Қозғыш тіндердің жалпы қасиеттері. Қозғыштықтың кезеңдері. Қозғыштықтың өлшемдері



бет7/23
Дата29.09.2023
өлшемі110,97 Kb.
#111393
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Лабильдік, парабиоз

Жүйкеге ұзақ уақыт күшті химиялық тітіркендіргіштер әсер етсе , оның қозғыштық қасиеті , лабилдігі төмендейді . Оны парабиоз деп атайды . Парабиоз грек сөзі ( рага – жуық , жақын bios – өмір , тіршілік ) тіріге жуық хал немесе өмір мен өлім арасындағы жағдай деген мағынада . Н.Е.Введенский ет - жүйке препаратын алып , оның жүйкесінің етке жақын жерін 2 % кокаин ерітіндісіне малынған мақтамен орайды , біраздан соң жүйкені еттен алысырақ жерінен токтың жиілігін не күшін біртіндеп жоғарылата тітіркендіріп , бұлшықеттің сіреспе жиырылу сызығын жазады . Бұлшықеттің жиырылу жауабы кокаин тиген жердегі құбылысқа байланысты өзгеретінін байқайды және парабиоз дың дамуы мезгілінде үш сатылы өзгерістерді анықтады : теңестіру , парадоксальдық , тежелу.


Бірінші — теңестіру кезеңінде тітіркендіргіштің біртіндеп жиілігін не күшін жоғарылатса бәріне беретін жауабы бірдей болады .
Екінші парадоксалды кезеңде әлсіз тітіркендіргіштерге беретін бұлшықеттің жауабы күшті тітіркендіргіштерге беретін жауабынан жоғары болады .
Қалыпты жағдайда бұлшықеттің жауабы тітіркендіргіштің әсеріне тікелей байланысты жоғарылайды . Парабиоз тереңдеген сайын бірінші кезең екіншісіне , ал екінші кезең үшінші кезеңге айналады . Үшінші – тежелу кезеңінде ет тітіркендіргіштерге жауап қайтармайды . Егер парабиоздық әсерді уақытында алып тастап физиологиялық ерітіндімен жүйкені жуса , пара биоз кезеңдері бірін бірі кері қарай алмастырып жүйке әдеттегі жағдайға келеді . Парабиоз кезеңдері альтерация жасайтын әсерлерге жүйкенің лабилдігінің төмендеуімен түсіндіріледі. Лабилдік төмендеген сайын ол жерде жүйкенің абсолюттік рефрактерлік кезеңі ұзара түседі , қозу үрдісі күшейеді . Қозу өзінің жайылу қасиетінен айырылып белгілі бір жерде тұрақталады . Бұл кезде жүйке тітіркендіргіш терге жауап бермейді.


Лабилдік ( лат . - labilis – құнақылық , тұрақсыздық ) – белгілі тіннің қозғыштық дәрежесін көрсететін өлшемдердің бірі . Ла билдік деп тітіркендіру жиілігіне сәйкес 1 секунд ішінде пайда бола тын қозудың ең жоғарғы ( максималды ) әрекеттік ширақтығын айта ды . Ол герц өлшемімен белгіленеді .Жүйкенің лабилдігі 1000 и демек , онда жүйке секундына 1200 рет тітіркендірілсе де бұдан пайда болатын қозу саны 1000 - нан аспайды . Тін неғұрлым ҚОЗғыш болса , оның лабилдігі соғұрлым жоғары болады . Лабилдік – қозу үрдісінің ең қарапайым физиологиялық әсер леністің қаншалықты ұзақ екенін көрсетеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет