Қайталау үшін сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Грамматиканың зерттеу объектісі нелер?
2. Лексикалық жəне грамматикалық абстракциялар бір-бірінен нелермен ажыралып
тьұрады?
3. Грамматиканың қандай салалары,түрлері бар?
4. Грамматикалық единицияларға нелер енеді?
5. Сөздің морфологиялық құрылымы дегенне?
6. Морфологиялық құрылымның өзгерістері қандай?
Пайдаланған əдебиеттер:
1.Кəкен Аханов. Тіл білімінің негіздері. Алматы 1978 ж.
2. Ə.Хасенов. Тіл біліміне кіріспе. Алматы 1990ж.
3. О.Азизов. Тилшуносликка кириш. Тошкент 1996 й.
4. Реформатиский А.А. Введение в языкознание. Москва 1967 г.
5. Кодухов В.И.Введение в языкознание. Москва,1979.
6. Dawletov. Тil bilimi tiykarlari Nоkis 2007.
9.Тақырып: Грамматикалық тəсілдер. Грамматикалық форма.
Тақырыптың планы:
41
1. Грамматикалық мағыналарды білдірудің тəсілдері (деривация, агглютинация )
2. Аффиксяция тəсілі ең кең таралған тəсіл
3. Iшкі флекция, қосарлану, бірігу тəсілдерінің тілдерде қолдану ерекшеліктері.
4. Көмекші сөздер тəсілі өнімді тəсілдердің бірі.
5. Грамматикалық форма грамматикалық мағына білдіретін тəсілдердің бірі.
6. Сөздің синтетикалық формаларының жасалуы
7. Сөздің аналитикалық формаларының жасалуы.
Таяыш сөздер: мағына, тəсіл, деривация, реляция, аффиксация, агглютинация, фузия,
флекция, қайталама қос сөз, біріккен сөз, тұтастықтар, көмекші сөздер, жалғаулықтар,
септеуліктер, демеулітер, көмекші етістіктер, орын тəртібі, грамматикалық форма,
синтетикалық, аналитикалық.
Грамматикалық мағыналардың екі түрі-деривациялық (аффикстер жəрдемінен) жəне
реляциялық (сөз тіркесіндегі) сөздердің өзара байланысынан туатын. Мағыналар бар екені
мəлім. Грамматикалық мағыналар тілде əр түрлі грамматикалық құралдар амал тəсілдер
арқылы беріледі.
Грамматикалық мағыналарды білдірудің жолы грамматикалық тəсіл деп аталады.
Оныңң бір неше түрлері бар-аффиксяция тəсілі, ішкі флекция тəсілі, қосарлану тəсілі,
біріктіру тəсілі, көмекші сөздер тəсілі, сөздердің орын тəртібі тəсілі, екпін мен интонация
тəсілдері.
Аффиксация тəсілі. Түбірге (немесе негізгі) аффикстер жалғау арқылы грамматикалық
мағынаның берілу тəсілі аффиксация тəсілі деп аталады. Аффиксация тəсілі грамматикалық
тəсілдердің ішіндегі ең кең таралған тəсіл. Аффиксация тəсілі-грамматикалық тəсілдердің
еАффиксация тəсілі грамматикалық тəсілдердің ішіндегі ең кең таралған тəсіл. Аффиксация
тəсілі-грамматикалық тəсілдердің ең кең тараған тəсіл. Бұл тəсіл түркі тілдерінде өте-мөте
жиі қолданылады. Аффиксация тəсілі түркі тілдеріндегі деривациялық мағынаны да,
реляциялық мағынаны да білдіреді. Демек, аффиксация тəсілі грамматикалық мағыналарды
білдіру үшін жұрнақтарды да, жалғауларды да пайдаланады. Грамматикалық мағынаның бір
түрі деривациялық мағына жұрнақтар арқылы берілсе, екінші түрі-реляциялық мағына
жалғаулар арқылы беріледі. Мысалы, -шік,-ғыш, -дыр жұрнақтары үйшік, жазғыш, жаздыр
деген сөздерде деривациялық мағынаны білдірсе,-лер,-іміз,-де жалғаулары үйлерімізде деген
сөзде реляциялық мағынаны білдіреді.
Аглютинативті тілдерде, мысалы түркі тілдерінде сөз аглютинация принципі бойынша
құралады да, түбірге аффикстер бірінің үстіне бірі жалғана береді. Агглютинация латын
тілінің agglutinatic-(жапсырылу, желімдеу) деген сөзінен жасалған термин, жалғамалы деген,
мағынаны білдіреді. Түркі тілдерінде аффикстер түбірге немесе негізге жалғанғанда, қалай
болса солай, өз бетінше емес, белгілі бір тəртіп, заңдылық бойынша жалғанады. Бір сөздің
құрамында бір нешше аффикс қабаттасып келгенде, түбірге алдымен жұрнақтар, олардан
кейін жалғаулар жалғанады. Сөз құрамында бір неше жалғау қабаттасып келсе, алдымен
көптік жалғауы, одан соң тəуелдік жалғауы, мұнан соң септік жалғауы, оның үстіне жіктік
жалғауы жалғанады. Мысалы, ауыл-дар-ыңыз-дан-быз деген сөздің құрамындағы ауыл-
түбір-дар-көптік жалғауы,-ыңыз-тəуелдёк жалғауы, -дан-шығыс септік жалғауы,-быз-жіктік
жалғауы. Түркі тілдерінде жалғаулардың осы тəртіппен (жүйемен) жалғануы, негізінен
алғанда, сақталады. Аффикстердің белгілі бір тəртіп бойынша жалғануы грамматикадағы
жүйелі қатынастарға негізделеді. Түбір (немесе негіз) мен аффикстердің көп мағыналы бола
алуы жəне олардың жалғануынан түбірдің дыбыстық құрамының өзгеруі құбылысы фузия
(ерітілу, қорытылу) деп аталады, ал түбір мен аффикстердің бір-бірімен жай жайғаса
қосылуы агглютинация құбылыс деп аталады. Фузия индоевропа, агглютинация түркі,
монғол тілдеріне тəн.
42
Ішкі флекция тəсілі. Грамматикалық мағыналарды білдірудің басты тəсілдерінің бірі-
ішкі флекция тəсілі. Түбірдің дыбыстық құрамының өзгеруі арқылы грамматикалық
мағынаны білдіру тəсілі ішкі флекция деп аталады. Бұл тəсіл –барлық тілдерге емес,
тілдердің кейбір тобына тəн тəсіл. Мысалы, түркі тілдері мен фин-угор тілдерінде
грамматикалық мағынаны, білдірудің флекция тəсілі жоқ. Бұл тəсіл əсіресе семит тілдеріне
(араб, еврей т.б) тəн. Мысалы араб тілінде сөздің түбірі тек дауыссыз дыбыстардан құралады
да, сол дауыссыздардың аралығына дауысты дыбыстардың енуі арқылы сөз грамматикалық
мағынасы мен формасы жағынан түрленіп отырады. Мысалы, араб тілінде үш дауыссыздан
құралған к, т, б деген түбір жалпы «жазу» дегенді білдіреді. Осы түбірден жасалған катиб
«жазып отырушы» кітаб «кітап», күттаб «кітаптар», үктүб «жаз» дегенді білдіреді.
Ішкі флекция Герман тілдерінде де кездеседі. Мысалы, неміс тілінде mutter-«шеше»
дегенді білдіреді. Mutter-«шешелер».Ағылшын тілінде boot- «аяқ», feet-«аяқтар». Орыс
тілінде ішкі флекция көбінесе, бір видті екінші видтен ажырату тəсілі ретінде қолданылады.
Мысалы, называть-назвать, собирать-собрать, избегать-избежат.
Қосарлану тəсілі. Қосарлану да грамматикалық мағыналарды білдірудің тəсілі ретінде
қызмет атқарады. Қосарлану тəсілі түркі тілдерінде кең тараған жəне жиі қолдпнылады.
Зерттеушілер қос сөздерді қайталама қос сөздер жəне қосарлама қос сөздер деп екі үлкен
топқа бөліп қарайды.
Қайталама қос сөздер белгілі бір сөздің екі рет қайталануы немесе сол сөздің (не
бірнеше) дыбысының өзгеріп қайталануы арқылы жасалады. Мысалы, жол-жол, қора-қора,
тау-тау, биік-биік, көре-көре, сөйлей-сөйлей, жүре-жүре, бетпе-бет, ауызба-ауыз, қолма-қол,
үй-үйге, бес-бестен, он-оннан, шай-пай, ет-мет т.б. Əрбасқа екі сөздің қосарлануынан да
жасалады. Мысалы, əке-шеше, ауыл-аймақ, қас-қабақ, жол-жоба, алыс-жақын, алыс-беріс,
жүріс-тұрыс т.б.
Қосарлама қос сөздер синонимдес, антонимдес сыңарлардан да құралуы мүмкін. Күш-
қуат, саулық-сайран, ағайын-туысқан, құрбы-құрдас, қауіп-қəтер, бет-жүз т.б. Антонимдес
сөздерден құралған қос сөздер азы-көпті, жақсы-жаман, дос-дұшпан, алыс-беріс, артық-кем
т.б.
Бірігу тəсілі. Бұл тəсіл бойынша өз-ара түбір морфемалар немесе түбір мен негіз
қосылып сөз жасалынады. Бірігу тəсілі сөз тудыру қызметін атқарады. Біріккен сөздердің
қатарына семантикалық тұтастығымен де, морфемалық тұтастығымен де, синтаксистік
тұтастығымен де сипатталатын қазақ тіліндегі асқазан, атшабар, отағасы, басқұр, қолбасқа,
тасбақа, қосаяқ, шекара, əлдекім, əлдеқашан, əлдеқалай, əрқашан, əрқалай деген сөздер мен
өзбек тіліндегі көзəйнек билəкжүзік, орыс тіліндегі камнетёс (тас қашаушы), водовоз (су
тасушы) сияқты сөздер енеді.
Көмекші сөздер тəсілі. Тілдердің бəрінде де көмекші сөздер (служебные слови) деп
аталатын тобы бар. Көмекші сөздердің лексика-семантикалық жақтан алып қарағанда,
атауыш сөздердей дербестігі жоқ, олар аффикстерге ұқсас қызмет атқарады. Мысалы, «неге
келдіңіз» деген сұраққа, əдетте сізбен сөйлескелі келдім» деп жауап береміз. Бұл сұраққа
жауап «сізбен сөйлесу үшін келдім» деген түрде де беріледі. Бұл мысалдардан, үшін деген
шылау сөздің (дəнекер) аффикстерге барабар мағынаны білдіріп көмекші қызмет атқарғанын
көреміз. Алдынғы екі мысалдың бірінде грамматикалық мағына келі афиксі (көсемшенің
жұрнағы) арқылы берілсе, екіншісінде –ге аффиксі (барыс септік жалғауы) арқылы берілген.
Үшінші мысалдағы үшін шылауы грамматикалық мағынаны білдірудің тəсілі жағынан
алғанда аталған аффикстер мен алғанда синонимдес қызмет атқарып тұр.
Көмекші сөздердің алуан түрлері грамматикалық мағыналарды білдіруі олардың
түрлерінің молдығы мен байланысты.
Олардың жалғаулықтар деп аталатын түрлері сөйлем мүшелерін байланыстырады.
Мысалы, сөйлесейікте қайтайық. Оқумен тəрбиені ұштастырып білу қажет. Немесе сөйлем
43
мен сөйлемді байланыстырады. Мысалы, артымнан ілесе Тайжанның үйіне кіруге бата
алмады, өйткені ол үйде аюдай ақырған тентек мінезді Салима бар еді. (С.Мұқанов)
Көмекші сөздердің септеуліктер (послелоги) деп аталатын түрі-дейін, таман, соң, қарай,
гөрі, кейін т.б. Сөйлем мүшелерінің арасындағы бағыныңқылық қатынасты, мекендік
мезгілдік мағынаны білдіреді, септік жалғаудың мағынасын толықтырып дəлдей түседі.
Қазақ тілінде көмекші сөздердің бұл тобының септеуліктер деп аталуы олардың өздерінің
алдында тұрған сөздердің белгілі бір септік жалғауында тұруын керек етуіне байланысты.
Көмекші сөздердің демеуліктер деп аталатын түрі сұрау мағынасы (жақын ба? алыс па?
кездестің бе? ) тежеу шектеуц мағынасы (сен ғана, ендігі, серігі-кітапхана ) күшейту
мағынасы (аты, ат-ақ екен) əр түрлі көңіл күйі мағынасы (Кешікт-ау! Ұмытып кеткенім ау!
Көрмей қалдым-ау!) сенімсіздік күдіктену мағынасына (көріпті-мыс, айтыпты-мыс) т.б.
Көмекші сөздердің бір түрі артикльдер славян тілдері мен түркі тілдерінде де кездеседі.
Артикльдер роман тілдері мен герман тілдерінде жəне араб тілдерінде қолданылады.
Түркі грамматикалық мағыналарды білдіретін көмекші сөздердің бір тобы көмекші
етістіктер көмекші етістіктердің басқа-басқа көмекші сөздерден ерекшелігі мынада:
жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер, негізінен, өзгермейтін болса, көмекші етістіктер əр
түрлі аффикстер жалғану арқылы өзгеріп, түрленіп отырады.
Көмекші етістіктер күрделі етістіктерді жосаңда айрықша қызмет атқаратын, əр түрлі
грамматикалық мағынаны білдіретін тəсілі ретінде қолданылады. Күрделі етістіктің
құрамындағы негізгі етістік белгілі бір формада қолданылады да, көмекші етістік негізгі
етістіктегі істің созылыңқылығын (айта берді, жаза берді), тепе-тездігін (отыра қалды, бере
қойды), аяқталғандығын (айтып болды, жазып болды,) басатлуын (қызара бастады,
ашулана бастады) т.б.
Сөздердің сөйлемдегі орын тəртібі олардың сөйлемнің қай мүшесі екендігін айқындауы
мүмкін. Бұл тəсіл мұны мен бірге грамматикалық мағыналарды білдіруде мəнерлеуші тəсіл
ретінде қызмет атқарады.
Түркі тілдерінде кейбі сөздерінде сөздердің орын тəртібі жалғаусыз байланысқан
анықтауыш сөз Бен анықталған сөздің жігін ажыратуға көмектеседі. Мысалы, қазақ тіліндегі
сағат, қалта деген сөз тіркесінің мағынасына («сағат салатын қалта») қалтасағат дегеннің
мағынасы («қалтаға салатын сағат») анықтауыш сөз бен анықталатын сөздің орнына қарай
ажыратылып тұр.
Екпін жəне интонация арқылыда кейбір тілдерде грамматикалық мағынаны білдіру
тəсілі бар. Егер екпі тиянақсыз жылжымауы болса, ол да грамматикалық тəсіл ретінде
қызмет атқарады. Орыс тілінде екпіннің жылжымалы екенін, оның əр буынға түсуі сөздің
мағынасы мен шегін ажыратудың бір тəсілі ретінде қолданылады. Мысалы, мука-азап, мука-
ун, замок-қорған, замок-құлып, пропасть-терең жар, шыңырау, пропасть-жоғалып кету, жоқ
болу. Екпіні тиянақты тілдерде мұндай жағдай кездеспейді. Түркі тілдерінде екпін сөздің
мағынасы грамматикалық формасын ажыратарлықтай толық мəнідегі грамматикалық тəсіл
емес. Бұл байланысты екпін оларда тұрақты, сөздің соңғы буынына түседі. Интонация
арқылы сөйлемдерді бір-бірінен ажыратуға болады. Байымдау, күдіктену, таңдану
мағыналарын аңғартады. Мысалы: жазда ауылға барасың-ғой. Жазда ауылға барасың-ғой?
Грамматиканың əрі өте маңызды, əрі күрделі мəселелерінің бірі-грамматикалық форма
туралы мəселе. Грамматикалық форма туралы ұғым грамматикалық мағына жəне
грамматикалық тəсіл туралы ұғымдар мен тығыз байланысты. Грамматикалық мағына
белгілі бір грамматикалық форма мен айтылады. Ал грамматикалық тəсіл грамматикалық
форма арқылы білдірудің жолы болып саналады. «Грамматикадағы форма өзара бірлікте
болатын грамматикалық мағына мен грамматикалық тəсілдің өзара қатысы.»
(А.А.Реформатский. Введение в язкознание. Москва 1967, Стр 314). Белгілі бір форманың
грамматикалық форма ретінде танылуы үшін, оның міндетті түрде грамматикалық мағынаны
білдіруі қажет. Мысалы: ананың сүті бал деген сөйлемдегі анна сөзі ілік септік формасында
44
келіп, меншіктеуші мағынаны білдірсе, сүт сөзі тəуелдік формада келіп, меншіктелуші
(тəуелді) мағынаны білдіреді.
Сөз əр түрлі тəсілдермен түрленіп, əлде неше формаға ие болады. Мысалы, қызылдау,
қызылрақ, қызғылтым, қып-қызыл деген сөздің аффиксациа тəсілі (қызылдау, қызылрақ,
қызғылтым). Жартылай қосарлану тəсілі (қып-қызыл) арқылы жасалған формалары болып
саналады.
Грамматикалық форма көбіне-көп сөз формаларына байланысты қаралады. Сөз
формасы, яғни нақтылы сөздің белгілі бір (грамматикалық) формасы, əрі сөздің формасы əрі
жалпы грамматикалық форма, мысалы белгілі бір септіктің, жақтың, шақтың, райдың
формасы ретінде танылады. (А.И.Смирницкий. Синтаксис англиского языка. Москва 1957 г.
Стр 20). Орыс тілінің академиялық граматикасында сөздің формаларына мынадай анықтама
берілген: «Бір ұғымды білдіре отырып, оған əйтеуір бір қосымша ұғымдарды үстейтін немесе
ойдың бір предметінің сол сөйлемдегі ойдың басқа предметіне əйтеуір бір қатнасын
білдіретін сөздің барлық түр өзгерістері сөздің формалары деп аталады».
Сөз өзгеріп, түрленіп барып, əлде неше формаға ие болатыны анық. Сөздің əлде неше
формаларының ішінен бірі негіз форма болып, басқалары сол формадан жасалған, туынды
формалар болып саналады. Сөздің белгілі бір формасының негізгі форма ретінде саналуы
үшін, оның басқа формаларға ұйытқы болуы шарт. Сонда ғана ол негізгі форма ретінде
танылады. Мысалы: септік формаларының ішінде атау септік əдетте, негіз форма ретінде
танылады да, ілік, барыс, табыс, шығыс, көмектес септік формалары туынды формалар
ретінде саналады. Соңғылардың бірі екіншісінен, мысалы барыс септік формасы ілік септік
формасынан емес, бұлардың бəрі де негізгі басты форма-атау септік формасынан жасалады.
Етістіктің рай формалары да əр түрлі. Солардың ішінен түркі тілдерінде екінші жақ бұйрық
рай формасы негізгі форма ретінде саналады, ашық рай, шартты рай, қалау рай формалары
туынды форма ретінде қаралады.
Тілде сөз формаларының екі түрі бар-бірі сөздің синтетикалық формалары, екіншісі-
сөздің аналитикалық формалары.
Сөздің синтетикалық формалары екі түрлі жол мен, атап айтқанда бірінші-аффиксация
арқылы, екінші дыбыстардың алмасуы (ішкі флексия) арқылы жасалады.
1.Сөзге əр түрлі аффикстердің жалғануы арқылы оның түрлі-түрлі формалары
жасалады. Сөздің синтетикалық формаларының аффиксация тəсілі арқылы жасалуы
көтеген тілдерге тəн жəне ол жиі ұшырасады. Мысалы, қазақ тілінде: етікшілер, етікшілерге,
етікшілердің, етікшілері, етікшілерміз, орыс тілінде: стол-столы, ағылшын тілінде table
(үстел) tables (үстелдер). Сөздердің синтетикалық формаларын жасаудың аффиксация жолы
тілдерде аффиксация, префиксация, инфексация түрінде кездеседі. Аффиксация орыс тілінде
суффикация жəне префискация түрінде көрінеді, ал түркі тілдерінде мұның бір-ақ түрі-
аффиксация түрінде ғана қолданылады. Сөз түрлендіретін жəне оның формаларын
тудыратын аффикстердің ішінде, əсіресе, жалғаулардың қызметі айрықша. Олар сөздің
формаларын жасайды, əр түрлі синтаксистік қатынастарды білдіреді. Жұрнақтардың ішінде
кейбіреулері (олардың басым көпшілігі сөз тудырушы қызмет атқарады) сөздің формасын
тудырады.Мысалы, қазақ тілінде –рақ (-рек, -ырақ,-ірек) жұрнағы сын есімнің салыстырмалы
формасын (жасырақ, көгірек, толығырақ, биігірек) тұдырады. Жалғау атаулының
барлығында (көптік, тəуелдік, септік, жіктік жалғаулары) сөздердё түрлендіріп, оларды бір-
бірімен байланыстырады жəне сөздің əр түрлі формаларын жасайды.
2.Сөздің синтетикалық формалары дыбыстардың алмасуы немесе ішкі флексия тəсілі
арқылы да жасалады. Мысалы, ағылшын тілінде тап (ер, еркек)-тен (ерлер, еркектер), неміс
тілінде dast (қонақ)-daste (қонақтар) араб тілінде раджан (ер, еркек)-риджал (ерлер,
еркектер) т.б.
Сөздің аналитикалық формасы негізгі атауыш сөз бен көмекші сөздің тіркесінен
жасалады.
45
Сөздің аналитикалық формасының құрамына енетін атауыш сөз негізгі морфемаға
(түбірге) барабар қызмет атқарса, көмекші сөз əр түрлі морфемаларға, яғни аффикстерге
ұқсас қызмет атқарады. Мысалы, келе жатыр деген негізгі етістік пен көмекші етістіктің
тіркесіндегі компаненттер мағыналық жағынан алғанда, дербестігі сақталған екі сөз емес,
бір сөздің күрделі (аналитикалық) формасы ретінде ұғынылады.
Аналитикалық конструкцияның бөлшегі ретінде қаралатын көмекші сөз өзінің
грамматикалық табиғаты мен қызметі жағынан сөз түрлендіруші (форма тудырушы)
морфемаға (аффикске) барабар қызмет атқарып, бүтіндей аналитикалық конструкция атауыш
сөздің формасы болып саналады да, оның (атауыш сөздің) сөз түрлендіру (форма тудыру)
жүйесіне (парадиаграммасы) енеді.
Аналитикалық конструкция немесе сөздің аналитикалық формасы шығу тегі жағынан
сөз тіркесіне барып тіреледі. Сөз тіркесі екі түрлі бағытта-грамматикалық бағытында, жəне
лексикалану бағытында да дамуы мүмкін. Сөз тіркесінің грамматикалық бағытында
дамуының нəтижесінде сөздің аналитикалық формасы жасалса, оның (сөз тіркесінің)
лексикалану бағытында дамуының нəтижесінде сөздің аналитикалық формасы жасалса,
оның (сөз тіркесінің) лексикалану бағытында дамуының нəтижесінде фразеологиялық
бірліктер жасалады. Сөз тіркесінің грамматикалық барысында сөз тіркесінің құрамындағы
сыңарлардың біреуінің лексикалық мағынасы күңгірттеніп, атауыш сөзден көмекші сөзге, ал
сөздердің бір бүтіндей тобы сөздің грамматикалық формасына (аналитикалық формасына)
айналады.
Сөздердің аналитикалық формасы немесе аналитикалық конструкция сөздердің
тіркесінен жасалады да, осы жағынан алғанда күрделі сөзбен де сөз тіркесі мен ұқсас келеді.
Бірақ бұған қарап аналитикалық контрукцияны күрделі сөзбен немесе сөз тіркесі мен
бір тектес деп санауға болмайды.
Ең алдымен етістіктің аналитикалық формасын мен күрделі етістіктің ұқсас жəне
айырмашылықтарын анықтау қажет. Бұлардың ұқсастық жақтары мыналар: 1.Етістіктің
аналитикалық формасының сыңарлары да, күрделі етістіктің сыңарлары да, етістіктерден
құралып, олардың алдыңғы сыңары етістіктің көсемше формасында қолданылады. 2.
етістіктің аналитикалық формасы да, күрделі етістік те сөйлемде бір ғана мүше ретінде
қызмет атқарады; 3.етістіктің аналитикалық формасы да, күрделі етістікте сөйлемнің басқа
мүшелерімен тұтасқан күйінде қарым-қатынасқа түсіп, олармен бір бүтін единица ретінде
байланысады.
Етістіктің аналитикалық формасы мен күрделі етістіктердің бір-бірінен айырым
жақтары мыналар: 1.Жалпы күрделі сөздерді (мысалы, күрделі зат есімдердің шекара, қолқап
т.б.) күрделі сын есімдердің толық мағыналы сыңарларынан сияқты күрделі етістіктер толық
мағыналы жəне кең мағыналы етістіктердің тіркесінен жасалады.Күрделі сөздер тəрізді
күрделі етістіктің бір бүтін лексикалық мағынасы оны құрастырушы сыңарлардың
мағыналарының жиынтығынан құралады. Мысалы, айытп бар, сатып ал тəрізді күрделі
етістіктердің білдіретін мағыналары оларды құрастырушы сыңарлардың мағыналарымен
тығыз байланысты. 2. Жалпы күрделі сөз атаулының бəрі соның ішінде күрделі етістік, екі
сыңардан құралып бір тұтас единица (сөз) ретінде бір бүтін лексикалық мағынаны білдірсе
етістіктің аналитикалық басқа бір сөздерге қатысты болып, лексикалық мағынадан басқа
грамматикалық мағыналар мен қатынастарды білдіру қызметінде жұмсалады. 3. Күрделі сөз
сөйлеу процессінде жасалмайды, бұрыннан тіркесіп, даяр тұрған единица ретінде сөз
тіркесінің немесе сөйлемнің құрамына енеді.
Етістіктің аналитикалық формасы мен еркін сөз тіркесінің арасында түбірлі
айырмашылықтар бар. 1) Сөздің аналитикалық формасы, соның ішінде етістіктің
аналитикалық формасы бір бүтін лексикалық мағынаны білдіреді. Еркін сөз тіркесінің əрбір
сыңары өзінің лексикалық мағынасын, дербестігін сақтайды. 2) Сөздің аналитикалық
формасының, соның ішінде етістіктің аналитикалық формасының құрамына енетін
46
сыңарлардың əрқайсысы өздігінен сөйлем мүшесі бола алмайды. Ал еркін сөз тіркесінің
əрбір сыңары өздігінен сөйлемнің дербес мүшесі бола алады. Осыған орай, сөздің
аналитикалық формасы еркін сөз тіркесінің құрамына оның бір сыңары ретінде тұтасқан
күйінде ғана ене алады. 3) Сөздің аналитикалық формасын құрастырушы сыңарлардың
арасындағы байланыстың синтаксистік сипаты болмайды, ал еркін сөз тіркестерінің
сыңарларының арасында синтаксистік қатынас пен байланыс сақталады. 4) Сөздің
аналитикалық формасын құрастырушы сыңарлардың əрқайсысы сөз тіркесіндегі немесе
сөйлемдегі сөздер өздігінен, жеке дара емес тұтасқан күйінде байланысқа түссе, еркін сөз
тіркесінің əрбір сыңары сөйлемдегі басқа сөздермен өздігінен байлапнысқа түсе алады,
өзінше байланысқа түсу дербестігін сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |