Қозғыш тіндердің жалпы қасиеттері. Қозғыштықтың кезеңдері. Қозғыштықтың өлшемдері


Қозудың синапстан өту ерекшеліктері



бет9/23
Дата29.09.2023
өлшемі110,97 Kb.
#111393
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Қозудың синапстан өту ерекшеліктері.

Пресинапстық мембранадан постсинапстық мембранаға жүйке ұшынан бөлінетін химиялық зат медиатордың қатысуымен өтеді. Медиатор – қозу процесін жеткізетін химиялық зат жүйке бүршігіндегі венкулаларда болады. Ол нейрон денесінде түзіледі де нейрофибрилдердің бойымен жылжи отырып, жүйке ұшына жеткен жерде шоғырланып үлбіреген көпіршік қабымен қапталады. Постсинапстық мембранада медиатормен әрекеттесетін арнайы белок рецептор орналасқан синапс медиаторы ацетилхолин болса, оның постстнапстық рецепторы холитр медиатор. Бірыңғай салалы етте адреналин де медиатор ролін атқаруы мүмкін. Мұндай жағдайда постсинапстық мембрана рецепторы адренорецептор. Әрбір шеттегі жүйке құрылымында жүздеген мыңдаған жүйке талшықтары болатыны белгілі. Олай болғанымен де әрбір талшық.қозуды қатар жатқан талшықтарға жаймай, тек өз бойымен өткізіп, тек өзімен ғана байланысқан ет талшықтарына тұп-тура жеткізіледі. Бір эфференттік жүйке талшығы бұтақталып 3-3000-ға дейін ет талшықтарымен байланысады. Осыған байланысты әр қимыл көңілдегідей боп орталықтың әсерін бұлжытпай дәл орындайды.




  1. Нейрон. Нейрондардың түрлері.

Нейрондар бір-бірімен синапстар арқылы байланысады. Синапстар арқылы қозу бір нейроннан екінші нейронға, бұлшық етке немесе бездерге өтеді. Нейрондар бір-бірімен байланысқан кезде бір нейронның ақсоны екінші нейронның дендриттерімен байланысады. Екінші нейронның дендриті қозуды қабылдап, өзінің денесіне әкеледі, қозу ары қарай аксонның бойымен жылжып кете береді. Егер синапс нейронмен бұлшық етті немесе без жасушаларын байланыстыратын болса, нейроннан келген қозу бұлшық еттің жиырылуына, ал бездің секреттің бөлініп шығуына әкеліп соғады. Нейронның цитоплазмасында мына тұрақты қосындылар: түйiршiктi эндоплазмалық тор (Франц Ниссль рибосомаларды метилен көгiмен бояп, алғашқы болып көргендiктен, оны Ниссль заты немесе тигроид деп атайды. Тигроид деп атау қате, себебi перикарионды Ниссль тәсiлiмен бояғанда, жолбарысқа емес, жыртқыш мысық терiсi, дақты қабыланға ұқсас болады), Гольджи аппараты, көптеген митохондрийлер (нейрондар қуатын зат алмасудағы ауада қамтамасыз ететiндiктен, ол оттек жетiспеуiне өте сезгiш болады), лизосомалар, жасуша орталығы (центросома, нейрондарда болып, микротүтiкшелер құрастырады), цитоқаңқа (нейротүтiкшелер, микро-, аралық нейрофиламенттердi бекiткенде, бiр-бiрiмен жабысып, шоқтар түзiп, күмiс тұздарымен бояғанда жасанды құрылым-жiпшелер құрады да, қалыңдығы 0,5-3 мкм нейрофибриллдер деп аталады) және тұрақсыз қосындылар (май тамшысы, липофусцин түйiршiктерi және нейромеланин) сақталады.



Нейрон түрлері
1. Тармақтардың санына қарай :

- униполярлы – бір өсінді


- биполярлы – бір аксон және бір дендрит
- мультиполярлы – бірнеше дентриттер мен бір аксон
2. Атқаратын қызметіне қарай:
- афференттік немесе рецепторлық - (рецепторларда пайда болған қозуларды орталыққа (ОЖЖ) жеткізеді.
- аралық нейрондар – афференттік және эфференттік нейрондарды байланыстырады.
- эфференттік – серпіністерді орталықтан шеткі ағзаларға жеткізеді.
ВЖЖ нейрондары мен мотонейрондарға бөлінеді.
- қоздырушы
- тежеуші





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет