Әрекет потенциалы, оның кезеңдері. Әрекет потенциалы кезеңдері мен қозғыштық кезеңдерінің арақатынасы.
Белгілі бір тінде тітіркендіргіштің әсерінен қозу үрдісі пайда болған сәтте туатын потенциалды - Әрекет Потенциалы деп атайды.Оның кезеңдері
Деполяризация- бұл мембраналық потенциалдың жоғалып барып , қайта көтеріліп шың дәрежесіне жетуі
Реполяризация- әрекет потенциалы төмеендеп біртіндеп мембраналық потенциалдың мөлшері мен зарядының қалпына келуі
Жергілікті жауап- тітіркену күші әсер еткен жерде мембрана аздап үйкеледі және мембраналық потенциал мөлшері төмендейді. Мембранада Na+ ионына өткізгіштік жоғарылайды, ал жасуша ішіне Ka ионы өте бастайды осы кезеңді жергілікті жауап кезеңі деп атайды
Теріс іздік потенциал- реполяризация аякталысымен әрекет потенуиалының төмендеуі белгілі бір деңгейде 15мс кідіреді. Осы кезде потенциал шамасы мембраналық потенциалдан төменірек, және қозуы аздап болады. Осы кезең теріс іздік кезең деп аталады
Оң іздік кезең- реполяризация аяқталып мембраналық потенциалдың қайта қалпына келуін айтамыз.
Қанқа мен бірынғай салалы еттердің физиологиялық қасиеттері.
Қаңқа етінің негізгі қасиеттері: қозғыштық, қозуды өткізу, жиырылғыштық.
Қозғыштық-бұлшықеттің тітіркендіргішке жауап беруі
Өткізгіштік- бұлшықеттің бойымен қозудың өткізілуі
Жиырылғыштық- бұлшықеттің қозуға байланысты жиырылып, ұзындығын өзгертуі яғни қысқарып қатаюы
Бірыңғай салалы еттердіңде қаңқа еттір сиякты қасиеттері бар. Мұнымен бірге ол ерекше пластикалық(созылғыштық) қасиеті де бар.
Созылғыштық-ол жиырылудан кейін қайтадаан қалпына келу касиеті.
Қаңқа еттерінің жиырылу түрлері. Еттің дара жиырылуы (ЕДЖ), оның кезеңдері, ұзақтығы.
Бұлшықеттің жиырылу түрлері 4еу:
Изометрлік жиырылу деп – ет қысқармастан тек қатаятын болса, тонусы жоғарылауын айтамыз
Изотониялық жиырылу деп – ет қысқарғанмен тонусының өзгермеуін айтамыз
Ауксотониялық жиырылу деп – ет қысқарып осыған орай оның тонусының күшейуін айтамыз
Жеке жиырылу деп- белгілі бір тітіркендіргіш жалғыз әсер етсе оған еттің бір рет жиырылып жазылуын айтамыз.
Еттің дара жиырылуы
1)Латенттік кезең-0,01сек
2) Жиырылу кезең-0,05сек
3) Босаңсу кезеңі-0,06сек
Достарыңызбен бөлісу: |