Өзбекстан Республикасы жоғары жəне орта арнаулы білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата30.01.2017
өлшемі0,71 Mb.
#3000
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

 

Қайталу үшін сұратар мен тапсырмалар

1. Грамматикалық мағыналарды білдірудің қандай тəсілдері бар?  

2. Аффикиция тəсілінің мағына жасаудағы орны қандай?  

3. Мағына жасауда басқа қандай тəсілдер бар?  

4. Көмекші сөздер тəсілінің ерекшеліктері нелер?  

5. Мағына жасауда грамматикалық форманың маңызы не?  

6.  Синтетикалық,  аналитикалық  форманың  грамматикалық  мағына  білдірудегі 

ерекшеліктері нелер?  



 

 

Пайдаланған əдебиеттер: 

1.Кəкен  Аханов.  Тіл  білімінің  негіздері.  Алматы 1978 ж.  

2. Ə.Хасенов.  Тіл  біліміне  кіріспе.  Алматы 1990ж.  

3. О.Азизов. Тилшуносликка кириш. Тошкент 1996 й.  

4.  Реформатиский А.А. Введение в языкознание.  Москва 1967 г.  

5. Кодухов В.И.Введение в  языкознание. Москва,1979.   

6. Dawletov. Тil bilimi tiykarlari  Nоkis 2007. 

 

 



 

 

 

 

 

10. Тақырып: Грамматикалық категория. Сөз таптары. 

Тақырыптың планы 

1. Грамматикалық категорияның форма жəне мағыналы тығыз байланысы  

2. Сан-мөлшер категориясыныың сөз таптарына қатысы.  

3. Септік категориясы онда атау септігінің орны.  

4. Жақ категориясының етістіктер мен байланысы.  

5. Шақ, рай жəне етістік категориялары етістіктеге тəн категориялар. 

6. Сөз таптары, олардың классификациясы мəселелері.  

Таяныш сөздер: грамматикалы категория, мағына, форма, шырай, сан-мөлшер, жіктік, 

көптік, зат есім, есімдік, етістік, көмекші рай, етіс, сөз таптары, атауыш, етістік, көмекші.  

Грамматикалық  категория  туралы  ұғым  мағына  мен  грамматикалық  форма  туралы 

ұғымдармен ұштасып жатады, олармен əрқашан тығыз байланыста болады.  

1.Грамматикалық мағына грамматикалық категориялардан тыс, оған байланыссыз өмір 

сүрмейді, қайта оның элементі ретінде грамматикалық категорияның құрамында өмір сүреді; 



 

47

2.Грамматикалық  категория  грамматикалық  формамен  тығыз  байланысты.  Қандай  бір 



грамматикалық  категория  болсын,  ол  бір  тектес  грамматикалық  мағыналарды  білдіріп, 

кемінде  екі  түрлі  формасы  шарт.  Мысалы,  бір  ғана  септіктің  формасы  немесе  бір  ғана 

грамматикалық  жақтың  формасы  өздігінен  септік  категориясында,  жақ  категориясын  да 

құрай алмайды. Септік категориясы туралы сөз ету үшін ол тілде ілік септігінен басқа барыс, 

табыс  т.б.  септіктерінің  болуы  шарт.  Сонда  ғана  септік  дербес  грамматикалық  категория 

ретінде  таныла алады. Грамматикалық жақ категориясы туралы I жақтан басқа II жақ, III жақ 

болғандықтан  ғана  əңгіме  ете  аламыз.   Сын  есімнің  шырай  категориясы  туралы  да  осыны 

айтуға  болады.  Шырай  категориясы  бір  жай  шырайдың  грамматикалық  мағынасымен 

формасынан құралуы мүмкін емес. Сын есімнің шырай категориясы оның мазмұнына енетін 

жай  шырай,  салыстырмалы  шырай  жəне  күшейтпелі  шырайдың  мағыналары  мен 

формаларының жиынтығынан құралады. 

Грамматикалық  категория  бір  тектес  грамматикалық  мағыналарды  білдіретін 

грамматикалық формаларлың жиынтығынан құралады. 

Грамматикалық категориялардың түрлері жəне олардың сөз таптарына қатысы өте-мөте 

маңызды мəселелерден есептеледі. 

Грамматикалық  категория  атты  ұғымның  табиғатын    ашып  айқындай  түсу  үшін  жəне 

грамматикалық  категориялардың  сөз  таптарынан  ара  қатысын  баяндау  үшін  тілдің 

көпшілігінге  тəн,  жоғарыда  айтылған  жалпылама  ортақ  грамматикалық  категориялар 

жайында тоқталу қажет. 

1.Сан мөлшер категориясы. (Категория) тілдердің барлығына дерлік тəн. Даралық ұғым 

мен көптік ұғымды бір-бірінен ажырату тілде өзінің көрінісін тауып, осыған орай тіл тілде 

грамматикалық сан мөлшер категориясы пайда болған. Даралық (жекелік) ұғым мен көптік 

ұғымы, əдетте заттар мен тікелей байланысты болады да, осыған сəйкес, грамматикалық сан 

мөлшер  категориясы  əртүрлі  тілдерде  сөз  таптарының  ішінде  зат  есімдерге  өте-мөте  тəн 

категория  ретінде  ұғынылады.  Мұнымен  бірге,  жекелік  пен  көптік  тіл  тілде  есімдіктерге, 

оның  ішінде  əсіресе  жіктеу  есімдіктеріне  тəн.  Грамматикалық  сан  мөлшер  категориясы 

етістіктерге тікелей қатысты болмай, оның қатысы есімдіктер немесе зат есімдер арқылы іске 

асады.  Атап  айтқанда,  етістіктер  есімдіктер  мен  көбінесе  жіктеу  есімдіктер  мен  немесе  зат 

есіммен  тіркесіп  баяндауыш  қызметінде  жұмсалғанда,  бастауыш  қызметіндегі  есімдіктің 

немесе  зат  есімнің  жекелік  немесе  көптік  мағынада  жұмсалу  ыңғайына  бағынып,  осыған 

орай жекелік немесе көптік мағынаға ие болады. 

Грамматикалық  сан  мөлшер  категориясының  əртүрлі  тілдердің  немесе  тілдің  əртүрлі 

топтарының  грамматикалық  құрылысының  ерекшеліктеріне  тікелей  байланысты  айырым 

жақтары,  өзіндік  белгілері  көрінеді.  Мысалы,  грамматикалық  сан  мөлшер  категориясы 

көптеген тілдерде жекелік жəне көптік мағыналарында көріне алса, оның екілік деп аталған 

түрі  көне  грек  тілі  ежелгі  орыс  тілі,  ежелгі  идеялық  санскрит  жəне  қазаіргі  араб  тілінде 

кездеседі. Орыс тілінде тек жекеше түрінде немесе көпше түрінде қолданылатын зат есімдер 

кездеседі,  ал  түркі  тілдерінде  мұндай  ерекшелік  сирек  ұшырасады.  Мысалы,  орыс  тілінде 

студендчество, стбянство, учительство, аспирантура, беднота, нефть, бензин, золото, серебро 

тəрізді  зат  есімдер  тек  жекеше  түрінде  қолданылса,  очки,  брюки,  ножницы,  весы,  сливки, 

сутки, именины, шахматы, суменрки тəрізді зат есімді тек көпше түрінде қолданылады. 

Грамматикалық  сан  мөлшер  категориясы  сөз  таптарының  бірі  есімдік  түрге  де  тəн 

категория  болып  саналады.  Жекелік  жəне  көптік  болатындар-көбінесе  жіктеу  есімдіктері. 

Жіктеу есімдіктері ішінен түркі тілдерінде I-жақтық жіктеу есімдігінің (мен) орыс тілінде I 

жəне II жақтық  жіктеу  есімдіктерінің  (я,  ты)  жекеше  түрі  өздігінен  көптік  түрге  ие  бола 

алмайды.  Олар  түркі  тілдерінде  біз  (біздер),  орыс  тілдерінде  мы,  вы  формаларына  өту 

арқылы сан мөлшерді білдіреді. 

Жекелік  пен  көптіктің  мағыналары  етістік  сөздерде  өз  алдына  дыбыс  аффикстері  мен 

емес,  көбінесе  жақтық  мағыналарды  білдіретін  жіктік  жалғаулары  мен  беріледі.  Етістік 


 

48

баяндауыштар  бастауыш  пен  жіктік  жалғаулары  арқылы  қиысады  да,  жіктік  жалғаулары 



бастауыштың ыңғайына қарай əрі жақтық мағынаны, əрі сан мөлшер мағынасын (жекелік не 

көптік  мағынасын)  қоса  білдіреді.  Бұл  айтылғандардың  бірінші  жаққа  тікелей  қатысы  бар, 

мысалы,  мен  бардым,  біз  бардық,  мен  барамын,  біз  барамыз.  Ал  екінші  жақта  жіктік 

жалғауынан көптік мағынаны білдіру үшін көптік жалғауы жалғанады. Мысалы, сен бардың 

(сіз  бардыңыз)  сендер  бардыңдар  (сіздер  бардыңыздар),  сен  барасың  (сіз  барасыз),  сендер 

барасыңдар (сіздер барасыздар) жəне т.б. 

Түркі тілдерде сөздердің түрінің арнаулы көрсеткіші жоқ, ал оның көпше түрі арнаулы 

аффикс көптік жалғауы (лар, лер, тар, тер, дар, дер) арқылы беріледі. Ал басқа бір қатарда 

тілдерде көптік мағына сол тілдерінің грамматикалық ерекшеліктерінен келіп шығып əртүрлі 

əдістер,  тəсілдер  мен  беріледі.  Кейбіреулерінде  аффиксация,  ал  кейбіреуінде  болса,  ішкі 

флекция тəсілімен жасалады. 

2.Септік  категориясы.  Əртүрлі  тілдерге  жəне  олардағы  есім  сөздерге  өте-мөте  тəн 

грамматикалық  категориялардың  бірі-септік  категориясы.  Септіктер  есім  сөздерді4  бір-

бірімен қатысын немесе олардың басқа бір сөздерге қатысын білдіру қызметінде жұмсалады. 

Септіктер  арқылы  білдіретін  əртүрлі  қатынастарға,  шындық  болмыстағы  заттар  мен 

құбылыстардың  арасындағы  қатынастар  негіз  болады.  Септіктіктердің  əртүрлі  тілдерде 

есімдерге, əсіресе зат есімдерге тəн болуы осыдан.  

Сөздік атау септік түрін басқа септіктермен, мысалы, ілік немесе барыс септігі түрімен, 

салыстырып  қарасақ  септік  жалғауындағы  сөздің  басқа  сөздерге  қатысының  қандай 

болатындығы  ашық  айқын  аңғарылады.  Мысалы,  үй  деген  сөз  ілік  септікте  есік,  терезе 

немесе  басқа  бір  сөзбен  тіркесіп  (үйдің  терезесі,  үйдің  есігі)  меншіктеуші  қатынасты 

білдірсе,  барыс  септігінде  барамын,  келемін  деген  етістіктер  мен  тіркесіп  (үйге  барамын, 

үйге келемін) бағытты білдіреді. Атау септіктің басқа септіктерге қарағанда дербестігі басы 

мол басқа септіктердің бəріне де негіз болады. Жанама септіктердің (косвенные падежи) бəрі 

де осы атау септік түріне тиісті септік жалғауларының жалғаныуы арқылы жасалады. Атау 

септіктің  кейде  негізгі  септік  (основные  падеж)  деп  аталыуы  осыдан.  Сонымен,  септік 

дегеніміз жалғау мен грамматикалық мағыналардың бірлігінен тұратын жəне бір есім сөздің 

екінші сөзге немесе етістікке қатысын білдіретін грамматикалық категория. 

3.Жақ категориясы. Грамматикалық категориялардың ішінде дүние жүзіндегі тілдердің 

басым көпшілігіне тəн соларға ортақ категориялардың бірі жақ категориясы. Грамматикалық 

жақ  категориясы  іс-əрекеттің  қай  жаққа  (кімге  немесе  неге)  қатысты  екенін  білдіреді.  Іс-

əрекет  сөйлеуші  жақ,  тыңдаушы  жақ  немесе  бөгде  жақтың  бірі  арқылы  жүзеге  асады.  Жақ 

категориясы əртүрлі тілдерде бірінші жақ, екінші жақ, жəне үшінші жақтың грамматикалық 

мағыналары  мен  формалары  арқылы  таңылып,  олар  арқылы  көріне  алады.  Іс  əрекеттің 

субъектіге  қатысы  үш  жақтың  бірінен  беріледі.  Осыған  орай,  жақ  категориясы  етістіктерге 

тəн категория болып саналады. Жақтың мағына белгілі бір аффикстер арқылы көрінеді ондай 

аффикстер  жіктік  жалғаулары  деп  аталады.  Жақтың  форма  жақтық  мағынаны  ғана  емес, 

сонымен  бірге  жекелік  немесе  көптік  мағынаны  да  білдіруі  мүмкін  (мысалы,  бардым, 

бардық, барамын, барамыз). 

4.Шақ категориясы. Грамматикалық категориялардың бірі шақ категориясы етістіктерге 

тəн  категория  ретінде  танылады.  Грамматикалық  шақ  категориясында  осы  шақ,  өткен  шақ 

жəне келер шақ бір-бірінен қимыл, іс-əрекеттің сөйлеу кезіне қатысы жағынан ажыратылады. 

Бір шақтың бір неше түрі болуы мүмкін. Мысалы, ағылшын, француз, неміс тілдерінде жəне 

түркі тілдерінде өткен шақтың, өзінің бір неше түрі бар. Қазақ тілінде оқыдым, оқығанмын 

деген  етістік  формаларының  екеуіде  өткен  шақты  білдіреді.  Бірақ  бұлардың  өткен  шақтың 

мағыналары  бір  емес,  алдынғысы  жедел  өткен  шақты  білдірсе,  соңғысы  бұрынғы  өткен 

шақты  білдіреді.  Тіл  білімінде  абсолютті    шақ  (абсолютное  время)  жəне  қатыстық  шақ 

(относительное  время)  деген  терминдер  белгілі  бір  шақтың  бірнеше  түрін  ажыратумен 

байланысты  енгізілген.  Абсолютті  шақта  белгілі  бір шақтың  сөйлеу  кезіне  қатысы  тікелей 


 

49

айқындалады  да,  қатысты  шақта  оның  сөйлеу  кезіне  қатысы  тікелей  емес,  жанама  түрінде 



айқындалады.  

5.  Рай  категориясы.  Рай  категориясы  да  етістіктерге  тəн  категория.  Рай  категориясы 

қимыл,  іс-əрекеттің  шындыққа  қатынасын  шындыққа  қатынасын,  іске  асу  мүмкіндігіне 

сөйлеушінің  қарайтындығын  білдіреді.  Мысалы,  оқыдым,  білдім,  оқимын,  білемін  деген 

формалар  шынайы,  ақиқат  (реальды)  іс-əрекетті  білдірсе,  еді  деген  формалар  əлі  де  болса 

іске  аспаған,  бірақ  асуы  мүмкін  іс-əрекетпен  қалау,  тілек,  болжам  мағыналарындағы  іс-

əрекетті білдіреді.  

Етістіктің  рай  формалары  екі  топқа  бөлінеді:  бірінші  топқа  ашық  рай  формалары 

(ақиқат  іс-əрекетті,  қимылды  білдіретін  етістік  формалары)  енсе,  екінші  топқа  буйрық  рай, 

шартты  рай,  қалау  рай  формалры  (ақиқат  түріндегі  іс-əрекетті  емес,  болуы  мүмкін  іс-

əрекетті)  немесе  болжам,  қалау,  тілек  түріндегі  іс-əрекетті  білдіретін  етістік  формалары 

енеді.  Грамматикалық  рай  категориясы  модальдылық  ұғыммен  тығыз  байланысты.  Рай 

категориясы  имодальдықты,  іс-əрекеттің  шындыққа  қатынасын  білдіретін  категория. 

Басқаша  айтқанда,  рай-сөздің  белегілі  бір  формаларымен  берілген  модальдылық.  Тілдерде 

райдың түрлері мен сонны əр басқа. Орыс тілінде райдың үш түрі бар. Қазақ тілінде төрт түрі 

бар-буйрық рай шартты рай, қалау рай, ашық рай.  

6.  Етіс  категориясы. (дəреже).  Етіс  категориясы-сөз  талаптарының  ішінде  етістіктерге 

тəн  категория.  Етіс  категориясы  қимыл,  іск-əрекеттің  объектіге  немесе  субъектіге 

бағытталғндығын  білдіреді,  субъектінің  объектімен  өз  ара  қарым-қатнасын  айқындайды. 

Түркі  тілдерінде,  соның  ішінде  қазақ  тілінде  етіс  категориясының  өздік    етіс  ырықсыз  етіс 

(жер  жыртылды),  ортақ  етіс  (хат  жазысты),  өзгелік  етіс  (жаздырды),  каузатлев  формасы  

(жаздыр, білдір, күттір, орғыз, шашғыз, сөйлет, шақырт) түрлері бар. 

Сөз таптары. Тіл білімінде сөз таптары жəне олардың классификациясы туралы мəселе 

сөз  таптарының  жалпы  теориясы  тұрғысынан  қаралады.  Тіл  білімінде  ертеден  бастап 

сөздерді негізгі немесе атауыш сөздер, көмекші сөздер жəне одағай сөздер деп əр түрлі топқа 

бөлу  дағдысы  бар.  Атауыш  сөздердің  қатарына  заттар  мен  құбылыстардың,  сапа  белгінің 

жəне  іс-əрекеттің  атаулары  жатады.  Олардың  əрқайсысында  толық  мағына  бар  жəне 

сөйлемде  өздігінен  дербес  мүше  ретінде  қызмет  атқарады.  Атауыш  сөздердің  қатарына  зат 

есім,  сын  есім,  үстеу  етістік  жəне  шартты  түрде  сан  есімдер  мен  есімдіктер  (местономия) 

жатқызылып  жүр.  Көмекші  сөздерде  атауыш  сөздердегідей  дербестік  жоқ.  Лексикалық 

мағынаның əлсіреп күңгірттенуі жəне ондай мағынаның  грамматикалық мағына мен ұласып 

кетуі,  сөйлемде  дербес  мүше  бола  алмауын  көмекші  сөздерді  сипаттайтын  жəне  оларды 

атауыш  сөздерден  ажырататын  белгілер  болып  саналады.  Көмекші  сөздердің  қатарына 

əртүрлі тілдердегі артикльдер, предлогтар, жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер енеді. 

Тіл білімінде сөз таптарының табиғаты жайында əртүрлі көз қарастар мен байымдаулар 

бар.  Олардың  бірі  бойынша,  сөз  таптары  сөздердің  лексика-грамматика  категориялары 

болып  саналса,  екіншілері  бойынша  сөз  таптары  сөздердің  формалды  грамматикалық 

категориялары,  үшіншілері  бойынша,  сөздердің  таза  грамматикалық  топтары  болып 

саналады.  

Сөз таптары сөздердің лексика-грамматикалық категориялары деп қарайтындар сөзден 

өзіне  тəн  белгілері,  атап  айтқанда,  семантикалық  морфологиялық  синтаксистік  белгілері 

бойынша  топталып,  тиісінше  белгілі  бір  сөз  табынан  телінеді.  Осындай  көз-қарас  тілші 

ғалымдардан  А.Шахматов,  В.Виноградов,  И.Бодуэн  де  Куртенэ  жəне  Л.  Шербанның 

еңбектерінде  көрінеді.  Академик  И.  Мещаников  те  сөз  таптарының  мағыналары  мен 

формаларының  ұштасыуы  деп  қарайды.  Ф.Фортунатов  жəне  оның  мектебі  сөз  таптарын 

формалды грамматикалық дəлірек айтқанда морфологиялық категория деп қарады. Сөздерді 

бұлайша    тек    сыртқы  белгілеріне  қарай  сөз  таптарына  қарай  топтастыру  тар  шеңбердегі 

морфологизмге əкеп соқтырды. Бұндай көз қарас Л.Шербанның еңбектерінде орынды сынға 

алынды. О.П.Суник сөздерді сөз таптарына классификация жасауда сөз таптарының жалпы 


 

50

грамматикалық мағыналары заттылық (предметность), аттрибутивтілік, процессуалдық жəне 



т.б.  мағыналарды  негізге  алады  да,  сөз  таптарын  таза  грамматикалық  категория  ретінде 

қарастырады. 

        Қорытып  айтқанда,  сөз  таптары  бір-бірінен  жалпы  категориялды  мағынасы, 

морфологиялық  жəне  синтаксистік  белгілері  арқылы  ажыратылады.  Бұл  белгілердің  ара 

салмағы сөз таптарының барлығы да бірдей болмауы мүмкін. 

Сөз таптарының шығуы мен дамуы тіл білімінде қызық мəселелердің бірі. Бір сыпыра 

зерттеушілер  тарихы  тұрғыдан  сөз  таптарын  сөйлем  мүшелерін  мен  байланыстырады.  Бұл 

мəселе  жайында  академик  И.Мещаников  «Сөйлем  мүшелері  мен  сөз  таптары»  деген 

салыстырмалы  типологиялық  зерттеуінде  былай  деп  жазады. «Зат  есім  өзінің  сөйлемді 

заттық  мағынадағы  мүше  (бастауыш  жəне  толықтауыш)»  болуы  мен  бөлініп  шығады, 

сөздердің сөйлемнің аттрибутивті (анықтауыш) ретінде жұмсалу арқылы сын есім жасалады, 

үстеулер  пысықтауыш  ретінде  жұмсалады,  етістік  жəне  басқа  сөз  таптарынан  басқа 

баяндауыш  (сөйлемнің  іс-əрекетті  білдіретін  мүшесі)  ретінде  қызмет  атқаруы  нəтижесінде 

ажыратылады. Бұл жерде сөйлемнің осылай мүшеленуі мен лексикалық топтар жасалады.  

В.М.  Жирмунский  индоевропа  тілдерінің  көне  дəуірінде  зат  есімдер  сын  есімдердің 

жігінің ажырылмағандығын есім негіздердің ортақ болуы, есімдердің септеу формаларының 

бірдей  болуы  жайындағы  деректерді  келтіре  отырып  дəлелденеді.  Зат  есімдер  мен  сын 

есімдердің жəне үстеулердің тілдің дамуы барысында біртіндеп жігі ажырап дербес лексика-

грамматикалық категория ретінде қалыптасқандығын (Жирмунский. О природи частие речи 

и их классификация- сб. Вопросы теории частей речи. Л, 1968, стр. 28-31). Сөз таптарының 

бірден  емес,  біртіндеп  қалыптасқанын,  олардың  жигінің  ажырап,  əрбасқа  сөз  таптарының 

барысында жаслағандығын түркі тілдерінің деректері де дəлелдейді. Мысалы, көк, жас деген 

сөздердің əрі зат есім, əлі сын есім болуы (синонимдес сөздер) есім сөздердің ерте кезде жігі 

айқын ажыратылмағандығын аңғартады.  



 

Қайталау үшін сұрақтар мен тапсырмалар: 

1.  Грамматикалық  категорияның  грамматикалық  формамен,  грамматикалық  мағына 

байланысы қандай?  

2. Сан-мөлшер категориясының сөз таптарына қатынас дəрежесі қандай?  

3. Септік категриясының етістікрермен байланысы қандай?  

4. Жақ категориясының етістіктермен байланысы қандай?  

5. Шақ, рай, етіс категориялары қайсы сөз табына тəн?  

6. Сөз таптарын жіктеу тарихы қандай болған?  



 

Пайдаланған əдебиеттер: 

1.Кəкен  Аханов.  Тіл  білімінің  негіздері.  Алматы 1978 ж.  

2. Ə.Хасенов.  Тіл  біліміне  кіріспе.  Алматы 1990ж.  

3. О.Азизов. Тилшуносликка кириш. Тошкент 1996 й.  

4.  Реформатиский А.А. Введение в языкознание.  Москва 1967 г.  

5. Кодухов В.И.Введение в  языкознание. Москва,1979.   

6. Dawletov. Тil bilimi tiykarlari  Nоkis 2007. 

11. Тақырып. Синтаксис. Сөз тіркестері жəне олардың түрлері. 

Тақырыптың планы:  

1. Грамматиканың синтаксис саласын қарастыратын мəселелері.  

2. Сөз тіркесінде ұйытқы сөзінің мəні (стержневоеслово).  

3. Сөздердің синтаксистік байланысының қисысу түрі.  

4. Матаса байланысқан сөз тіркестері. 

5. Меңгеру жəне қабысу жолымен байланысқан сөз тіркестері.  

6. Сөз тіркесінің белгілері, жалпы жəне күрделі сөзден айырмасы.  


 

51

7. Жалпы сөз тіркесі, күрделі сөз жəне аралас сөз тіркестерінің ерекшеліктері.  



Таяныш  сөздер:    сөз  тіркесі,  сөйлем,  ұйытқы  сөз,  байланысу,  қатысу,  қису,  басыңқы 

сөз,  меңгеру,  қабысу,  сөз  тіркесі,  лингвистикалық  табиғаты,  күрделі  сөз,  жіктік  сөздер 

тіркесі,  салалас  қатар,  фразелогия,  сөйлем,  сөз  тіркесінің  сыңарлары,  жалаң  сөз  тіркесі, 

етістікті, т.б. сөз тіркестері. 

Грамматиканың синтаксис саласының қарастыратын негізгі мəселелері сөз тіркесі мен 

сөйлем,  олардың  құрылымымен  түрлері,  сөз  тіркесі  мен  сөйлемдегі  сөздердің  байланысу 

амалдары  мен  байланысу  формалары  екені  белгілі.  Осылардың  ішінен  ең  алдымен  сөздің 

байланысу амалдарымен формалары жайында əңгіме ету қажет. 

Сөз  тіркесінде  сөйлемде  сөздердің  бір-бірімен  тіркесіп  қолдануынан  жасалады.  Сөз 

тіркесінің жасалуы үшін оның құрамындағы сөздер мағыналық жəне грамматикалық жақтан 

байланыста айтылуы шарт. Сөз тіркестері, əдетте тілдің грамматикалық құрылыстың заңдар, 

атап  айтқанда,  сөздердің  бір-бірімен  тіркесу  заңдары  бойынша  жасалады.  Əрбір  тілде  сөз 

тіркестерінің үлгілері пайда болды. 

Сөз  тіркестерінің  жəне  олардың  модельдерінің  жасауында  ұйытқы  сөздің  (стержневое 

слово)  қай  сөз  табынан  болуының  үлкен  мəні  бар.  Сөз  тіркесінің  құрылымы,  əдетте,  оның 

құрылымындағы  ұйытқы  сөздің  қай  сөз  табына  қатысты  болуына  қарай  айқындалады. 

Мысалы,  заттылы  мағыналарды  білдіретін  сөздер  тобы  (зат  есімдер)  ұйтқы  (басыңқы)  сөз 

ретінде қолданылғанда атрибутивтілік (сын, сапа, түр, тыс т.б.) мағынаны білдіретін сөздер 

мен  (сын  есімдермен)  тіркесуге  жəне  анықтауыштық  қызметте  жұмсалатын  сан  есімдер, 

есімшелер жəне есімдіктер мен тіркесуде икем келеді де атрибутивті сөз тіркестері  олардың 

модули жасалады. Сын есімдер заттарды сапасын белгісін, сөз тіркесінің тəуелді бағыныңқы 

сыңар  ретінде  қызмет  атқарады.  Мысалы,  бай  ел,  ақылды  бала,  сын  есім  өзінің  алдындағы 

есімдердің  атау  мен  іліктен  басқа  септіктердің  бірінде  туруын  қажет  етіп,  сөз  тіркесінің 

басыңқы ұйытқы сыңары ретінде де қызмет атқара алады. Мысалы, ақылға бай, сөзге шебер, 

қаладан алыс, тастан қатты, құлықты көргені т.б. Етістіктер тілдерде тіркесу мүмкіндігі өте-

мөте  мол  сөз  табы  есептеледі.  Етістіктер  ұйытқы  сөздер  ретінде  өзіне  бағынышты  зат 

есімдермен де, үстеулермен де, көсемшелермен де, еліктеу сөздермен де тіркесе алады. 

Сөз  тіркесін  құрастырушы  сөздер  бір-бірімен  син  таксистік  байланысқа  түседі.  Сөз 

тіркесінің  құрамындағы  ұйытқы  сөз  бен  бағыныңқы  сөздің  арасындағы  синтаксистік 

байланыстың  тіл  тілде  бірнеше  түрі  бар.  Мысалы,  орыс  тілінде  синтаксистік  байланыстың, 

қиысу (келісу- согласование) деп аталатын түрі бойынша ұйытқы сөз бен бағыныңқы сөз бір-

бірімен  тек  (род)  жағынан  да,  жекелік-көптік  жағынан  да,  септік  жағынан  да  қиысып,  сөз 

тіркестері  жасалады.  Мысалы,  высокая  гора-высокие  горы,  высокой  горы-высоких  гор, 

высокой горы-высоким горам. Орыс тіліндег сөйлем құрамындағы тұрлаулы мүшелер де (бас 

ағза) (бастауыш, баяндауыш) қиыса байланысады. Мысалы, Он играл. Она играла. Ал түркі 

тілдерінде,  соның  ішінде  қазақ  тілінде,  қиысу  сөйлемнің  мүшелерін,  атап  айтқанда, 

бастауыш  пен  баяндауыш  мүшелерді  байланыстыру  үшін  жұмсалады.  Қиысу  сөздердің 

синтаксистік  байланыс  түрлерінің  бірі  ретінде  орыс  тілінде  сөз  тіркесіне  де,  сөйлемге  де 

қатысты  болса,  қазақ  тілінде  көбінесе  сөйлемге  қатысты,  осыған  орай,  түркі  тілдері  үшін 

синтаксистік байланыстың қиысу деп аталатын түрін предикативті байланыс түрі деп атауға 

болады. 

Түркі  тілдерінде  матаса  байланысқан  сөз  тіркесінің  құрамындағы  сөздер  бір-бірімен 

жақ  жəне  жекелік  көптік  жағынан  үйлесіп  айтылады.  Мысалы,  Менің  менің  кітабым  деген 

сөз тіркесінің екі сыңары бірдей жекеше жəне бірінші жақта тұрса, сенің, кітабың  деген сөз 

тіркесінде  сыңарлардың  екеуі  де  жеке  екінші  жақта,  оның  кітабы  деген  сөз  тіркесінде  екі 

сыңардың  екеуі  де  жекеше,  үшінші  жақта  айтылып  тұр.  Осылар  тəріздес  сөз  тіркестерінің 

құрамындағы сөздердің байланысу түрін кейбір туркологтар қиысудың қатарына жатқызады. 

Сөз  тіркесінің  сыңарлары  шынжырдың  бөлшектері  тəрізді  іліктесіп  байланысады.  Тəуелдік 

жалғаулы  сөз  əрқашан  да  ілік  жалғаулы  сөздің  болуын  керек  етсе,  керсінше  ілік  жалғаулы 


 

52

сөз  тəуелді  жалғаулы  сөздің  болуын  қажет  етеді  де,  бір-бірімен  іліктескен,  матаса 



байланысқан сөз тіркесі жасалады.  

Қиысу бойынша бағыныңқы сөз  басыңқы сөздің ыңғайына, грамматикалық мағынасы 

мен  формасына  байланысып,  соның  жетегінде  болса,  матасу  бойынша  тəуелді  жалғаулы 

басыңқы  сөз  ілёк  жалғаулы  анықтауыш  бағыныңқы  сөздің  грамматикалық  мағынасымен 

үйлесіп,  тиісті  формада  тəуелдік  жалғауында  қолданылады.  Мұнымен  бірге,  тəуелді 

жалғаулы  басыңқы  сөз  бағыныңқы  ілік  септікте  тұруын  талап  етеді.  Түркі  тілдерінде 

сөздердің  қиыса  байланысуынан  сөйлем  жасалса,  сөздердің  матаса  байланысуынан  сөз 

тіркесі жасалады.  

Сөз  тірікесін  құрастырушы  сөздер  бір-бірімен  синтаксистік  байланыстың  меңгеру  деп 

аталатын  түрі  бойынша  да  байланыстырылады.  Меңгеру  бойынша,  сөз  тіркесінің 

құрамындағы  ұйытқы  сөз-етістік,  есім  жəне  үстеу  бағыныңқы  сөздің  жаныма  (косвенные) 

септіктердің,  атап  айтқанда,  барыс,  табыс,  шығыс,  көмектес  септіктердің  бірінде  тұрыуын, 

талап етеді. Мысалы, киімді тазалау, ауылға бару, үйден шығу, жолдасыммен кездесу т.б.  

Меңгеріле  байланысқан  сөздер  тобының  көптеген  меңгеруші  сыңары  көбінесе  етістік 

сөздерден болады. Сабақты етістік тура  (прямой) объектіні керек етіп, табыс септіктегі сөзді 

меңгереді,  мысалы,  сабағыңды  оқы,  айтқанды  тыңда.  Салт  етістік  барыс,  шығыс,  жатыс, 

көмектес септіктегі сөздерді меңгереді. Мысалы, кітапханаға бар, тауға шықты, жиналыстан 

шықты, суда жүзу, телефонмен сөйлесу. Өз ара байланыста айтылған сөздер тобында кейде 

зат  есімдер  мен  сын  есімдер  де  меңгеруші  сыңар  бола  алады.  Мысалы,  комиссияға  мүше, 

депутатқа канддат, іске шебер, қаладан жақын, таудан биік, орындауға міндетті т.б.  

Сөздер  бір-бірімен  синтаксистік  байланыстың  қабысу  деп  аталатын  түрі  бойыншада 

байланысады. Қабысу бойынша түркі тілдерінде сөз тіркесінің құрамындағы бағыныңқы сөз, 

ұйытқы сөзбен жалғаусыз, қатар тұру арқылы байланысады. Мысалы, ағаш үй, жылы бөлше, 

білімді  Адам,  он  дəптер,  білген  кісі  т.б.  түркі  тілдерітүркі  тілдеріде  қабыса  байланысқан 

сөздердің  орын  тəртібі  мынадай  болады.  Бағыныңқы  сөз  əрқашан  басыңқы  сөздің  алдында 

тұрады.  

Сөз тіркесі, оның белгілері мəселелеріде синтаксиситің өте маңызды мəселелерінің бірі 

есептеледі.  Синтаксистік  единица  ретінде  қаралатын  сөз  тіркесінің  лингвистикалық 

табиғатын айқындап оған анықтама беру үшін, біріншіден, сөз тіркесін өзінен сырттай ұқсас 

құбылыстардан, атап айтқанда, күрделі сөзден, жалпы сөздердің тіркесінен (атауыш сөз бен 

көмекші  сөздің  тіркесі,  сөздердің  салалас  қатары),  фразелогиялық  сөз  тіркесінен  жəне 

сөйлемнен ажырату, екіншіден, сөз тіркесіне тəн басты белгілерді айқындап алу қажет. Сөз 

тіркесі-мағыналық жақтанда, грамматикалық жақтанда өз-ара байланыста, бір сөздің тіркесі. 

Сөз  тіркесінің  сыңарларының  арасындағы  байланыс  сөздің  бөлшектерінің  арасындағы 

байланыстан анағұрлым еркінрек болады.  

Сөз  (соның  ішёнде  күрделі  сөз)-зат  пен  құбылыстың  не  сапа  мен  белгінің  не  іс-

əрекеттің жəне т.б. тұрақты атауы. Сөздер затты, құбылысты, сапа белгіні немесе іс-əрекетті 

атағанда,ды бір-біріне байланыссыз, қарым-қатынассыз, жеке дара күйінде атайды. Мысалы, 

ат,  ағаш,  жапырақ  деген  сөздер  заттардың  жеке  дара  атаулары  болса,  биік,  жасыл  деген 

сөздер  сапа  мен  түр-түстің  жеке  дара  атаулары  кесу,  ору,  жинау  деген  сөздер  іс-əрекеттің 

аттары. Бұл сөздер бір-біріне байланыссыз жеке дара атаулар ретіжеке дара атаулар ретінде 

ұғынылады.  

Сөз  тіркесі  де  затты,  не  іс-əрекетті  атап,  номинативті  қызмет  атқара  алады.  Бірақ  сөз 

тіркесі  затты  немесе  іс-əрекетті  атағанда,  оларды  жеке  дара  күйінде  емес,  өз  ара 

байланысында, қарым-қатнасында атайды. Екінші сөзбен айтқанда, сөз тіркесінде зат, сапа-

белгі, іс-əрекет аталғанда, бір-бірімен байланысында, қарым-қатынасында аталады. Мысалы, 

жүйрік  ат,  жасыл  жапырақ  деген  сөз  тіркесінде  заттар  өздерінің  сапа-белгілерімен  тығыз 

қарым-қатынасында, байланысында аталған.  



 

53

Сөз  тіркесінің  сыңарларының  бірі  сапа-белгіні  немесе  іс-əрекетті  білдіру  қасиетінен 



айрылса,  ондай  тіркес  сөз  тіркесі  болудан  қалып,  күрделі  сөзге  айналады.  Мысалы,  кəрі 

жілік,  көр  тышқан  тəрізді  күрделі  сөздердің  алдынғы  сыңарлары  (кəрі,  көр)  соңғы 

сыңарларының (жілік, тықан) сапасында, қасиетінде білдірілмейді, мағыналық дербестіктен 

айырылады. Күрделі сөздердің тіркесінен жасалғанда, сыңарлардың арасындағы анықтауыш-

анықталғыш,  толықтауыш-толықталғыш,  пысықтауыш-пысықталғыш  қатынастар  жойылып, 

күрделі сөз бір бүтін сөз ретінде ұғынылады.  

Сөз  тіркестерінің  сыңарларының  арасында  жоғарыда  аталған  синтаксистік  қатынастар 

сақталса,  ол  сыңарлар  бірін-бірі  анықтайтын,  толықтайтын,  немесе  пысықтайтын  сыңарлар 

ретінде  қызмет  атқарады.  Демек,  сөз  тіркесінің  əрбір  сыңары  мағыналық  дербестігінде, 

синтаксистік дербестігінде сақтайды.  

Күрделі  сөздің  əрбір  сыңары  сөйлемнің  өз  алдына  дербес  мүшелері  емес,  тұтасқан 

күйінде  бір  ғана  мүше  ретіКүрделі  сөздің  əрбір  сыңары  сөйлемнің  өз  алдына  дербес 

мүшелері емес, тұтасқан күйінде бір ғана мүше ретіде қызмет атқарады.  

Еркін с5з тіркесінің,Ю əрбір сыңары синтаксистік дербестігін сақтап, сөйлемде əр басқа 

мүшелер  ретінде  қызмет  атқара  алады.  Синтаксистік  сөз  тіркесі-сөздердің  емін-еркін 

тіркесуінен жасалатын тіркестер, яғни еркін сөз тіркестері.  

Ерікін  тіркестері  құрылымы  жағынан  фразелогиялық  единицалармен  ұқсас  келеді. 

Еркін  сөз  тіркестері  фразелогиялық    единицалардың  көптеген  түрлерінің  жасалуына  негіз 

болады. Екінші сөзбен айтқанда, фразелогиялық единицалардың ішінде еркін сөз тіркесінің 

құрылымы  үлгісі  бойынша  жасалғандары  ұшырасады.  Мұны  мына  мысалдарды 

салыстырудан  көруге  болады:  шалқасынан  жату-шалқасынан  түсу,  таудан  биік-сүттен  ақ, 

есікпен терезенің арасында-қас пен көздің арасында, қол жуып-қол қаусырып т.б. бұлардың 

алдынғылары-еркін  сөз  тіркестері,  соңғылары  еркін  сөз  тіркестерінің  құрылымдық  үлгілері 

бойынша жасалған фразелогиялық единицалар.  

Алайда,  фразелогиялық  сөз  тіркестерімен  еркін  сөз  тіркестерінің  арасында  түбірлі 

айырмашылықтар бар. Жеке сөздердің даяр тұрған единица ретінде сөйлем құрамына енетіні 

сияқты,  фразелогиялық  единицаларда  бұрыннан  жасалып  қойған,  даяр  тұрған  единицалар 

ретінде  еркін  сөз  тіркесінің  немесе  сөйлемнің  құрамына  еенеді.  Мысалы,  қас  қаққанша, 

ауызды  ашып  жұмғанша,  қас  пен  көздің  арасында  тəрізді  фразелогиялық  единицалар 

олардың құрамындағы жеке сыңарлардың (сөздердің) сөйлеу кезінде емін-еркін тіркесуінен 

жасалған  тіркестер  емес,  бұрыннан  тіркесіп  қойған,  əбден  қалыптасқан,  даяр  тұрған 

тіркестер ретінде қолданылады. Ал еркін (немесе синтаксистік) сөз тіркестері сөйлеу кезінде 

толық  мағыналы  сөздердің  тілдің  грамматикалық  заңдары  бойынша  емін-еркін  тіркесуінен 

жасалады.  фразелогиялық  единицалардың  құрамындағы  сыңарлардың  əрқайсысы  əр  басқа 

мағынаны емес, барлығы жиналып келіп бір тұтас  бір бүтін мағынаны  білдіреді де, осыған 

орай,  белгілі  бір  фразелогиялық  единица  сөйлемде  бір  ғана  мүше  реті  сөйлемде  бір  ғана 

мүше  ретінде  қызмет  атқарады.  Ал  еркін  сөз  тіркесінің  құрамындағы  сыңарлардың 

əрқайсысы сөйлемнің құрамындағы сыңарлардың əрқайсысы сөйлемнің əр басқа жəне дербес 

мүшелері ретінде қызмет атқара алады.  

Тіл-тілде  толық  мағынаны  сөздердің  тізбегінен  тұратыны,  осыған  орай,  сөз 

тіркестерімен  сырттай  ұқсас  келетін  тізбектер  бар.  Бұлардың  қатарына  қазақ  тіліндегі  əке 

мен  бала  салмақтыда  сабырлы  тəрізді  тіркестер  жатады.  Бұл  тəрізді  тіркестер  тіл  білімінде 

сөздердің  салалас  қатарлары    деп  аталып  жүр.  Сөздердің  салалас  қатарынан  сөз  тіркесін 

ажырата білу үшін сөз тіркесінің құрылымдық ерекшелігіне назар аудару қажет. Сөз тіркесі 

құрылымдық  тұйықтылық  қасиетімен  сипатталады.  Сөз  тіркесінің  құрылымдық 

тұйықтылығы  оны  құрамындағы  сыңарлардың  бірінің  басыңқы  ұйытқы  мүше  болып, 

екіншісі  оған  бағыныңқы,  тəуелді  мүше  болуынан  көрінеді.  Мысалы,  қызыл  көйлек,  ақ 

орамал, жер қазу, шөп шабу, тауға шығу, үйге бару, ағаштың жапырағы, үйдің есігі деген сөз 

тіркестерінің  соңғы  сыңарлары  (орамал,  қазу,  шабу,  шығу,  бару,  жапырағы,  есігі)  басыңқы 


 

54

ұйытқы  мүше,  ал  алдынғы  сыңарлары  (қызыл,  ақ,  жер,  шөп,  тауға,  үйге,  ағаштың,  үйдің)-



бағыныңқы,  тəуелді  мүше.  Ал  сөздердің  салалас  қатарында  басыңқы    (ұйытқы)  мүше, 

бағыныңқы  (тəуелді)  мүше  дегендер  болмайды.  Олардың  сыңарлары  тең  дəрежедегі 

сыңарлар  ретінде  бір-бірёмен  салаласа  байланысады.  Бір  неше  сөздердің  тізбегеінен 

құралған салалас қатардың құрамынан бір сыңар түсіріліп айтылуы мүмкін, бірақ мұның өзі 

салалас  қатардың  ыдырауына  немесе  жойылып  кетуіне  соқтырмайды.  Мысалы,  балта  мен 

пышақ  жəне  орақ-салалас  қатардың  құрамына  енетін  сөздер    сөйлемде  бірыңғай  мүшелер 

ретінде қызмет атқарады, бір формада қолданылады.  

Маңызды  мəселелердің  бірі-сөз  тіркестерін  топтатыру  мəселесі  құрамына  қарай  сөз 

тіркестерін  тіркестері  жалаң  сөз  тіркесі,  күрделі  сөз  тіркесі , аралас  сөз  тіркесі 

(комбинированное словосочетание) болып үшке бөлінеді. 

Жалаң  сөз  тіркесі  деп  сөздердің  бір  еселі,  екі  еселі  немесе  үш  еселі  байланыса 

негізделген  тіркесін  айтамыз.  Жалаң  сөз  тіркестері  екі  мүшелі  (мысалы,  сөзді  тыңдау),  үш 

мүшелі  (мысалы,  кітапты  оқушыға  беру,  шөпті  қораға  тасу),  төрт  мүшелі  (мысалы, 

орысшадан  қазақшаға  аудару)  болып  бөлінеді.  Келтірілген  жалаң  сөз  тіркестерінің 

құрамындағы  сөздердің  бəрі  де  меңгеру  арқылы  байланысқан.  Жалаң  сөз  тіркестерінің  

құрамындағы  сөздердің  бəрі  де  меңгеру  арқылы  байланысқан.  Жалаң  сөз  тіркестерінің 

негізінде күрделі сөз тіркестері мен аралас сөз тіркестері жасалады. 

Күрделі  сөз  тіркесі  екі  немесе  одан  да  көп  жалаң  сөз  тіркесінің  қосындысынан 

жасалады  да,  бір  ғана  ұйытқы  сөзге  келіп  тірелетін  əр  басқа  байланыстардың  жиынтығына 

негізделеді.  Мысалы,  шығарманы  қызығып  оқу  деген  күрделі  сөз  тіркесі  екі  жалаң  сөз 

тіркесінен (шығарманы оқу жəне қызығып оқу) құралып, бір ғана ұйытқы сөзге (оқу) келіп 

тірелетін  екі  түрлі  байланыс-меңгеру  (шығарманы  оқу)  мен  қабысудың  (қызығып  оқу) 

түйісуіне негізделген. 

Аралас  сөз  тіркесі  əр  басқа  ұйытқы  сөздерге  тірелетін  əр  түрлі  байланыстардың 

негізінде жасалады. Мысалы, мазмұнды шығарманы қызығып оқу деген аралас сөз тіркесі əр 

басқа  ұйытқы  сөздерге  тірелетін  əр  түрлі  байланыстың  негізінде  жасалып,  бірнеше  сөз 

тіркестері бар, мазмұнды шығарма (қабыса байланысқан сөз тіркесі, ұйытқы сөзі-шығарма), 

шығарманы оқу (меңгеріле байланысқан сөз тіркесі, ұйытқы сөзі-оқу). 

Сөз тіркесіндегі ұйытқы сөздің қай сөз табымен болуына қарай, орыс тілінде жалаң сөз 

тіркестері  мен  күрделі  сөз  тіркестері,  етістікті  сөз  тіркестері  (ұйытқы  сөзі-етістік), 

субстантивті сөз тіркестері (ұйытқы сөзі-сын есім, есімдікті сын есім немесе реттік сан есім) 

жəне  үстеулі  сөз  тіркестері  (ұйытқы  сөзі-үстеу)  болып  бөлінеді.  Сөз  тіркестерін  олардағы 

ұйытқы сөздердің қай сөз табынан болуына қарай осылайша топтастыру түркі тілдері, соның 

ішінде қазақ тілі үшін де тиімді. Сонымен, сөз тіркестерінің құрылымы, олардың модельдері 

сөз  тіркесіндегі  ұйытқы  сөздің  қай  сөз  табына  қатысты  болуына  жəне  категорияльдық 

мағынасы мен қасиетіне қарай айқындалады. Құрамына қарай сөз тіркестері жалаң, күрделі 

жəне аралас сөз тіркестері жалаң, күрделі жəне аралас сөз тіркестері болып бөлінеді. Күрделі 

сөз тіркесі бір ғана ұйытқы сөзге тірелетін əр басқа бір ғана ұйытқы сөзге тірелетін əр басқа 

байланыстардың негізінде жасалса, аралас сөз тіркесі əр басқа ұйытқы сөздерге тірелетін əр 

түрлі байланыстардың негізінде жасалады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет