Өзбекстан республикасы жоғары жəне орта арнаулы бιЛΙм министрлιГΙ



Pdf көрінісі
бет11/12
Дата27.03.2017
өлшемі0,67 Mb.
#10370
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

 

Сұрақтар мен тапсырмалар 

 

1. Лиро-эпос жырлары дегеніміз не, жəне оның эпостық жырлардан ерекшелігі неде

2. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырын кімдер зерттеген



3. Жырдың варианттарының өзіндік ерекшелігі неде

4. Жырдың халықтық сиапты дегенде нені түсінесің



5. Жырдағы образдардың жасалу жолдарын айт. 

6.  Жанақ  жырының  көркемдік,  тіл  ерекшеліктері  жəне  композициялық  құрылысы 

дегенде не айтуға болады

 

 



 

Əдебиеттер: 

 

1. М.Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз əдебиеті. Алм. 1981. 



2. Ə..Қоңыратбаев. Қазақ фольклорының тарихы. Алм. 1991. 

3. Қазақ əдебиетінің тарихы. I-том.  Алм. 1991. 

4. Қазақ эпосы. Алм. 1987. 

5. М.Əуезов. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу». Алм. 1986.                                                                          

                     

Қыз Жібек 

 

Жоспар: 

 

1. «Қыз Жібек» жырының зерттелуі. 

2. Жыр туралы ғалымдардың пікірлері. 

3. Төлеген мен Қыз Жібек бейнесі. 

4. Сансызбай образы. 

5. Жырдағы жағымсыз кейіпкерлер. 

6. Жырдың ерекшелігі. 

7. Қорытынды. 

 

Тірек  сөздер:  Лиро-эпостық  жырларына  жататын  «Қыз  Жібектің»  жиналып, 

зерттелуі,  жыр  жөнінде  əдебиетші,  тарих  шы  ғалымдардың  қайшылықты  пікірлері, 

жырдың  халықтық сипаты, жырдың идеясы мен образдардың жасалу жолдары. Жырдың 

көркемдік ерекшелігі, құрылысы, тіл байлығы. 

 

Лиро-эпос  жырларынан  ел  арасына  ауызша  да,  баспа  арқылы  да  ертерк  тарағаны - 



«Қыз Жібек» . 

 

70

М.Əуезовтың  айтуына  қарағанда, «Қыз  Жібек»  жырының  бір  варианты  өткен 



ғасырдың тоқсаныншы жылдарында Қазанда басылды. Бірақ ол күні бүгінге дейін қолға 

түскен  емес.  Ы.Дүйсенбаевтың  зерттеуінде  былай  делінеді: «XIX ғасырдың  екінші 

жартысында  Зайсан  жағында  Валиалла  Тухватуллин  деген  мұғалім  болыпты.  Ол  ел 

арасынан «Қыз Жібек» жырын жинайды да, 1894 жылы Қазанда бастырады. Кейіннен бул 

вариант 1896, 1897, 1905, 1909, 1911 жылдары қайта шығарылады. Жырды осы варианты 

1925, 1933, 1939 жылдары да басылды. 1958 жылы «Қазақ эпосы» деген жинаққа енді. 

«Қыз Жібек» жыры қазақ елінен көптен таныс жəне оны бірнеше ақындар жырлаған. 

Мəселен, орыс ғалымы В.Карлсон осы ғасырдың бас кезінде жазған бір мақаласында «Қыз 

Жібек»  жырын  Қазақбай  жəне  Көшілен  деген  ақындардың  айтып  бергенін  хабарлайды. 

Қазақтың  халық  ақындары  Нүрпейіс,  Айса,  Мұрын  жырау  да  жас  шағында  бұл  жырды 

айтып жүрген. Халық ақыны Омар Шипин де бұл жырды жырлаған. 

«Қыз  Жібек»  жырының  Валиолла  варианты  орыс  тіліне  де  аударылып  басылды. 

(«Песни  степей». 1940) жəне  жаузышы  Ғабит  Мүсірепов  либреттосы  бойынша 

композитор Е.Г.Брусиловский «Қыз Жібек» атты опера жазып, сахнаға шығарды.  

Кейіннен  бұл  жыр  туралы  зерттеулер  жүргізілді.  Бұл  жөнінде  С.Сейфуллин, 

М.Əуезов,  С.Мұқанов,  Ғ.Мүсірепов,  Х.Жумалиев,  Е.Исмайылов,  М.Ақынжомов, 

Б.Кенжебаев,  Ы.Дүйсенбаев  т.б.  бірсыпыра  пікірлер  айтты.  Олар  жырдың  қай  дəуірді 

суреттейтіндігін,  халықтың  сипатын,  қайшылықтары  мен  кемшіліктерін,  көркемдік 

ерекшеліктерін қарастырды. 

Сəкен: «Қыз  Жібек»  жыры  ноғайлы  рулары  ыдырап,  бөлініп  кеткен  заманды 

суреттейді,-дейді. Мұқтар мен Сəбиттің айтуына қарағанда, бұл жыр он жетінші ғасырдың 

шамасында  туған  секілді.  Өйткені  жырда  ат  алатын  рулар  сол  кезде  Жайық,  Қара  теңіз 

бойларын  мекендеп,  сол  маңда  көшіп  жүрген.  Ал  тарихшы  М.Ақынжанов  бұл  пікірге 

қосылмайды.  Оның  айтуынша, «Қыз  Жібек»  жыры  кіші  жүздің  Россияға  қосылуынан 

кейін  туған.  Оған  дəлел  жырда  аталатын  жерлерді  қазақтар  кіші  жүздің  Россияға 

қосылғанына дейін мекен еткен емес. Екіншіден, жырдағы кісі аттары, Базарбай, Төлеген, 

Қорен  қалмақ,  Шеге  т.б.  дегендер  бертінде  пайда  болған.  Мұнымен  қатар,  жырдың  тілі 

бүгінгі тілімізге жақын дейді. 

Əдебиетшілер  мен  тарихшылардың  екінші  бір  көтерген  мəселесі  «Қыз  Жібек» 

жырының халықтық немесе халыққа жат шығарма екендігін анықтау айналасында болады. 

Сəкеннің, М.Ақынжановтың соларды мадақтап суреттеген жыр болып табылады. Жырда 

халықтық элементтер аз»,- дейді. 

Жыр жайында пікір айтқан ғалымдардың екінші тобы бұл жырдың халықтық негізде 

шыққандығын дəлелдейді. Олар жырдың халық тілегіне үйлесетіндігін айта келіп, жырға 

көптеген  өзгерістер  енгендігін,  жырды  үстем  тап  өз  мақсатына  пайдаланбақ  болып 

өңдегенін,  халықтық  əңгімелерді  феодалдардың  мүддесіне  қарай  бұрмалағандығын 

айтады. 

«Қыз  Жібек»  жыры  екі  бөлімнен  құралған.  Біріншісінде  Төлеген  мен  Жібек  жайы 

суреттеледі.  Жыр  əңгімесі  Төлегеннің  өлімімен  аяқталады.  Екінші  бөлімі  Сансызбайға 

арналады да, оның істерін суреттейді. Екі бөлімнен тұрған бұл жырдың əңгімесі халықтың 

əдет ғұрып салтынан туады. Жырдың алғашқы бөлімінің негізгі идеясы - жастардың бас 

еркі  болуын  көксегендіктен  шығады,  ескі  мен  жаңаның  тартысын  бейнелейді.  Екінші 

бөлімінде,  бұл  идеялар  басты  кейіпкерлердің  мінез-құлқы,  іс-əрекеттері  арқылы 

суреттеледі. 

Жырдағы  басты  кейіпкерлердің  бірі - Төлеген.  Ол  өзіне  тек  жар-жолдасқа  ескі  салт 

бойынша  ата-ананың  айттыруымен,  қосылуды  көздемейді.  Сүйген  жарын  өзі  таңдап 

алуды мақсат етеді. Бұл ойын ол Жайыққа алғаш аттанып бара жатып, шешесіне білдіреді. 

Бір сұлу алмай, шешеке-ау 

Сірə да, көңілім тояр ма. 

Талап қылған ісінен 

Ат басын ерлер бұрар ма,- 


 

71

деп,  өзінің  еркін  махаббатын  іздеген,  бір  асыл  жарға  қосылу  жолында  қандай  іске 



болса да шыдауға бел байлаған адам екендігін айтады. 

Ойына  алған  асыл  жарда  өз  елінен  таба  алмаған  Төлеген  саудагерден  Қыз  Жібек 

жайын  естіп,  оған  сырттай  ғашық  болады.  Оның  Қыз  Жібекке  деген  махаббаты  арта 

тұседі,  жол  жүрегін  ғашықтық  сезімі  билейді.  Қыз  Жібекке  тез  жетіп  көрісуді,  ұғысып 

білуді асыға аңсаған Төлеген: 

Атына қамшы басады, 

Тұлпарды туған көк жорға ат 

Аузынан көбік шашады. 

Жер талпынып, жануар, 

Ауыздықты болады. 

Алдындағы белестен 

Орғытып келіп асады- 

Сырттай  ғашық  болып,  алыстан  аңсап  келген  Төлеген  Қыз  Жібекті  көріп  көңілі 

толады.  Екі  жас  бір-бірін  ұнатып  қосылады  да,  аз  уақыт  қызық  дəурен  сүреді.  Бірақ 

олардың  өміріндегі  бұл  бір  тəтті  кез  ұзаққа  созылмайды.  Төлеген  қазаға,  Жібек  қайғыға 

ұшырайды. 

Төлегеннің  ізгі  мақсатына  жете  алмай,  арманда  кетуіне  жырдың  алғашқы  бөлімінде 

бірнеше  себептер  келтіреді.  Рушылдық-феодалдық  құрылыс  заманында,  ескі  əдет-ғұрып 

дəуірлеп тұрған шақта жастардың еркін махаббат іздеуі, бас бостандығы болуын көздеуі 

жүзеге  аспайтын қиял екендігін көрсетеді. Ондай жастардың өмірі ұзаққа бармайтынын, 

қайғы-қасіретке  душар  болатынын  қаншама  əрекет  жасаса  да,  ескі  салтты  жеңіп  шыға 

алмайтындығын  суреттейді.  Сол  жастардың  өкілі  ретінде  алынған  Төлеген  аңсаған 

арманына  жету  жолында  көптеген    кедергі,  бөгеттерге  кездеседі,  соңында  қаза  табады. 

Осындай  ауыр  халге  душар  болған  Төлегенге  жыршы  көпшіліктің  аяшылық  сезімін 

білдіре: 

Айтып айтпай немене, 

Сол секілді асылдар. 

Кебіні жоқ, көрі жоқ, 

Ит пен құсқа жем болып, 

Мұратына жете алмай, 

Арманда болып кетіпті,- 

деп жас жігіттің өліміне өкінеді. 

Жырдың  халықтық  негізі  кейіннен  феодалдық  қауым  тілегіне  сəйкес  өзгертілген  де, 

Төлеген  ата  жолын  аттап,  теріс  бата  алған  адамның  жолы  болмайды,  оған  ешкім 

көмектеспейді,  қайта  қалың  қырсыққа  жолығады  дейді.  Бұған  бірнеше  мысалдар 

келтіреді. 

Басында  еркін  махаббат  іздеп,  ескі  салтқа  қарсылық  білдіре  шыққан  Төлеген  кейін 

өзінің əлсіздігін сезіне бастайды. 

Осы тұста жыршы рушылдық феодалдық салттың түрі - əмеңгерлік, жесірлік дегенді 

əңгімелеп,  оған  Төлеген  мен  Жібекті  көндіреді.  Түлеген  еліне  қайтарда: «Олай-бұлай 

болып кетсем артымнан іздеп шығар інім Сансызбай бар, ол сені жылатпас, сені əмеңгер 

етіп алар»- дегенді Жібекке ескертіп кетеді. Жəне бұл ойын ол Сансызбайға да айтады: 

Олай-бұлай боп кетсем, 

Асыл туған Жібекті 

Еш жаманға қор қылмай, 

Өзің бір алып сүйгейсің,- 

дейді. Сөйтіп, жыршы ақын Төлегенді де ескі салтты құптаған адам етіп бейнелейді. 

Мұнысы  феодалдық  сананы  дəріптеген  ақынның  жырдың  халықтық  нұсқасын  бұзып, 

үстем тап тілегіне қарай пайдаланғандығын аңғартады. 

Жырдағы  ең  басты  кейіпкердің  бірі - Қыз  Жібек.  Төлеген  сияқты,  Жібектің  де - 

ерекше  мінезі  бар.  Талай  байдың  мырзасына  айттырмақ  болғанда,  Жібек  оның  бірде-


 

72

біреуіне көңіл бөлмейді, сүйген жігітке өз еркімен қосылуды арман етеді. Жібектің мінез-



сипатын  əсірелеп  көрсету  үшін  жыршылар  əр  түрлі  əдіс  қолданады.  Сырттай  ғашық 

болып,  алыстан  іздеп  келген  Төлегенге  Жібекті  бірден  жолықтырмайды.  Жібектің  басқа 

қыздардан  артық  екендігін  байқатпақ  болып,  Төлегенді  қалың  көшке  кездестіреді.  Əр 

көшті бастап бара жатқан сұлу қыздар бірінен-бірі өтеді. 

Көш алдына қараса, 

Бір қыз кетіп барады. 

Таң мезгілі болғанда 

Шолпаннан туған жұлдызы, 

Кигені атлас қырмызы, 

Бейіштен шыға келмесе, 

Бұл жалғанда хор қызы 

Сондай-ақ болып туар да 

Адамзаттың бір қызы,- 

деп суреттесе, келесі қыздар одан да əдемі, сұлу көрінеді. Оларды көргенде Төлеген 

«Жібек осы болар» деп қалады. Бірақ ол Жібек болмай шығады. Көш соңында Жібектің 

шешесі келе жатады, оның сұлулығы алдыңғы қыздардан да асып түседі. Бұларды көрген 

Төлеген: «Жолдас  қыздары  мен  шешесі  мынадай  сұлу  болғанда,  Жібектің  өзі  қандай 

екен»,  деп  таңданады.  Жібекті  көруге  асығады,  оның  осы  сəттегі  барлық  арман-мүддесі 

Қыз Жібек болады.  

Төлеген  мен  Қаршыға  Қыз  Жібектің  күймелі  арбасына  кездеседі.  Қаршыға  Жібекке: 

«Өзіңе тең ер жігіт ертіп келдім», дейді. Бұл сөзге ашуланған Жібек менмендік білдіреді, 

паңдық көрсетеді. «Бай тауып кел дегенім жоқ», - деп Қаршығаға тосын жауап қайырады. 

Бірақ  Қаршығаның  жақсылықтан  басқа  ойы  жоқ  екендігін  білген  Жібек  қадірлі  ағаның 

көңілін қалдырмайын деген оймен күймесінен шығып амандасады да, қайтадан күймесіне 

еніп  кетеді.  Жібектің  сұлулығына  көзі  түскен  Төлеген  таңдана  қарайды,  тұла  бойын 

махаббат сезімі билеп кетеді. Жыршы ақын Төлеген сияқты жігіттерді көрмей жатып өзіне 

ғашық еткен Қыз Жібектің сұлулығын суреттей келіп: 

Қыз Жібектің ақтығы 

Наурыздың ақша қарындай 

Ақ бетінің қызылы 

Ақ тауықтың қанындай 

Екі беттің ажары 

Жазғы түскен сағымдай, 

Білегінің мүсіні 

Айбалтаның сабындай..., 

дейді. 


Жібек  Төлегенмен  жүздесіп  сөйлескен  де  ірілік  білдіріп,  тəкаппар  мінез  көрсетеді. 

Жас  жігітті  сынау  мақсатымен  оған  біраз  əзіл-оспақ  ащы  сөздер  айтады,  өзін  жоғары 

ұстап: «Мен  де  сенен  кем  емеспін,  асылмын,  танысаң  кел , танымасаң  жолың  əне  жұре 

бер»,- дейді. Ақындар айтысында қолданылатын, бірақ кешірім етілетін тұрпайы сөздерді 

айтуға дейін барады. Жібектің сынау тұрінде айтқандарын көңіліне алмастан Төлеген қыз 

сөзіне  орай  жауап  қайырады.  Сөзбен  қағыса  отырып  екі  жас  бір-бірін  ұғыса  бастайды, 

сүйіспеншілік сезім, ұғысу пайда болады. Мұның арты махаббат, ғашықтыққа ауысады. 

Бір кездегі тəкаппар, паң Жібек енді Төлегенді көрмесе, тұра алмайтын болады. 

Үйден шықты Қыз Жібек... 

Атқан оқтай жылысып, 

Ор қояндай ығысып, 

Қылаң етіп қылт етіп, 

Сылаң етіп, сылт етіп... 

Буындары былғылдап, 

Отауға қарап жөнелді, 


 

73

Ғашық жарын көрмекке,- 



дейді.  Ескі  дəстүр  бойынша  қызды  іздеп  баратын  жігіт  болатын.  Ал  Қыз  Жібек  бұл 

салтты бұзады да, оңаша отауда жатқан Төлегенге өзі барады. Мұнымен жыршы Жібектің 

Төлегенге ғашық екендігін аңғартқысы келеді. 

Жібектің Төлегенмен өткізген аз күндері аса бір қызық дəурен еді, бір-біріне сүйісіп 

қосылған  екі  жастың  өмірндегі  ең  бір  əдемі  кезі  болған  еді.  Бірақ  бұл  дəурен  ұзаққа 

созылмай, ақыры ауыр қайғыға əкеп соғады. Жау қолынан қаза тауып, Төлеген өлгеннен 

кейін  Жібектің  басына  екінші  қайғы - Бекежан  жауыздығы  тап  болады.  Бекежаннан 

құтыла  бергенде  қылышынан  қан  тамған  Қорен  келеді,  ол  шаңыраққа  қобыз  тарта, 

айбынды ызғарын білдіре, күш көрсете келеді. Осындай жағдайда азалы Жібек қиын халге 

килігеді. Есіне Төлегенді жəне оның қоштасуда айтқан сөзін түсіреді. 

Төлегенді жоқтай отырып: 

Тағы да бас қосқаным Жағалбайлы, 

Жылқысын көптігінен баға алмайды, 

Сол елде сіре жігіт жоқ па, тəңірі-ай 

Жесірін іздеп келіп неге алмайды,- 

деп  зарланады.  Бір  кезде  ескі  салтқа  қарсылық  білдірген  Жібек  енді  сол  салтқа  бас 

иеді, жас қайны Сансызбайдың əмеңгері болып баруға разылық білдіреді. 

Осыдан былай жырдың екінші бөлімі басталады. Жыршы рушылдық салтты дəріптей 

отырып,  соны  идеялық  нысанаға  айналдырады.  Басында  жан-тəнімен  Төлегенді  сүйген 

Жібек кейіннен: 

Тұлпардың қалған тұяғы, 

Сансызбай іздеп келіпті: 

Тілекті берсе құдайым, 

Қосылайын деп тұрмын 

Басында қосқан теңіме,- 

дейді. 


Сансызбай келген кезде Жібек əрі ақылды-айлалы, əрі өр мінезді сипатта көрінеді. Ол 

Сансызбайға  əмеңгер  болып  қосылу  үшін  алдымен  жолда  тұрған  күшті  жаудың  бірі 

Қалмақ  ханы  Қореннен  құтылу  жайын  қарастырады.  Жыршы  Жібектің  Қоренге  істеген 

айласын сүйсіне жырлайды. 

Жырдың  Төлегенге  қарсы  қол,  жағымды  кейіпкер  ертінде  суреттейтіні - Сансызбай. 

Ол феодалдық қауым тудырған əдет-ғұрып, саттың қорғаушысы жəне қолдап құптаушысы 

болады.  Сондықтан  да  оған  батырлық  тұлға  беріледі.  Жайықтың  бойына  екінші  рет 

аттанып бара жатқан Төлеген: 

Алтын балдақ, ақ семсер 

Соған арнап соқтырып, 

Салдырып қойдым қынапқа. 

Аш беліңе ілгейсің... 

Бадама көзді кірейке 

Тоғыз қабат көк сауыт, 

Саған арнап соқтырып, 

Будырып кеттім кілемге 

Оны үстіңе кигейсің,- 

дейді Сансызбайға. Оған арналған тұлпар да, қару-жарақтар да басқыншы жаудан ел-

жұртын қорғау үшін емес, ескі салтты қолдау үшін даярланған болады. 

Ескі салтты жақтаған, атадан бата алып шыққан, əмеңгерін іздеп аттанған, «аға өлсе 

іні  мұра « дегенді  қолдаған  Сансызбайдың  жолы  болып  отырады.  Ол  кездескен 

бөгеттердің  бəрін  жеңеді.  Қонемен  кездескенде  Сансызбай  батырлық  қимыл  көрсетеді. 

Кейіннен ол Сансызбайдың еліне қайта оралып келеді де, жау əскерлерін қырып-жойып, 

қайын жұртын құтқарып алады. Сөйтіп, жыршы ақын Сансызбайға батырлық тұлға бере, 

көтере жырлайды. 


 

74

«Қыз  Жібек»  жырында  ұнамсыз,  жек  көрінішті  бейнеде  алынғандар - Бекежан  мен 



Қорен.  Мұның  біреуі  ішкі  жау,  екнішісі  сыртқы  жау  болып  суреттеледі.  Олар  тек 

ғашықтарды  айыруды  ғана  көздеген  жандар  емес,  сонымен  қатар,  олар - ел-жұрттың 

мазасын  алған,  жауыздық-зұлымдық  əрекеттер  жасаған  адамдар.  Бұл  жағынан  олар  бір-

біріне ұқсас. Бірақ екейінің мінезі, ісі екі түрлі. Бекежан - іші тар, қызғаншақ, жасық адам. 

Ол  Жібекке  сырттай  ынтық,  қызға  сырттай  тон  пішіп  өзіндік  санайды,  бөтен  адамға 

бермеймін  деп  əрекеттенеді.  Қыздың  сүймесін,  тимесін  білген  Бекежан  зорлық,  қиянет 

жасайды.  Бақ  талас  адамы  Төлегенге  қарсы  жекпе-жек  күреске  бара  алмайды, 

қарақшылық  əдісін  қолданады,  бір  қурайды  тасалап  келіп  төлегенді  атып  өлтіреді. 

Осындай жауыздық жасаған Бекежанды: 

Атаңа нəлет қарақшы, 

Құдайым сені қарғасын, 

Қатын-балаң зарласын, 

Басыңа қиып іс түссе, 

Қасыңа досың бармасын

!- 

деп қарғайды Жібек. Осы жауыздығы үшін Бекежан өлім жазасына бұйырылады. 



Жау  бола  тұрса  да  қалмақ  ханы  Қореннің  мінезі,  іс-əрекеті  Бекежаннан  басқаша,  ол 

алдына  қойған  мақсатына  жету  үшін  ашық  күреске  шығады;  намысын  күшпен  қорғаған 

батыр болып суреттеледі. Жібектің Сансызбаймен кеткенін біліп, Қорен олардың соңынан 

қуып  шығады.  Сансызбайды  жекпе-жекке  ұрысқа  шақырады.  Қорен  қанша  күшті 

болғанмен  Сансызбайдан  жеңіледі.  Бұл  арада  зорлықшыл,  əділетсіз  жау  қаншама  күшті 

болғанмен жеңіледі деген халық санасы аңғарылады. 

Қорен  қаншама  ашушақ,  содыр,  ожар  мінезді  болғанмен  жас  білмейтін  тентек  емес. 

Жібек келіп, Қореннің тұлпарын сұрап алады. Ертеңіне: «Тұлпарымды беріп жіберіңдер»,- 

деп Сырлыбайға хабар салады. «Тұлпарыңды алған да, көрген де емеспіз»,- деген жауапты 

естігенде Қорен ашуланады, əскерін жинап алып, Сырлыбайдың аулын шабуға аттанады. 

Сонда  алдынан  қаршыға  шығып: «Тұлпарыңның  сырын  білесің, біле тұрып əйеліңе неге 

бересің, енді жұрттың зəресін алма» дейді. Сөзден ұтылған Қорен қаҳарын айтады. Əйтсе 

де  ол  осал  жау  емес.  Ол  Жібекті  сырттай  иемденіп,  өзіндік  етіп  жүреді.  Қореннің  осы 

мінезін жырда күлкі, мазақ қылады, оны топас, ақымақ адам етіп суреттейді. Қыздың өзі 

келіп тұлпарды алуын жақсылыққа жорыған жəне Жібектің мұнысы: «Мені ұнатып, тимек 

болғандығының  белгісі»,-  деп  ойлаған  Қорен  тұлпармен  сырғытып  бара жатқан Жібекке 

қамқорлық білдіре: 

Иə, пірім-ау, иə, пірім... 

Көксандалды жүгіртер, 

Қыз Жібек менің қатыным, 

Басы қатты Сандалкөк 

Тастап кетіп жүрмесін, 

Айналайын, Жібек-ау, 

Ақырын шапшы, ақырын,- 

дейді. Бұл сөздер Жібектен дəмесі болған Қоренді кекету, мазақтау ретінде айтылады. 

«Қыз  Жібек»-  сюжет  құрылысы,  көркемдік  шеберлігі  жағынан  да  көркем  жырдың 

бірі.  Жырдың  өзіне  тəн  ерекшеліктеріне  айрықша  көңіл  бөліп  тексерген,  құнды  пікірлер 

айтқан М.Əуезов пен Х. Жұмалиев деуге болады. Жыр оқиғасын айтып беруде үш түрлі 

əдіс аралас жүреді, олар: хикаялау, сипаттау, сөйлету,- дейді Мұхтар. 

Тақырыбы мен мазмұны ескі əдет-ғұрып салттан алынған «Қыз Жібек»- бір оқиғаны 

екіншісімен  байланыстыра  баяндауы,  оларды  көптеген  тартыстар  арқылы  суреттеуі 

жағынан  əрі  тартымды,  əрі  əселі  жыр.  Жыр  оқиғасы  желісін  үзбей  тізбектеле  айтылады. 

Жырда əсіресе оқиғаны сипаттау арқылы баяндау əдісі мол қолданылады. Көш картинасы, 

Жібектің сұлулығы, оның отауға барғандығы келбеті, Сандалкөктің шабысы т.б. сипаттау 

түрінде беріледі. Мəселен, 

Табан жолмен тартысып, 



 

75

Ауыздықпен аласып, 



Екі қолы қарысып, 

Ұшқан құспен жарысып, 

Малдай мойнын созады. 

Тарта-тарта Жібектің 

Алақаны тозады. 

Тамаша жерден орғытып... 

Ұйтқытып, заулап келеді,- 

деп суреттейді. 

Жыршы ақын оқиғаны сипаттау арқылы баяндай отырып, күрделі образдар жасайды. 

Əрбір  кейіпкердің  мінезі,  іс-əрекеттері  бір-бірне  ұқсастығы жоқ бояулармен безенеді, əр 

түстес əдемі портреттер жасалады. 

Жыр  оқиғасын  айтып  беруде  жыршы  ақынның  қолданған  тағы  бір  əдісі  -сөйлету. 

Оқиғаны ақын кейіпкерлерді сөйлету арқылы да дамытып отырады. Кейіпкерлердің ішкі 

ойы,  сезім  дүниесі,  қуанышы  мен  кұйініші,  арман  мен  тілегі,  т.б.  сөйлету  түрінде  яғни 

монолог жəне диалогтар ретінде баяндалады. Сөйлету əдісін оқиғаны сезімге құра айтып 

берудің  бір  түрі  деуге  болады.  Жібектің  түсі,  Төлегеннің  алты  қазға  айтқаны,  Жібектің 

жоқтауы жыр əңгімесін бірсыпыра дамыта түсумен қатар, олардың сезім дүниесін арман-

мұңын білдіреді, тыңдаушыны тебірентіп егілдіргендей əсер қалдырады. Мұнымен қатар, 

жыршы ақын сөйлету əдісін қолданғанда ертедегі халық поэзиясының əр алуан үлгілерін 

(естірту,  жоқтау,  қоштасу,  жалбарыну,  айтыс,  т.б.)  ретімен  пайдаларып  отырады.  Солар 

арқылы да кейіпкерлердің хал-жайын аша түседі. 

«Қыз-Жібек» - ақындық  тіл  жағынан  да  əдемі  жырдың  бірі.  Неше  түрлі  əсірелеу, 

көріктеу, кейіптеулер, əдемі теңейлер, сұлу сөз саптастары жиі ұшырайды. Жыршы ақын 

халықтың тіл байлығын пайдалана отырып, аз сөзге көп мағына сыйғыза біледі. Жібектің 

сұлулығын, тұлпарлардың шабысын немесе кейіпкерлердің көңіл-күйін суреттегенде ақын 

тілінің əдемілігі де, байлығы да көрінеді. 

Қорыта келгенде, «Қыз Жібек» жыры қазақ ауыз əдебиетінің көрнекті бір үлгісі болып 

табылады. 



 

                            Сұрақтар мен тапсырмалар 

 

1. «Қыз Жібек» жырын қайсы ғалымдар зерттеді

2. Жыр жайында қандай қайшылықты пікірлер айтылды



3. Төлеген мен Қыз Жібек бейнесі қалай суреттелген

4. Жырда қандай жағымсыз образдар барілген



5. Жырдың өзіне тəн ерекшелігі мен жыр тілі туралы пікіріңді айт. 



 

Əдебиеттер 

 

1. Ə.Қоңыратбаев. Қазақ фольклорының тарихы. Алм. 1991. 

2. М.”абдуллин. «Қазақ халқының ауыз əдебиеті» Алм. 1981. 

3.  Қазақ эпосы. Алм. 1986. 

4. Қазақ əдебиетінің тарихы I-том. Алм. 1991. 

5. Ы.Дүйсенбаев. Тұрмыс-салт жырлары.      

 

Айман-Шолпан 

 

Жоспар: 

 

1. «Айман-Шолпан» жырының зерттелуі. 



 

76

2. Жырдың идеясы. 



3. Жырдағы жағымсыз бейнелер. 

4. Айман мен Арыстан бейнесі. 

5. Жырдың құрылысы мен өзіне тəн ерекшелігі. 

6. Қорытынды. 

 

Тірек  сөздер:  «Айман-Шолпан»  жырының  оқиғасының  реалистік  сипатта  болуы, 

жырдың қысқаша мазмұны, Аймен бейнесінің жасалу жолдары, ескі феодалдық дүниенің 

кертартпа  өкілдерінің  суреттелуі,  Арыстан  образы.  Жырдың  композициялық  құрылысы, 

өзіне тəн ерекшелігі. 

 

Қазақ халқының тұрмыс-салтына байланысты туған жырдың бірі - «Айман-Шолпан». 



Жырдың  ел  арасынан  жазып  алынған  нұсқасы, 1896 жылы  Қазан  қаласында  басылып 

шықты.  Жырдың  мазмұны 1901 , 1902 жылдары  Торғай  газеттерінде  басылды.  Бұл  жыр 

1939  жылы  Х.Жұмалиев  құрастырған  «Халық  поэмалары»  деген  жинаққа  енді.  Жазушы 

М.Əуезов жырда айтылатын əңгімелерді негізге ала отырып, «Айман-Шолпан» атты пьеса 

жазды. 

«Айман-Шолпан « жырының  оқиғасы  реалистік  өмірден  алынған.  Жырдың  басты 



кейіпкері - Көтібар  мен  Арыстан  тарихта  болған  адамдар.  Ал  жырдағы  Айман, Шолпан, 

Əлібектер жайында тарихи мəліметтер жоқ.  

Х.Жұмалиев  «Айман-Шолпан»  жырының  оқиғасы  Исатай  мен  Махамбет  бастаған 

бастаған  халық  көтерілісінен  кейін  туған , - дейді.  Ал  филология  ғылымдарының 

кандидаты Ə.Қоңыратбаев бұл жырдың ХIХ ғасырдың орта шенінде туғандығын айтады.  

Жырдың қысқаша мазмұны мынадай: Кіші жүз ішінде шөмекейдің өлген бір кісісіне 

беріледі.  Оған  Таманың  бай  адамы  Маман  келеді,  ол  сəн-салтанатымен,  өңшең    нарға 

артқан  тоғыз  саба  қымызымен  келеді.  Шөмекейліктер  Маман  байды  құрметпен  қарсы 

алып,  алтындаған  ақ  үйге  кіргізеді.  Бұл  асқа  қант-шай  алып,  тоғыз  нарға  тоқаш  артып 

шектінің қү9батыры Көтібар да келеді. Оның жадағай үйге көңілі толмайды да, Маман бай 

отырған  үйді бер деп шіренеді. Шөмекейліктер сасады да, жауабын өзің бер деп Маманға 

барады.  Маман  Көтібардың  кедейлігін,  өзінің  байлығын  айтады.  Осыдан  кейін  бай  мен 

батыр ерегіседі. Көтібар күш көрсетеді: «Еліңді шауып аламын « ,- дейді. Көтібар өзінің 

інісі Арыстанның: «Арындама», - деген ақылына құлақ аспайды.  

Аста  ат  шабысы  болады.  Бəйгіден  Көтібардың  күрең  аты  озып  келеді.  Бұған 

масаттанған  Көтібар  Маманға  алғашқы  айтқан  сөзін  қайталайды  да: «Еліңді  шауып 

аламын», - деп  аттанып  кетеді.  Айтқанындай-ақ  Көтібар  жеті  жүз  жігіт  алып,  Үрпекбас 

деген жерде отырған Маманды шауып алады. Маманның Айман, Шолпан атты екі қызын 

жайдақ нарға мінгізіп əкетеді. Жолшыбай Айман өзіне Көтібардан  бір жорға сұрап алады 

да, оны Шолпанға береді.  Екінші тұлпарды Арыстаннан сұрап алады. Айман Көтібардың 

жігіттеріне: «Екеуміздің бірімізді қайтарыңыздар»,- деп өтінеді. Бұған Көтібар үндемейді. 

Арыстан  келісім  білдіреді,  Шолпанды  еліне  қайырады.  Оны  Арыстан  бастаған  жігіттер 

шығарып  салады.  Айман  Шолпан  арқылы  өзінің  атастырған  күйеуі  Əлібекке  сəлем 

жолдайды: «Алпыс 

күннен 

қалмай 


келіп               

жетсін»,-дейді.  

Көтібар еліне келеді. Оның теңге деген тоқалы бар еді. Оны жігіттер əзіл араластырып 

ашуландырып: «Сені  Айманның  көрімдігіне  береміз», - дейді.  Бұған  намыстанған  теңге 

Айманмен  қақтығысады.  Айманның  алдынан  ешкімді  шығармаймын  деп  үйіне  қайтады. 

Айтқандай-ақ Айманды қарсы алған адам болмайды, соннан соң ол Арыстанның аулына 

барып  түседі.  Айман  Көтібардың  ұлы  Есетпен  танысып,  оны  бауырына  тартады,  балаға 

жақсы киім-кешек тігіп береді. Ол Есетке ақыл үйретеді: «Əкеңе бар киімдеріңе байғазы 

сұра. Алпыс күнге дейін Айманға үйленбе, берер байғазың сол болсын де»,-дейді. Есеттің 

тілегін  Көтібар  орындамайды,  сонда  бұған  Арыстан  араласып,  баланың  тілегін 



 

77

қабылдаттырады.  Айман  Есеттен  Көтібардың  күші  күрең  тұлпарында  екенін  біледі  жəне 



айламен тұлпарды қолына түсіреді.  

Осы  кезде  бір  мың  төрт  жүз  жігіт  алып  Əлібекке  келеді.  Оның  алдынан  күрең 

тұлпармен  Айман  шығады.  Əлібек  Айманды  танымай  қалып  найза  салады.  Айман  өзін 

танытады. Əлібек шекті елін шабуылдайды. Бірақ арашашаы Айман болады, ол екі жақты 

татуластырады.  Көтібар  өкіл  ата  болып,  Айманды  Əлібекпен  аттандырады.  Шолпанды 

Айман Арыстанға қосады. Екі жақтың шабуылға түскен малы қайтарылады, ел арасында 

татулық орнайды. Жыр осымен аяқталады. 

«Айман-Шолпан» халықтық жыр жəне ол XIX ғасырдың 70-жылдарында шығарылған 

сияқты.  Жырдың  оқиғасы  осы  кездегі  қазақ  елінің  тұрмысында,  əлеуметтік-қоғамдық 

өмірінде  болған  жаңалықтарды  суреттеу  идеясымен  туған  деуге  болады.  Ол  өзінің 

осындай  негізгі  идеясын  жырдағы  басты  кейіпкерлердің  мінезі,  іс-əрекеттері  арқылы 

көрсетеді. Бұл ретте жырдың кейіпкерлері екі топқа бөлінеді.  Біріншісі - ескілік өмірді

бұрынғы  тұрмыс-салтты  жақтайтындар.  Ол - Көтібар  мен  Маман.  Екіншісі - жаңа  туып 

келе жатқан капиталистік қарым-қатынасты, қоғам өмірінде соған негізделген жаңалықты 

жақтаушы жастар. Олар: Айман, Арыстан, Əлібек, Шолпан. Олар бұрын қазақ əдебиетінде 

болмаған жаңа заманда туған жаңа кейіпкерлер болып табылады. Сөйтіп жырда ескі мен 

жаңаның тартысы бейнеленді, жыр оқиғасы сол тартыстарды. суреттеуге құралады.  

Жыр оқиғасы Маман мен Көтібардың үйге таласып қақтығысуынан басталады. Маман 

байлығын айтып күш білдіреді, Көтібарды кекей сөйледі. Ол Көтібарға: 

Маман айтты: дəулеті бар кемедей, 

Жүр еді осы шекті кезі келмей. 

Үй таңдап біздің елден не қылады, 

Су артқан Қаратаудан құма кедей,- 

дейді. Ол Көтібардың байлығын біле тұрса да, одан өзі мықтылау етіп көрсету үшін 

əдейі кедей деп кемітеді. 

Маманның  бұл  сөзіне  ыза  болған  жəне  оның  алтындаған  ақ  үйге  түсуіне,  ондай  үй 

өзіне  тимегеніне  намыстанған  Көтібар  елге  қамшы  үйіріп  қалған  əдетіне  басады:  ашу-

жанжал шақырады: Маманды шауып алатындығын білдіреді. Ол Маман байға: 

Аулыңа жеті жүз қол жүргізбесем, 

Шектіні таң сəріден тигізбесем 

Көтібар менің атым жерге кірсін, -  

Айманды жайдақ нарға мінгізбесем -  

деп,  ант  етеді.  Ол  артынша-ақ  осы  антын  орындайды  да , Маманды  шауып  алады, 

оның екі қызы Айман мен Шолпанды жайдақ нарға мінгізіп əкетеді. 

Белгілі  мөлшерде  жыр  Көтібарға  батырлық  сипат  та  береді.  Оның  «батырлық» 

қимылы  тік  мінезді  дөкірлігі,  морттығы,  намыстанып  ел  шабуымен  көрінгендей  болады. 

Ол  ескі  əдеттерін  қолдайды,  халыққа  қамшы  үйірген  салтына  тартады,  жұрттың  бəрін 

ызғармен  ықтырам  деп  ойлайды.  Ат  жарысына  үш  жүздей  сəйгүлік  қосылғанын  біле 

тұрып: «Бас  бəйгімді  шаппай  бер» ,- деп  менмендік  мінез  білдіреді.Көтібардың  осы 

сияқты  мінездерін-іс  əрекеттерін  халық  жыры  дəріптеу  емес,  күні  өткен  батырды  мазақ, 

күлкі ету түрінде суреттейді. 

Көтібар өзін-өзі жоғары бағалап, «мықтысынып « жүрсе де, оның əлі Теңгеге жетпей 

қалады.Аймандарды  алып  келе  жетып: «Мен  барып  үйдің  ішін  қуантам», - деп  аулына 

қарай  тарта  жөнеледі.  Бірақ  Көтібар  үй-ішін  қуанта  алмайды.  Теңгенің  қаҳарына 

ұшырайды. «Айманды алса тұрмаймын, кетемін», - деп айқай салған, ашу шақырған Теңге 

Көтібарды қыңқ дегізбейді. Сөйтіп , «батырсынған» Көтібар ел алдында күлкіге айналады. 

Көтібар  мен  Маманды  ескі  феодалдық  дүниенің  кертартпа  өкілдері  деп  көрсеткен 

жəне  олардың  бұдан былай жасай аомасын тарихи шындық тұрғысынан суреттеген жыр 

ендігі  жерде  жаңа  заманның  адамдарын  көрсетеді.  Олар - жастар.  Бұл  ретте  жырдың 

айрыңша көңіл бөлгені -Аймен.  



 

78

Аймен - реформа  дəуірінен  кейінгі  жерде  қазақ  қоғамына  енген  өзгерістер  мен 



жаңалықтарға  сəйкес  əлеумет  сахнасына  шыққан  жаңа  адамдардың  өкілі    ретінде  жырға 

қосылады. Ол жаңа дəуірдің жаршысы бейнесінде алынады жəне оның ақылы, мінезі, ісі 

Көтібар мен Маманға қарсы қойыла жырланады. 

Айман - өз  кезіндегі  қазақ  əдебиетіне  енген  жаңа  кейіпкер.  Айманның  бұрынғы 

жырлардағы қыздардан айырмашылығы - Айманның əлеуметтік мəселелерге араласуында, 

жаңа  заманда  ел  басқару  ісіне  ерлермен  қатар  əйелдердің  де  қатысқанын,  ел  арасын  

шабуылдан құтқарушы, арашашы, татулық орнатушы екенін көрсетунде. 

Айман-ақылды,  білгір,  болашақты  болжағыш  қыз.  Көтібардың  елге  шабуыл  жасауы 

оған қатты батса да, қайғысын сыртқа шығармайды, дəрменсіздік білдірмейді. Қайта қара 

күштің иесі болған Көтібарға қарсы  шығып, оны ақыл-айламен жеңу жағын қарастырады. 

Бұл  ретте  Айманның  бірінші  жеңісі  Көтібардан  жорға  сұрап  алуы,  оған  жайдақ  нардың 

үстінде  келе  жатқан  Шолпанды  мінгізуі  болады.  Есебін  тауып  ол  Шолпанды  еліне 

қайырады. Бұл оның екінші бір жеңісіне айналады. 

Айман  Шолпанды  еліне  аттандыра  отырып,  өзінің  сүйген  жары  Əлібекке  хабар 

салады. «Алпыс  күннен  қалмай  келіп  жетсін»,-дейді  жəне  Көтібардың  ырқына  бой 

бермейтіндігін, сүйген жарына адал екендігін айтады.  

Көтібарды  жеңу  жағын  қарастырған  Айман  мақсатына  жету  үшін  Теңгені 

пайдаланады. Теңгемен кездескенде: 

Базарда Теңге болсаң, пұл боларсың, 

Қолыңа құрық алсаң , құл боларсың, 

Батырдың айтқан сөзі рас  болса,  

Қолыма су құятын күң боларсың, -  

дейді. Айман қулық жас ап, Теңгенің намысына тиеді. Теңге арқылы Көтібарды қыңқ 

аткізбеу жайын көздейді. Айманның бұл жүзеге асады. 

Бірақ  Көтібардың:»Айманды  тоқалдыққа  алмасам,  Көтібар  атым  құрысын», - деген 

сөзін  есінде  ұстаған  Айман , Көтібар  бұл  антынан  танбайды  деп  түсінеді.  Сондықтан 

Айман Есетті пайдаланады. 

Айман  жырда  болжағыш  қыз  болып  та  суреттеледі.  Көтібардың  Маманды  шауып 

алмақ  болып  айтқан  сөздерін  естіген  Айман  алдын-ала  қам  жасап,  мал-мүлктерін  жан-

жаққа жасырған болатын. Бұл сырын ол Шолпанға айтады: 

Қызыл құм есік алды беткей бар-ды, 

Құдайым салды басқа қайғы-зарды. 

ішінде үш жүз ішік санап салған , 

Жалғыз шыбық түбінде төрт  тең бар-ды.  

Көтібар серт қып кетті деген күні 

Аралға айдап тастап ем бес жүз атты,- 

дейді. Айманның мұнысы да ақылмен істелген іс болады. Жəне де Көтібар Маманнан 

айдап  алған  малдарды  қасындағы  жігіттеріне  үлестіре  бастағанда,  Айман  да  олжа 

сұрайды. «Өздеріңмен бірігіп Маманды мен де шабыстым», - деп, олжаға жүз  нар алады. 

Ондағы ойы айдауға түскен малынан аз да болса үлес алып қалу болады. 

Жыршы-ақын  белгілі  мөлшерде  Айманға  ерлік  сипат  береді.  Ол  Əлібектің  келер 

мерзімі жақындаған кезде Көтібардың күрең тұлпарын, қару-жарағын қолына түсіреді де, 

сүйген  жарының  алдынан  шығады.  Жыр  мұнымен  Айман  өз  намысын  ақыл-айласымен 

ғана  емес,  керек  болған  жерде  қару-жарақпен  де  қорғап  алуға  жарайтын  қыз  екендігін 

аңғартпақ жəне ақылына ерлік мінезі сай демек болады. 

Айманның  бойындағы  сүйкімді  қасиеттің  бірі - оның  Əлібекке  адалдығы,  қыз 

махаббатының  беріктігімен  де  көрсетіледі.  Көтібардай  қара  күштің  қолына  түсіп түтқын 

болған,  одан  құтылып  кетуі  екі  талай  жағдайға  ұшыраған  Айман  артында  қалған  асыл 

жары Əлібектен күдер үзбейді. Қандайхалге түссе де, есінен  Əлібек шықпайды, қайткен 

күнде де оған қосыламын  деп өзіне-өзі арт етеді. Сол үшін күреседі. Бұл ойын ол Шолпан 

арқылы Əлібектің өзіне де жеткізеді: 


 

79

Көңіліме ғашық оты болды уайым, 



Пенденің қадір алла білер жайын. 

Ешкімге басым кеспей мен тимеспін, 

Қазаны жеткізбесе бір құдайым,- 

дейді. Асыл жар, адал дос, тұрақты махаббат иесі екендігін білдіреді. 

Қалың  қолмен  Əлібек  келіп,  Көтібардың  еліне  шабуыл  жасаған  шақта  Айман  үлкен 

адамгершілік іс жасайды. Ол ел арасына араздық отын салмай, екі жақтың ашуын басушы, 

келістіріп  татуластырушы  болады.  Бір  кезде  қара  басының  намысы  үшін    Көтібар  ел 

шауып  ерегіс  бастаған  еді.  Енді  сол  кекті  қайырмақ  болып  Əлібек  аттанды.  Екі  елдің  

арасында  үлкен  дау,  жанжал  туды.  Мүның  арты  жақсылыққа  соқпайтынын,  қайта 

ерегістен    туған  араздық  үдей  беретінін,  одан  елдің  зықы  кетенін  аңғарған  Айман  осы 

тұста билік айтады. Ол Көтібар мен Əлібекке: 

Алыстың да, жығыстың, екі батыр, 

Сіздердің бітірейін төре беріп,- 

дейді  де,  екі  жақты  жарастырып,  татуластырады.  Шолпанды  Арыстанға  қосады,  өзі 

Əлібекке  барады,  Көтібарды  əрі  құда,  əрі  өкіл  ата  етіп  кетеді.  Осындай  ақылды  төрелік 

айтқан, ел арасын бүліндірмей келісімге келтірген Аманға жұрт разы болады. Сондықтан 

да халық жыры Айманды жаңа заманның сүйікті қызы етіп көтере жырлайды. Көтібар мен 

Маман бай ел арасын бүлдіруге бар болса да, татуластыруға жоқтығын айта отырып, бұл 

жөнінде жыр Айманды үлгі етеді. Оның адамгершілігін, ақылын, мінезін, ел үшін жасаған 

істерін артық бағалап, халықтың ендігі сенері де, сүйенері де Айман секілді жаңа адамдар, 

жастар екендігін көрсетеді. 

Жырдың  жағымды  бейнеде  алған  адамының  бірі - Арыстан.  Ол  мінезі  салмақты, 

ақылды жігіт кейпінде суреттеледі. Бұл ретте Арыстанды өз ағасы Көтібарға қарама-қарсы 

қойылған кейіпкер деуге болады. Арыстан ағасының ісін де, дөрекі мінезін де ұнатпайды, 

оған  ақыл  айтып,  дұрыстық  жолға  салуды  да  қарастырады.  Көтібар  Манманды  шауып 

аламын деп ант берген шақта, Арыстан: 

Дəулеті əр пенденің бөлек-бөлек, 

Көтеке, ашуды қой, ақыл керек. 

Қымыздың қызуына желік қылған, 

Шайтан сөз топ ішінде неге керек,- 

деп, ағасына ақыл айтады. «Маманмен ерегісіп елді бүлдірме, ондай əрекет жасама», - 

дейді. 


Көтібар қалың қол жиып, Маманды шабуға аттанғалы тұрған кезде де, ағасының бұл 

ісін  Арыстан  қостамайды,  оны  теріс  деп  біледі.  Сондықтан  да  ол  Маманның  елін 

шабысуға  бармайтындығын  айтады: «Елдің  обалына  қалмаймын»,-дейді.  Бірақ 

Көтібардың  бірбеттілігін,  айтқан  сөзінен  танбайтындығын  білетін  Арыстанды  жырда 

былай дейді: 

Лебізін ағасының қайыра алмай, 

Арыстан амалсыздан о да жүрді.- 

Басында ел шабуға бармаймын деген жəне ағасының бұл жорығын ұнатпаған Арыстан 

амалсыздан  қалың  қолға  қосылып  Маманның  еліне  аттанды.  Ол  осы  шабуылда  Көтібар 

тағы  бір  нəрсені  бүлдіріп  алар  деген  оймен  шығады.  Арыстанның  бұл  қаупі    шындыққа 

келеді.  Аяушылық  сезімі  жоқ  Көтібар  екі  қызды жайдақ нарға мінгізеді жəне халдерінің 

мүшкілдігін  айтып  ат  сүраған  Айманның  сөзіне  құлақ  аспайды.  Ағасының  мұндай 

қаталдық мінезін жек көрген Арыстан адамгершілік жасайды: 

«Бақ таласың Маман болғанымен, екі қыздың жазығы жоқ»,- деп оларға екі ат алып 

береді. 

Көтібардың  ерегіспен  жасаған  бұл  шабуылының  арты  үлкен  дауға,  ұрыс-жанжалға 

əкеп  соғатынын,  Айман  сияқты,  Арыстан  да  түсінеді.  Сондықтан  ол  алдағы  күнде  ел-

жұрттың  ылаңға  түспеуін  көздейді.  Болашақта  бітісер  істің  белгісін  іздейді.  Ол  үшін 

Айманның  тілегін  қабылдап,  Шолпанды  еліне  қайыру  керек  деп  ұйғарады  жəне  бұған 


 

80

қарсы  болған  Көтібарды  көндіріп  алады.  Осыдан  былай  Арыстан  мен  Айман  ел  қамын 



ойлаған  адамдар  болып  шығады.  Ол  Айманның  ақылмен  жасаған  əрбір  ісін  қолдап  та 

отырады.  Есеттің  байғазы  деп  сұраған    тілегін  Көтібардың  ырқына  қоймай  орындатады. 

Ондағы ойы Айманды ел-жұртынан , сүйген жарынан айырмау, Көтібардың : «Айманды 

тоқалдыққа аламын», - дегенін болдырмау еді. 

Екі елдің келісімге келіп, татуласуына Арыстан да себепкер болады. Ол осы табысып, 

татуласудың берік  белгісі ретінде Шолпанға үйленеді. Шолпанды  өзіне тең жар-жолдас 

деп  түсінген  Арыстан  оны    ақ  көңіл,  адал  ниетімен,  барлық  махаббатымен  сүйіп 

қосылады. 

Сонымен халық жыры Арыстан образын  жағымды бейнеде суреттей отырып, оны өз 

тұсының жастарына үлгі етеді. Елдің ендігі тілегі де, үміті де жастар екендігін, бұлар жаңа 

заманның бастаушысы болатындығын аңғартады. 

Жырда  Əлібек  пен  Шолпан  образы  айқын  түрде  суреттелмесе  де,  олардың  да  жаңа 

заманның  жемісі  екендігін  сезінгендей  боламыз.Бұл  ретте    олар  Айман  мен  Арыстан 

бейнесін толықтыра түскен образ секілді. 

«Айман-Шолпан» - композициялық  құрылысы , оқиғаны  баяндауы  жағынан  өзіндік 

ерекшелігі  бар  жырдың  бірі.  Жырдың  басты  ерекшелігі-оқиғаны  шиелініскен  тартысқа 

құруында.  Оның  қандай  əңгімесін  алсақ  та  үлкен  тартысты  көреміз.  Мұның  өзі  жыр 

оқиғасын əрі қызықты, əрі əсерлі етеді.  

Екіншіден, жыршы ақын жағымсыз кейіпкерлерді суреттегенде, олардың мінездерін, 

іс-əрекеттерін күлкі-мазақ ете, сықақтай сипаттайды. Маманның байлығын айтып шіренуі, 

Көтібардың «батырмын» деп кеудесін соғуы-жырда ащы мысқыл, келекеге айналады. 

Қорыта келгенде, «Айман-Шолпан» - реформа дəуірінен кейінгі кезде қазақ қоғамына 

енген жаңалық, өзгерістерді шындық тұрғыдан бейнеленген халықтық жыр. Бұл жыр жаңа 

жағдайға  байланысты  қоғам  өмірінен  орын  алған  талас-тартысты,  ескінің  жеңіліп, 

жаңаның  жеңетіндігін  бейнелейді,  əлеумет  сахнасынан  ығыстырылып  бара  жатқан  жəне 

ескілікті  қолдаушы  адамдарға  жаңа  заманның  жаңа  адамдарын,  жастарды  қарсы  қоя 

отырып, соңғыларын ардақтай жырлайды, үлгі етеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет