Қайталау үшін сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Тілдің келіп шығуы жайында қандай маңызды мəселер болды?
2.Тілдің шығуы туралы алғашқы теориялар қандай еді?
3.Материалистік теориялардың принциптері қандай?
4.Тілдің дамуы қандай құбылыстарға, заңдарға байланысты?
5.Тілдердің өз-ара қарым-қатнасы, əсері нəтижесінде қандай өзгерістер жүзеге келеді?
Пайдаланған əдебиеттер:
1.Кəкен Аханов. Тіл білімінің негіздері. Алматы 1978 ж.
2. О.Азизов. Тилшуносликка кириш. Тошкент 1996 й.
3. Реформатиский А.А. Введение в языкознание. Москва 1967 г.
4. Кодухов В.И.Введение в языкознание. Москва,1979.
5. Dawletov. Тil bilimi tiykarlari Nоkis 2007.
14. Тақырып: Тілдің шығуы, тілдердің жасалуы мен дамуы.
Тақырыптың планы:
1. Тілдің келіп келіп шығуы жайындағы бір кезек мəселелер.
2. Тілдің келіп шығуы жайында əртүрлі теориялар
3. Дыбысқа еліктеу, одағай, шарттасу, еңбек айырым ерекшеліктері.
4. ХIХ ғасырда жайда болған материалистік теория.
5. Тілдің қарым-қатнасы жəне өз-ара əсері ().
6. Тілдердің қарым-қатысы жəне өз-ара əсері
7. Тайпалық, рулық, үміттің тілдердің қалыптасу жолдары.
64
Таяныш сөздері :жалпы тіл, жеке тіл, теориялар, дыбысқа елктеу, жақтаушылар,
одағай, шарттасу, еңбек айқайы, материалистік,маймыл, еңбек, адам даму, заңдар, взрив
копарылыс, өз-ара əсер, тоғысу субстрат, тайпа, ру, үгт тілдері, диалекттер.
Тілдің келіп шығуы мəселесінде екі түрлі проблема бар. Бірі жалпы Адам баласы
тілінің (речь) келіп шығуы яғни алғашында адамның сөйлеуді, ойын айтып жеткізуді қалай
үйренгенді жайында, екіншісі-жеке нақтылы тілдердің шығуы. Өйткені жалпы адамзат
тілінің келіп шығуы өте ерте замандарда пайда болып, ол нақтылы немесе белгілі
халықтардың тілінің келіп шығуы анағұрлым біртінгі дəуірлерде болған. Адамзат тілінің
шығуы адамның пайда болуы жəне адам баласы қоғамының пайда болуы тəрізді күрделі
мəселелер мен тығыз байланысты.
Тілдің шығуы туралы мəселе тіл білімінің ең күрделі, өте принципті мəселелерінің
бірімен есептеледі. Тіл біліміғылым ретінде пайда болуыдан көп замандар бұрын тілдің жəне
ойлаудың шығуы туралы мəселе əртүрлі ойшылдардың назарын аударған болатын. Ғасырлар
бойында бұл мəселе туралы философтар, социологтар, психологтар, лингвистер түрлі-түрлі
пікірлер ме нжорамалдар айтып, сан қилы байымдаулар жасап келді.
Тілдің шығуы проблемасын қарастырудың өзінің ұзақ тарихы бар болатын. Бұл мəселе
жайында əртүрлі теориялар пайда болған. Солардың бірі дыбысқа еліктеу теориясы (немесе
аноматопоэтикалық теория) . Тілдің шығуы туралы дыбысқа еліктеу теориясының тарихы
ежелгі грек философиясынан басталады. Бұл теория, əсіресе XVII-XIX ғасырларда кең өріс
алды. Дыбысқа еліктеу теориясын латын жазушысы Августің (V ғасыр) , неміс философы
Г.Леибинц (1646-1716) жақтады. Бұл теория тілдің шығуын былай түсіндіреді: алғашқы
адамдар табиғаттағы дыбыстардың, мысалы, өзеннің сылдырын, жануарлар мен
жəндіктердің дауыстарын, құстың сайрауын т.б. естіп, соларға еліктеуден əр түрлі
дыбыстарды шығарады.
Дыбысқа еліктеу теориясымен бірге XVIII-XX ғасырларда кең таралған теориялардың
бірі-тілдің шығуының эмоциональды теориясы. Бұл теорияны жақтай келіп, Ж.Ж.Руссо
(1712-1778) тілдердің шығуы туралы трактатында «құштарлық» дауыстың алғашқы
дыбыстарын шығарды, «алғашқы тілдер үнді, сазды (музыкальный) болып, кейінде
қарапайым тілдерге айналды»деп жазды. Ж.Ж.Руссоның «эмоциональды теориясы» XIX-XX
ғасырларда одағай теориясына келіп ұштасты. Бұл теория бойынша алғашқы адамдар
айналадағы заттармен танысқанда, өздерінің сезімдер мен алған əсерлерін еріксіз
шығарылған дыбыстар-одағайлармен білдірген. Одағай теориясы бойынша, əртүрлі
эмоцияны білдіретін еріксіз шығарылған дыбыстар заттардың атауларына айналып, осыдан
келіп тіл пайда болған. Бұл теорияны жақтаушылардың бірі-орыс лингвисті Д.Н. Кудярвский
(1887-1920) одағайлар адамның «ең алғашқы сөздері» болды, одағайларда дыбыс, леп,
мағына алғашында бір-біріне кірігіп, кейінде одағайлардың сөзге айналу барысында дыбыс
пен мағына бір-бірімен ажырасты деп тұжырады. Бұл теорияны жақтаушылар тілдің негізгі
қызметі-коммуникативті қызметін ескермейді, тілдің қоғамдық табиғатына мəн бермейді.
Тілдің шығуы туралы теориялардың қоғамдық шарттасу теориясы. Бұл теория бойынша
алғашқы адамдар сөздерді өз ара келісіп таңдап алғанда, осыдан келіп тіл жасаған.
XIX ғасырда тұрпайы материалистер тілдің, шығуы туралы еңбек айқайы деп аталған
теорияны (теория трудового выкриков) ұсынды. Бұл теорияны философ Людвиг Нуаре
жасаған. Бұл теория бойынша тіл алғашқы адамдардың еңбек ету кезінде шығарған
рефлексті айқайларының негізінде пайда болған.
Тілдің шығуы туралы марксистік теория соңғы ғасырларда өте кең таралды. Марксистік
теория бойынша «Тілде адамның санасы, аңы сияқты, ертеден келе жатқан нəрсе, тіл дəл
айтқанда, басқалар үшін, осының арқасында өзім үшін де өмір сүріп отырған шын
практикалық сана болып табылады, сөйтіп, тіл де, сана сияқты, басқа адамдармен қатынас
жасау мұқтаждығынан жəне қажеттігінен туады».Бұл қағидада ба біріншіден, тіл мен
сананың бір-бірімен тығыз байланыстылығы жəне бұлардың бір мезетте шыққандығы,
65
екіншіден, тілдің шын практикалық сана болып есептенгендігі, үшіншіден, тілдің
адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қажеттілігінен келіп пайда болғандығы көрсетилген.
Тілдің шығуы туралы мəселе Ф.Энгельстің «Маймылдың адамға айналу процесінде еңбектің
ролі», «Семьяның, жеке меншіктің жəне мемлекеттің шығуы» деген еңбектерінде бұл мəселе
жайында теория əрі қарай дамытылады. Бұл теория бойынша тілдің шығуы Адам баласының
пайда болу мəселесімен тығыз байланысты болған. Онда адамның маймылдан бөлініп
шығуында маймылдың алдыңғы екі аяғының жүріп тұру қызметінен босып, қолдың қызметін
атқаруының жəне соның нəтижесінде адам баласының арғы тегінің тік жүруге мүмкіндік
алуының үлкен мəні болғандығын атап көрсетеді.
Мың жылдық күрестен кейін қол, ақырында, аяқтан бөлініп тік жүретін болғани кезде
адам маймылдан бөлініп шыққан, сөйтіп, оның сөйлеудің дамуы үшін негіз жасалды, ал
мұның нəтижесінде содан бергі жерде адам мен маймыл арасында өткелсіз тұңғиық пайда
болды. «Тік жүру, соның нəтижесінде қолдың жүру қызметін атқарудан босауы əр түрлі
əрекет жасауға еңбек етуге мүмкіндік береді. Қол еңбектің органына айналумен бірге, өзі де
еңбек процесінде жетіліп дамиды». «Қол еңбек органы емес, ал соныңменг қатар еңбектің
жемісі де». Қолдың жүру қызметінен босауы, тік жүруге мүмкіндік алу адамның арғы тегінің
жоғары жəне төңірегіне қарауына, соның нəтижесінде төрт аяқты ҳайуанаттардан гөрі
көбірек əсер алуына, өкпе мен дауыс жүйелерінің жетілуіне мүмкіндік береді. Еңбек
құралдарын жасау, оны қолдану, еңбектің дамуы маймылдың адамға айналуында айрықша
роль тақарған. Қоғамдық еңбек процесі қалыптасып, келе жатқан адамдардың тіл арқылы өз
ара қатынас жасауын қажет етеді. Осыдан келіп тіл пайда болады. Бірақ тілдің пайда болуы,
оның қалыптасуы бірден бола салмай, ұзақ уақытқа созылады. Макрсизм теориясы бойынша
адамның оның тілінің келіп шығуы осындай.
Жер шарындағы қазіргі əр түрлі тілдер тарихи дамудың барысында жасалған. Тілдердің
даму заңдылықтары, солардан жалпы жəне жеке лингвистикалық заңдары бар. Тіл əрине,
қоғамдық құбылыс. Сондықтан оның тарихымен дамуы қоғамның тарихы мен дамуына
байланысты болады. Осыдан тілді жəне оның даму заңдарын сол тілді иеленушілердің
тарихымен тығыз байланысында қарастыру міндеті келіп туады.
Қоғам тілдің дамуына əсер етеді, бірақ тілдің дамуы қоғамның даму заңдары бойынша
емес, өз дамуының ішкі заңдары бойынша іске асады. Тілдің дамуы туралы қате көз-
қарастар болды. Мысалы, Н.Я. Марр тілдің дамуы туралы мəселеде «Сотылық даму
теориясын» ұсынды. Тілді қондырмалық (надстройка) құбылыстың қатарына жатқызды. Н.Я.
Марр тіл дамуының əр түрлі сатысы (ступень) бар жəне ол сатылардың əрқайсысы белгілі бір
қоғамдық формацияға сай келеді деп есептеді.
Ол, тілдің ескі сападан жаңа сапаға көшуі кенет қопарылыстар (взрывы) арқылы
болады дейтін мүлдем қате көз қараста болды. Н.Я. Марр лингвистикалық заңдарды
социологиялық заңдармен ауыстырған болатын. Осындай қате пікірлер, мəселен, тілдің
өткен дəуірін-классикалық дəуір, тілдің гүлденіп дамыған дəуірі деп, ал бергі дəуірлер тілдің
құлау, бөліну дəуірі деп ағайында Шлегельдер, гумбольд сияқты лингвистер тарапынан да
айтылған болатын. Осы тəрізді тұжырымды неміс лингвисті Август шлейхер де айтқан
болатын. Ол тілді биологиялық құбылыспен тепе-тең ден санаған.
Тіл, жоғарыда айтылып өткеніндей, өзінің ішкі заңдары бойынша дамиды. Тілдің заңы
жалпы тілдің заңына сəйкес келеме немесе жеке, нақты тілдің заңына сəйкес келеме-міне
осыған қарай тілдің заңын оның жалпы заңдары (общие законы) жəне жалқы, жеке заңдары
(частные законы) тұрғысынан сөз ету қажет, жалпы заңдардың қатарына тілдің əртүрлі
құрылымдық элементтерінің даму қарқының біркелкі болмауын жатқызуға болады. Мысалы,
тілдік құрамы мен грамматикалық құрылысының тұрақтылық дəрежесі біркелкі болмайды,
ал сөздік құрам қоғамдағы өзгерістерді тікелей көрсетіп, өзгеріске өте-мөте бейім болады, ал
грамматикалық құрылыс өте баяу өзгереді. Демек грамматикалық құрылыс сөздік құрамға
66
қарағанда тілдің анағұрлым тұрақты саласы болып саналады. Бұл-тіл атаулының барлығына
бірдей тəн, күллісіне ортақ жалпы заң.
Əрбір тіл өзіне тəн заңдары бойынша түрліше дамиды. Өзінің даму барысында əрбір тіл
түрлі-түрлі формаға ие болады. Айрықша қоғамдық құбылыс ретіндегі адамзат тілінің
дамуының жалпы заңдарынан нақтылы бір тілдің өзіне тəн, оны басқа тілдерден бөліп
қарауға мүмкіндік беретін жеке заңдарын ажырата білу қажет. Əрбір тіл құрылымдық
ерекшеліктерімен айқындалатын болғандықтан, мұндай заңдардың категориясын дамудың
жеке ішкі заңдары деп атауға болады.
Тіл дамуының жеке, жалқы заңы тілдің барлық саласын-лексикасын да, грамматикасын
да, фонетикасында қамтиды. Тілдің əрбір саласының өз заңы болады. Мысалы, қазақ тілі т.б.
түркі тілдерінде жуан дауыстыдан кейін жуан дауыстының, жіңішке дауыстыдан кейін
жіңішке дауыстының келуін немесе алтай, қырғыз тілінде ерін дауыстылардан кейін
міндетті түрде ерін дауыстының келуі аталған тілдердің фонетикалық заңдарының қатарына
жатады. Сингормонизм заңы-басқа тілдерге қарағанда, түркі тілдеріне өте-мөте тəн заң. Бұл
заң өз ішінде тармақтанып кетеді, оның түрлі жақтары əртүрлі түркі тілдеріне тəн болып
келеді. Мысалы, ерін дауыстысынан кейін соған үндесе ерін дауыстысының келуі, яғни
сингармонизмнің лабиальдық сингармонизм деп аталатын түрі қазақ, қарақалпақ тілдеріне
қарағанда, Алтай, қырғыз тілдерінде əлде қайда басым, соларға тəн заң деп саналады.
Тілдің тұрақтылық қасиеті басым. Дегенмен, тіл уақыт озған сайын өзгеріске
ұшырайды, дамып жетіле береді. Əдетте, тілдің грамматикалық құрылысы өте тұрақты, оның
дамуы, онды болатын өзгерістер өте баяу болады. Баяу болса да, тілдің грамматикасының
морфология саласында да, синтаксис саласында да өзгерістер болып, тілдің даму барысында
оның грамматикалық құрылысы жетіліп отырады. Мысалы, кейбір үстеулерді (послелог)
алайық. Қазіргі қазақ тіліндегі ендігəрі деген үстеу шығыс септік жалғауындағы ендігіден
деген сөзбен əрі деген шылау сөздің бірігіп ықшамдалуынан жасалған. Босқа, зорға деген
үстеулер есім сөздерге барыс септігінің жалғауының жалғанып оның түбірімен кірігіп, соған
əбден
сіңісіп
кетуінен
жасалған.
Қазақ
тіліндегі
қабаған,
тебеген, қашаған тəрізді сөздер қазірде сыни есім сөздері деп саналады. Шығу төркіні
жағынан етістікке есімшенің (причастие) жұрнағы жалғану арқылы жасалып, тілдің даму
барысында сын есімдерге айланған.
Тілдің тарихи дамуы барысында сөз таптарының бір-біріне ауысуы, мысалы, ауру деген
тұйық етістіктің зат есім мағынасына айналуы, кейбір дербес сөздердің көмекші сөздерге,
көмекші сөздердің аффмкстерге айналу (бар дұр, жүре дұр- барыды, жүреді, баратұрған,
келетұрған-баратын, келетін т.б.) процестері жүріп жатады. Сондай-ақ қазақ тілінде: -лық,-
лік,-дық,-тық,-тік жұрнағының сөздерге жалғану өрісі кеңейіп, осы жұрнақ арқылы жасалған
сын есімдердің кең өріс алуы (егіндік, өндірістік, аудандық, облыстық) сыяқты
құбылыстардың кең өріс алуы тілдің дамуындағы ішкі заңдары бойынша өзгерістерден
дəлел, болып есептеледі.
Тілдердің қарым-қатынасы жəне өз ара əсері тілдердің дамуында маңызды
факторлардың бірі болатын. Халықтардың өз ара бір-бірімен қарым-қатынас жасауының
барысында олардың тілдері де бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, бір тілден екінші тілге,
одан үшінші тілге тілдік элементтер ауысады. Тілдердің бір-біріне қарым-қатынасы тоғысу
түрінде де бір-біріне əсер етіп, тілдік элементтердің бірінен екіншісіне жай ғана ауысу
түрінде де болуы мүмкін.
Тілдің тоғысу процесінде субстрат (латын тілінің subctratum-«астар» деген сөзі) деп
айтылатын құбылыс пайда болады. Жеңген тіл жеңілген тілден сөздермен жеке дыбыстарды,
кейбір морфемаларды қабылдайды. Жеңген тілдегі жеңілген тілдің элементтері субстрат деп
аталады. Субстарт құбылысы этникалық ассимиляция процесінде, этникалық топтардың
топтасып (консолидация) нəтижесінде пайда болады. Тілдік субстрат этникалық субстраттың
67
болуын аңғартады, біріншінің екіншісіз мағынасы жоқ. Тілдік субстрат этногенетикалық
процеспен тығыз байланысты.
Франциядағы кельт субстраты туралы айтқанда, ең алдымен, француздардың, өзінің
Роман тіліне қарамастан, генетикалық жақтан кельт халқы-рим жаулап алушыларына дейін
францияны мекендеген галлалармен байланысты болған факті олардың тіліне де əсер еткен.
Римдіктердің жаулап алуы нəтижесінде Францияның жергілікті кельт (галль) тұрғындары
латын тілінен көшкенде осы соңғының негізінде қазіргі француз, испан тілі жергілікті
тұрғындардың тілдері-кельт тілдерінен кейбір элементтерді қабылдаған. Тілдердің өзара бір
біріне əсер етуі барысында бірінен-бірі ауысуына, өтуне икемділігі біркелкі
болмайды.Əдетте, тілдің фонетикалық жүйесі тұрақты болады. Егер бір тілден екінші тілге
бір дыбыс (фонема) ене қалса, ол өздігінен енбейді. Сөздің құрамында қолданылып, сөздер
арқылы ғана ене алады. Бір тілдің екінші тілге əсері оның морфология саласында да көрінеді.
Бірақ морфологиялық элементтердің бір тілден екінші тілге икемділігі бірдей емес. Мəселен,
сөз түрлендіруші аффикстер (септік, жіктік, тəуелдік) жалғаулары сөз тудырушы
аффикстерде (жұрнақтарға) қарағанда басқа тілге енуге əлде қайда икемсіз. Мысалы, орыс
тілінен қазақ тіліне сөз құрамына енген изм (гуманизм, империализм, социализм), ист
(журналист, машинист, турист) тор аффиксін (авиатор, дтректор, оператор т.б.) жұрнақтарды
жатқызуға болады. Бір тілдің екінші тілге əсері синтаксис саласында көбірек аңғарылады.
Орыс жазушыларының шығармаларының аудару мен байланысты жəне орыс тіліндегі
синтаксистік оралымдардың үлгісін пайдалану мен байланысты қазақ тілінде сөйлемнің жаңа
синтаксистік үлгілері пайда болып қалыптасуда. Бұған орыс тіліндегі құрмалас сөйлемдердің
іргесінің кеңейіп, оңашаланған айқындауыш мүшелі сөйлемдердің жасалып қалыптасуын,
əртүрлі қыстырма сөздерді немесе бүтіндей қыстырма сөйлемді қамтыған сөйлемдердің
дамуын мысалға келтіруге болады. Орыс тіліндегі оралымдардың үлгісін кейбір
жазушыларымыз творчестволық пен пайдаланып, оны шығармаларында кеңнен қолданды.
М.Əуезов сөйлемді айрықша назар аударған сөзінің мағынасын саралап тарату, айқындап
дəлдей түсіну үшін сонны толықтыра түсетін айқындауыш сөздер мен сөз тіркестерін
үндесте үйлесімлі түрде пайдаланады. Мысалы: ендігі сырласы, досы, шын ұзақ айнымас
серігі тағы да кітап, кітап. Тоғажанның аппақ жүзі қайтадан тағы бір рет соңғы рет, қою
қызғылт пен ду ете түскендей көрінді. Абай мынау ыстық үйде, бірақ мынадай тырысқақ,
ашушақ кісінің үйінде, ет асым уақыт отыруды өз басына жазадай санап еді. Жастығын,
шексіз шат жастығын, қайта тапты, сағынып сүйсініп тапты. Жазушының бұл сөйлемдерінде
айқындалатын сөз жалпы ұғымды білдіреді де, одан кейін қосақталып келген айқындауыш
нақтылы ұғымды білдіріп өзінің алдындағы айқындалатын сөзге айрықша мəн беріп,
мəнерлеп айту мағынасын таратып, саралап айту қызметін атқарады. Орыс тілінің қазақ
тілінің синтаксистік əсерін қыстырма сөзбен қыстырма сөйлемді қамтыған сөйлем түрлерін
қалыптасып дамуынан да, көруге болады. Мысалы, егіз биыл, біздің бақтымызға тамаша
жеміспен аяқталады. (Ғ. Мүсірепов) . Биыл жоспарды, сөз жоқ, асыра орындаймыз (газеттен)
осы келтірген мысалдардағы қыстырма сөздермен сөз тіркестерін жəне бүтіндей қыстырма
сөйлемді («сөз жоқ») қамтиған сөйлемді орыс тіліндегі синтаксистік үлгі бойынша құралған.
Əртүрлі тарихи дəуірлерде тілдер мен диалектіде даму ерекшеліктері тілдердің тарихын
зерттеу маңызды деректердің қатарына жатады. Алғашқы қауымдық құрылыс кездерінен
бастап тайпалық, рулық сатыларында өздерінің даму дəрежелеріне сəйкес түрдегі сөздері
болғаны, ғылымда жормалдар айтылады. Одан бері қарай даму жолдары жорамалдар
айтылады. Одан бері қарай қоғамдық феодальдық жəне капитализм формациялары
кездеріндегі тілдердің қалыптасып жетілуі нəтижесінде ұлттық тілдердің пайда болуы жүзеге
келетін болатын.
Ұлттық тілге тəн белгілер қайсылар, ол немен сипатталады? Деген сұрақтарға жауап
айтылады: ұлттық өнер кəсіп пен техниканың, ғылым мен мəдениеттің жəне қоғамдық саяси
68
өмірдің барлық саласын қамтып көрсететін бай лексикамен қалыптасқан жазу жүйесімен
жəне əртүрлі стильдік тармақтар мен сипатталады.
Бұрынғы совет одағында болған башқұрт, қазақ, қырғыз, қарақалпақ т.б. халықтардың
ұлттық тілдері осы XX ғасырда қалыптасады. Ұлт тіліне жəне оның əдеби түріне белгілі бір
диалект негіз болып қолданады. Мысалы, орыс əдеби тіліне Москва диалекті, француз
ұлттық əдеби қызметіне Париж диалекті негіз болғаны тəрізді Ташкент-Ферғана
говорларының тобы өзбек əдеби тіліне негіз болған. Жергілікті тіл ерекшеліктерін көрсететін
диалект жəне говорлар өздерінің өте бай тілдік фактілермен тілдің тарихын зерттеуге тамаша
деректердің бірі болып саналады.
Қайталау үшін сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Тілдің келіп шығуы жайында қандай маңызды мəселелер болды?
2.Тілдің келіп шығуы туралы алғашқы теориялар қандай еді?
3.Материалистік теориялардыңпринциптері қандай?
4.Тілдердің өз-ара қарым-қатысы, əсері нəтижесінде қандай өзгерістер жүзеге келеді?
Пайдаланған əдебиеттер:
1.Кəкен Аханов. Тіл білімінің негіздері. Алматы 1978 ж.
2. О.Азизов. Тилшуносликка кириш. Тошкент 1996 й.
3. Реформатиский А.А. Введение в языкознание. Москва 1967 г.
4. Кодухов В.И.Введение в языкознание. Москва,1979.
5. Dawletov. Тil bilimi tiykarlari Nоkis 2007.
15-Тақырып: Тілдердің классификациясы.
Тақырыптың планы:
1. Дүние тілдері жайында жалпы мəліметтер.
2.Тілдерді топтастырудың тіл біліміндегі принциптері.
3.Тілдің генологиялық классификацияның шарттары.
4.Тілдердің шығу тегін генелогиясын анықтауда салыстырмалы-тарихи зерттеудің
маңызы.
5.Тілдердің туыстастығын анықтау принциптері
6.Индоевропа тілдеріне жататын тілдер.
7.Самит-Хамит тілдері тобы.
8. Кавказ тілдері тобы, финн-угор тілдері тобы.
9. Түркі тілдері жəне монгол тілдері топтары.
Таяныш сөздері: үнді,урду, иран, славиян, орыс, балтық, герман, дад, неміс,швед,
роман, француз, португал, ирвид, шотланд, грек, алтай, армиян, араб, иврид, египет, кавказ,
грузин, дағыстан, авар, лезгин, фин-угор, венгр, финн, карель, түркий тілдері, булғар, огуз,
қыпшақ, қарлуғ, монғол, тунгус, маньчужур, тан, кибет.
Дүние жүзінде үш мың шамасында тіл бар деп есептелінеді. Бірақ олардың дəл, анық
санын айту қиындығы бар. Өйткені сол дүние тілдерінің қайсылары дербес ұлттық халықтық
69
тіл, қайсылары дербес тілдің жергілікті ерекшеліктерін көрсететін диалектілер екені жетерлі
анық емес. Дүние жүзі тілдерінің ішінде тайпа тілдері де, (Мысалы, Африкадағы кейбір
тілдер, Америка индеецтерінің тілдері т.б лар), халық тілдері де, ұлт тілдері де бар. Дүние
жүзі тілдерінің ішінен орыс тілі, ағылшын тілі, француз тілі, қытай тілі, араб тілі жəне испан
тілі халық аралық тілдер болып саналады. Бұл тілдерде халық аралық ұйымдардың, мысалы,
Біріккен ұлттар ұйымының, Бейбітшілікті қорғау комитеті т.б. ұйымдардың материалдары
жарияланып отырады.
Тіл білімінде дүние жүзіндегі тілдер екі түрлі тұрғыдан 1) тілдік материалдардың
(түбірлер мен аффикстердің жəне сөздердің) бірлігі, яғни шығу тегінің бірлігі тұрғысынан, 2)
шығу тегіне байланыстырылмай, құрылысы мен типінің, ең алдымен, грамматикалық
құрылысының ыңғайластығы, ұқсастығы тұрғысынан топтастырылады. Топтастырудың
бірінші түрі тілдердің генеологиялық классификациясы делініп, екінші түрі типологиялық
(немесе морфологиялық) классификациясы делініп аталады.
Шығу тегінің немесе жақындығы бойынша салыстырмалы-тарихи зерттеулердің
факттері негізге алынады. Тілдерді салыстырмалы тарихи тұрғыдан зерттеудің барысында
ХIХ ғасырдың басында салыстырмалы-тарихи тіл білімі пайда болды.
Салыстырмалы-тарихи метод туыс тілдердің деректерін салыстыра келіп, ол тілдердегі
ортақ, біртектес элементтерді, ондай бірліктің шығу негізін жəне ортақ формалар мен
грамматикалық категориялардың ары қарай дамуы мен өзгеру ерекшеліктерін айқындауды
көздейді. Сонымен тілдердің генеологиялық (шығу тегі) бірлігі (генеологическая общность),
генеологиялық байланысы салыстырмалы-тарихи методтың қарастыратын негізгі объектісі
болып саналады.
1. Ең алдымен салыстырмалы-тарихи метод тілдердің, адам баласы тілінің шығу
процесінен бастап түрлі-түрлі болу фактісіне, оның сол кездің өзінде əртүрлі тілдердің өзіне
сай əр түрлі сөздің құрамымен грамматикалық құрылысының жасалу фактісіне негізделеді.
Демек, салыстырмалы тарихи метод ең алғаш пайда болған көптеген тілдерде белгілі бір зат
немесе құбылыс əртүрлі лексикалық атаулармен (сөздермен) аталғанын, біркелкі
грамматикалық категориялардың түрлі-түрлі формаға ие болып, əр түрлі грамматикалық
тəсілдермен берілген негіз етіп, соған сүйенеді.
2. Тілдердің туыстас тілдер деп саналуы үшін ең алдымен, олардың лексикасында
мағыналық жағынан біркелкі немесе өз ара ұқсас, дыбысталуы жағынан да бір-біріне жақын
көптеген сөздердің болуы шарт. Мұндайда туыстас тілдердің лексикасындағы сөздердің
барлығы бірдей емес, олардың сөздік қорындағы байырғы төл сөздер еске алынады. Мысалы,
қазақ тіліндегі ауыр, өзбек тіліндегі оғир, қырғыз тіліндегі оор, тува, хакас тілдеріндегі аар,
түркмен тіліндегі ағыр, алтай тілінде уур, башқұрт тілінде ауыр, татар тіліндегі авыр деген
сөздердің мағына жағынан бірдей дыбысталуы жағынан ұқсас болып келуі бұл сөздердің бір
бұлақтан (негізден) шыққандығын көрсетеді.
Туыстас тілдердің барлығына бірдей ортақ сөздердің қатарына адамдардың өз ара
туыстық қатынасын білдіретін сөздер, адамның дене мүшесінің аттары, жыл мезгілдері мен
тəулік бөлегінің аттары, адамдардың күн көрісіне, қоғамдық еңбегіне байланысты іс-əрекет
атаулары, еңбек құралдарының аттары, есімдіктер, заттардың негізгі сапа атаулары т.б. енеді.
Түркі тілдеріндегі септік жалғаулары мен жіктік жалғауларынан, тəуелдік жалғаулары
мен көптік жалғауларының форманттарының уқсастығы, мағыналары мен атқаратын
қызметтерінің бірлігі, біртектестігі, сөз тудырушы аффикстердің ортақ болуы жəне
синтаксистік құбылыстардың бірдей немесе өте жақын болып келуі түркі тілдерінің бір
негізден шыққандығын, олардың туыстас, біртектес тілдер екендігін көрсетеді.
3. Тілдердің өз ара туыстас тілдер деп аталуы үшін ол тілдердің лексикалық жағынан
біртектес, өз ара ұқсас болуы, əрине, қажетті жəне басты шарттардың бірі. Бірақ, мұның өзі
де жеткіліксіз. Əр түрлі тілдердің бір-бірімен туыстас тілдер деп саналуы үшін олардың
70
лексикасындағы төл сөздер жағынан ғана емес, мұнымен бірге, грамматикалық құрылысы
жағынан да жақын, бір тектес болып келуі шарт.
4. Тілдердің туыстығын айқындауда жəне олардың тарихи даму жолдарын танып білуде
туыстас тілдердегі дыбыстардың сəйкестігін есапқа алудың үлкен мəні бар. Мысалы, қазақ
тіліндегі с дыбысына қырғыз, өзбек тілдерінде т.б. түркі тілдерінде ш дыбысы сəйкес келсе,
(мысалы, қазақша-бас, қырғызша-баш, өзбекше-бош), қырғыз тіліндегі ш дыбысына қазақ
тіліндегі с дыбысы сəйкес келеді (мысалы, қырғызша-шаш («абыржы» деген мағынада),
қазақша-сас. Қазақ, қарақалпақ тілдеріндегі сөз басындағы ж дыбысына (жол) өзбек тілінде й
дыбысы (йол), Алтай тілінде д дыбысы (дел), қырғыз тілінде дж дыбысы (джол) сəйкес
келеді. Сонымен, салыстырмалы-тарихи метод туыс тілдердің арасындағы дыбыс сəйкестігін
есепке алады.
Тілдердің генеологиялық классификациясы. Бұл классификация салыстырмалы-тарихи
тіл білімінің деректерімен жетіскендіктеріне сүйене отырып, дүние жүзіндегі тілдерді
олардың шығу тегінің бірлігіне, материальдық туыстастығына (материальное родство) қарай
əртүрлі тілдік семьяға, топтарға бөліп топтастырады. Семья деген термин биологиялық
(антропологиялық) ұғымды білдірмейді. Ол тілге қатысты қолданылғанда, шығу тегі бір,
біртект естілдердің бірнеше топтарының жиынтығы дегенді білдіреді. Түркі тілдері өзара
туыстас тілдер дегеннен, олардың жалпы түркілік (общетюркское) бір негізден
шыққандығын аңғарамыз. Роман тілдері (француз, испан, итальян, португал, румын т.б.
тілдер) өз ара туыстас тілдер, олар бір негізден (источник)-латын тілінен шыққан. Тіл-
биологиялық құбылыс емес, қоғамдық-тарихи құбылыс. Тілдердің туыстастығы туралы
ұғымды тарихи жəне лингвистикалық ұғым деп түсінген дұрыс болады.
Генеологиялық классификация бойынша дүние жүзіндегі тілдер тіл білімінде былайша
топтастырылады.
I. Индоевропа тілдері. Индоевропа тілдерінің құрамына туыстас тілдердің төмендегі
топтары мен жеке тілдер енеді:
1. Индия тобы. Бұл топқа мына тілдер енеді: бенгол тілі (Индия мен Пакистанда)
маратхи тілі (Индияда), Манджаби тілі (Индия мен Пакистанда), лахида тілі (Пакистанда),
синдхи тілі (Индия мен Пакистанда), раджастхана тілі (Индияда) гуджарата тілі (Индия мен
Пакистанда), сингаль тілі (Цейлонда), непали тілі (Непал мен Индияда), бихари тілі (Непал
мен Индияда), Ория (немесе одри, уткали) тілі (Индияда), Кашмир тілі (Индияда), Цыган
тілі. Кейде Хиндистани деген жалпы атпен аталатын əдеби тілдің екі түрі бар: оның бірі-
УРДУ (Пакистанның мемлекет тілі, жазуы араб алфавитіне негізделген, екіншісі-хинди
(индияның мемлекет тілі). Индия тобына санскрит, пали, пракрит деп аталатын өлі тілдер де
енеді.
2. Иран тобы. Бұл топқа мына тілдер енеді: фарсы тілі (иранның мемлекет тілі, жазуы
араб алфавитіне негізделген), пушту (пашто) тілі (Ауғанстанның мемлекет тілі), балучи
(белуджи) тілі (Пакистан, Ауғанстан, Индия мен Иранда жəне Түркменстанның кейбір
аудандарында), тəжік тілі (Тəжикстанда, Өзбекстанда, Ауғанстанда) курд тілі (Туркияда,
Иранда, Иракта, Сирияда, Армения, Азирбайжан, Грузия, Туркменстанның кейбір
аудандарында), өсетін тілі (сол түстік Осетияда, Оңтүстік Осетияда), тат тілі (Иранда,
Азербайжанда, Дағыстанда), талыш тілі (Азербайжанда, Иранда), Ягноб тілі (Тəжикстанда),
Памир тілдері (шугнан, рушан, бартанг, сарыкель, ишкам, вохан тілдері). Бұл тілдерде сан
жағынан өте шағын этникалық топтар сөйлейді. Этникалық бұл топтардың тілдері шугнан
рушан тілдерінің тобы деп те аталады. Олар Памирде, Ауғанстанда, Қытайда жасайды).
Иран тобына өлі тілдер-ежелгі фарси тілі, авесто тілі, миди тілі, скиф тілі, алам тілі, пехлеви
тілі, парфия тілі, соғди тілі, хорезм тілі, бактри тілі енеді.
3. Славян тобы. Тілдердің славян тобы өз ішінде кіші үш топқа бөлінеді: а) шығыс
славян тобына енетін тілдер: орыс тілі (Россияда, бұрынғы совет одағына кірген
республикаларда, Америка, Европа мемлекеттерінде т.б.), Украин тілі (Украинада, Польша,
71
Чехословакия, Румыния, Венгрия, Америка, Канадада т.б.), белорус тілі (Белорусияда, басқа
да республикаларда, Польшада). ə) оң түстік славян тобына енетін тілдер: болгар тілі
(Болгарияда, Югославияда, бұрынғы СССР да), Македон тілі (Югославияда), сербо-хорбат
тілі (Югославияда, сербтердің жазуы орыс алфавитінде, хорваттардың жазуы латын
алфавитінде негізделген), словян (немесе словин) тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген,
Югославияда АҚШ та). Бұл топқа көне славян өлі тіліде енеді. б) батыс славян тобына енетін
тілдер: чех тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген (чехо словакияда АҚШ та), словак тілі
(жазуы латын алфавитіне негізделген, чехословакияда, АҚШ та), поляк тілі (жазуы латын
алфавитіне негізделген, Польшада, Францияда, АҚШ та, Канадада, бұрынғы СССР да),
кашуб тілі (Польшада), Серболужиц тілі (Германияда), бұл топқа өлі тіл полаб, помор
диалектілері енеді.
4. Балтық тобы. Бұл топқа Литва тілі (Литвада, АҚШ та), латыш тілі (Латвияда), прус
тілі (өлі тіл).
5. Герман тобы. Герман тобы өз ішінде кіші үш топқа бөлінеді: а) солтүстік Герман
(Скандинавия) тобына енетін тілдер: дат тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген, Данияда,
АҚШ та), швед тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген, Швецияда, Францияда, АҚШ та),
норвеж тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген, Норвегияда, АҚШ та, Канадада), исланд
тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген, (Исландияда), феррер тілі (Атлант мухитындағы
феррер аралдарында). ə) батыс герман тобына енетін тілдер: ағылшын тіл (жазуы латын
алфавитіне негізделген, Великобританияда, АҚШ та, Канадада, Африкада, Австралияда)
халық аралық тілдердің бірі, голланд тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген, Голландияда,
Канадада, АҚШ та), неміс тілі (Германия, Румыния, АҚШ, Канада, Бразилия, Россияда т.б.)
идиш (жаңа еврей) тілі; б) шығыс герман тобына енетін вестгот, остгот өлі тілдер.
6. Роман тобы. Бұл топқа енетін тілдер: француз тілі (жазуы латын алфавитіне
негізделген, Францияда, Алжирде, АҚШ та); провинсаль тілі (оңтүстік-шығыс Франциядағы
(Прованс) аз санды ұлттардың тілі), Италян тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген,
Италия, Франция, Швейцария, АҚШ, Аргентина, Канада, Африка, Австралияда), Испан тілі
(жазуы латын алфавитіне негізделген, Испания, Франция, Аргентина т.б. елдерде), Каталан
тілі (Испания, Францияда т.б.), португаль тілі (Португалия, АҚШ, Бразилия т.б. да), румын
тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген, (Румыния, АҚШ, Россияда, Молдавияда),
Молдован тілі (жазуы орыс алфавитіне негізделген, Молдавияда), ретро-роман тілі,
Швейцарияда), латын өлі тіл.
7. Кельт тобы. Тілдердің бұл тобы өз ішінде үш топқа бөлінеді: а) гаэль тобына енетін
тілдер: ирланд тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген, Ирландия, Великобритания, АҚШ,
Канадада), Шотланд тілі (Великобритания, АҚШ, Канадада); ə) бритт тобына енетін тілдер:
бретон тілі (Францияда) Уэльс тілі (Великобританияда), б) галль тобына галль деп аталатын
өлі тіл енеді.
8. Грек тобына жаңа грек тілі (ХII ғасырдан басталады, Германия, Кипр, Туркия, СССР,
АҚШ та), көне грек тілі (өлі тіл) мен Византия тілі (өлі тіл) енеді.
9. Албан тобына албан тілі (жазу латын алфавитіне негізделген, Албания,
Югославияда).
10. Армян тобына армян тілі (Арменияда, Сирия мен Иранда) енеді.
II. Семит-Хамит тілдері.
1. Семит тобы. Бұл топқа енетін тілдер: араб тілі (жазуы араб алфавитіне негізделген,
(Аравия, Сирия, Ливан, Иордания, Палестина, Ирак, Судан, Тунис, Алжир т.б.) семит
халықының тілдерінің бірі), амхор тілі (Эфиопияның əдеби тілі), тигре, тигран, гураге тілдері
(Эфиопиядағы жазуы жоқ тілдер), айсор тілі (Иран, Ирак, Сирияда), Иврит тілі (Израиль
еврейлерінің əдеби тілі). Бұл топқа Аккад, (Ассирия-вавилон) Угарит, аремей, финикий өлі
тілдері де енеді.
72
2. Египет тобына көне египет тілі жəне көпті тілі деп аталатын өлі тілдер енеді. Семит-
Хамит тілдерінің қатарына осы тілдердің кашит тобы, бербар тобы, чадо-хамит тобы енеді.
III. Кавказ тілдері. Кавказ тілдерінің бір неше тобы бар: а) оңтүстік (немесе Картвель)
тобына енетін тілдер: грузин тілі (жазуы грузин алфавитіне негізделген, Грузияда, Туркия
мен Иранда), Мегрель тілі Чан (лаз) тілі (Туркияда), сван тілі; ə) батыс (немесе абхазадыгей)
тобына енетін тілдері: абхаз тілі (жазуы 1954 жылға дейін грузин алфавитінде, қазірде орыс
алфавитіне негізделген, Абхаз Республикасында), адыгей жəне Кабордин тілдері (Кабардин-
Балкар Республикасында); б) бацбий-кистин тобына енетін тілдер: бацбий тілі, Чечен тілі,
ингуш тілі (Чечен-ингуш Республикасында); в) дағыстан тобына енетін тілдер: авар тілі,
даргин тілі, лезгин тілі, лакс тілі, табасаран тілі (бұл тілдердің жазуы орыс алфавитіне
негізделген), жəне Дағыстанда өздерінің жазуы жоқ бірнеше тілдер бар.
IV. Фин-Угор (немесе Угро-Фин) тілдері. Фин-Угор тілдері екі топқа бөлінеді. а) угор
тобына енетін тілдер: венгер (мадьяр, угор) тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген,
Венгрияда, Румыния, Югославия, Чехословакия, АҚШ, СССР да жасайды), Манси тілі ханты
тілі (Сибирде); ə) Фин тобына енетін тілдер: Фин тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген,
Финландия, Швеция, Норвегия, АҚШ, Австралияда), карель тілі (Карелияда), Вепс, ижор
тілдері (СССР да), коми-зырян тілі (Коми республикасында), удмурт тілі (удмурт, татар,
Башқурт республикаларында), Марий тілі (Марий республикасында) жəне т.б. тілдер.
V. Түркі тілдері. Туркологияда түркі тілдерінің əр түрлі классификациясы бар.
К.А.Баскаков қазіргі түркі тілдерін батыс хунбутағы жəне шығыс хунбутағы деп бөледі де,
əр бір бутақты бірнеше топқа таратып былайша топтастырады.
А. Түркі тілдерінің батыс хунбутағы. Бұған енетін тілдер топтары: 1. Бұлғар тобына
чуваш тілі (чуваш, Башқұрт, татар республикаларында) енеді. 2. Оғуз тобына енетін тілдер:
түркмен тілі (Түркменстанда, Өзбекстанда, басқада республикаларда, Иран Ауғанстан,
Туркия, Сирияда), гагауз тілі (Украина мен Молдавияда, Болгарияда), балқан түрклерінің
тілі, азербайжан тілі (Азербайжанда, Грузия, Арменияда, Дағыстанда, Иранда) түрік тілі
(Туркия, Кипр, Греция, Ирак, Сирия, Болгария, Югославия, Румыния, бұрынғы совет
одағында, Франция, Аргентина, АҚШ, Германияда);
3. Қыпшақ тобына енетін тілдер: Караим тілі (Литва мен Украинада), Қумық тілі
(Дағыстанда, аз бөлегі Чечен-Инугш, Солтүстік Осетия республикаларында), Қарачай-балқар
тілі (қарачайлар Карачай-Черкес автоном облысында, балқарлар Кабардин-Балқар
республикасында, қарай мен балқарлардың аз бөлегі Қырғызстанда, Өзбекстанда жəне
Қазақстанда), Қырым татарларының тілі (Қырымда, Өзбекстанда), татар тілі (Татар,
Башқұрт, Чуваш республикасында, Россияның Горький, Тамбов, Пенза, Рязань, Улянов,
Куйбышев, Орынбор, Волгоград, Саратов, Астрахан, Челябин, Новосибирск, Омск, Таиск,
Тюмень, Пермь т.б. облыстарында, бұрынғы Совет Одағының басқа республикаларында
жасайды), башқұрт тілі (Башқұртстанда, Россия, Қазақстан, басқа да республикаларда) ноғай
тілі (Ставрополь өлкесінде, Қарачай-Черкес облысында, аз бөлегі Астрахань облысында,
Краснодар өлкесінде, Дағыстан республикасында), Қарақалпақ тілі (Қарақалпақстан
республикасында, Өзбекстанның Хорезм, Ферғана облыстарында, Түркменстанның Ташкент
облысында, Қазақстанның жəне Астрахань облысының кейбір аудандарында), қазақ тілі
(Қазақстанда, Орта Азия республикалары мен Россияның кейбір аудандарында, Қытай мен
Монголияда).
4. Қарлуқ тобына енетін тілдер: Өзбек тілі (Өзбекстанда, Қазақстан, Қырғызыстан,
Тəжікстан, Түркменстан, Қарақалпақстанда, Қытай мен солтүстік Ауғанстанда); уйғыр тілі
(жаңа уйғыр тілі), (Қытайда, Қазақстан, Өзбекстан, Түркменстанда).
5. Түркі тілдерінің шығыс хунбутағы. Бұған енетін тілдер тобы:. 1) Уйғыр-оғуз тобы.
Бұл топқа енетін тілдер: Тува тілі (Тува республикасында, Монголияда), тофа (Қарағас тілі
(600 шамасында адамы бар этникалық топтың тілі (Краснодир өлкесінде), Якут тілі (Якут
республикасында, Краснодар өлкесінде, Магадан, Сахалин, Амур облыстарында), Хакас тілі
73
(Хакас автоном облысында), Шор тілі (солтүстік Алтайда, Хакас жəне Паулы-Алтай автоном
облыстарымен шектесетін территорияда), Чулым тілі (Чулым өзенінің) Обь өзенінің
құйылысы жағасында); 2. Қырғыз-қыпшақ тобы. Бұл топқа енетін тілдер: қырғыз тілі
(Қырғызстанда, Өзбекстан, Тəжікстан, Қазақстанда, Қытай Монголия, Ауғанстанда); Алтай
тілі (Алтай өлкесінің Таулы-Алтай автоном облысында), Түркі тілдеріне жазба
ескерткіштерде сақталған мынадай өлі тілдерде енеді: Орхон, қыпшақ (половец, куман) көне
ұйғыр, чағатай жəне т.б. тілдер.
VI. Монғол тілдері. Бұлардың құрамына мына тілдер енеді: халха-монғол тілі (жазуы
бұрын монғол алфавитіне, 1945-жылдан орыс алфавитіне негізделген, (монғол
республикасында), бурят тілі (Бурят автоном республикасында, иркут облысы мен Чита
облысында, Монғолия мен Қытайда), қалмақ тілі (жазуы орыс алфавитіне негізделген,
қалмақ республикасында, Астрахань, Ростов, Волгоград облыстары мен Ставрополь
өлкесінде, Қытайда.
VII. Тунгус-маньчжур тілдері. Бұл тілдер екі топқа бөлінеді: 1. Тунгус тобы жəне оған
енетін тілдер: Эвенк тілі (Краснояр өлкесінің Эвенк ұлттық округі, Бурят, Якут
республикаларында, Иркут, Чита, Томск облыстарында, Хабаровск өлкесі Сахалин
аралында), Эвен тілі (Магадан, Камчат облыстарында, Чукак ұлттық округінде, Хабаровск
өлкесінде, Якут республикасының солтүстік шығыс аудандарында).
2. Маньчжур тобы жəне оған енетін тілдер: нанай тілі (Хабаровск өлкесі мен Приморье
өлкесінде), ульч тілі (Хабаровск өлкесінің ульч ауданындағы этникалық топтың тілі), орок
тілі (саны 400 адам, Сахалин аралында) орочи тілі (Хабаровск өлкесінде) удегей тілі
(Хабаровск өлкесі мен Приморье өлкесінде).
VIII. Қытай-тибет тілдері. Бұл тілдердің екі тобы бар: 1. Тан-Қытай тобы жəне оған
енетін тілдер: Қытай тілі (Қытай тобы жəне оған енетін тілдер: Қытай тілі (Қытай
мемлекетінде, Тайланд, Малазия, Индонезия, Синьгапур, Вьетнам, Бирма, Филиппин, Корея,
Япония, Лаос, АҚШ, Канада, Перу, Мексика, Россия, Великобританияда), дунган тілі
(Қытайда Қазақстан мен Қырғызстанда), таи тілі (Тайландтың мемлекет тілі), Лаос тілі
(Лаос, Таиланд, Камбоджа, Бирмада), Чжуан тілі (Қытайда), Вьетнам тілі (Вьетнам,
Камбоджада). 2. Тибет-бирма тобы жəне оған енетін тілдер: Тибет тілі (Қытайда) Бирма тілі
(Бирмада). Туыстас тілдердің ешбір тобына енбейтін, жеке-дара тұратын тілдер: жапон тілі
жəне Корей тілі.
Тілдердің жоғарыда аталған семьялары мен топтарынан басқада бірнеше топтар (немесе
семьялары), Мысалы, Малазия-полинезей тілдері, дравид тілдері, аустро-азиялық тілдер,
Австралия тілдері, Африка тілдері, полео африкан тілдері, полеоазмат тілдері, Солтүстік
Америка тілдері, Орталық Америка тілдері, Оңтүстік Америка тілдерді, деп аталатын тілдері
бар.
Достарыңызбен бөлісу: |