Өзбекстан республикасы жоғары жəне орта арнаулы бιЛΙм министрлιГΙ



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата27.03.2017
өлшемі0,67 Mb.
#10370
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Мыстан.  «Алпамыс»  қазақтағы  батырлар  жырының  ең  ескісі,  оған  кейбір 

əңгімелерінің ертегі түрінде айтылуы дəлел десек, оны жырдағы мыстан кемпір образынан 

көруге болады. 

Жалпы халық əдебиетінде, мыстан кемпір көбінесе жауыздықтың, қиянатшылдық пен 

қастықтың бейнесін елестейді. Мыстан кемпірлер қалың көпшілікке, жағымды бейнелерге 

қастық жасап жүреді жəне олар хан мен уəзір, езушілердің қызметінде болады. 

Алпамысқа  қастық  жасайтын  мыстан  осал  жау  емес.  Ол  мол  жауыздықтың,  зор 

қастықтың  иесі  болып  келеді.  Оны  жыр: « Қабағы  тырысқан,  көрінгенмен  ұрысқан... 

тізесіне шекпені жетпеген, басынан жаманшылық кетпеген, бір кез ширек  бойы бар, адам 

таппас  ойы  бар»-деп  сипаттайды.  Тайшық  хан  Алпамыстың  келе  жатқанын  біліп 

абыржып,  сасқан  кезде,  көмекке  мыстан  келеді  де,  жəрдемін  ұсынады.  Бұл  еңбегі  үшін 

өзінің  таз  баласына  қалыңдыққа  ханның  қызын  сұрайды.  Хан  мыстанның  тілегін  береді. 

Содан кейін мыстан іске кіріседі, қырық қыз бен қырық отау алып, Алпамыстың алдынан 

шығады. Əр түрлі əдіс-айла жасап, аңғал батырды қолға түсіреді.  

Мыстан  кемпір  қаншама  айлалы  болса  да,  халық  жазасынан  құтылмайды.  Сол 

қаскүнемдік істері үшін ол қорлық өлімге душар болады. 

Жырдың  композициялық  құрылысында  жырдағы  тартыстарды  шиеленістіру  мыстан 

образының алатын орны айрықша. 



Жырдың  құрылысы  мен  тілі.  Басқа  жырларға  қарағанда  «Алпамыстың»  өзіне  тəн 

ерекшелігі-оқиғаны шиенеліскен қатар, диалог арқылы баяндауында. Жырда бір оқиғаны 

əңгімелеп  келе  жатады  да,  оны  бітірместен  екіншісіне  көшеді.  Жырдың  жалпы  желісін 

бұзбай,  оқиғаны  шегініс  арқылы  баяндаудың  мəні  зор.  Жыршылар  тыңдаушыны  өзіне 

тартып, жыр оқиғасына қызықтырып отыру үшін шегініс əдісін əдейі жиі қолданған. 


 

63

«Алпамыс»  жырында  диалог  түрінде  көптеген  оқиғалар,  адамдардың  күйініш-



сүйініштері суреттеледі. Жырдың екінші бөлімінде баяндалатын оқиғалар түгелдей дерлік 

(баласынан  айрылған  ата-ана,  сүйікті  жар,  аяулы  қарындас  зары  т.б.)  диалог  түрінде 

құрылған, диалог арқылы сипатталған.  

«Алпамыс»-тіл,  өлең  құрылысы  жағынан  да  өзгешеліктері  бар  жыр.  Ең  алдымен 

жырдың сөздігінде көнерген сөздер көп кездеседі. Мəселен, «шырайыңнан», «шорыңыз», 

«жүріс қылды» т.б. сөздер.  

«Алпамыс»-өлең  құрылысы  жағынан  біркелкі  емес.  Мұнда  оқиғаны  біресе  өлең 

түрінде, біресе қара сөзбен жырлау мол орын алады. Ал, өлең түрінде өзі кейде жеті-сегіз 

буынды, кейде он бір, кейде он үш буынды болып келеді. 

Қорыта  келгенде, «Алпамыс»  жыры  да  халқымыздың  ертеден  келе  жатқан  мəдени 

мұрасының бірі.  

 

Сұрақтар мен тапсырмалар: 

 

1. «Алпамыс « қайсы халықтарға ортақ жыр 



2. Жырдың жиналуы, зерттелуі туралы не білесің 

3. Жырдағы жағымды образдар қалай жасалған 



4. Ауыз əдебиетінің үлгісі ретінде қайсы образы алынған 

5. Жырдың құрылысы мен тілінің өзіне тəн ерекшеліктері туралы айт. 



 

Əдебиеттер: 

1. Ə.Қоңыратбаев. Қазақ фольклорының тарихы. Алм. 1991. 

2. М.”абдуллин. Қазақ халқының ауыз əдебиеті. Алм. 1981. 

3. Жинақ. Батырлар жыры. Ақсауыт.  Алм. 1989.  

4. Қазақ əдебиетінің тарихы. I-том. Алм. 1990. 

 

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» 



 

Жоспары: 

 

1. Лиро-эпостық жырлар. 

2. Жырдың варианттары, зерттелуі. 

3. Жанақ жыры. 

4. Қорытынды. 

 

Тірек сөздер: Лиро-эпостық жырлардың сипаты, батырлар жырынан айырмашылығы, 

«Қозы  Көрпеш - Баян  сұлу»  жырының  ел  арасынан  жиналып,  зерттелуі.  Жырдың 

варианттары жəне олардың өзара ұқсастықтары мен ерекшеліктері. Жырдағы образдардың 

жасалу жолдары. Жырдың халықтық сипаты. Жанақ жырының тілі, көркемдік ерекшелігі. 

 

Ертедегі  қазақ  поэзиясында  сюжетке  құрылған  жырлардың  бір  бөлегі  лиро-эпос  деп 



аталады. 

Егер  батырлар  жырының  басты  тақырыбы - ел  қорғау  жайы  болса,  лиро-эпостық 

жырлардың одан біраз айырмашылығы бар сияқты. Ең алдымен, бұл алуандас жырлардың 

оқиғасы халықтың ертедегі жалпы əдет-ғұрпына, үйлену салтына байланысты туған. Онда 

көбінесе  бір-біріне  ғашық  болған  жұбайлар  жайы,  олардың  қуанышы  мен  арман-мұңы, 

қайғы-шері  суреттеледі.  Жəне  де  өткен  заманда    жастардың  бас  еркі  болмағандығы, 

олардың  арман-мүдделеріне  жетуі,  сүйгендеріне  қосылу  жолында  көптеген  бөгеттердің 

кездескендігі,  ол  бөгеттерді  жеңе  алмай  ауыр  аза,  зор  қасіретке  ұшырағандары  жырға 



 

64

қосылады.  Бұл  ретте  халықтық  негізде  туған  лиро-эпос  жырлары  өткен  заманның 



жастарға жасаған озбырлық əдет-ғұрпын əңгімелеп сынға алады. 

Лиро-эпос жырлары да бір дəуірдің жемісі емес. Олар талай ғасырмен бірге жасасып, 

əр  түрлі  жағдайлардың,  таптық,  қоғамдық  тілектердің  ыңғайына  қарай  өзгеріп  отырған. 

Ұрпақтан ұрпаққа ауызша айтылу түрінде көптеген өзгерістерге ұшырау арқылы жеткен.  

Қазақ ауыз əдебиетінде лиро-эпос жырларының ертеден келе жатқан бірнеше үлгілері 

бар. Солардың ішінде бастылары деп «Қозы Көрпеш  - Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Күлше 

қыз - Назымбек», «Мақпал  қыз», «Құл  мен  қыз», «Айман - Шолпан»  жырларын  айтуға 

болады.  Бұл  жырларда  тек  ғашықтық,  махаббат  əңгімелері  суреттелмейді.  Солармен 

қатар, халықтың ертедегі тұрмысы, салты, қоғамдық мəні бар жайлары қамтылады. 

 

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры 

«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры тек қазақ арасында туып, қазақ еліне ғана тараған 

жыр  емес.  Ол  ерте  кезде  бір-бірімен  қатнас  жасаған,  көшіп-қонып  көршілес  болған, 

тұрмыс-салты,  тіршілігі  ұқсас  башқұрт,  барабын  татарлары,  ұйғыр,  алтай  елдеріне 

айтылып жүрген жыр. 

Соңғы  кезде  «Қозы  Көрпеш - Баян  сұлу»  жыры  жайында  біраз  еңбектер  жазылды. 

М.Əуезов, Х.Жұмалиев, Ы..Дүйсенбаев сияқты ғалымдар бұл жыржы арнайы зерттеп, бұл 

жырдың қазақта он алты варианты барлығын анықтады. Бұларды зерттеген ғалымдардың 

мəліметіне  қарағанда,  бұл  жыр  ел  арасынан  өткен  ғасырдың  бас  кезінде-ақ  жинала 

бастаған. Бұл ретте игілікті жұмыстар жүргізген орыс ғалымдары болған. Мəселен, шығыс 

əдебиеті  мен  араб  тілін  зерттеуші  орыс  ғалымы  Саблуков  жырдың  бір  вариантын  1830 

жылы  бұрынғы  Семей  губерниясына  қарасты  Көкпектілік  бір  жыраудан  жазып  алған. 

Омбыда  іс  жүргізуші  болып  істеген  Ғ.Дербісəлин  деген  кісі 1834 жылы  жырдың  бір 

үлгісін хатқа түсірген. Аягөзде тілмаш болып істеген Андрей Фралов 1841 жылы жырдың 

бір нұсқасын жазып алған. 

1856  жылы  Шоқан  Уəлиханов  «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»  жырының  бір  вариантын 

жазып алып, оның мазмұнын жазып алады. 

М.  Путинйев  деген  кісі 1865 жылы  «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»  жырының  бір 

вариантын  жазып  алып,  оның  мазмұнын  орыс  тіліне  аударып  бастырған.  Академик 

В.Радлов  жырдың  бір  нұсқасын  қазақ  арасынан  жазып  алады  да,  оны  өзінің  үшінші 

томына (1870ж) енгізеді. 

Петербург  университетінің  профессоры  И.Н.Березин  өзінің  «Түрік  х  рестоматиясы» 

дейтін  кітабында (1876ж) «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»  жырының  бір  вариантын 

жариялайды. Түркістан өлкесінің археологиясын зерттеген ғалым И.Пантусов 1898 жылы 

Қозы  мен  Баянның  моласы  дейтін  ескерткішін  зерттейді,  ол  осы  жолда  ел  арасынан 

жырдың  бір  нұсқасын  жазып  алады  да, «Орта  Азияның  ескі  заманы»  дейтін  кітабында 

бастырады. 

Мұнымен  қатар, «Қозы  Көрпеш - Баян  сұлу»  жырының  кейбір  үлгілері,  үзінділері 

газет беттерінде жарияланды деген атпен Қазанда Ш. Хұсайыновтар  бастырып, оны 1890, 

1894, 1896, 1905 жылдары қайта шығарған. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры 1925 жылы 

Москвада, 1936 жылы  М.Əуезов  Алматыда  шықты. 1939 жылы  шыққан    «Батырлар 

жыры»  жинағына  енді.  Жырдың  бір  вариантын  А.Твертин  орысшаға  аударып  «Песня 

степей» атты жинақта жарияланды. Мұнымен қатар жырдың сюжетін пайдалана отырып, 

жазушы Ғ.Мүсірепов пьеса жазды, кинофильм шығарды. 

Жырдың  зерттелуі.  Өткен  ғасырдың  өзінде-ақ  «Қозы  Көрпеш - Баян  сұлу»  жырына 

талай  ғалымдар    көңіл  аударып,  бірсыпыра  пікірлер  айтқан  болатын.  Мəселен, 

Г.Н.Потанин  бұл  жырды  аса  жоғары  бағалап,  дүние  жүзілік  эпостық  шығармалардың 

қатарына  қояды. «Бұл  жыр-дүние  жүзіндегі  ең  қымбат  əдебиет  мұраларына  жататын 

шығарма», - дей отырып, Потанин оны Ромео мен Джулиеттаға теңейді. 

Академик  Радлов  пен  профессор  Березин  де, «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»  жырының 

ертеден келе жатқан əдебиеттік мұра екендігін атап көрсетеді. 


 

65

«Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»  жыры  жайында  пікір  айтқан  ғалымдардың  екінші  тобы 



Қозы  мен  Баянның  моласы  дейтін  моланы  зерттеген.  Орыс  ғалымдары  Н.Абрамов,  Н. 

Пантусов, И.Кастанье т.б. өткен ғасырдың аяқ кезінде бұл моланы зерттей келіп, оны ерте 

заманның архитектуралық өнерін көрсететін  белгі деп қарайды. 

Қазақ  ғалымдары  С.Мұқанов,  Х.Жұмалиев,  Ə.Марғұлан,  М.Ақынжанов  т.б.  өз 

еңбектерінде бұл жырдың халықтық сипаттағы жыр екендігін дəлелдейді. 

Бертін келе «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырына арналған ғылыми еңбектер жазылды. 

Бұл  ретте  М.Əуезов  пен  Ы.Дүйсенбаевтың  зерттеулерін  атауға  болады.  Мұқтар    «Қозы 

Көрпеш-Баян  сұлу»  жырының  қазақ  арасына  тараған  варианттарын  зерттеп,  жырдың 

əдебиеттік  жағына  талдау  береді.  Ол  бірсыпыра  деректер  келтіре  отырып,  жырдың XV-

XVI  ғасырлар  шамасында  шыққандығын  айтады.  Қазақтың  лиро-эпостық  жырларын 

зерттеген  Ы.Дүйсенбаев  «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлуды»  арнайы  тексерді.  Ол  бұл  жырдың 

қазақ  арасында  сақталған  варианттарын  башқұрт,  ұйғыр,  барабын  татарлары  мен  алтай 

елінде айтылатын түрлерімен салыстыра зерттейді. Олардың «Қозы Көрпеш-Баян сұлуды» 

қалай  жырлағанын,  қандай  айырмашылық,  ерекшеліктері  барлығын  көрсетеді.  Мұнымен 

қатар, ол Шоқан мен Потаниннің жəне басқа да ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, 

жырдың  оқиғасы  халықтың  аңыз-əңгімелерінен  туған  дейді.  Қозы  мен  Баян  тарихи 

адамдар  емес,  олар  халықтың  аңыз-ертегілері  жасаған  кейіпкерлері  деген  қорытынды 

жасайды. 

«Қлзы  Көрпеш-Баян  сұлу»  қазақ  халқының  ерте  заманда  шығарған  ескі  жырының 

бірінен саналады. Бұл жырды көптеген ақын-жыршылар біздің заманымызға жеткізген. Ол 

өзінің қалыптасу, даму жолында талай таптық тілектердің елегінен өткен. 

Жанақ жыры. Жа нақтың өмірбаянын, ақындық қызметін баяндайтын деректер өте аз. 

Шоқанның  айтуына қарағанда, жанақ ірі ақын жəне асқан қобызшы болған. 

Жанақ  жырлаған  «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»  негізінде  халықтық  жыр.  Сюжет 

құрылысы, оқиғаны дамыту жағынан болсын, көркемдік шеберлігі, образ жасау жағынан 

болсын,  бұл-күрделі  шығарма.  Мұнда  да  жырдың  басты  тақырыбы-ескі  əдет-ғұрып, 

тұрмыс  салттан  алынады.  Ескі  рушылдық,  феодалдық  қоғамда  туып,  белгілі  праволық 

нормаға,  дəстүрге  айналған  заң  болып  қалыптасқан  салтты,  яғни  жастарды  үйлендіру 

салтын,  жырдың  басты  тақырыбы  етеді.  Жырдың  басты  идеясы  да,  халықтық  сипаты  да 

ондағы образдар арқылы беріледі. 

Жырдың  бас  кейіпкері  Қозы  Көрпеш  кіршіксіз  таза  махаббаттың  иесі  болып 

бейнеленеді.  Ол  Баян  жайын  Айбастан  естіп,  атастырып  қойған  қалыңдығы  барлығын 

біледі.  Баянның  өзіне  тең  екендігін,  оның  Айбас  арқылы  жіберген  сəлемдемелерінен-ақ 

аңғарады.  Сондықтан  да  ол  Баянды  көрмей  жатып  ғашық  болады,  құмары  арта  түседі. 

Жатса  да,  тұрса  да  ойынан  Баян  шықпайды,  ғашық  жарын  көруге  асығады,  оны  іздеп 

сапар шегуге дайындалады. Баян үшін Қозы ел-жұртын жəне артында қалып бара жатқан 

қарт  анасын  Тайлақ  биге  тапсырып,  алыс  сапарға  жол  тартады.  Жолшыбай  көптеген 

қиыншылықтар  көріп,  Аягөзге  келеді.  Баян  үшін  қандай  қасіретке  де  шыдамақ  болып, 

Қарабайдың қойын бағады. Осында ауыр халде жүрсе де, есі-дерті Баян болады. Өзіне-өзі 

қайрат беріп: 

Сенен басқа хор қызы, 

Болса да көңіл салмаспын. 

Шашы күміс, басы алтын, 

Болса-дағы алмаспын... 

Сені алмасам осы жол, 

Тірі де жүріп оңбаспын,- 

деп  ант  етеді.  Сол  сертіне,  мақсат  еткен  арманына  жете  берген  шақта,  Қозының 

алдынан  тағы  да  көп  бөгет , қиыншылықтар  кездеседі.  Соның  ішінде  басты  бөгет - 

Қарабай  мен  Қодар  болады.  Өзгеден  құтылса  да,  Қозы  бұл  екеуінің  опасыздығы  мен 

жауыздығынан құтыла алмай, ағыры аянышты өлімге ұшырайды. 



 

66

Жырда  Қозы  ер,  батыр  жігіт  болып  суреттеледі.  Ол  Қодардың  батрандай  балтасын 



асықша түсіреді. Қодарды аттан аударып алып, қабырғасын күйретеді. 

Қозының жақсы мінездері де жырға қосылады. Ол-ақ көңіл, əділ, аңғал, қулығы жоқ, 

адамгершілігі  мол  жігіт.  Қодар  мен  Қарабай  Қозыны  өлтірмек  болып,  Сасан  биге 

ақылдасады, олар Қозыға у бермек болып, оны қонаққа шақырады. Бұл шақыруды Қозы 

қарсы алады. Бірақ мұндай шақырудың соңында бір сұмдықтың барын Баян аңғартады: 

Баян айтты: ал, қалқам, қапы қалма, 

Бұларды дос болар деп ойыңа алма. 

Ептеп-септеп н иеті өлтірмекте, 

Қауіпсіз үйлеріне тіпті барма,- 

дейді. «Барамын»  деп  уəде  еткен  Қозы  екі  сөйлегенін  өлімге  тең  көреді.  Ол  жұрт 

алдында  өзінің  беделін  түсірмеу  үшін,  «қорықты»  деген  сөзге  ілікпеу  үшін  барады. 

Қодармен  сыйыса  алмаған  Көсемсары  да  Баянға  ғашық  болатын.  Бұл  ретте  ол  Қозының 

бақ  таласы  еді.  Бірақ  Көсемсарыны  Қозы  өзіне  тартып,  дос  санайды,  оның  Қодармен 

қақтығысуын  бағалайды. Сондықтан да сүйкімді болып жасалады, жырды айтушының да, 

тыңдаушының да бар тілегі арманына жете алмай, қазаға ұшыраған Қозы жағында болып 

отырады. 

Жырда Баян бейнесі де сүйкімді берілген. Жырдағы барлық оқиға құрылысы, тартыс 

талас Баян жайынан басталып, Баянмен аяқталады. Қозы секілді Баян да - адал ниетті, ақ 

жарқын, кіршіксіз таза махабатты көксеген, өзінің сүйген адамына қосылуды арамн еткен 

адам.  Баян  да  Қозыға  ғашық.  Ол  өзінің  Қозыға  атастырылып  қойғаннын  жəне  Қозының 

кім  екендігін  апалары  мен  Айбастан  біледі.  Осыдан  былай  Қозыға  деген  құмарлығы, 

махаббат  сезімі  күшейе  береді,  оны  өзінің  теңі  деп  түсінеді.  Бұған  бір  жағынан,  Ай, 

Таңсық,  Айбастардың  сөзі,  Қозыны  мақтауы  себеп  болса;  екіншіден,  Қарабай  мен 

Қодардың  опасыздығы,  жауыздығы  түрткі  салады.  Өзінің  туған  əкесі  дүниеқор 

Қарабайдың  бата  бұзуы,  артынан  тануы,  адамгершіліктен  безуі  жəне  сүймеген  Қодарға 

зорлап  қосам  деуі  Баянды  өжеттендіре,  ызаландыра  түседі.  Сондықтан  да  ол  осындай 

ауыр халден құтқарып алатын, қайғы қасіреттен азат ететін адамды, яғни Қозыны іздейді. 

Бұл ретте де ол Қозыдан көп үміт күтеді. Ол Айбасқа айтқан сөзінде: 

Сəлем де ініңізге іздеп келсін, 

Келмесе, сорлы Баян дегені өлсін. 

Көңілім кетті Қозыға, жаным мұнда, 

Айтқан сөзді ініңіз қабыл көрсін,- 

деп, Қозыға деген сүйіспеншілік сезімін білдіреді, ғашық жарын көруге асығады. 

Баянның деген махаббаты, адалдығы, айтқан серт, берген уəдесінен танбайтындығы, 

əсіресе  Қозының  өлгенін  естіртіп,  Баянға: «Cені  Қозыдан  артыққа  қосамын» - дейді. 

Əкесінің бұл сөзіне қаны қайнап, ыза болған Баян, кекті ашумен: 

Етегімді жел ашып жүрген емен, 

Қозыкеден басқамен күлген емен, 

Əке, неке қи - дағы енді өзің ал, 

Елден бура салғандай інген емен,- 

деп  жауап  қайырады,  қара  жүрек  опасыз  əкені  қайғылы,  қатал,  сөздерімен  туйреп 

салады. 


Ауыр  қазаға  душар  болған,  сүйген  жарынан  айрылған  Баян  Қозының  өлімі  үстінде 

қайғы  тартып  отырып  қалмайды.  Сүйген  ғашығының  өлімі  ерлік,  өжеттік  тудырады.  Ол 

қапыда  кеткен  Қозы  үшін  кек  алады.  Ол  айламен    Қодарды  құдыққа  түсіріп,  жарып 

өлтіреді, қанды қанмен жуады. Сөйтіп ол Қозыны адал көңіл, шын ниетімен сүйгендігін 

білдіріп, ғашық жарының жас қабірін құшақтай өзі де өліп кетеді. 

Жанақ  жырында  аса  айқын  суреттелген  жанның  бірі-Қарабай.  Жырдың  алғашқы 

əңгімелерінің өзінен-ақ Қарабайдың сараң, пейілі тар, мал құмар, мейірімсіз жан екендігін 

аңғарылады. Бұл ретте, ол дара бейнеде алынса да, өзі сияқты адамгершіліктен айрылған 



 

67

сасық  байлардың  жиіркенішті  кескінін,  жағымсыз  мінез-құлық,  іс-əрекеттерін,  топастық 



ой-санасын жинақтап көрсеткендігі болады. 

Жыр оны: 

Тоқсан мың жылқы айдаған бай болса да, 

Үйінде сілкіп киер шапаны жоқ, -  

деп суреттейді. 

Қарабайдың  малдан  басқа  арманы  жоқ.  Мал  дегенде  ар-ұятын,  адамгершілігін  аяққа 

басуға  дейін  барады.  Оған  бала - шағасынан  да  қымбат  болып  көрінетіні - мал.  Сексен 

беске  келгенше  бала  көрмеген  Қарабайдан  Баян  туады.  Бұл  қуаныш  хабарды  айтып, 

сүйінші  сұрай  келген  əйелге  сыйлық  берудің  орнына,  Қарабай  айып  тағып,  сөзіне  құлақ 

аспайды.  Əлгі  əйелді  сүйінші  сұрадың  деп  жазалайды,  сегіз  өрме  бұзау  тіс  қамшының 

астына  алып,  сабап,  тəнін  қатты  жаралайды.  Бұл  Қарабайдың  кісілігі  жоқ  жай  екендігін 

айқындай түседі. 

Қарабайдың мейірмсіздігі Сарыбайға біраз маралды атқызынуынан да көрінеді. «Буаз 

маралды  ату  обал  ғой,  əйелім  екі  қабат  еді,  буаз  маралды  атуым  өзіме  қырсық  болып 

жабысар», - деген Сарыбайға, «буаз маралды атып бермесең, құдалықтан кетемін», - деп 

Қарабай  өкпе  сөзін  айтады.  Сарыбай  маралды  атқанда  Қарабай  маралдың  өлген, 

өлмегеніне қарамастан ішін жарып, екі бұзауын тірідей мөңіретіп алып шығады да: «Үйге 

апарып  бір  тоя  жейін». - деп  тарта  жөнеледі.  Сол  жерде  тіл  тартпай  өліп  кеткен  құдасы 

Сарыбайға да бұрылмайды. 

Қарабай  жиырма  шапан,  тоқсан  саба  қымыз  алып,  құдасына  бата  қылуға  шығады. 

Бірақ  ол  Сарыбайдың  үйіне  бірден  барып  түспейді,  алдымен  салт  барып  біліп  қайтады. 

Жөргекте жатқан Қозыны көре салып: 

Мені жұтар жалмауыз туыпты деп, 

Таптық шал Бақа айғырға міне қашты,- 

дейді.  Осыдан  кейін  ол  тоқсан  сабасын  пышақпен  жарып  тастайды,  ақты  төгеді, 

Сарыбайға  берген  антын  бұзады  да: «Жетім  ұлға  қызымды  бермеймін»,  деп  көше 

жөнеледі. Ақты төгіп кесапаттық жасаса, антын бұзып адамгершілік ар-ұяттан айрылады. 

Қарабайдың  мейірімсіздігі,  пейілі  тарлығы,  қара  жүретілігі  Баянға  жасаған 

жауыздығымен көрінеді. Ол балам екен деп Баянға əкелік жылы мейір білдірмейді, қайта 

одан мал артық деп түсінеді. Ел-жұртынан безіп Қозыдан қаша жөнелген Қарабай, жолда 

көп  қиыншылық  көреді,  Бетпақтың  шөліне  кезігеді,  малы  қырыла  бастайды.  Осындай 

жағдайда оған Қодар жолығады. 

Ол: 

Қареке-ау, іздеп едім, кез келесің, 



Қодар батыр мен едім, сен көресің, 

Мен шөлдетпей Бетпақтан алып шықсам, 

Қанекей, ақысына не бересің, -  

дейді.  Бұған  қуанған  Қарабай: «Қалың  малсыз,  борышсыз  қыз  берейін»,-деп  айтып 

салады. Қодар: «Асыранды қыздарыңды алмаймын, тек Баянды бересің»,- деп Қарабаймен 

саудасын  шегелей  туседі.  Еңбегіне  мал  алмай,  Баянды  ғана  сұрап  отырғанына  іштей 

көңілі  толған  жəне  Баяннан  да  малды  жақсы  көрген  Қарабай  Қодарға  Баянды  бермек 

болып уəде етеді. 

Ел-жұртынан  безген,  адам  баласын  сүймеген,  мінез-құлқы  іс-əрекеті  тұрпайы 

Қарабайды  жыршы  ақын  аса  айқын  етіп  суреттейді,  оның  жиіркенішті  бейнесін  ешбір 

əлсіретпей үсті-үстіне күшейте түседі. Ақыр аяғындаҚарабай екі жастың өліміне себепкер 

болады.  Сондықтан  да  халық  жыры  Қарабайды  осындай  адмгершіліктен  тысқары, 

азғындық қылықтары үшін ауыр жазаға бұйырады, бұл Қарабай сияқтыларды жек көрген 

халықтың ой-санасын білдіреді. 

«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырының барлық варианттарында айрықша орын алған 

жағымсыз  кейіпкердің  бірі - Қодар.  Баянның  сұлулығын  естіген  Қодар  Баянды  іздеп 

шығады. 


 

68

Бұл кезде Қарабай бұрынғы ел-жұртынан көшіп кетеді. Бірақ Қодар олардың соңына 



тұседі. 

Арқадан қызы сұлу бай көшті деп, 

Торғауыттан бедеумен Қодар салды,- 

дейді.  Қодар  Қарабайды  шөл  далада  кездестіреді. «Малын  шөлден  аман  алып 

шыққаныма  Баянды  бересің»,-  дейді.  Малдан  басқа  ойы  жоқ  Қарабай  разы  болады  жəне 

қызын  айттырып  қойған  күйеуі  бар  екенін  жасырады.  Қарабайдың  Баянды  бермек 

болғанына  сенген  жəне  Баянның  басы  бос  деп  ойлаған  Қодар  қатты  алданады.  Шөл 

даладан құдық қазып, Қарабайдың тоқсан мың жылқысын қауғамен суарады. 

Антұрған, білдірмейді Қодар жасып, 

Əр жерден  жүз кісілік құдық аршып, 

Су шыққан су шығар құдығының 

Суы жоғын толтырар меспен тасып,- 

дейді. Бойы он кез, жауырыны үш жарым кез, сыңар жұдырығы қол ағаштай болған 

алып  Қодар  Баянды  аламын  деп  асыра  қимылдайды.  Ол  белгілі  мөлшерге  дейін  жырда 

қайраты мол, қара күш иесі ретінде суреттеледі. 

Қодардың  Баяннан  дəлелі  болуын,  сырттай  тон  пішіуін  жыршы  ақын  өткір  əжуа, 

мысқыл  етеді.  Қыс  бойы  Қозымен  бірге  жылқы  баққан  Қодар  көктем  шыға  ел  шетіне 

келеді.  Сонда  ол  қасындағы  жолдастарына  мақтана  отырып: «Ауылға  барып,  жеңгеңнен 

сендерге  құрт-май,  өрік-мейіз  алып  келейін», - дейіді.  Ауылға  барған  Қодар  Баянмен 

сөйлеспек түгіл, онымен кездесе алмай, қосқа қайтып келеді. Бірақ ол мұнысын жасырады 

да: «Баянның  сендерге  берген  сəлемдемесін  ауылда  ұмыт  қалдырыппын»,-  деп  өтірік 

айтады. Оның бұл сөзін Қозы да жылқышылар да мазақ етеді.  

Қодар Баяннан күдер үзбейді, оған өзін тең санайды. Бірақ Баян Қодарды жек көреді. 

Қозыдан  басқа  ешбір  адамда  көңілі  жоқтығын  білдіреді.  Осыдан  былайғы  жерде: «Сені 

əйедікке  алмасам,  дүниеде  тірі  жүрмейін», - деп  серт  еткен  Қодар  Баянды  қорқытып  та, 

жалынып  та  көреді.  Мұның  бірде-бірі  Баянға  əсер  етпегеннен  кейін,  Қодар  кектене 

қатулана  бастайды.  Қозыны  өлтіру  жайын  қарасытарады.  Қодар  қанша  кү  шті  болса  да, 

өзіне бақталас болған Қозыны жекпе-жекке шақруға батылы бармай, тайсалақтай береді, 

қорқақтыққа  салынады.  Бірде  ол  Қозымен  қақтығысып  та  қалады.  Қозығы  əлі  жетпей 

Қодар  жеңіледі,  жан  сауға  сұрайды,  дос  болайық  деп  жалынады.  Бірақ  Қодар  достық 

антын бұзады да, ұрланып келіп Қозыны өлтіреді. Екі жастың арасына тікендей қадалған 

Қодар оларға үлкен қиянат жасайды. Сонысы үшін оны халық жыры жиіркенішті бейнеде 

алып  суреттеледі,  ауыр  жазаға  тартады:  жауыздық  жасағандардың  жазасы  осындай 

болмақ деген халықтық сананы аңғартады. 

Жанақ  айтқан  «Қозы  Көрпеш - Баян  сұлу»  сюжет  құруы,  оқиға  желісін  тізбектей 

отырып  баяндауы  жəне  адам  образдарын  айқын  етіп  жасауы  жағынан,  өзі  тектес  басқа 

жырлардан  əрі  күрделі,  əрі  көркем  екені  байқалады.  Жанақ  жырының  ең  алдымен  көзге 

түсетін  ерекшелігі-оқиғаны  реалистік  өмірден  алуында.  Себебі  жырдың  басқа 

варианттарында ертегіге тəн, фантазиялық халге құрылған əңгімелер басым келеді. Жанақ 

жырында Қозы мен Баян да, Қарабай мен Қодар да шындықта болған типтік бейне болып 

суреттеледі. 

Жыр  оқиғасын  дамытуда,  адам  образын  жасауда  жыршы  өз  кезіндегі  қазақ 

поэзиясының əр түрлі үлгілерін барынша мол пайдаланғандығын аңғартады. Ретіне қарай 

ол  өлеңің  айтыс  түрінде  де,  тұрмыс-салт  өлеңдерінің  естірту,  жоқтау,  қоштасу  т.б. 

түрлерін де қолданады. Жəне басқа жырларға қарағанда, мұндағы өзіне тəн бір ерекшелік 

- оқиғаны диалог арқылы дамытуында.  

Жанақ  жыры  тіл  көркемдігі  жағынан  да  шебер  жырдың  бірі  болып  табылады. 

Мысалы: 


Балталы, Бағаналы ел аман бол, 

Бақалы, балдырғанды көл аман бол. 

Кірім жуып, кіндігім кескен жерім, 


 

69

Ойнап, күліп, ер жеткен, жер аман бол,-  



деп  басталатын  қоштасу  осы  жырдың  аса  бір  əсерлі,  көркем  айтылған,  ақындық 

шабытпен  суреттелген  жері  болады.  Ақынның  тіл  байлығы  оқиғаны  суреттеуімен  ғана 

көрінбейді. Ол, мұнымен қатар, əрбір кейіпкердің мінез-құлық, іс-əрекеттеріне қарай түрлі 

бояу таба білуінен де байқалады. Қарабай мен Қодар жайына  келгенде жырдың бояуы да 

күңгірттене  түседі.  Қозы  мен  Баянды  айтқанда  жырдың  əр  бір  сүзі  жүрекке  жылы  тиіп, 

өзіне тартып əкетеді. 

Қорыта  келгенде,  жауыздық  пен  əділет  дүниесінің  тартысын  суреттеген, «Қозы 

Көрпеш - Баян  сұлу»  жыры  қазақ  халқының  ертеден  келе  жатқан  көркем  шығар  масы 

болып табылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет