Өзбекстан Республикасы жоғары жəне орта арнаулы білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет9/9
Дата30.01.2017
өлшемі0,71 Mb.
#3000
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

 

Қайталау үшін сұрақтар мен тапсырмалар: 

1.Дүние тілдері жайында қандай мəліметтер бар?  

2.Тілдерді топтастыруда тіл білімі принциптері қандай?  

3.Тілдердің  генологиясынын  анықтауда  тіл  білімінде    қандай  зерттеу  методтары 

қолданылады?  

4.Генологиялық классификция бойынша дүние тілдері қандай бөлімдерге жəне топтарға 

бөлінеді? 

5. Түркі тілдері қандай топтарға ажыратылады?  

 

  Пайдаланған əдебиеттер: 



1.Кəкен  Аханов.  Тіл  білімінің  негіздері.  Алматы 1978 ж.  

2. Ə.Хасенов.  Тіл  біліміне  кіріспе.  Алматы 1990ж.  



 

74

3. О.Азизов. Тилшуносликка кириш. Тошкент 1996 й.  



4.  Реформатиский А.А. Введение в языкознание.  Москва 1967 г.  

5. Кодухов В.И.Введение в  языкознание. Москва,1979.   

6. Dawletov. Тil bilimi tiykarlari  Nоkis 2007. 

 

 



16-Тақырып: Тілдердің типологиялық (морфологиялық) классификациясы. 

Тақырыптың планы: 

1. Типологиялық классификацияның принциптері  

2.Тілдерде болатын политипологиялық қасиеттер 

3.Тілдерге  типологиялық  классификация  жасал  бастаған  мерзим,  оны  бастаға  тілші 

ғалымдар?  

4.Тілдердің типологиялық тұрғыдан бөлшеулері 

5.Даралаушы жəне пласинтетикалық типтердің ерекшеліктері 

6.Аиктинативті, флективті типтердің ерекшеліктері.  

Таяныш  сөздер:  құрылымдық  ұқсастық,  тұтастық,  ұқсастық,  лингвистикалық 

типология,  грамматикалық  форма,  аналитизм,  синтитизм,  басм,  аз,  Ф.Шлегель,  В. 

Гумбольдт, Ф.Шлегель, Фортунатов, даралаушы тип, агглютинатиле, флектив.    

Құрылымдық  ұқсастық  бір  негізден  тараған  туыстас  тілдердің  арасында  ғана  емес, 

сонымен бірге əр басқа негізден тараған тілдердің, яғни генеалогиялық (шығу тегі) жағынан 

əр басқа тілдердің арасында да  болуы мүмкін. Мұның үстіне, туыстық тілдердің арасында да 

құрымдық  жағынан  елеулі  айырмашылықтардың  болуы  əбден  ықтымал.  Ал  туыстас 

тілдердің  арасындағы  құрылымдық  айырмашылықтарды  салыстырмалы-тарихи  тіл  білімі 

тұрғысынан  түсіндіру  əрқашан  мүмкін  бола  бермейді.  Мұндай  ұқсастық  пен 

айырмашылықтарды  айқындау,  олардың  себептерін  зерттеу  жəне  тілдердің  құрылымдық 

типтерін белгілеу барысында тіл білімінде оның бір саласы лингвистикалық типология пайда 

болды.  Лингвистикалық  типология  тілдердің  құрылымдық  ұқсастығы  мен  жақындығын 

олардың (тілдердің) туыстығына байланыссыз зерттейді.  

Лингвистикалық  типология  тілдердің  типтерін  айқындауды  мақсат  етеді.  Алауда 

лингвистикалық типология пайда болғаннан бері ұзақ уақыт (150 жылдан астам) өткенімен, 

тілдік тип туралы ұғым мен тілдердің пайда болу себептері əлі де болса жете  айқындалмай 

келеді.  

Тілдің  типін  айқындау,  сайып  келгенде,  тілдің  құрылысын  айқындау  болып  шығады.  

Алайда,  белгілі  бір  тілдің  тілдердің  қандай  типіне  жататындығын  (қатысты  екендігін) 

айқындау  үшін,  əдетте,  сол  тілдің  барлық  қасиеттері  мен  ерекшеліктері  емес,  оның  басты 

белгілері  негізге  алынады.  Тілдерге  типологиялық  классификация  жасауда  грамматикалық 

формалардағы  аналитизм  мен  синтетизм  құбылыстарының  ара  қатысы,  бұлардың  бірінің 

басым,  екіншісінің  аз  не  мүлдем  болмауы,  түбір  морфема  мен  аффикстік  морфемалардың 

байланысу  сипаты,  ішкі  флексияның  болуы  не  болмауы,  анықтауыш  пен  анықталғыштың 

арасындағы  байланыстың  түрлері,  сөйлемнің  эргативті  конструкциясы,  сөздердің  орын 

тəртібінің  ерекшеліктері  (сөйлемдегі  сөздердің  орынның  тұрақтылығы  не  жылжымалы 

болуы,  анықтауыштың  анықталғыштың  алдында  не  соңында  келуі,  баяндауыштың  орны) 

жəне т.б. осылар тəріздес тілдік құбылыстар ескеріледі.  

Тілдердің  типологиялық  классификациясында  мына  бір  жайды  ескермеске  болмайды: 

белгілі бір тілде тілдердің бір емес, бін неше типіне тəн ерекшеліктер мен белгілер, əдетте, 

ұшыраса  береді.  Осыны  ескергенде,  əр  бір  тілді  политипологиялы  (общее  языкознания. 

Издательство  «Наука»,  М. 1972, стр. 519) деуге  болады.  Мұның  өзі  тілдердің  жалпы 

типологиялық  классификациясын  жасауда  нақтылы  бір  тілді  тілдердің  белгілі  бір 

типологиялық  тобына  жатқару  мəселесін  шешуді  қиындата  түседі.  Мəселенің  осы  жағы 

ескеріліп жоғарыда аталып өткеніндей, нақтылы бір тілді тілдердің белгілі бір типологиялық 


 

75

тобына  жатқызуда  ол  тілдің  күллі  құрылымдық  ерекшеліктерінің,  барлығы  бірдей  емес,  ең 



басты ерекшеліктері мен белгілері негізге алынады.  

Тілдерге типологиялық немесе морфологиялық классификация немесе морфологиялық 

классификация жасау ХIХ ғасырдан басталады. ХIХ ғасыр лингвистиктері тілдердің типтерін 

айқындауда  əр  түрлі  тілдердегі  сөздердің  морфологиялық  құрылымын  грамматикалық 

мағыналарда  білдіру  тəсілдерін  негізге  алады.  Неміс  тілшісі  Фридрих  Шлегель (1772-1829) 

Санскритті  грек  тілі,  латын  тілі  жəне  түркі  тілдерімен  салыстыра  келіп,  тілдердің  екі  түрлі 

типі  бар  деп  есептейді-бірі  флективті  тілдер,  екіншісі-аффикстендеруші  тілдер.  Ф.Шлегель 

тілдерді бұлайша топтастыруда сөз құрамындағы мағыналық бөлшектердің өз ара байланысу 

сипатын,  тілдердің  бірінде  түбірдің  өзгеруін,  екіншісінде  өзгермеуін  басты  мəжет  етіп 

ұстанды.  

Ф.Шлегель  ұсынған  классификацияны  оң  деп  жəне  толықтырып,  Август  Шлегель 

(1767-1845)  тілдерді  үш  түрлі  типке  бөліп  топтастырды.  Тілдердің  ол  типтері  мыналар: 1) 

флективті  тілдер, 2) аффикстендіруші  тілдер, 3) аморфты  тілдер.  А,  Шлегель  

морфологиялық  жəне  синтаксистік  қатынастар  сөздердің  орын  тəртібі  арқылы  берілетін 

қытай жəне үнді-қытай тілдерін аморфты тілдердің қатарына жатқызып, флективті тілдердің 

ішінде  синтетизм  құбылысыда,  аналитизм  құбылысыда  болатындығын  көрсетті.  Ағайынды 

Шлегельдердің  флективті  тілдер  мен  агглютинативті  тілдердің  жəне  даралаушы 

(изолирующие) тілдердің арасындағы айырмашылықтарды көрсетуі белгілі дəрежеде дұрыс 

болғанымен  ол  тілдердің  құрылымын  түсіндіруі  жəне  тілдердің  бір  типін  (мысалы 

агглютинативті тілдерді) кем деп бағалауы мүлдем қате пікір болып табылады.  

Мұның  үстіне,  егер  формасыз  тілдің  болуы  мүмкін  еместігін  ескерсек,  А.Шлегельдің 

қытай тілін аморфты тіл деп атауы да дұрыс болып шықпайды.  

Вильгелм Гумбольдт (1767-1835) «Грамматикалық формалардың шығуы жəне олардың 

идеялардың дамуына əсері туралы» (1822) деген еңбегінде жəне «Ява аралындағы Кавн тілі 

туралы» (3 том, 1836-1840) еңбегінің  кіріспесінде  тілдерге  олардың  типологиялық 

белгілерінің  негізінде  классификация  жасап,  тілдердің  төрт  түрлі  типін  көрсетеді.  Олар 

мыналар: 1. даралушы тілдер, 2. агглютинативтендіруші тілдер, 3. флективтендіруші тілдер, 

4.  инкорпоративтендіруші  тілдер.  Гумбольдт  флективтендіруші  тілдерде  ішкі  флексиядан 

басқа  аффиксацияда  болатындығын  көрсетті.  Ол  тілдердің  аморфты  типін  даралаушы, 

аффикстендіруші  типін  агголютинативтендіруші  деп  атады.  Бірақ  Гумбольдт  тілдердің 

типологиялық  классификациясынан  қате  қорытынды  шығарды-тілдердің  типтерін  «ұлттық 

психологияға  апарып  тіреді. (даралаушы  тілдерді  тілдердің  төменгі  сатысындағы,  ал 

флективті  тілдерді  жоғары  сатыдағы  тілдер  деп  есептеді.  Бұл  көзқарасты  кейіннен  А. 

Шлейхер,  Г.Штейнталь,  Ф.  Мистели  жақтады.  Н.Г.Чернышевский  мұндай  көзқарастың 

мүлдем қате екендігін көрсетті.  

Август 


Шлейхер (1821-1868) тілдерді 

үш 


түрлі 

типке 


(даралаушы, 

агглютинативтендіруші,  флективтендіруші)  бөліп,  агглютинативтендіруші  тілдердің  ішінде 

де,  флективтендіруші  тілдердің  ішінде  де  құрылысы  жағынан  синтетикалық  тілдердің  де, 

аналитикалық тілдердің де болатындығын көрсетті.  

Гейман Штейнталь (1823-1899) тілдерді формасы бар тілдер жəне формасыз тілдер деп 

топтастырды.  Бұлайша  топтастыруда  ол  сөздің  ғана  формасын  емес,  сонымен  бірге 

сөйлемнің формасын да есепке алады.  

Акад. ф.ф. Фортунатов (1848-1914) тілдердің үш түрлі типіне (түбір тіл, агглютинативті 

тіл, флективті тіл) қоса флектив-агглютинативті тілдер типі бар деп есептейді Эдуард Сепир 

(1884-1939) тілдердің көп сатылы типологиялық классификациясын (1921 жылы) ұсынды. Э. 

Сепир  тілдерді  топтастыруда 1) білдірілетін  ұғымның  табиғатын, 2) қатынастарды  білдіру 

«техникасын» жəне 3) синтездің дəрежесін негізге алады.  

Тіл  арқылы  білдірілетін  ұғымдарды  ол  төрт  түрге  бөліп  қарады: I. Нақтылы  түбір 

ұғымдары (заттар, іс-əрекет, сапа); II. Деривациялық ұғымдар (аттрибутивтік, субстантивтік  



 

76

т.б. III. Нақтылы  реляциялық  ұғымдар  (мысалы,  зат  есімнің  жекеше-көпше  түрі,  тек  (род) 



түрі; IV. Таза реляциялық ұғымдар, яғни тек қана қатынас ұғымдары.  

Тілдердің  типологиялық  классификациясы  жайындағы  шолуды  жинақтай  келгенде, 

тілдерді типологилық тұрғыдан мынадай типтерге ажыратуға болады:  

1. Даралаушы тип. Даралаушы тілдердің (изолирующие языки) қатарына вветнам тілі, 

қытай тілі, бирма тілі, таи тілі, тибет тілі, малайя-полинезей тілдері жəне Батыс Африканың 

кейбір  тілдері  енеді.  Даралаушы  тілдерде  сөздер  түрлене  бермейді,  сөз  таптарының 

формалық  жақтан  тігі  ашық  айқын  емес.  Сөздік  құрамында  бір  буынды  омонимдес  сөздер 

өте мол, олар бір-бірінен музыкальды екпін арқылы ажыратылады. Синтаксистік тəсілдердің 

ішінде  қабысу  негізгі  тəсіл  ретінде  қызмет  атқарады,  қиысу  тəсілі  ұшыраспайды. 

«Синтаксистік қатынастар даралаушы тілдерде сөздердің орын тəртібі, көмекші сөздер жəне 

интонация  арқылы  беріледі.  Сөз  тудыратын  ең  басты  тəсілі  ретінде  біріктіру  тəсілі 

қолданылады.  

2.  Полисентетикалық  тип.  Полисентетикалық  тілдердің  қатарына  америкалық 

индеецлердің  тілдері,  чукот  тілі,  коряк  тілі,  нивх  тілі,  юкагир  тілі  т.б.  лар  жатады. 

Полисентетикалық тілдер кейде инкорпоративті тілдер деп те аталады. Флективті тілдер мен 

агглютинативті  тілдерде  немесе  түбір  (даралаушы)  тілдерде  сөйлеммен  айтылатындар 

полисентетикалық  тілдерде  бір  сөзбен  де  беріле  алады.  Мысалы,  чукот  тілінде  ты-ата-каа-

нмы-ркын  деген  сөз  «мен  семіз  бұғыларды  өлтіремін»  дегенді  білдіреді.  Мұның 

құрамындағы  ты-бірінші  жақтың  көрсеткіші,  ркын-етістіктің  жұрнағы,  ал  басқа  сыңарлары 

еміс түбірлер.  

3.  Агглютинативті  тип.  Агглютинативті  тілдердің  қатарына  түркі  тілдері,  монғол 

тілдері, угро-фин тілдері т.б. тілдер жатады.  

Агглютинативті  тілдерде  грамматикалық  мағыналар  түбірге  аффикстердің  жалғануы 

арқылы  беріледі.  Тілдердің  бұл  түрінде  аффикстердің  əр  қайсысы  көбінесе  бірғана 

грамматикалық мағынаны білдіредіде, олар бірінің үстіне бірі жалғана береді. Мысалы, қазақ 

тілінде  ту  деген  сөзге  бірнеше  аффиксті  жалғап,  ол  сөзді  туыс,  туыстар,  туыстарым, 

туыстарымнан  деген  түрде  айтуға  болады.  Туыстарымнан  деген  сөздің  құрамындағы-ту 

морфемасы-негізгі  морфема,  қалғандары-көмекші  морфемалар  (аффикстер).  Негізгі 

морфемаға  жалғанып,  тұрған  ыс-зат  еміс  тудыратын  жұрнақ, -тар-көптік  жалғауы,  ым-

тəуелдік жалғауы, -нан-шығыс септік жалғауы. Агглютинативті тілдерде сөздерге аффикстер 

жалғанып,  сөздің  морфологиялық  құрамы  күрделенгенмен,  сөздің  түбірінің,  дыбыстық 

құрамы, негізінен алғанда, өзгермей, сол күйінде қалады.  

4. Флективті тип. Флективті тілдердің қатарына орыс тілі, неміс тілі, грек тілі, араб тілі 

т.б. тілдер енеді. Флективті тілдерде ішкі флексиямен бірге сыртқы флексияда қолданылады. 

Екінші  сөзбен  айтқанда,  флективті  тілдерде  грамматикалық  мағыналар  ішкі  флекция  тəсілі 

арқылы да (мысалы, окно-окон, избегать-избежать), аффиксация тəсілі арқылы да (мысалы, 

охотник-охотника, охотнику, охотником) беріледі.  

Агглютинативті  тілдерде  сөз  құрамында  аффикстердің  əрқайсысы  көбінесе  дара 

мағыналы  болып,  бір  ғана,  қызмет  атқарса,  флективті  тілдерде  бір  аффикс  бірнеше 

грамматикалық  мағынаны  білдіріп,  əр  түрлі  қызмет  атқарады.  Мысалы,  охотники  деген 

сөздің  құрамындағы  и  аффиксі  (жалғау)  əрі  атау  септікті,  əрі  көптікті  білдіреді.  Мұнымен 

бірге  флективті  тілдерде  аффикстер  сөздің  түбіріне    (немесе  негізіне)  сіңісіп  кетеді  де, 

осымен байланысты көптеген сөздер аффикссіз дербес қолданыла алмайды (мысалы, писать, 

письмо,  писание,  дети,  детство,  детский).  Агглютинативті  тілдерде  аффикстер  түбірге 

жалғанып,  негізгі  морфемадан  кейінгі  орынға  ие  болса,  флективті  тілдерде  аффикстер 

префикс,  суффикс,  инфикс  болып  бөлінуіне  қарай  жəне    соған  сай  сөз  құрамында  əр  түрлі 

орынға ие болады.  

Тілдер грамматикалық құрамына қарай синтетикалық тілдер жəне аналитикалық тілдер 

болып  бөлінеді.  Құрылысы  синтетикалық  тілдерде  синтаксистік  қатынастар  атауыш 


 

77

сөздердің  өзгеріп  түрленуі  арқылы  беріледі.  Синтетикалық  тілдерде  аффиксация  тəсілімен 



ішкі  флексия  тəсілі  ең  басты  грамматикалық  тəсілдер  ретінде  қызмет  атқарады.  Синтетизм 

құбылысы əсіресе литва тілі, неміс тіліне, түркі тілдеріне, славян тілдерінің көпшілігіне жəне 

т.б. тілдерге тəн.  

Құрылысы  аналитикалық  тілдерде  синтаксистік  қатынастар  сөздердің  формалары 

арқылы  емес,  сөздердің  орын  тəртібі,  көмекші  сөздер  жəне  интонация  арқылы    беріледі. 

Аналитизм құбылысы əсіресе ағылшын тілі, болгар тілі, дат тілі, грек тілі, француз тілі жəне 

т.б. тілдерге тəн. Тілдерді  синтетикалық тілдер жəне аналитикалық тілдер деп бөлу-шартты 

нəрсе.  Синтетикалық  тілдер  деп  аталатын  тілдерде  грамматикалық  мағынаны  білдірудің 

синтетикалық  тəсілімен  бірге,  ішінары  болса  да,  аналитикалық  тəсілі  де  қолданылады. 

Керісінше,  аналитикалық  тілдердің  қатарына  жатқызылып  жүрген  тілдерге  синтетикалық 

тəсіл  мүлдем  жат  деуге  болмайды.  Белгілі  бір  тілді  синтетикалық  немесе  аналитикалық 

тілдердің  қатарына  жатқызуда  ол  тілде  аналитикалық  тəсіл  мен  синтетикалық  тəсілдің 

қайсысы басым екендігі ескеріледі.   

 

Қайталау үшін сұрақтар мен тапсырмалар: 

 

Пайдаланған əдебиеттер: 

1.Кəкен  Аханов.  Тіл  білімінің  негіздері.  Алматы 1978 ж.  

2. Ə.Хасенов.  Тіл  біліміне  кіріспе.  Алматы 1990ж.  

3. О.Азизов. Тилшуносликка кириш. Тошкент 1996 й.  

4.  Реформатиский А.А. Введение в языкознание.  Москва 1967 г.  

5. Кодухов В.И.Введение в  языкознание. Москва,1979.   

6. Dawletov. Тil bilimi tiykarlari  Nоkis 2007.  

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет