Сұрақтар мен тапсырмалар
1.
А.Байтұрсыновтың «Қазақ» газетін шығаруы, ол газеттің
қазақ баспасөзі тарихындағы орны.
2.
А.Байтұрсынов жəне Алаш партиясы туралы не білесің?
3.
«Қырық мысал» жинағына талдау жаса, ақынның
аудармашылық шеберлігін анықта.
4.
А.Байтұрсынов кітабы не үшін «Маса» деп аталған?
5.
Ақын өлеңдерінің идеялық- көркемдігі қандай?
6.
А.Байтұрсыновтың қазақ тарихындағы орны неде деп
танисың?
МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ
Жоспары :
1. М.Дулатовтың өмірі мен қоғамдық қызметі
90
2. «Оян қазақ» өлеңдер кітабы
3. «Бақытсыз Жамал» романы
4. М.Дулатов шығармашылығының маңызы
Əдебиеттер:
1. Міржақып Дулатов «Оян, қазақ». 1993.
2. Міржақып Дулатов. Шығармалары.1992.
3. Ш.Елеукенов. «Жаңа жолдан». 1993.
4. С. Қирабаев. «Əдебиетіміздің ақтаңдақ беттері». 1994.
5. З. Қабдолов. Нұрғалиев Р. Қазақ əдебиеті. 1996.
Ахмет Байтұрсынов қазақты қалың ұйқыдан маса болып оятқысы
келсе, Міржақып Дулатов заман талабын саяси ұран дəрежесіне көтерді.
«Оян қазақ» атты кітабы жарияланғанда, Міржақып небəрі жиырма бес
жаста еді.
М.Дулатов 1885-жылы 25-қарашада Торғай уезінің Сарықопа деген
жерінде туады. Руы - арғын, оның ішінде - Мадияр. Соңғысын ол кейін
өзіне лақап етіп алған.
Əкесі Дулат жуан тұқымнан саналады. Сол тұстағы əдет бойынша
Міржақып та естияр жасқа жеткенде, ауыл молдасына сабаққа беріледі.
Бірақ пəлендей білім алып жарымайды. Бұған көзі жеткен əкесі оны ауыл
мұғаліміне оқытады. Міржақыптың орысша, қазақша қара тануы Мұқан
Тоқтабайұлы есімді ауыл мұғалімінен деседі.
Өнер-білімнен ерте сусап құмарланған жас талап 1897-жылы Торғай
қаласындағы əйгілі екі кластық орыс қазақ училищесіне оқуға түсіп, оны
1902- жылы бітіріп шығады. Бұдан əрі ол еш жерде оқымаған. Өзінің
таудай талабы, зейінділігі арқасында Міржақып бүкіл халқына əйгілі
қоғам қайраткері, ақын, жазушы болды. Ол оқу бітірісімен қатарынан
жеті жыл, 1909-жылға дейін өзінің елінде мұғалім болып, бала оқытады.
Міржақыптың ел-жұртының мүшкіл халін зерттеп, қайта оны тұйықтап
алып шығуға болады деп ойлайған, өзінше жоспар құрған кездері дəл
осы тұс. Жəне ойлағанын іске асыру үшін нақтылы харекетке көшеді.
1907-жылы Петербургта жалт етіп жоқ болатын «Серке» атты газетке
өлеңін бастырып үлгереді. Ал, 1909-жылы Уфадағы «Шарх»
матбуғатынан «Оян қазақ» аттты өлеңдер жинағын жарыққа шығарады.
Бір жылдан соң 1910-жылы Дулатов қаламынан қазақтың тұңғыш
романы «Бақытсыз Жамал» жарық көрді.
1913-жылы Дулатов Орынбор қаласына келеді. Сонда Ахмет
Байтұрсыновпен бірге «Қазақ» газетін шығарысады. 1913-жылы Қазанда
«Азамат» атты жинағы жарияланады.
Бұдан кейін М.Дулатов баспа орындарында істейді. Оқытушы
болады. «Ақ жол» газетінде, Қазақстан мемлекеттік баспасында,
«Еңбекші қазақ» газеттерінде қатардағы əдеби қызметкер болып жұмыс
жасаған. Одан əрі шаң бере бастаған сталиндік репрессияның тырнағына
ілінеді.. 1935-жылы концлагерьде қаза табады.
91
М.Дулатовтың əдеби творчествосы екі үлкен ерекшелігімен көзге
түседі.
Біріншісі-шығармаларының
сол
кездегі
ұлт-азаттық
қозғалысымен
тікелей
байланыстылығы.
Екіншісі-ағартушылық,
демократиялық тұрғыдан не істеу керектігі айтылғандығы. М.Дулатов
қазақ əдебиетінің дамуына жаңа бет ашады.
«Оян қазақты» бір жағы саяси трактат, тарих оқулығы ма дейсің.
Тек сауаты жоқ қалың қазақтың жаттап алуына қолайлы болсын деп,
өлеңмен жазылған. Автор сөзін «Халық үшін», əсіресе, «ХХ ғасыр
жастарына» арнап отырғанын жасырмайды.
Міржақыптың «Оян қазақ» үшін көретін жері осы болса керек. Ол
царизмнің отарлық саясатын қатты шенейді. «Жеріңе тимеймін» деген
уағда далада қалғанын сынайды:
Тұманға кірді біздің қалың қазақ,
Арты жар, алды тұйық бұл не ғажап.
Бірақ адасқанға кім басшы болып жүр? Дулатов қазақтың азын
аулақ интеллегенциясын, ұйқы басқан қазақты оятуға шақырады. Бір
айта
кететін
нəрсе-
Міржақып
дүниетанымы
ағартушылық
демократиялық мұраттардан əрі аспайды. Осыған байланысты патша
əкімдерінің «Оян қазаққа» неліктен соншама шұқшиғанына қайран
қаласың? Мұнда революцияға, патша үкіметін жоюға шақырған ұран
ұшыраспайды. Автор дүниедегі өнеркəсіпте революция нəтижесінде
қандай өзгеріс болып жатқанын айта келе, өнер білімге шақырады:
Үйренген халықпыз ғой кемшілікке,
Талпынып ұмытылмайтын кеңшілікке,-дейді.
«Бір күні тыпырлауға шамаң келмей қалар, қол аяғың бос тұрғанда
қимылдап қал» дейді. Мұның мəнісі əлгіндей, өнерлі халық атану үшін
харекет ету.
Осындай халықтың жалпы ахуалына тоқтала отырып, Дулатов ел
ішін жайлаған мерездерді дөп басып атауды жөн көреді.
«Сайлау хақында» өлеңі қырық жылдан бері өткізіліп келе жатқан
сайлау системасы, ол ел тонаған кесапатқа айналғанын сынайды. Бар
шығын халық мойнына түседі. Төбелес жанжал, керіс əңгіме көбейеді.
Ағадан іні айрылды, атадан ұл,
Ағайын арзандады, қымбаттап пұл.
Сатылды ғазиз ұждан аз ақшаға,
Ғаламаты надандықтың емес пе бұл.
«Қазақ жерлері» өлеңі патша үкіметінің 1868-жылғы пəрмені
бойынша Қазақстан жерінің қазына меншігіне берілу зардаптарын
ашына айтады. Отаршылдық саясат жергілікті халықты жер-суынан
айырды. Егін салатын жақсы жер де қалмады. Ащы су, шөл далада ел
күні не болады? Мұжықтар егін салып, байып кетті. Сен неге өйтпедің?-
деп қапаланады автор.
«Мешіт, медресе хақында», «Қазақ халқына діни бар уағыз» атты
өлеңдерінің тұла бойы қайшылыққа толы. Бір жағы сəбилерді азапқа
салатын медреселер, надан молдалар сыналса, екінші жағынан қазақ
92
ішінде мешіт, медресе салу жөнінде мəслихат беріледі. Дегенмен,
Дулатов ұсыныстарында бұрысынан дұрысы көп. Қазақты
шоқындыруды көздеген миссионерлік сыналады. Дулатовтың екі тіл
игеру мəселесін алға тартқаны ерекше көңіл бөлерлік жайт. Атап
айтқанда, ол мынадай ұсыныс енгізеді.
Медресеге сайлансын екі молда,
Бір оқытсын мұсылманша, бірі орысша.
Педагогика тəртібімен оқытса олар,
Қазағым, кетер едің сонда алға.
Ақын жастарға, оқығандарға, кедейлерге, халықтың басқа да
топтарына білген мəслихатын айтады, қиянаттан құтылып, қой үстіне
бозторғай жұмыртқалайтын заман туар ма?-деп армандайды. ( «Өнерін
халық пайдасына жұмсап жүрген оқығандарымызға», «Таршылық
халіміз хақында аз мінажат») Сонымен қатар, бұл өлеңдерде қазақ ішін
мерездей жайлаған алауыздық, пайдалы іске біреу бастап шықса, көре
алмай жан-жаққа тарту мінезделген. Көріп отырғанымыздай, Міржақып
жалпы қазақ арасын əлеуметтік тап, топқа жіктеп те айтады. Солардың
бəрі де халықтың мына мүшкіл халі үшін жауапты. Ол үстемдердің де
жазасын береді.
Бай, мырза, халық билеген ұлығымыз,
Пайдасыз жемісі жоқ қу ағаштай,-дейді.
Міржақып Дулатов өзінің анау-мынау саяси бағдарламадан кем
түспейтін жинағында семья құру, бас бостандығы мəселелеріне де назар
аударады. Бесікте жатқан нəрестеге құда түсу, əмеңгерлік, көп əйел алу,
тағы басқа да кеселдер қазақ ішін əбден титықтатып, дау-шардан көз
аштырмастай халге жеткен. («Жесір даулары хақында») Бұл жөнінде қыз
айттыруға асықпайтын, кəмелетке жеткенше оқу оқытып, адам қылатын
татар ағайындардан үлгі алуға шақырады. Ұзақ өлең тек сүйген
жүректердің қосылуын мадақтайтын жолдармен аяқталады. Ақын осы
ойын «Жігіттерге» деп аталатын өлеңінде де қайталайды.
Тең болып, екі зайып қосылса егер.
Арман не ол уақытта о дариға-ай.
Жігіттіктің алуан шарты бар. Тəні басқа, жаны бір жар табу
оңайлықпен келмейді. Ұнатудың жөні өзге.
Жəне де құр сұлу деп қарамалық,
Сыр-сипатын көрелік көз жіберіп.
Сырты алтын, іші фальш болып шығып,
Сан соғып, құрбыларым, өкінбелік.
«Насихат ғұмұмия» атты ұзақ өлеңінде ол ғибрат өлең жазуын
өзінше түсіндіреді. Қасыңнан ұран салып шауып өткенде шын жүйрік
болсаң, кермедегі жарап тұрған арғымақтай желікпей қалмассың, - дейді.
Ақын адамгершілік, ар-инабатқа жетектейтін көп кеңес айтады. Жиырма
беске енді келген жас Дулатов мəслихаты кезінде ел ішінде сіңісті
болған. Оның мəтелге айналып кеткені қаншама.
93
Міржақып кеңес насихатының қоғамдық маңызы əлі де зор. Өйткені
оның бəрі халық, ел қамын ойлаудан туған. Айталық, жігітке мінезің тал
жібектей майда болсын деп ақыл қосқанда – бұл тек сол жастың өз
басының жақсы болуын тілегендіктен тумаған. Халқына қызмет етем
деген кісіде əңгеселік, өр кеуделік, қаттылық болмауы шарт. Өнер-
білімің таудай болса да, халқыңа қызмет етпесе, пайдасы шамалы.
Пайдасыз ғылымда жоқ ешбір опа,
Ішуге ащы судай жарамайтын.
Болғайсың таудан аққан тəтті бұлақ,
Ыстықта шөлдегендер жабылатын.
Қысылған мұқтаждарға жəрдем беріп,
Халықтың өзіңе аудар махаббатын.
Қадірің дос-жаранға болсын сондай,
Сыртыңнан көрмегенде сағынатын.
1913-жылы М.Дулатов «Азамат» атты жаңа жинағын жарыққа
шығарды. Ақын лирика жанрына құлаш ұрады. «Шағым», «Мұң»,
«Қайтер едің», тəрізді өлеңдерінде ел қамы, ердің жүрегінде қайнап
шыққан сезім ұшқындары еріксіз тəнті етеді. Лирикалық қаҺарманның
жан қайғысы ел қайғысынан туындайды. «Жүректен қашан шығар
қадалған оқ» деп қиналса да, үмітін үзбейді, əділдіктің із салмай
қоймайтынына сенеді. «Шағымда» мынадай жолдар бар:
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі,
Пайдалан шаруана жараса, алаш.
«Алаш» деп бұл арада қазақты айтып отырғанын түсіндіріп жатудың
қажеті жоқ. «Алаш» партиясы революциядан кейін құрылған ұйым.
Мұнда насихат, назым кездеспейді. Бұл келтірген жолдар азаматтық
лирика лебінен туған.
Қазақ романының тырнақ алдысы- «Бақытсыз Жамал» 1913-жылы
Міржақып қаламынан туған.
Алдымен ескеретін жайт-«Бақытсыз Жамал», оның ізін баса
С.Көбеевтің
«Қалың
мал»,
С.Торайғыровтың
«Қамар
сұлу»,
романдарының жарық көруі кездейсоқ емес. Оның үлкен заңдылығы
бар.
Тұңғыш қазақ романы 1910-жылы туды. Оған алдымен шындық
дүниедегі, қоғамдағы күрт өзгерістер себеп болды. Əдебиеттің миуа
ағашы толысып, жаңа жанр көктеуіне қолайлы жағдай туғызды.
«Бақытсыз Жамалдан» біз сол кездегі қазақ қауымы тұрмысын,
жеке-дара адам өмірін, күй-жайын суреттеген мол көрініске кездесеміз.
Қазақстанның Россияға қосылғаннан кейінгі ахуалына молығамыз.
Романдағы тартыс лиро-эпостағы тартыстарды еске түсіреді. Қозы
мен Баянның моласында екі гүл өсіпті, ортасынан тікенек шығыпты, ол-
Қодар деген аңыз бар ғой. Екі сүйген жүрек Жамал мен Ғали арасында
да сондай бір Жұман деген жексұрын пайда болады. Міне, осы
94
тартыстың енді қоғамдық желісі, астары айқын ашылады. Жүректі алып
ұшқан романтика, сиқырлы махаббат əуені күнбе-күнгі өмір тауқыметіне
жолығып итіс-тартыс күресте көр соқыр күштер басым түсіп, жеңіледі.
Міне, бұл нағыз романға тəн тартыс. «Жүрек поэзиясымен оған қарама-
қарсы тұрмыстық қатынастар прозасы арасындағы тартыс».
Жамал ақын жанды, нəзік сезімді, ақылды қыз боп бой жетті. Ол бір
күні өзіне тең есті жігіт Ғалиға ұшырасады. Екі жас бірін-бірі ұнатады.
Бірақ қатал заман заңы олардың махаббатының алдынан кесе көлденең
тұрады. Осының арты насырға шауып, ақыры қасіретпен бітеді.
Роман авторы жаңа жанр заңы бойынша кейіпкерді жақсы не жаман
деп атау жеткіліксіз екенін əбден біледі.. Қыз ұзатылатын тойда бозбала
жігіттер ұйымдасып, күйеуінің жамандығын Жамалдың бетіне баспақ
болып, өлең шығарған. Жамал өлеңнің мазмұнына түсінеді. Бірақ оны
айтып отырған жігіттің өз ойынан өлең шығаратын дəрмені жоқ
екендігін сезеді. Жамал оған өлеңмен ұстамды жауап қайтарады.
Жамалдың жай бір шөпжелке еместігі, оның ой-өрісі, талғамы болашақ
күйеуі Жұманға қалай баға беруінен де көрінеді,. Жамал бой жеткен соң,
күйеуінің нашар екенін біліп, көңіліне күннен күнге уайым, қайғы түсе
бастайды.. Жұман көруге де қораш, əрі таз. Бірақ Жұманды сипаттау осы
бір баяғыдан фольклор арқылы сіңісті болған түсінікпен аяқталмайды.
Роман жанры əлдебір уақ-түйек, болымсыз нəрселер, деталь суретімен
кейіпкердің сырын аша береді.. Жұманның бозбалалық етем деп қызы бар
үйдің босағасында ұйықтап қалғаны, қыздың əкесі таңертең: «Тұр, балам,
ұйқың қанған шығар» деп үйіне жіберуі сүйекке таңба ғой. Енді осындай
иісалмастың нойыс, дойыр мінезді болып шыққанын қайтерсің. Ғали өліп,
Жамал айттырған жеріне қайта баруға мəжбүр болғанда, оған көрмегенді
көрсетеді. Жамалдың үстінен таяқ түсірмейді. Ақыры, Жамал үйінен безіп,
қыстың күні айдалада суыққа ұшып өледі.
Жамал бейнесінен жаңа адамның да белгілерін табуға болады.
Оқығандығы, қалаған кісісіне тұрмысқа шығу үшін бел байлап, Ғалимен
қашып кетіп, тұрмыс құруға бел байлауы Жамал бейнесін кесектендіре
түседі. Жұманның он теңге алтын мен бір теңге бақырды айыра
алмайтыны Жамал түсінігінше болашақ күйеу үшінмін. Сахараға бойлап
кірген сауда-саттық ісіне икемі жоқ кісіні ендігі қазақ кемсітуге шыққан.
Осы тұрғыдан Жамалдың Ғалиға не себепті ынтық болғаны
түсінікті. Сыпайы мінезді, əдептілігі үшін ғана емес, əрине, Қызылжар,
Тройцкіде медресе бітірген Ғали мұғалім де болып кете алар еді. Ол
оқуды қойып, азырақ саудамен айналысқан. Атасы бай адам болмаса да,
ынталы жігіт.
Бұл жерде түйіп айтатын бір нəрсе- Міржақып Дулатовтың осы
романымен сыншыл реализмге қарай ойысқандығы еді. Ол қазақ
қоғамында буржуазиялық қатынастардың жайлай бастағандығын
көрсеткісі келген. Романда Бегжан ауылнай деген бір көрініп жоқ
болатын кейіпкер бар. Бірақ бір көрінсе де бірегей көрінеді. Ол «Қалың
малдағы» Итбай сияқты мəңгі есте қалатын характер, мақтаншақ, бөспе,
95
өзін көтере сөйлегенді жақсы көреді де, өтірікті судай сапырады. Енді
шығарманың сол тұсынан үзінді келтіріп көрелік.
Бегжан жаңа ғана төре отырған үйден шықты. Ол жерде өзін қалай
ұстағаны оның маңдайынан тер будақтап, бөркін қолына ұстап, есі
кеткенінен-ақ көрініп тұр. Ал, сырттағы жұртқа көрсеткен қыры өзгеше.
Крестянски началниктің не шаруамен келгенін кейінге қалдырып,
алдымен өзін-өзі марапаттап тұр.
Роман аталған жанр адамның ішкі дүниесіне, жан-күйіне, ондағы
əлем тапырық арпалысқа бойлауы тиіс. Бұл талапқа хал-қадерінше
«Бақытсыз Жамал» жауап беруге тырысады. Автор кейіпкерлерінің
рухани əлемін бұған дейін кезіге бермеген əдіспен суреттеген. Мұндағы
ішкі монолог өлең түрінде айтылады. Жамал - қаншама оқыды дегенмен
ауыл қызы. Өзін кіммен атастырғанын білген соң қатты қапаланады.
Ішінен қайғыланса да, басқа біреумен бөлісудің есебін таба алмайды.
Содан «көңілдегі қасіретімнің оннан бір бөлігі шықпас па екен деп өз
басындағы халіне біраз өлең жазады». Ол жазғанын аз-мұз қара танитын
шешесі Шолпан оңашада қызының қол таңбаларын оқиды:
Мен қайран, атам малға сатқанына,
Бір тазды жалпақ елден тапқанына.
Аты өшіп тумай кеткір Жұман деген,
Мал беріп мені өзімсіп жатқанына.
Жамалдың қағазға шаққан мұңы əзір ата-анасының төңірегінен ұзап
кеткен жоқ. Оларға не жазып ем қор қылғандай?- деп торығады. Өзін
торға түскен сандуғашқа балайды. Ғалимен тұңғыш рет шілдеханада
кезіккенде сол мұңын сездіреді. Енді ол қыз баланы тұтқында өскен
жандай етіп, дүние көрсетпей өсіретін заманына өкпе айтады.
М. Дулатов бақытсыз Жамалдың жан сарайының сұлулығына да
оқушысын сүйсіндіреді. Елден қашып қаладағы Фатихолла саудагердің
үйіне тығылғанда, тиісті арыздарын берген соң, жасырып Қырық
құдықтағы нағашысы Бабас деген кісінің үйіне бара жатқан сапарда
Жамал көңілін қандай əсем жыр тербейді.
Аспанда ай мен жұлдыз, күні қандай,
Қалқыған мұнарланып түні қандай.
Суда балық, көлде құс, тауында аңдар,
Шулаған неше түрлі үні қандай.
Жаннаттай тамашасы жазы қандай,
Келетін ұшып аққу, қазы қандай,
Ескеріп өткен күнді кəрілері,
Жастардың жəне де айтқан назы қандай.
Сөйтіп, тозаңға өз ризашылығымен түседі. Басқа амалы қалған жоқ.
Бірақ өзін іштей азапқа салғысы келген шешімі де бар сияқты ма қалай.
Əйтпесе, боқтығына көнген Жұманға: «Мені өлтіретін болсаң,
біржола өлтір, əйтпесе, күйіп жүрген жанымды күйдірме»- деп айтар
ма?
96
Жұманға керегінің өзі де сол ғой. Ұрынарға қара таба алмай тұрған
жауыздың сілейтіп таяққа жығатынын білмейді дейсің бе? Ол қашып
шыққанда қаладағы Фатихолланы паналаймын, біреудің самаурынын
жақсам да, өз бетіммен күн көрем деп тек өзін алдарқатады. Қақаған қыс
ішінде түн ішінде жападан-жалғыз жолға шығуы қатерлі екенін сезбеді
дейсің бе? Ар жағындағы түрлі сезім оның қалтасынан шыққан өлеңде
айтылған. Бар ақиқат соның ішінде жатқан ащы сырда.
Алтын, гауҺар асылды,
Жерге көміп жоқ еттің.
Асфаханды қылышты,
Жасытып пəліш, бор еттің.
Жамал қыздың дауы деп,
Саумалкөл басын топ еттің.
Рахметің мол, құдайым,
Масқара мұнша неге еттің?
Ботасыз нардай бозадатып,
Мінекей, мені еңіреттің.
ҚаҺарыңды жіберіп,
Тең құрбымнан кем еттің.
Мұндай зарлы қылғандай
Мен бишара не еттім?
Ісіне көндім құдіреттің.
Бұдан əрі қарай жұлдызша қойған. Роман 1910 сана, М.Дулатов,
Петропавл деген сөздермен аяқталады.
М.Дулатов «Бар екен таудан аққан таза бұлақ»-деп басталатын
өлеңінде кейінгі ұрпаққа жүзі жарқын, болашағы нұрлы болу үшін əдемі
тағылым қалдырған:
Жұрт құмар бұлақ таза болғандықтан,
Жазудан мағынам сол менің ұққан.
Көңіліңді бойыңменен таза сақтап,
Пəклікпен арттырарсың сонда жұрттан.
Жүрегімізге жазып жаттап алатын аға ақылы керек болса, дəл
осындай болар.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. М.Дулатовтың қоғамдық - əлеуметтік істері туралы айт
2. «Оян қазақ» кітабының патша жандармериясы тарапынан
тəркілену себебі неде?
3. «Оян қазақ» кітабына енген өлеңдердің тақырыптық, идеялық-
көркемдік жəне жанрлық ерекшеліктері туралы айтып бер.
4. «Бақытсыз
Жамал»
романындағы
өмір
шындығының
реалистікпен берілу дəрежесі қандай?
СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ
(1893-1920)
97
Жоспары:
1. Сұлтанмахмут Торайғыровтың өмірі,шығармашылық қызметі
2. С.Торайғыровтың лирикасы
а. Азаматтық лирикасы
б. Көңіл-күйі лирикасы
в. Сатирасы
3. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың поэмалары
4. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың романдары
а. «Қамар сұлу» романы
б. «Кім жазықты» романы
5. Сұлтанмахмұттың публицистикасы
Əдебиеттер:
1. Қазақ əдебиетінің тарихы. 2 том, 2-кітап
2. Ы.Дүйсенбаев. Ғасырлар жыры. 1991
3. А. Еспембетов. Сұлтанмахмұт Торайғыров. (монография), 1993
4. Б.Кенжебаев. ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті. 1993
5. Ə. Дербісалин. Қазақтың демократияшыл əдебиеті. 1990
6. Т.Əбдірахманов. Жаңа ғасыр көгіңде. 1991
7. Сұлтанмахмұт Торайғыров, шығармалары. 2 томдық, 1,2
кітаптар. 1993
Соңғы кездегі деректерге қарағанда С.Торайғыров 1893-жылы 28-
Қарашада бұрынғы Омбы уезі, Шағырай болысы, Жантай ауылында
дүниеге келген. Болашақ ақынның əкесі Шоқпыт (Əбубəкір) момын,
кедей шаруа болған. Ол жоқшылықтың зардабынан, сонымен бірге ауыл
арасында жалшылыққа жүруді ар көріп, Омбы төңірегіндегі жездесін -
Шабардың баласы Қанапияны паналап келеді де, көп жылдар бойы
соның жылқысын бағады. Апа –жездесі тағы да сүйек жаңғыртпақ
болып Шоқпытқа Шаншар баласы Жабайдың Зүфнүн деген қызын
айттырып алып береді. Содан Сұлтанмахмұт, Бəшен деген екі ұл туады.
Сөйтіп, Сұлтанмахмұт алты жасқа шыққанға дейін бай нағашыларының
ауылында өседі, бірақ үш жасында анасынан жетім қалып, əжесі Мұнтай
бəйбішенің
тəрбиесінде
болады.
Осыдан
былай
қарай
Сұлтанмахмұттың балалық шағы сұлу Баянның қойнауында өтеді.
Ақыры, Сұлтанмахмұт он үш жасқа келгенде, Мұқан деген молдада оқи
бастайды. Ол қазақтың көне əдебиетін көп білетін, өзінің де аздап өлең
шығаратын өнері бар адам екен. Мұқан молда бірде араб-парсы
хикаялары мен қиссаларын қазақ тіліне аударатын болса, тағы бір сəтте
өз төңірегіндегі таныстарының бірін мадақтап, екіншісін мысқылдап
өлең шығаруды машық етеді. Он үш жасар Сұлтанмахмұт та ұстазына
еліктеп, құрбы- құрдастарына сықақ өлеңдер жаза бастайды, бірақ оның
алғашқы тырнақ алдылары сақталмай жоғалып кеткен.
98
Одан- бұдан амалдап сексен сомдай ақша тауып, қалашыларға
селбесіп, Сұлтанмахмұт Омбыға барады да, одан Тройцкіге тартып
отырады, өйткені сол бір жылдар қазақ жастары, көбінесе, оқуды
Тройцкі мен Уфа қалаларынан іздейтін еді. Талай қиыншылықтарды
көріп, кездескен кедергілерден өтіп, Тройцкідегі медресеге орналасады,
бірақ жас талапкердің сорына көзі трахома болып ауырып, зарығып
жүріп түскен оқуынан шығып қалады. Жығылған үстіне жұдырақ
дегендей осы кезде Сұлтанмахмұтта жөтел пайда болады. Ол бар күшін
салып, докторға қаранып көзін жазса да, бұл кезде қаражаты таусылады,
елдегі əкесіне хат жазып көмек сұрауға тура келеді. Сөйтіп, 1912-1913
жылдарының қысын оқумен сол Тройцкіде өткізеді.
Аздап болса да білімі молайған сайын Сұлтанмахмұт əрі қарай
оқып, тереңірек бойлай түсуді арман етеді, орысша да оқығысы келеді.
Бірақ жасы жиырмаға толып, ересек тартқан жігіттің орыс мектебіне
кіруге мүмкіндігі болмайды. Оның бір жағынан жасы асып кетсе,
сонымен бірге, жоғары класқа түсуге орысша білімі жетпейді. «Жазған
құлда шаршау жоқ» дегендейін Сұлтанмахмұт қайтсе де оқымақ болып,
қаражат табу үшін Тройцкі маңындағы қазақ ауылдарына шығады да,
бала оқытады. Күзге қарай Тройцкіге қайта оралады, бірақ оқуға түспей
1913-1914 жылдардың қысында «Айқап» журналында хатшы болып
қызмет атқарады.
Ел ішінде тұрақтарлық еш нəрсе таба алмаған соң, Сұлтанмахмұт
тағы да Семейге келіп оқу іздейді, қаражат жинау қамына кіріседі. 1916-
1917 жылдарды Сұлтанмахмұт Томскіде өткізеді: көп қиындықтарды
басынан кешіріп, бір жағы сырқатының беті қайтқаннан кейін ол
Томскіде отыра алмай, наурыз айының ішінде Семейге келеді де, сол
кезде ғана құрылған қазақ арасында жұмыс істейтін облыстық
комитетке мүше болады, сонда кіші хатшының қызметін атқарады.
Демек, дүрмек үстінде жас ақын алашшыл сарындағы сарындағы
шығармаларын жазады. Сұлтанмахмұт халық үшін қызмет атқарып
жүрмін деп сенеді, қазақ елін автономиялы ел етеміз деген ұлт
жандылардың соңына еріп, оларды қолдап қуаттайды. Атақты
шығармаларынан «Таныстыру», «Алаш ұраны», «Айтыс» т.б. осы
дəуірдің жемісі.
1918 жылдың көктемінде Сұлтанмахмұт Семейге қайтып келіп,
тағы да дəрігерлерге көрінеді, енді ауруының айықпасына əбден көзі
жеткен соң өз еліне, Баян тауына оралады. Сырқатына қарамастан, ел
арасындағы дау-жанжалдарға араласып, жарлы-жақыбайларға араша
түсіп отырады. Өз аулында жатып кітаптарды көп оқиды, өз білімін
толықтыра түседі, орыс тілін меңгермесе де, орыстың классиктері, ой
иесі данышпандарының еңбектерін құшырлана оқиды. Осы қарсаңда
өзінің белгілі поэмаларын «Адасқан өмір» мен «Кедейді» жазған.
Сұлтанмахмұттың
соңғы
тілек-армандарын,
ақырғы
күндерін
бейнелейтін деректер өте аз сақталған. Осыған орай ақын өмірі жөнінде
сан алуан жорамалдар бар.
99
Ақыры, 1920 жылы 21-мамыр күні Сұлтанмахмұт Торайғыров
тіршілік дүниесімен біржола қош айтысады.
Достарыңызбен бөлісу: |