Қайталау үшін сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Тілдің сөздік құрамына нелер енеді?
2. Тілдің сөздік қоры деген не, оларға қандай сөздер тобы енеді?
3. Тілдің сөздік құрамы қалай байыйды?
4. Термин сөздердің ерекшеликтері қандай?
5. Фразелогизмдердің қандай түрдері бар?
Пайдаланған əдебиеттер:
1.Кəкен Аханов. Тіл білімінің негіздері. Алматы 1978 ж.
2. Ə.Хасенов. Тіл біліміне кіріспе. Алматы 1990ж.
3. О.Азизов. Тилшуносликка кириш. Тошкент 1996 й.
4. Реформатиский А.А. Введение в языкознание. Москва 1967 г.
5. Кодухов В.И.Введение в языкознание. Москва,1979.
6. Dawletov. Тil bilimi tiykarlari Nоkis 2007.
7-Тақырып: Лексикография.
Тақырыптың планы:
1.Тіл білімінде лексикографиның мақсаты.
2. Сөздіктердің түрлері.
3. Сөздіктерді топтарға бөліп қарау
4. Түсіндірме сөздіктердің мақсаты.
5. Диалектологиялық сөздіктің ғылыми мақсаты
6. Сөздіктердің басқа түрлері, олардың мақсаты.
Таяныш сөздер: лексикография, тарихи сөздік, қазіргі тіл сөздігі, толық сөздік, кіші
сөздік, түсіндірме, аударма, фонетикалық, орфографиямен, энциклопедиялық, синоним,
доминант сөздер, фразелогиялық, терминолгиялық, шет тілдер.
Лексикография (грекше «сөз жасамын») сөздіктері құрастырудың ғылыми методикасы
дегенді білдіреді. Сөздіктерді жасау үшін, тілдегі сөздер мен фразеологиялық оралымдарды
жинау жəне оларды жүйеге келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сөздік жасау жұмысы
лексикографиялық жұмыс деп аталады.
Сөздіктердің тіл-тілде бір неше түрі бар. Олардың əрқайсысы əр түрлі мəдени
қажеттілікті өтеу үшін жасалады. Лингвистикалық жасалу мақсатында бір неше түрге
бөлінеді.
1.Сөздіктердің ішінде тілдің лексикасының шығуын, дамуын жəне бір неше дəуірін
қамтып сипаттайтын түрі бар. Мұндай сөздіктер тарихы сөздіктер деп аталады. Керісінше,
сөздіктердің кейбір түрі қазіргі тілге жатпай жəне жиі қолданылатын сөздерді қамтып,
оларға талдау жасап, сипаттама беруді мақсат етеді. Мұндай сөздіктер қазіргі тілдің
сөздіктері (современном словары) деп аталады.
2.Сөздіктердің белгілі бір түрі күллі сөздерді түгел қамтып сипаттауды мақсат етеді.
Мұндай сөздік (польный словарь) деп аталады. Сөздіктердің енді бір түрі тілдің сөздік
құрамындағы барлық сөздерді емес, оның белгілі бір дəуіріндегі сөздерді немесе лексиканың
31
белгілі бір саласын қамтитын сөздік түрінде жасалады. Мұндай сөздік кіші сөздік немесе
толық емес сөздік (неполный словарь) деп аталады. Сөздіктердің бұл түріне арнаулы
сөздіктерді де мысалы, терминологиялық сөздік, синонимдер сөздігі, фразелогиялық сөздік
жəне тағы басқа.
3.сөздердің сөздікте анна тілінде түсіндірілуі немесе басқа тілге аударылып
түсіндірілуіне қарай, сөздіктер екі түрге бөлінеді, олардың алғашқысы-бір тілдік түсіндірме
сөздіктер, екіншісі-екі тілдік немесе көп тілдік аударма сөздіктер.
4. Сөздіктер оларда берілген сөздердің алфавит тəртібі мен көрсетіліуіне немесе сөздер
мен белгіленетін ұғымдардың топтарының ретімен көрсетіліуіне қарай екі түрге бөлінеді:
1.Дыбыстық немесе алфавиттік сөздіктер. 2.Идеологиялық сөздіктер (идеологические
словари) немесе ұғымдар сөздігі (понятийный словарь).
І.Сөздердің шығу тегі мен олардың семантикасының дамуы туралы мағлумат беретін
сөздіктер. Бұларға жататындар: 1.Этимологиялық сөздік.
2.Тарихи сөздік.
ІІ. Қазіргі тілдердегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолданылуы жайлы
мағлыумат береті сөздіктер. Бұлардың қатарына енетіндер:
1.түсіндірме
сөздік, 2 Аударма
сөздік.
Т.З.
Терминнологиялық
сөздік.
4.диалектологиялық сөздік. 5. фразеологиялық сөздік. 6. Синонимдік сөздік.
ІІІ. Сөздердің дыбыстық құрылысымен олардың жазылуы туралы мағлумат беретін
сөздіктер. Бұлардың қатарына енетіндер: 1.Фонетикалық сөздік. 2. Орфографиялық сөздік.
ІV. Заттармен құбылыстардың ұғымдарын айқындап түсіндіретін сөздіктер. Бұлардың
қатарына енетіндер. 1.Энциклопедиялық сөздік. 2.Иллюстративті сөздік.
Түсіндірме сөздіктер. Түсіндірме сөздік əдеби тілдегі жалпылама жəне жиі
қолданылатын сөздерді қамтып, олардың мағыналарын талдап түсіндіреді, əдеби тілдің
лексикалық, семантикалық нормаларын көрсетуді мақсат етеді. Орыс тілінде түсіндірме
сөздік жасаудың мол тəжірибесі бар. Словарь Академик Руссийской деп аталатын сөздік
алғаш реет, 1783-1794 жылдары жасалады. Бұл сөздіктің алфавит тəртібіне келтіріп жасалған
бірінші бөлімі 1806 жылы , ал алтыншы бөлімі 1822 жылы жарыққа шықты. Мұннан кейінде
бірнеше сөзідіктер жасалды. Осы сөздіктердің ішінен В.И.Даль құрастырған «Толковский
словарь Живиго великорусского языка» деген сөздік айрықша орын алады. Бұл сөздік
нормативті сөздік емес, онда халықтың ауызекі тілінің ерекшеліктері молынан қамтылған.
Сөздікте Этнографиялық материалдар (халықтың тұрмыс салты, əдет-ғұрыпты, өндіріс
құралдары жəне т.б. жайында мағлыуматтар), 30000 шамасында мақал мен мəтелдер жəне
фразелогизімдер берілген. Совет дəуірінде орыс тілінен түсіндірме сөздігі жасалып, ол
профессор д.Н.Ушаковтың редакциясымен «Толковый словарь русского языка в четырех
тамах» деген атпен 1935-1940 жылдары басылып шықты. Бұл еңбек орыс əдеби тілінің
нормативті түсіндірме сөзді ретінде жасалады.
Д.Н.Ушкановтың редакциясымен шыққан түсіндірме сөздікпен кейінгі уақыт ішінде
орыс əдеби тілінде қалыптасып айқындалған лексика-гамматикалық жəне стивистикалық
нормаларды, лексика мен фразелогиядағы өзгеріс жаңалықтарды қамтитын сөздік жасау
қажет болды да, орыс тілінің жаңадан төрт томдық сөздгі жасалады. Орыс тілінде түсіндірме
сөздіктің шағын түрі-С.М. Ожегив құрастырған «Словарь русского языка» деп аталатын
сөздік 1949, 1952, 1953 жылдары үш реет қайта басылып шықты. Орыс тілінің 17 томдық
акедемилық түсіндірме сөздігі жасалып, 1950-1956 жылдарда жарық көрді. Бұл сөздік əрі
нормативті, əрі түсіндірме тарихи сөздік болып саналады.
Түркі тілдердің əрқайсысының түсіндірме сөздігін құрастыру жұмысы қолға алынып,
олардың алғашқылары кейінгі жылдары жарық көре бастады. Қазақ тілінің т6сіндірме
сөздігінің 1-2 томдары 1950, 1961 жылдары жарыққа шықты. Бұл сөздік қазақ тілінде
түсіндірме сөздік жасалудың алғашқы тəжіріибесі.
32
Түсіндірме сөздікте сөздер сематикалық, грамматикалық жəне стилистикалық тұрғыдан
түсіндіріледі. Мұнымен бірге, онда əдеби тілдегі сөздердің дұрыс жазылуыда көрсетіледі.
Сөздікке енгізіліп, мағынасы түсіндірілетін сөз реестр сөз деп аталады. Əрбір реестр сөзден
кейін ол сөздің қай сөз табына қатысты екенін көрсететін белгілер қойылады. Мысалы, зат.
(зат есім), сын есім, ес(есімдік), үс. (үстеу) т.б. Архаизм мен иет оризмдерден кейін арх., ист.
Белгілері қойылады. Түсіндірме сөздікте тек жеке сөздер ғана есес, сонымен бірге
фразелогиялық оралымдарды беріліп, олардың мағыналары талданады.
Диалектологиялық сөздіктер жəне оларды құрастыру белгілі бір ғылыми мақсатты
көдейді. Диалектологиялық сөздік əдеби тілдің лексикасынан тыс жатқан, бірақ тілдің
жергілікті тармақтары болып табылатын диалектілер немесе говорларға тəн сөздер мен сөз
тіркестерін қамтиды. Белгілі бір диалектілігін тəн сөздерді жинап, олардың сөз дегін
құрастырудың жəне оларды жете білудің тілдің тарихи даму жолдарын, оған тəн
заңдылықтарды айқындалуда үлкен мəні бар. Ұлт тілінің ішіндегі жергілікті диалектілерге
тəн əртүрлі ерекшеліктерді салыстыру тіллдің тарихи дамуын танып білуге көмектеседі.
Орыс тілінде бір неше диалектологиялық сөздік жарыққа шықты. Қазақ тілінде «Қазақ
тілінің жергілікті ерекшеліктері (лексика)» деген атпен 1965 жылы жергілікті диалект
сөздердің жинағы шықты. (Ж.Досика) Алматы, 1955.
Диалектологиялық сөздікте жергілікті диалектілерге тəн сөздер (диалектилер) беріледі
де, оның мағынасы əдеби тілдегі сөздермен (синонимдермен) түсіндіріледі. Диалект сөздің
мағынасын кейін құрамында диалект сөзі бар. Мысал, (сөйлем) келтіріледі. Мұннан кейін
белгілі бір диалектизмнің қай диалект немесе говорға тəн екені көрсетіледі. Ж.Досқараевтың
диалектологиялық сөздік түрінде жазылған жоғарыда аталған еңбегінен мысал,
Азар р. 1. Реніш, тынышсыз: сен оған азар бермесең оған реніш берме, ренжітпеу (Манн
Гош-Манғыстау Гурвев отрядының материалы). Балам, азар болма (балам, тынышсыз
болма). 2. Қорлық деген мағынада: сенің былтырғы істеген азарыңды умытпаймын.
(Тар.Шам-Тарбағаттай Шығыс Қазақстан отрядының материалы) т.б.
Салыстырмалы сөздіктер. Ол да ғылыми мақсатты көздейді. Онда туыстас тілдердегі
ортақ түбірлес сөздер беріледі, ондай сөздердің əртүрлі туыстас тілдердегі ұқсас жақтары да,
айырым жақтары да көрсетіледі. Туыстас тілдерді салыстырмалы-тарихи метод бойынша
зерттеп, олардың даму заңдылықтарын айқындауда салыстырмалы сөздіктер қунды
материалдар Бере алады. Осындай сөздіктің қатарына Л.Будаговтың «Сравнительный
словарь турецко татарских наречий» (С.П.Б, 1869) деп аталатын сөздігін жатқызуға болдаы.
«Сөздікте белгілі бір сөздің түркі тілдерінің əрқайсысында дыбысталу түрі көрсетіліп,
мағынасы орыс тіліне аударылып берілген. Академик В.В.Радловтың Опыт словаря
тюркских наречий» деп аталатын 4 томдық сөздігінде де салыстырмалы материал берілген.
В.В. Радловтың бұл сөздігінде бір сөздің түрлі формалары түркі тілдерінің қай-қайсысында
кездесетіні көрсетілгенде, олардан кейін мысалдар берілген. Сөздікте берілген сөздер мен
оларға берілген мысалдар (иллютративті материалдар) орыс тіліне жəне неміс тіліне
аударылған.
Этимологиялық сөздіктер. Этимологиялық сөздік белгілі бір сөздердің шығу төркінін
(этимологиясын), олардың бастапқы мағыналары мен дыбысталу түрін айқындап көрсетуді
мақсат етеді. Этимологиялық сөздік тілдің даму барысында ондағы сөздердің семантикалық
жақтан қандай өзгеріске түскенін айқындайды. Сөздің шығу тегі, оның алғашқы мағынасы
жəне сөз мағынасының өзгеріп дамуы туыстас тілдердегі түбірлес сөздермен салыстыру
арқылы айқындалады.
Этимологиялық сөздік жасау-өте-мөте күрделі жəне қиын жұмыс. Оны жасау туыстас
тілдердің лексикасына тарихи-тұрғыдан келіп терең байлауды жəне салыстыра зерттеуді
қажет етеді. Тілдің лексикасының тарихы сол тілде сөйлеуші халықтың тарихымен, ол
халықтың кəсібі, күн көрісі, шаруашылығымен тығыз байланыста болады. Мұның өзі
этимологиялық сөздікті жасаушылардан халықтардың ежелгі тарихын, олардың күллі
33
материалдық рухани мəдениетінің тарихын жетік білуді талап етеді. Орыс тілінде А.Г.
Приображанский құрастырған «Орыс тілінің этимологиялық сөздігі» бар. Онда орыс
тіліндегі сөздердің шығу тегі, алғашқы мағынасы түсіндірілген. Этимологиялық сөздікте
реестр сөзден кейін онымен түбірлес сөздердің қатары беріледі. Егер белгілі бір сөздің
этимологиясы жайында жазылған ғылыми əдебиет болса, онда оның мазмұны жайында
қысқаша түсінік беріледі.
Түркі тілдері бойынша да этимологиялық сөздіктер жасауға əрекеттер істеліп жатыр.
Бұған неміс тюркологі Х.Вамбердің құрастырған түркі тілдерінің шағын этимологиялық
«Etymologisches Worterbuch der Turko-tatarisches Spachen»1928 сөздігі негіз салған болатын.
Синонимдер сөздігі. Синонимдер сөздігі синонимдік қатарлар беріліп, əрбір
синонимдік қатардың құрамындағы мəндес сөздердің мағыналық ерекшеліктері
түсіндіріледі. Синонимдік қатардың құрамындағы сөздердің сөздікте орналасу тəртібі,
мысалы, қай сөздің бұрын, қай сөздің кейін орналасуы, белгілі бір қағидаға негізделеді.
Сөздікте синонимдік қатардың ішінен сол қатардағы сөздердің жалпы мағынасын
басқаларынан гөрі ашық айдын білдіретін сөз таңдалынып алынады да, синонимдік қатардың
ең басына қойылады, басқалары онан кейін орналады. Синонимдес сөздер табының ішінен
мағынасы жағынан сол топтағы сөздердің барлығына бірдей тəн, күллісіне бірдей ортақ
жалпы мағынаны білдіретін сөз доминант сөз деп аталады. Доминант сөз синонимдік
қатардағы өзімен мəндес басқа сөздерге қарағанда стилистикалық жағынан бейтарапты
(нейтральное) болу қасиетімен сипатталады да, əр түрлі стильде қолданылады. Синонимдік
қатардың ішіндегі доминант сөз өзімен синонимдік сөздердің барлығының басын құрап,
солардың күллісіне бірдей ортақ ұйытқы ретінде жетекші қызмет атқарады. Мысалы, халық,
ел, жұрт, қалайық, əлеумет деген синонимдік қатардың құрамындағы доминант сөз халық.
Бұл сөздің доминант сөз болатындығы доминант сөз болатындығы мынадан. Халық.
Бұл сөздің доминант сөз болатындығы мынадан. Халық сөзі өзі мен мəндес басқа сөздерге
қарағанда стилистикалық жағынан бейтарапты барлық стильде де қолданыла береді жəне
осы синонимдік қатардың ішінде сөздердің барлығына бірдей ортақ, жалпылама мағынаны
білдіреді. Бұл синонимдік қатардың ішіндегі басқаларының доминант сөз бала алмайтыны
мынадан. Ел сөзі осы синонимдік қатардағы мағынасымен бірге «мемлекет, тұған ел
(«страна») деген мағынаны білдірсе, жұрт сөзі «ел көпшілік» деген мағынасынан басқа
мағынаны да білдіреді. Ал халайық, əлеумет деген синонимдер белгілі бір стильге (көтеріңкі
поэтикалық стильге) телініп икемделген де, қолдану өрісі шектелген.
Фразеологиялық сөздіктер. Фразеологиялық сөздік белгілі бір тілдегі əр түрлі
фразеологиялық оралымдарды қамтиды, олардың мағыналарын түсіндіреді.
Фразеологиялық сөздік тілдік түсіндірме сөздік түрінде де, екі тілдік аударма сөздік
түрінде де жасалады. Аударма фразеологиялық сөздіктер мыналар: «Немецко-русский
фразеологический словарь» (12 0000 фразеологических единиц, составитель Л.Э. Бинович,
Москва, 1956; А.В. Кунин). «Англо-русский фразеологический словарь»; Москва, 1955.
Фразеологиялық сөз тіркестері белгілі дəрежеде түсіндірме сөздіктерде де қамтылады.
Фразеологиялық сөз тіркестерін, мақал мен мəтелдерді өте-мөте мол қамтылған сөздік В.И.
Даль құрастырған орыс тілінің түсіндірме сөздігі («Полковый словарь живого
великорусского»). Түркі тілдеріндегі əр түрлі фразеологизмдер В.В. Радловтың «Опыт
словаря тюркских наречий» (в четырех томах, СПБ, 1888-1917) атты сөздігінде берілген.
Орыс тілі мен қазақ тілінде жəне т.б. тілдерде қанатты сөздердің жыйнақтары бар.
(Н.С.Ашукин, М.Г.Ашукина. Крылатые слова. М, 1955; М.А.Булатов. Крылатые слова 1958;
Н.Төреқұлов. Қазақтың қанатты сөздері 1960). «Қазақтың қанатты сөздері» атты жинақта
фразеологиялық
оралымдардың
бір
түрі
қанатты
сөздерге
талдау
жасалып
түсіндіріледі.Мысалы, Шық бермес Шығайбай.т.б.
Аударма сөздіктер. Аударма сөздіктердің екі түрі бар: оның бірінде белгілі бір шет
тілдегі сөздер мен фразеологизмдер анна тіліне аударылып беріледі де, екіншісіне, керісінше,
34
ана тіліндегі сөздер мен фразеологизмдер шет тілге аударылады. Əр түрлі тілдерде жасалған
сөздіктердің ішінде ең көп кездесетіні-екі тілді жазылған əдебиеттерді аударуда айрықша
қызмет атқарады.
Мағыналық мазмұны екі тілде бір-біріне сай келмейтін сөздерді аударып беру өте-мөте
күрделі. Көптеген сөздердің негізгі, тұра мағыналарынан басқа сан алуан ауыспалы,
келтірінді мағыналары, əр түрлі мағыналы реңкі (оттенок) болады. Басқа тілдегі сөздердің
келтірінді, образды мағыналарын ана тілінен болама боларлық сөз тауып аудару өте күрделі
жұмыс. Мысалы, орыс тіліндегі глухой деген сөз негізгі мағынасында қазақша саңырау,
керең (глухой старик-саңырау немесе керең шал) деген сөзбен аударылса, екінші
мағынасында қатаң (глухой звук-қатаң дыбыс) деген сөзбен, үшінші мағынасында қалың, ну
(глухой лес-қалың арман, ну тоғай) деген сөздермен, төртінші мағынасында тоғай (глухой
уголок-шалғай жер) деген сөзбен, бесінші мағынасында саңлаусыз (глухая стена-бітеу
қабырға) деген сөзбен аударылады.
Терминологиялық сөздіктер. Терминологиялық сөздіктер ғылым мен техниканың сан
алуан салаларына қатысты терминдерді қамтып олардың білдіретін ұғымдарын түсіндіріп
беруді мақсат етеді. Жігірмаланшы ғасырда түркі тілдерінің барлығында да ғылым мен
техниканың алуан түрлі салаларынан көптеген терминологиялық сөздіктер жасалады.
Мұның өзі түркі тілдерінде сөйлейтін қазақтардың тілдерінің дамып, мəдениетінің
көркеуінің айғағы есептеледі.
Қазақ тілінде қоғамдық ғылымдардың физика, маТақырыптика, биология, медицина,
география, геология жəне ауыл шаруашылығы ғылымдарының əр қайсысының терминдерін
қамтыған өз алдына бөлек-бөлек бір неше терминогиялық сөздіктер жасалады.
Терминологиялық сөздіктер бір тілдік түсіндірме сөздік түрінде де жасалады. Бір тілде
жасалған терминологиялық сөздіктерде терминнің білдіретін ұғымына талдау жасалып,
түсінік беріледі. Осындай сөздіктің бірі О.С. Ахмаманованың «Лингвистикалық терминдер
сөздігі» (Москва, 1966) деп аталатын еңбегі сөздікте линвистикалық терминдердің білдіретін
ғылыми ұғымы түсіндірілген.
Лингвистикалық терминдердің терминологиялық сөздіктері орыс тілі мен украйн
тілінде жасалды. Өзбек тілі мен қазақ, қарақалпақ тіліне басқа да түркістілдерінде
лингвистикалық терминдердің терминологиялық аударма сөздіктері жарыққа шықты. Түркі
тілдеріндегі терминологиялық сөздіктердің көпшілігі екі тілді аударма терминологиялық
сөздік түрінде жасалып жүр.
Шет тіллер сөздерінің сөздігі. Шет тіллер сөздерінің сөздігі (словарь иностранных слов)
шығу төркіні басқа тілдік сөздер мен терминдерге қысқаша түсінік беруді мақсат етеді. Шет
тілдер сөздерінің сөздігі шығу төркіні басқа тілдік сөздердің бəрін бірдей емес, қоғамдық
ғылымдар мен көпшілікке арналған ғылыми техникалық əдебиетте, көркем əдебиет пен газет
журналдарда қолданылатын шет тілдік терминдерді қамтиды.
Шет тілдер сөздерінің сөздіктерінің ішінде кең тарап жəне жаппай қолданылып жүрген
сөздік редакциясының И.В. Лехинмен, Ф.Н. Петров басқарған. «Шет тілдер сөздерінің
сөздігі» бұл сөздік 1955 жылы бесінші рет баслып шықты. Сөздікте ғылыми əдебиет пен
публицистикалық əдебиет жəне көрем əдебиет кеңнен қолданылып жүрген шет тілдік 20 000
сөз берілген. Шет тілдер сөздерінің сөздігінде, біріншіден, шет тілдік сөздердің мағынасы
түсіндіріледі, екіншіден ол сөздердің шығу тегі, қай тілдік сөздер екені көрсетіледі. Шет
тілдік сөздің бастапқы мағынасынан қазіргі мағынасынан айырмасы болса, немесе оны
талдап түсіндіру ол сөздің мағынасын айқындай түсетін болса, онда ол сөздің жазылуы
немесе транскрипциясы ғана емес, соны мен бірге оның аударамасы да беріледі. Мысалы:
«демократия (грек demokratia) demos- народ, kratos-(власть)»
Реестр сөзбен оның жақша ішіндегі берілген шет тілдік вариантының (этимон)
арасында мағыналық айырмашылық болмаса, онда жақша ішіндегі сөз аударылмай беріледі.
Мысалы, ателъе ()
35
Бұлардан басқа орфографиялық сөздік, тарихи сөздік деп аталатын сөздіктер де болады.
Орфографиялық сөздікте сөздіктің қалай жазылатындығы көрсетіледі, бұл сөздік дұрыс
жазудың анықтағышы (справочник) ретінде қолданылады. Тарихи сөздікте тілдің ескі жазба
нұсқаларында қолданылған сөздер хронологиялық тəртіптен беріледі де, бұлардың
мағыналары қазіргі тілдегі сөздер мен аударылады; ертеде қолданылған сөздерге тарихы
тұрғыдан түсінік беріледі. Мұндай сөздіктер ерте уақытта жазылған ескерткіштерді, қол
жазбаларды оқу үшін өте қажет. Осындай сөздіктердің қатарында «Ежелгі түрк сөздігі»,
«Алишер Науайы шығармаларының сөздігі», сияқты жəне көп сөздіктерді атауға болады.
Қайталау үшін сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Лексикография ілімінің мақсаты қандай?
2. Сөздіктердің қандай түрлері бар?
3. Сөздіктер қандай топтарға бөлінеді?
4. Түсіндірме сөздіктердің мақсаты қандай?
5. Сөздіктердің басқан қандай түрлері бар, олардың ерекшеліктері қандай?
Пайдаланған əдебиеттер:
1.Кəкен Аханов. Тіл білімінің негіздері. Алматы 1978 ж.
2. О.Азизов. Тилшуносликка кириш. Тошкент 1996 й.
3. Реформатиский А.А. Введение в языкознание. Москва 1967 г.
4. Кодухов В.И.Введение в языкознание. Москва,1979.
5. Dawletov. Тil bilimi tiykarlari Nоkis 2007.
8. Тақырып: Грамматика. Сөздің морфологиялық құрылымы.
Тақырыптың планы:
1. Грамматика тілдегі сөздердің байланысы жайындағы іліт.
2. Грамматикалық абстракцияның ерекшеліктері.
3. Грамматиканың салалары мен түрлері
4. Грамматикалық единициялар
5. Сөздердің морфологиялық құрылымы.
6. Сөздердің морфологиялық құрылымының өзгеру құбылыстары (сіңісу, жылысу,
күрделену, декореляция).
Таяныш сөздер: лексика, сөздер, байланыс, салалар, морфология, синтаксис,
абстракция, единицалар, грамматиканың түрлері, тарихи, сөйлем, аффикстер, дериваиция,
реляция, жұрнақтар,жалғаулар, омонимдес аффикске, синонимдес, антонимдес, құрылым
өзгеристері
Грамматика өзінің салаларына ие ғылым. Тілдің лексикасындағы сөздер заттар мен
құбылыстардың, сапа мен белгінің жəне басқалардың атаулары болып қызмет етеді. Сөз нені
атаса да, оны жеке дара күйінде атайды. Бірақ бұл сөздер өз ара байланыспай, бір-бірімен
тіркеспей, осы қалпында жеке-дара тұрғанда, ойды білдіруге қабілетсіз. Бұл сөздер бір-
бірімен тіркесіп, өз ара байланыста айтылып ғана белгілі бір ұғымды білдіреді. Демек, тілдің
қатынас құралы ретінде қызмет атқаруы үшін оның лексикасындағы алуан түрлі сөздердің
бір-бірімен тіркесіп, өз ара белгілі бір қарым-қатнаста, байланыста қолданылуы жəне-
олардың тіркесуінен сөйлемдердің құралуы жəне олардың тіркесуінен сөйлемдердің құралуы
шарт. Сөйлемдер, əдетте, сөздердің түрленіп тіркесуінен жасалады.
36
Ал сөздердің түрленуі, өзгеруі түрлі тəсілдер арқылы сөйлемде тіркесуі тілдің
грамматикасы арқылы іске асады. Грамматика тілдегі сөздердің түрлену, өзгеру ережелері
мен сөздердің, сөйлемдердің құрылу ережелерін белгілейді.
Грамматиканың табиғатын жете түсіну үшін ең алдымен грамматикалық абстрактция
тұралы мəселемен грамматиканың арқасында ойдың материалдық-тілдік қабыққа енуі
туралы мəселені біліп алу қажет. Лексикалық абстракция бар да, грамматикалық абстракция
бар. Лексикалық тұрғыдан тау, көл, жол, қол, бел деген сөздер əр басқа мағынасы бар əр
түрлі сөздер болып саналады. Грамматикалық тұрғыдан тау, көл, жол, бел деген сөздердің
айырмашылығы жоқ, өйткені грамматика үшін ең бастысы бұлардың бəрі де атау тұлғада,
жекеше түрдегі зат есімдер. Бұл сөздердің лексикалық мағыналарының бір-бірінен
айырмашылығы грамматика үшён басты нəрсе емес, өйткені грамматика нақты (конкрет)
сөздер емес, нақтылығы жоқ сөздерді, жалпы сөз атаулыны ескереді. Сөйлемдер құру үшін
де грамматика сөздердің нақтылы (конкрет) лексикалық мағыналарынан абстракцияланады.
Бұған қоса, лексикадағы мағына категориясы грамматикадағы мағына категориясымен
сəйкеспейді.
Грамматика ойды материалды-тілдік қабыққа енгізуге өз ара пікір алысуға мүмкіндік
береді сөйтіп, ол (грамматика) тілді ұйымдастырушы қызмет атқарады. Грамматика тілдің
грамматикалық құрылысын зерттейді. Грамматикалық құрылыс-белгілі бір тілдегі
грамматикалық қатнастардың жүйесі. Грамматикаға бір-бірімен байланысты екі сала-
морфология мен синтаксистен құралады. Морфология сөздердің морфологиялық құрылымы
мен типтері, морфема мен оның түрлері, сөздердің түрленуі, олардың формалары жəне
сөздердің лексика-грамматикалық топтары туралы ғылым. Ал синтаксис-сөз тіркесі мен
сөйлем, олардың құрылысы мен түрлері, сөздердің сөйлемде тіркесуі туралы ілім.
Тілдің грамматикалық құрылысын əр тұрғыдан-замандар бойында тарихи дамуы,
қалыптасуы тұрғысынан, немесе тілдің өмір сүріп тұрған кезіндегі қалпы тұрғысынан
қарастыруға болады. Мұнымен бірге, туыстас тілдердің грамматикалық құрылысы өз ара
салыстыру тұрғысынан да қарастырылады. Осыған орай, грамматиканың бір неше түрі бар.
Тілдің грамматикалық құрылысын ондағы грамматикалық формалардың пайда болуы мен
біртіндеп қалыптасып дамуын тарихи тұрғыдан қарастырып баяндайтын грамматика-тарихи
грамматика деп аталады. Тілдің өмір сүріп тұрған дəуіріндегі қалпын қарастырып
баяндайтын грамматика сипаттама грамматика немесе синхрониялық грамматика деп
аталады. Туыстас тілдердің грамматикалық құрылысын, ондағы грамматикалық
категориялар мен грамматикалық формаларды жəне түрлі-түрлі грамматикалық амал-
тəсілдерді өз ара салыстыру тұрғысында қарастыратын грамматика салыстырмалы
грамматика деп аталады.
Тіл білімінің əр бір саласының қарастыратын единицалары бар. Грамматика тілдегі
грамматикалық единицаларды–морфемамен сөзді, сөз тіркесі мен сөйлемді жəне ол
единицалардың басын қосып ұйымдастыратын қатынас жасауда іске жарататын, əрі олардың
бір-бірінен жігін ажырататын тəсілдер мен құралдарды зерттейді. Грамматикалық
единицалар мен грамматикалық категориялар жəне грамматикалық формалар мен тəсілдер
осы тараудың тиісті бөлімдерінде қарастырылады.
Аталған единицалардың (морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем) ішінде екі жақты құбылыс
ретінде қаралатын единица-сөз. Сөз тілдің лексикалық жүйесінің (сисТақырыпсының)
единицасы ретінде лексикологияда қарастырылғанда біріншіден-лексикалық мағынасы,
мағыналық құрылымы, (смысловаяструктура) жағынан, екіншіден шығу тегі жағынан,
үшіншіден қолдану аясы мен шеңбері жағынан қарастырылады. Ал сөздің грамматикалық
единицасы ретінде грамматикада сөз қарастырылғанда, біріншіден, оның (сөздің) бойында
лексикалық мағынамен бірнеше грамматикалық мағыналар ұштасып келуі жағынан,
екіншіден, морфологиялық құрылымы мен құрылымдық элементтері жағынан, үшіншіден,
формалары жағынан, төртіншіден лексика-грамматикалық топтарға (сөз табына) қатысы
37
жағынан, бесіншіден, сөз тіркесі мен сөйлемнің құралуына қатысы жəне олардан қызметі
жағынан қарастырылады.
Сөздің морфологиялық құрылымы туралы мəселе грамматиканың маңызды
мəселелерінен есептеледі. Əр түрлі тілдердегі сөздердің морфологиялық құрылымдық
элементтердің (морфемалардың) табиғатын, қызметі мен өз ара байланысу жəне тіркесу
сипатын зерттеп байланысу жəне тіркесу сипатын зерттеп шешу тілдердің морфологиялық
құрылымын, құрылымдық элементтердің (морфемалардың) табиғатын, қызметі мен өзара
байланысу жəне тіркесу сипатын зерттеп шешу тілдердің морфологиялық типтерін айқындау
үшін жəне олардың грамматикаларын дұрыс негізде жасау үшін де өте-мөте қажет. Сөздің
морфологиялық құрылымына тікелей қатысы бар негізгі морфологиялық ұғымдарды
айқындау керек. Бұл ұғымдардың мазмұнына морфема-түбір морфема жəне аффикстік
морфема деп аталатын түрлер жайындағы ұғымдар енеді. Морфема дегеніміз тілдің ары
қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық единицасы. Сөз құрамындағы
морфемалардың əрқайсысының өзіне тəн мағынасы болады. Мысалы, көлшікке деген сөздің
құрамындағы үш морфеманың біріншісі (көл) заттық мағынаны білдереді, екіншісі (кіш)
кішірейткіш мағынаны, соңғысы (-ке) бағыт мағынасын білдіреді.
Морфемалар түбір морфема (немесе негізгі морфема) жəне аффикстік морфема
түрлеріне бөлінеді. Түбір морфема (негізгі морфема) сөздердің əр түрлі лексика-
грамматикалық топтары үшін бір ортақ морфема ретінде қызмет ете алады. Мысалы, ба
морфема ретінде қызмет басшы, баспа, баспалдақ, басшылық деген зат есімдердің де, баспа,
бастат, басқар деген стилистіктердің де түбірі болып саналады. Ал негіздің түбірден
айырмашылығы ол (негіз) сөздің əр түрлі (əр басқа) лексика-грамматикалық топтары үшін
емес-олардың белгілі бір лексика-грамматикалық тобының формаларына ортақ болып келеді.
Мысалы, бас морфемасы, жоғарыда айтылған зат есімдердің де, сын есімдердің де
етістіктердің де-бəріне бірдей, ұйтқы, бірдей ортақ түбір болса, бастықтар, бастыққа,
бастықтан, бастығын, бастығы деген зат есімдер тобына енетін сөздердің формаларына ортақ
негіз-бастық, ал бастап, бастағалы, бастаған, бастайтыны деген етістіктердің формаларының
бəріне-бірдей ұйтқы, бірдей ортақ түбір болса, бастықтар, бастыққа, бастықтан, бастығын,
бастығы деген зат есімдер тобына енетін сөздердің формаларына ортақ негіз-бастық, ал
бастап, бастағалы, бастаған, бастайтыны деген етістіктердің формаларының бəріне бірдей
ортақ негіз-баста. Басқара, басқарып, басқарғалы, басқарар, басқаратын деген етістік
формаларының негізгі – басқар болып саналады.
Бұл айтылғандардан, шығатын қорытынды мынау: түбір морфема -сөздердің қандай
лексика-грамматикалық топқа (қай сөз тобына) жататындығына қарамастан олардың бəріне
бірдей тəн, күллісіне бірдей ортақ баршасына бірдей негізгі ұйтқы болатын элемент, ал негіз-
белгілі бір лексика-грамматикалық топқа қатысты сөздердің əр түрлі формаларының бəріне
бірдей ұйтқы ортақ. Түбір морфема сөздердің ары қарай бөлшектеуге келмейтін жəне негізгі
лексикалық мағынаны білдіретін түп бөлшегі болса, негіз, əдетте, түбір мен жұрнақтың
қосындысынан жасалады. Мысалы, күйші, малшы, достық, таулы, өрле, бағала жəне т.б.
Сонымен, морфологиялық сіңісу (морфологическое опрощение) процессінің
нəтижесінде алғашқы түбір морфемамен аффикстік морфеманың ажыралмастай болып бір-
бірімен кірігіп, бұл күнде морфемаларға мүшелленбей бір тұтас морфема ретінде
ұғынылатын түбір морфемалар сіңіскен түбірлер деп аталады. Мысалы, жарық, жалын,
моншақ, қайт, қайыр, оят, оян, мөлдір, құтқар т.б.
Өз алдына дербестігі жоқ, тек сөз құрамында түбір морфемаға жалғанып ғана, белгілі
бір мағынаға ие болатын көмекші морфемалар аффикстік морфемалар немесе морфемалар
деп аталатынын білеміз. Аффикстер мағынасымен қызметі жағынан түрлі-түрлі болып
келеді. Олардың ішінде түбір морфемаға жалғанып, оның мағынасын нақтылай түсетін
аффикстер бар. Мысалы, көл-шік т.б. Түбір морфемадан сөз жасайтын аффикстерді сөз
тудырушы аффикстер дейміз. Сөз тудырушы аффикстердің мағынасы деривациялық (латын
38
меншіктеп бөлу) мағына деп аталады. Аффикстердің кейбіреулері сөз бен сөзді
байланыстырып, өз ара қарым-қатнасын білдіреді. Мысалы, көл-дің жағасы дегенде-дің
аффиксі сөз тудырып тұрған жоқ, көл мен жаға сөздерін байланыстырып, олардың бір-біріне
қатысын білдіріп тұр. Бұндай аффикстер сөз түрлендіруші аффикстер сөз түрлендіруші
аффикстер, олардың грамматикалық мағыналары реляциялық (лат.қарым-қатынас)
мағыналар деп аталады. Көмекші морфемалар немесе аффикстер осылайша екі үлкен топқа-
сөз тудырушы, сөз түрлендіруші топқа бөлінеді. Орыс тілінде көмекші морфемалар немесе
аффикстердің префикс, суффикс, флекция (оканчение) деп аталатын түрлері бар. Орыс
тіліндегі суффикс түркі тілдерінде, солардан қазақ тілінде жұрнақ деп аталатын морфемаға
сəйкес келеді.
Аффикстік морфемалардың ішінде ең жиі ұшырасатындары жұрнақтар мен жалғаулар.
Жұрнақтар өз ішінде екі топқа бөлінеді, бірі сөз тудырушы жұрнақтар
(словообразующие суффиксы) мысалы, ек, су, қол деген, түбірлерге сөз тудырушы
жұрнақтардың жалғауынан егін, егінші, егіншілік, екпе, егістік, сулы, сулық, сулы,
суландыру, сусау, сусыз, қолдау, қолдаушы, қолдан, қолданыс, қолдас, қолтық, қолотықта
т.б. Екінші-форма тудырушы жұрнақтар-мысалы кел деген сөзден əртүрлі жұрнақтардың
жалғауынан келер, келмес, келген, келетін, келік, келіп, келгелі, келсе, келгей т.б. сөздердегі
жұрнақтар кел деген түбір етістіктің негізгі лексикалық мағына сын өзгертпейді.
Жұрнақтармен салыстырғанда жалғаулардың қолданы өрісі мен шеңбері анағұрлым кең
жалғаулар белгілі сөз тобына енеті
Жұрнақтармен салыстырғанда жалғаулардың қолданы өрісі мен шеңбері анағұрлым кең
жалғаулар белгілі сөз тобына енеті сөздерді талғалымай, олардың күллісіне бірдей жалғана
береді. Мысалы қазақ тілінде зат есімдер тобына енетін сөздердің бəріне бірдей септік
жалғаулары да көптік жалғаулары да, тəуелдік жалғаулары да жалғана береді. Етістіктердің
тобына енетін сөздердің күллісі бірдей жіктеле алады. Жұрнақтар белгілі бір сөз тобына
енетін сөздердің күллісіне қарай бірдей емін-еркін қосыла бермейді де , олардың ішінде
арнаулы бір тобына ғана жалғанады. Мысалы, зат есімнің-ым-ім-м жұрнағы етістік
атаулының бəріне жалған бермейді. Аталған жұрнақ жайыл, түс, өн деген етістіктерге
жалғанады да, олардан зат есімдер (жайлым, түсім, өнім) жасалады,бірақ бұл жұрнақ қуан,
сүйін, қызған деген етістіктерге жалғана бермейді. Оларға басқа жұрнақ (-ш, ыш, іш)
жұрнақтар жалғанып, қуаныш, сүйініш, қызғаныш тəрізді туынды зат есімдер жасалады.
Ал аффикстік морфемалардың екінші түрі жалғаулар жалғанған сөздің құрамындағы
негізгі морфема (түбір) мен көмекші морфеманың (жалғаудың) мағыналары бір-бірне
жымдаса кірігіп кетпейді, аффикстік морфеманың сөзге жалғанып соған ілесіп жүрген
қосалқы элемент екені аңғарылып тұрады.
Тілдерде сөздер бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасқа түсуіне қарай, омонимдес
сөздер, синонимдес сөздер, антонимдес сөздер болып топталады. Əлде неше мағынада
қолданылатын сөздер полисимантизм немесе көп мағыналы сөздер деп аталады. Омонимия,
полисимия, синонимия жəне антонимия құбылыстары тіл білімінде көбіне-көп лексикалық
единица сөздерге тəн құбылыс ретінде саналып, осыған орай, олар əдетте лексикология
саласында қаралып келді. Тіл деректері аталған құбылыстардың сөздерге ғана емес, сонымен
бірге аффикстік морфемаларға тəн құбылыс екендігін көрсетеді.
1.Омонимдес аффикстер. Бір түбірден кемінде екі сөз тұдыратын дыбысталуы бірдей,
мағынасымен қызметі басқа-басқа аффикстер (жұрнақтар) омонимдес аффикстер деп
аталады. Омонимдес аффикстердің қатарына етістіктің –т, (ыт,-іт) жұрнағымен зат есімнің –т
(-ыт, іт) жұрнағы енеді. Мысалы, құмарт, сейілт, шырамыт, қарауыт, қырауыт, мұнарт, кеңіт
деген сөздердің құрамындағы –т(-ыт, іт) аффиксі-етістіктің жұрнағы болса (бұл жұрнақ
есімдерден етістіктер тұдырып тұр), бөгет, шабыт, іркіт, сырқат тəрізді сөздердің
құрамындағы –т(-ыт,-іт) аффиксі-зат есімдердің жұрнағы (бұл жұрнақ етістіктерден зат
есімдер тұдырып тұр). Сондай-ақ –н(-ын, ін) жұрнағында омонимдес аффикстер қатарына
39
енеді. Мысалы, шегін, талпын-зат есімнен етістік тұдыратын жұрнақ, толқын, боран, сауын,
жиын, шығын, түйін, егін, тығын, жауын, ағын, тігін-етістіктен зат есім тұдыратын жұрнақ.
2.Синонимдес аффикстер. Мағынасы мен қызметі бір-біріне ұқсас, өз ара мəндес
аффикстер (жұрнақтар)-синонимдес аффикстер деп аталады. Мысалы, -шақ (-шек),-қақ (-
кек),-ғақ (-гек), -қыш (кіш), ғыш (-гіш), -қыр (-кір),-ғыр (-гір) жұрнақтарында қызметі
жағынан ұқсастық, мағынасы жағынан өзара жақындық бар екенін көруге болады. Аталған
жұрнақтардың жалғауынан жасалған ұрыншақ, ұялшақ, сүріншек, жасқаншақ, мақтаншақ,
еріншек, қызғаншақ деген сөздер ұрынғыш, ұялғыш, мақтанғыш, сүрінгіш, жасқанғыш,
ерінгіш, қызғанғыш сөздерімен синоним болса, урысқақ сөзі урысқыш сөзімен, тырысқақ
сөзі тырысқыш сөзімен синоним бола алады. Сондай-ақ, білгіш пен білгір, ұшқыш пен
ұшқыр мағына жағынан өз ара жақын болса, сүзгіш пен сүзеген, тепкіш пен тебеген
сөздеріде мағына жағынан бір-біріне алыс емес.
Антонимдес аффикстер. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы аффикстер (жұрнақтар)
антонимдес аффикстер қатарына сын есімнің–лы-(-лі),-ды (-ді)-ты (-ті) жұрнағы мен –сыз (-
сіз) жұрнағын жатқаруға болады. Мысалы, таулы, таусыз, сұлы, сусыз, қарлы, қарсыз, əдепті,
əдепсіз, көңілді, көңілсіз т.б.
Сөздердің морфологиялық құрылымы өзгеріп отыратын құрылыс. Тілдің замандар
бойындағы дамуы барысында сөздердің де құрылымынды өзгеріс болады. Мұндай өзгеріс
сөздердің жəне олардың құрылымдық элементтерінің (морфемалардың) ішкі (мағыналық)
жағын да, сыртқы (дыбысталу) жағын да бірдей қамтуы,
соның
нəтижесінде
олардың
(сөздер) мен олардың құрылымындағы морфемалардың шегі ауысып, олардың (сөздердің)
морфологиялық құрылымның өзгеруі қалай болса солай емес, белгілі бір грамматикалық
процесстердің əсерінен болады. Сөздердің морфологиялық құрылымның өзгеруіне себепкер
болатын грамматикалық (морфологиялық) процестердің қатарына сіңісу (опрощение)
құбылысы мен жылысу (переразложение) құбылысы жатады.
1.Сіңісу құбылысы. Кейбір сөздердің құрамындағы морфемалар тілдің даму барысында
мағыналарынан айырылады да, ондай сөздер морфемаларға мүшеленбейтін сөздер ретінде
ұғынылады, сөз құрамындағы морфемалардың мағыналары жойылып олардың бір-біріне
кірігіп кетуіне, соның нəтижесінде, сөздің морфемалық жігінің əбден күңгірттеліп,
морфемаларға мүшеленбеуіне əкелетін морфологиялық процесс сіңісу құбылысы деп
аталады. Мысалы, басыңқы, түсіңкі, деген сөздердің құрамындағы –ыңқы,-іңкі аффиксі –ың
(қы), -ің (кі) аффикстерінен құралған, бұл күнде іштей бөлшектенбейтін бір тұтас сіңіскен
аффикс (жұрнақ) ретінде танылады.
2.Жылысу құбылысы. Тілдің дамуының түрлі дəуірінде сөз құрамындағы
морфемалардың бір-бірімен ара қатысы өзгеруі мүмкін. Мұндай да сөз құрамындағы
морфемалардың бастапқы аралық шегі өзгеріп соның нəтижесінде сөз морфемаларға
бұрынғысынша емес, басқаша мүшеленетін болады. Екінші сөзбен айтқанда, сөз
құрамындағы бір морфеманың элементі екінші морфемаға сусып ауысады.Тілдің даму
барысында сөз құрамындағы морфемалардың бірінің элементі екіншісіне ауысып, ол
морфемалардың бұрынғы жігі мен ара қатысының өзгеруі жылысу құбылысы деп аталады.
Морфологиялық жылысу құбылысы (морфологическое явление переразложения) түркі
тілдерінде бар. В.А. Богородицикийдің пікірінше, жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктеріне
жалғанатын ілік септік жалғауының алғашқы түрі;-ың (-ің) түрінде болған. Бұл бастапқы
форма (-ың, -ің) менің, сенің, оның, соның деген етістіктердің құрамында сақталған. Тілдің
даму барысында морфологиялық жылысу процесінің нəтижесінде есімдіктердің соңындағы н
дыбысы жалғауға ауысқан да, ілік септіктің жалғауы ұлғайып (бір дыбыс қосылып),-ның, -
нің түрінде айтылып қалыптасқан. (В. А.Богородицкий). Введение в татарское языкознание в
связи с другими тюркскими языками. Казань, 1953, стр.134.
3.Сөздің морфологиялық құрылымының, өзгеруіне сіңісу процесі мен жылысу процесі
де емес, сонымен бірге күрделену процессі де (процесс усложнения) əсер етеді. Күрделену
40
процесі бойынша, бастапқы туынды емес негіз (непроизводная основа) туынды негізге
айналып, осының нəтижесінде, алғашында морфемаларға ажыратылмаған сөз морфемаларға
мүшеленетін болады. (Н.М. Шанский). Очерки по русскому словообразованию. Изд-во МГУ,
1968, стр.223. Күрделену құбылысы, көбінесе, төл сөздерде емес, кірме сөздердің
морфологиялық құрамында ұшырасады.
4.Сөздің морфологиялық құрылымына талдау жасауда жүзеге келетін. Процесстердің
бірі-де корреляция процесі. Декорреляция процесі бойынша сөздің о бастағы морфеманың
құрамы да, морфемалық ара қатысы да, саны да, орында өзгермей олардың сипаты мен
мағынасы өзгереді.
Қазақ тілінде басқа, текке, бекерге, бірге, кешке деген үстеулердің морфемалардың
құрамы бос+қа, тек+ке, бекер+ге, бір+ге, кеш+ке түрінде морфемаларға мүшелене алады.
Бұл сөздердің бастапқы морфемалық құрамы, ондағы морфемалардың саны мен ара қатысы
сақталып, аффикстің сипаты мен мағынасы өзгеріске ұшыраған. Атап айтқанда, босқа, текке,
бекерге, бірге, кешке деген сөздердің құрамындағы барыс септік жалғауы (-қа,-ке,-ға,-ге) сөз
түрлендіруші (сөздерді байланыстырушы) қызметінен айрылып, аталған үстеулердің
құрамында сөз тұдырушы аффикске айналған. Декоррляция нəтижесінде қапыда, баяғыда,
əлгіде, күнде деген үстеулердің құрамындағы сөз түрлеуші аффикс –да,-де шығу тегі
жағынан жатыс септігінің жалғауы болғанмен, өзінің табиғатын өзгертіп, аталған
үстеулердің құрамында жалғау мағынасында емес, жұрнақ ретінде танылады.
5. Сөз құрамындағы морфемалардың, арасындағы біркелкі дауыстылардың, немесе
дауыссыздардың өзгеріске ұшырауы, атап айтқанда, ондай дыбыстардың тұтасуы (стяжение
звуков) нəтижесінде морфемалардың даралану, ажыратылу мүмкіндігі əлсірейді. Мұндай
құбылыс диффузия құбылысы немесе морфемалар диффузиясы деп аталады.
Орыс тілінде морфемалар диффузиясы орысша приду, разевать деген сөздердің
құрамынан байқалады. Алдыңғы сөзде префикс пен негіздің арасындағы екі и дыбысы бір
ғана дыбысына тартылып тұтасқанда, соңғы сөзде (разевать) екі з, дыбысы бір ғана -з
дыбысынаұласқат. Диффузия сөздер мен сөз тіркестерінің айтылу жағынан көрініп, жазба
түріне əсер етпеуі мүмкін. Мысалы, қазақ тілінде қара ат, қара ала деген сөздер ауызекі тілде
қарат, қарала түрінде айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |