Бүйрек үсті бездерінің физиологиясы.
Бүйрек үсті бездері бүйректердің жоғарғы жағында орналасқан. Олардың салмақтары 6-12 грамға тең. Екі қабаттан тұрады: милы және қыртысты. Қыртысты қабат милы қабатқа қарағанда бездердің көп бөлігін алады. Бүйрек үсті бездерінің салмағы аз болғанмен, маңызы өте зор. Мысалы жануарларда осы бездерді алып тастаса (бұл экстирпация деп аталады) ол бір-екі жұманың ішінде қайтыс болады.
Бүйрек үсті бездері екі қабаттан тұратының айтқан болатынбыз, олардың әр-қайсысы түрлі гормондар түзеді.
Қыртысты қабат: 40-тан астам кортикостериодтарды түзеді. Физиологиялық қызметіне байланысты олар 3 топқа жіктеледі.
Глюкокортикостериодтар – кортизон, гидрокортизон, кортикостерон гормондары. Олар катоболизм үдерістерін күшейтеді; белок пен майдың алмасуына әсер етеді; көмірсулардың алмасуына, яғни гликоген мен глюкозаның алмасуын реттейді; аллергияға қарсы тұру қабілеттерінің артуын қарастырады.
Минералокортикоидтар – альдостерон мен 2-дезоксикортикостерон. Олар су мен тұздардың алмасуын; кальций мен магнийдің сыртқа шығарылуын; натрий мен хлор иондарының алмасуын реттейді.
Андрокортикостероидтар – андростерон, эстрол, прогрестерон гормондары. Олардың негізгі қызметі - жыныс бездері өз жұмысын тоқтатқан кезде жыныс гормондарын түзу болып табылады. Бұлардың маңызы кәрілік кезде зор болады.
Милы қабат: адреналин мен норадреналин гормондары түзіледі. Олардың организмге физиологиялық әсері:
жүрек-тамыр жүйесін реттейді (жүректің соғу ырғақтылығы, қан тамырлапының тартылуы); ішектің біріңғай салалы еттерінің қозғалысын тежейді; бронхының біріңғай салалы еттерін босаңсытады; көздің қарашығын үлкейтеді; жүкті әйелдердің жатырының біріңғай салалы еттерінің жиырылуына әсер етеді; бауыр еттеріндегі гликогенолизді күшейтіп, гипергликемия мен глюкозурияны тудырады. Сонымен қатар адреналин гормонын «эмоциялық гормон» деп те атайды. Ол экстрималды жағдайда организмнің қызметін жылдам бейімделуіне көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |