Қозғыш тіндердің жалпы қасиеттері. Қозғыштықтың кезеңдері. Қозғыштықтың өлшемдері


Ұйқы безінің эндокриндік қызметі, және оның көмірсулар алмасуын реттеуге қатысы



бет21/23
Дата29.09.2023
өлшемі110,97 Kb.
#111393
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Қозғыш тіндердің жалпы қасиеттері. Қозғыштықтың кезеңдері. Қозғы-emirsaba.org

Ұйқы безінің эндокриндік қызметі, және оның көмірсулар алмасуын реттеуге қатысы.


Ұйқы безі аралас сөлініс безге жатады. Ол әрі ішкі (эндокриндік) әрі сыртқы (экзокриндік) сөлініс қызметін атқарады. Сыртқы секрецияық қызметіне ас қорыту ферментін өндіру жатады. Ішкі секреция қызметін Ленгерганс аралшықтары атқарады. Ең алғаш аралшық клеткаларды дербес 1869 жылы Лангерганс ашқан, сондықтан оның құрметіне осы клеткалар тобын Лангерганс аралшықтары деп атаған. Ұйқы безінің эндокриндік ролін алғаш рет 1881жылы Улезько – Строгонова көрсетті. 1889 жылы Меринг – пен Миниковский жануарлардың ұйқы безін алып тастағанда оларға диабет ауруының белгілері пайда болып, қан мен зәрдің құрамында қант мөлшері көбейген (гиперглихимия, глюкозурия). Ал 1901 жылы А. В Соболев диабет ауруын аралшық клеткаларды алып тастаса ғана дамытатынын анықтады. Бездің сөл бөлетін өзегін байлап тастағанда оның секреті жиналып, қысымы күшейеді де экскреторлық тканьдер бұзылады, ал аралшық тканьдер өзгеріссіз қала береді. Мұндайда диабет ауруы пайда болмаған. Сабаеев алғаш рет без сығындысын алып, оның диабет ауруын емдеуге қолдануға болатынын дәлелдеген. Бірақ, бұл жаңалық сол кездегі ғылым деңгейіне байланысты дәріптелмегендіктен ұзақ уақыт бойы қолданылмай келді.

Лангерганс аралшықтары бозафилді немесе -клеткалар, ацидофильді немесе -клеткалар тобынан тұрады. -клеткалар инсулин, -глюкагон. Жас организмде – клеткалар, қартайғанда -клеткалары басым болады. Бұл жас организмде инсулин көп бөлінетін, ал, организмнің қартаюымен байланысты инсулин бөлінуі азайып, керісінше глюкагон түзілуі артатынын көрсетеді. Без аралшықтары қанмен жақсы жабдықталып, симпатикалық және парасимпатикалық нервтермен нервтенеді. Ұйқы безінің дамуы балаларда 1 жастан 5-6 жасқа дейін жақсы дамиды.Мұның физикалық көрсеткіштері 11-13 жаста, ал қызметі 15-16 жаста ересектермен теңеседі.


Ұйқы безінің гормондары – инсулин, глюкагон, липокаин.
Инсулин организмнен тыс жасанды жолмен алынған алғашқы белоктардың бірі.
Инсулиннің түзілуі. Инсулиннің – клеткаларда түзіледі. Инсулин молекуласы аминқышқылдарынан түзіледі. Гормон түзілу процесі рибосомаларда басталып проинсулин молекуласына айналады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет