бұлардың етін жемек болып, оларды зынданнан алып келуді бұйырғанда, 
олар  зеңгілердің  он  бес  мың  əскерін  қырып  тастайды.  Содан  соң  Зияда 
мен Құсмүлие екеуі көп мехнат шегіп, кейін сəнді үйлері бар, сұлу көлі 
бар  бір  баққа  кез  болады.  Осы  жерде  дем  алып  ұйықтап  жатып,  Зияда 
түсінде Хорлы қызды көреді. Онымен сөйлеседі. Тынығып алған соң Қап 
тауынан жаяу аспақ болып жүріп кетеді.. 
Зияда  түсінде  көрген  Хорлыны  іздеп  ғашықтық  күйініші  мен  жол 
азабын  тартып  жүргенде,  Хорлы  да  түсінде  Зияданы  көріп,  ғашық 
болады.  Хорлы – Мысыр  патшасы  Заданың  қызы  екен.  Оның  өзімен 
туысқан  Шамырат  дейтін  ағасы,  Ғайын  атты  сіңілісі  бар.  Түсінде  көріп 
ғашық  болған  қарындасы  Хорлының  тілегін  орындау  үшін  Шамырат 
Зияданы іздеп Бағдат патшалығына он мың əскермен сапар шегеді. Бірде 
серуендеп жүрген Мұхтар патшаға кез болады..Танысып, Мұхтар патша 
Шамырат  пен  серіктерін  қонақ  етіп,  сегіз  мың  əскер  қосып  береді.  Он 
сегіз  мың  əскермен  Шамырат  Зияданы  іздеп  Иранбаққа  аттанады.Теңіз 
үстінде  сұрапылға  ұшырап,  əскерлері  опат  болады.Осындай  азапты 
кезеңдерден  өтіп  Шамырат  перілердің  бағына  кез  болады.  Дайын, 
салулы  төсекке  жатады.  Түс  көреді,  түсінде  перілердің  патшасы 
Муфталдың  қызы  Лəззатыбалды  көріп,  оған  шын  ғашық  болады. 
Лəззатыбал  да  оған  түсінде  көріп,  жеті  жыдлдай  ғашық  болған  екен. 
Екеуі  қосылады.  Шамыраттың  өтініші  бойынша  Лəззатыбал  Зияданы 
іздетеді.  Қап  тауында  адасып,  азап  шегіп  жүрген  Зияда  мен  оның 
жолдасы Құсмүлиені перілер тауып алады. Бұлар көп ай бойы тынығып, 
кейін  Мысырға,  Шамыраттың  еліне  келеді.  Ғашықтықтың  ауыр  азабын 
тартқан Зияда мен Хорлы қосылады. Азап күндерде Зияданың жолдасы 
болған  Құсмүлие  Хорлының  сіңілісі  Ғайынды  алады.  Шамырат  Мысыр 
патшалығына,  Зияда  еліне-Бағдатқа  барып  патша  болады. «Зияда-
Шамырат»  дастанының  мазмұны  осындай  екі  желіден:  Зияда  мен 
Хорлының,  Шамырат  пен  Лəззатыбалдың  ғашықтығы  жайындағы 
оқиғалардан тұрады. 
Ақын  өлеңдерінің  тақырыптары  сан  түрлі. «Ғылым  туралы»  деген 
өлеңінде  ақын  қайшылығы  мол  өмірді  тынымсыз  теңізге  баласа, 
ғалымды  теңіздің  асау  толқындарын  жарып  өтіп,  аман  алып  шығатын, 
қиындық жеңетін күшті кемеге меңзейді. Ғалымды кемені ақыл-айламен 
басқаратын ысылған, шебер теңізші бейнесінде суреттейді. Мысалы: 

 
64
Дүние-теңіз, ғылым-кеме,  
Кемесіз терең суға түсем деме.  
Толқыны тауға ұқсаған мынау заман,  
Сезе ме мұны даңғой, жаҺил неме.  
Ақын  бұл  өлеңінде  тек  ғылымды,  оқу-өнерді  насихаттап  қана 
қоймайды,  сонымен  бірге  өмір  туралы  өз  көзқарасын  да  білдіріп 
отырады. Əріп қайшылығы мол, дау-шары көп заманды мылқау күшке – 
асау  теңізге  теңейді,  əділетсіз  заманның,  ғылымсыз  надан  өмірдің 
халыққа зиянды, азапты бейнесін көрсетпек болады: 
             Суы ащы бұл теңіздің, іші жайын, 
              Толқыны төңкерілер барған сайын. 
              Қауіпсіз балық аулап, пайдаланар, 
              Сенімді кеме болса, кімде дайын. 
Өмір  тартысына  көз  жіберген  ақын,  замана  жайын    терең  түсінген 
Əріп ғылымсыз қалған қазақ тұрмысына қатты қиналады: 
                Кемесіз суға кетер арандаған, 
                Себепсіз ешбір нəрсе жаралмаған. 
                Малтумен көрген күнің құрып қалсын, 
                Ұят қой анда-санда қараңдаған. 
                Толқынға кемеменен ыңғайлы бол, 
                 Бір білгіш морякпенен ұстасып қол. 
                 Ғылым – кеме –көңілдің таянағы, 
                 Əне, жаным, сүйткенде табасың жол.       
Ə.Тəңірбергенов  халық  тұрмысындағы  ескі-салт  санаға,  жарамсыз 
əдет-ғұрыпқа  да  сын  көзімен  қараған.  Əсіресе,  қазақ  тұрмысына  қатты 
сіңіп,  үлкен  індетке  айналып  отырған  қалың  малды  қатты  сынайды. 
«Қалың    мал»  атты  өлеңінде  бұл  мəселелерге  жан-жақты  тоқтайды. 
Өмірден  өзіндік  жар  таңдауға  еркі  жоқ,  қалың  малдың  құрбаны  болған 
қазақ қыздарына қатты ашынады.  
Əркімнің жаман, жақсы өз теңі бар,  
Ықтияр бірін-бірі сүйіп таппақ,  
Жаман мен жақсы қайтіп қызық етер  
Жаман дерт жазылмайтын мазаң кетер.  
Жоғалтқан жанды адамның ықтиярын   
Халықтан осы дағды қалса нетер.  
Ел  тұрмысына  қалың  малдың  қасіретімен  сіңген  əмеңгерлік,  көп 
əйел алушылық сияқты сұмдықтарды батыл əшкерелейді.  
Жас қызды алпыстағы шал алады,  
Əйел жағы тағы кем саналады,  
Əлгі шалда үш қатын бұрын болса,  
Мал беріп төртінші қып ала алады… 
Шатылып  жалғыз  қазақ  тəңірі  атқан…  деп,қазақ  халқының 
тұрмысындағы осындай ауыр індетке қатты қиналған ақын келер күннен 
үміт үзген емес, ол халқының болашағына үмітпен қарады: 
                   Бір болар бұл əдеттің қалар күні, 

 
65
                   Осыған армандының біреуі өзім. 
                   Тағы өзімдей өзгені көрген көзім, 
                   Адамды адам тұсап, малға сатқан, 
                   Қиянатқа қапа боп, жазған сөзім 
Ə.Тəңірбергеновтың  бірқатар  өлеңдері  дидақтикалық  сарында. 
«Ақыл», «Дүние  туралы», «Иман  туралы», «Алланың  хакімлігі  өз 
затынан», «Өлім  туралы», «Нəпсіге»  т.т.  Ақын  бұл  тақырыптағы 
шығармаларында  дүние  мен  өмір,  адалдық  пен  адамгершілік,  ынтымақ 
пен достық жайында өсиет, өнеге айтады.  
            Дүние – қонып көшпек, пəни сарай, 
            Бақи деп босқа алдандық мұнда талай. 
            Тірі өлер, жаңа тозар, жас қартаяр, 
            
Ойлашы, қайтып келмес, осы қалай.? –деп дүниенің, өмірдің 
үнемі  өзгерісте  болатынын  айтады.  Адам  өмірінің  саналы  мақсатқа, 
шынайы адамгершілікке, адал еңбек пен əділетке негізделуін тілейді.                
                    Ақылдың алты түрлі бар нұсқасы, 
                    Нысап, рахым, ар, ұят, сабыр, сақтық – 
                    Алты түрлі нəрсеге ноқта тақтық. 
                    Алтауының ішінде нысап əділ, 
                    Бесеуінің тетігін соған ұстаттық.            
Əріптің лирикалық өлеңдерінде орыстың классикалық поэзиясының, 
ұлы  Абайдың  ықпалы,  əсері  бар.  Ақынның  суреткерлігі  де  халықтық 
тілдің  мол  қорын  сұрыптай  пайдаланып,  қажетке  жаратуы  да  оның  өз 
көзқарасына,  таңдаған  тақырыбына,  сөз  еткен  мəселесіне  байланысты 
болып отырады. 
Əріп  өзінің  мақсатына,  жасағалы  отырған  көркем  бейнесіне, 
образына  сəйкес  көркем  сөздерді  түрлендіріп  қолданады  да,  жаңа 
теңеулер,  эпитеттер,  метафоралар,  жаңа  сөз  тіркемдерін  жасайды. 
«Уақтында көңіл құсы-тудың артып», «Қараңғы көңілімнің ай мен түні», 
«Шолпандай  адам  едің  жаһан  көркі», «Сорса  алтын  қасықтай  балға 
малған», «Ақ  меруерт  отыз  тісің  қырлап  жонған», «Қамыс  бармақ 
қайысып  іс  тіккенде», «Мен  түгіл  жансыз  темір  нұрыңа  мас»  т.б.  сөз 
тіркемдері  Əріптен  бұрын  бұл  түрінде  айтылмаған.  Ақынның 
шығармаларында  ауыстыру  мағынасында  қолданылған  сөздердің 
троптың, метафораның-басқа түрлері де көп кездеседі. 
 Кейіптеу,  метанимия,  синекдоха,  аллегория,  ирония,  сарказмдер 
түр-түрімен  қолданылады.  Əріп  шығармаларындағы  қанатты  сөздер 
туралы  айтқанда,  ол  көп  ойын  ойшыл  Абайша  құруды  мақсат  еткен. 
Сондықтан  оның  шығармаларында  Абай  үлгісімен  құрылған  сөз 
тіркестері, Абай қолданылған сөз өрнектері жиі ұшырайды. 
Абай: 
Əннің де естесі бар, есері бар, 
Тыңдаушының құлағын тесері бар,-десе, 
Əріп: 
Өлең де бұл дүниеге керек ғамал, 

 
66
Ішінде мұңы да бар, ақыл да бар,-дейді. 
Өнер ғылымды байлықтан жоғары бағалаған Абай: 
Бір ғылымнан басқаның 
Кеселі көп асқанға,-десе 
Əріп: 
Ғылым-дана, өмірде қор болмайсың. 
Ғылым кеме-көңілдің тиянағы,-дейді. 
Қорыта  айтқанда,  Ə.Тəңірбергенов-XX  ғасыр  басындағы  қазақ 
əдебиеті  тарихында  өзіндік  орны  бар  көрнекті  ақын.  Ол  өзінің 
ақындығын  үгіттік,  насихаттық,  арнау  өлеңдерден,  шығыс  əдебиетінің 
əсерімен  қисса-дастандар  жазудан  бастаса,  қазақтың  ұлы  ақыны 
Абайдың  үлгісін  алып,  оның  ақындық  өнерінен,  орыс  əдебиетінен 
творчестволықпен үйрену арқылы демократтық бағытқа келді. 
Ақын  шығармаларының  тілі  өткір  əрі  көркем  болып  келеді. XX 
ғасыр  басындағы  демократтық-ағартушылық  бағытта,  сыншыл  реализм 
дəстүрінде дамыған қазақ əдебиетінің тарихында ақынның өзіндік орны 
бар. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет