Қозғыш тіндердің жалпы қасиеттері. Қозғыштықтың кезеңдері. Қозғыштықтың өлшемдері



бет2/23
Дата29.09.2023
өлшемі110,97 Kb.
#111393
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Қозғыш тіндердің жалпы қасиеттері. Қозғыштықтың кезеңдері. Қозғы-emirsaba.org

Қозғыштықтың өлшемдері:
1. Қозу табалдырығы – қозу үрдісін (яғни минималды жауап реакциясын) тудыратын тітіркендіргіш күшінің ең аз мӛлшерін айтады.
2. Реобаза – қозу тудыратын токтың минималды күші (Вольт).
3. Пайдалы уақытең аз уақыт, яғни осы уақыт аралығындағы табалдырық күшінің тітіркендіргіш стимул әсерінің бір реобазасы.
4. Хронаксия – тінді қоздыратын екі реобазаға тең күш әсерінің ең қысқа уақыты.
5. Аккомодация – қозғыш тіннің ток күші үдеуіне бейімделуі.
6. Лабилдік – тітіркендіру жиілігіне сәйкес бір секунд ішінде пайда болатын қозудың ең жоғарғы (максималды) санын айтады. - жүйке тіні: - 500-1000 имп/сек; - абсолюттік рефрактерлік кезеңі – 1-2 мсек. - бұлшықет: - 250-330 имп/сек; - абсолюттік рефрактерлік кезеңі – 4-5 мсек - синапс: - 100-125 имп/сек; - абсолюттік рефрактерлік кезеңі – 8-10 мсек.


  1. Мембрананың құрылысы мен қызметі туралы қазіргі ұғымдар. Мембрана арқылы активті және пассивті түрде заттарды тасымалдау.

Латынша “membrana” – жарғақ, үлпек деген сөз. Мембрана кез келген жасуша құрамын қоршаған ортадан бөліп, оның бүтіндігін және жасуша мен қоршаған орта арасындағы байланысын қамтамасыз етеді. Осы құрылым туралы алғашқы болжамды Дж.Даниели мен Х.Давсон жасады. Ол болжам бойынша, мембрана екі жағынан белокпен қапталған («сендвич») қосқабат липидтен тұрады.


Кейін 1935 жылы Дж.Робертсон ішкі және сыртқы мембраналардың құрылысы бірдей екендігін көрсетті. Қазіргі кезде биологиялық мембрананың С.Дж.Сингер және Г.Л.Никелсон 1972жылы ұсынған сұйықтау – өрнекті сүлбісі кеңінен тараған.


Мембрана құрылысы
Кішкентай көк және ақ шариктар липидтердің гидрофильді бастарына сай келеді, ал оған қосылған сызықтар — гидрофобты құйрықтары. Суретте қызыл глобула мен сары спираль түрінде интегральді мембрана ақуыздары көрсетілген. Мембрана ішіндегі сары овальді нүктелер — холестерол молекулалары. Мембрана сыртындағы сары-жасыл түсті моншақты тізбек — гликокаликс құрайтын олигосахарид тізбегі.
Шеткейлік ақуыздар сұйық күйде болғандықтан қалғып жүреді. Олар көбіне энзимдік (ферментативтік) қызмет атқарады. Мембрананың қабылдағыштары мен антитектері бірлестіруші және шеткейлік белоктардан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет