Қозғыш тіндердің жалпы қасиеттері. Қозғыштықтың кезеңдері. Қозғыштықтың өлшемдері


Рефлекс, рефлекстік доға. Адамның сінір рефлекстері



бет10/23
Дата29.09.2023
өлшемі110,97 Kb.
#111393
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
Қозғыш тіндердің жалпы қасиеттері. Қозғыштықтың кезеңдері. Қозғы-emirsaba.org

Рефлекс, рефлекстік доға. Адамның сінір рефлекстері.


Рефлекс дегеніміз- орталық жүйке жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге беретін күрделі жауабы. Рефлекстің морфологиялық негізі – рефлекстік доға, яғни қозуды рецепторлардан жүйке орталығынан, онан шеткі ағзаға жеткізетін жол. Ол бес бөлімнен тқрады: 1-қабылдаушы құрылым-рецептордан; 2-қозуды орталыққа жеткізетін афференттік жүйкеден; 3-аралық нейрондардан тұратын оратлықтан; 4-қозуды орталықтан эффекторға апаратын эфференттік жүйкеден; 5- жауап беруші құрылым – эффектордан тұрады. Рефлекстік доға бүтін болған жағдайда ғана рефлекс қызметін атқарады.


  1. Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу (И.М.Сеченов), оның түрлері.

1862 жылы М.И. Сеченов "Орталықтағы тежелу" атты тақырыпта тәжірибе жасап, орталық, жүйке жүйесінде қозумен қатар тежелу де болатынын дәлелдеп берді. Тәжірибе қысқаша былай жасалады: көлбақаның миын көру төмпешігінен жоғарырақ жерінен кесіп алып тастайды да, тілік үстіне натрий хлоридінің кристалын қояды. Сол сәтте көру төмпешігі тітіркенеді де жұлынның қимылдатқыш рефлекстері біртіндеп ұзарып барып ақыры рефлекс тоқтайды. Жұлын рефлекстерінің тоқтауы мұнда тежелудің дамығанын көрсетеді.


Орталық жүйке жүйесінде туатын тежелу үрдістері пайда болу механизмдеріне қарай 4 ке бөлінеді:


ПРЕСИНАПСТЫҚ ТЕЖЕЛУ – Реншоу жасушасы қатысады. Яғни медиатрлардың азаюынан пайда болады. Тежелудің бұл түрінің биологилық маңызы – афференттік импульстердің жүйке орталықтартарына бағытталуының шектелуінде.

ПОСТСИНАПСТЫҚ ТЕЖЕЛУ – Реншоу жасушасы тәрізді тежеуші нейрондардың қатысуына байланысты туады . Қозғалтқыш нейрон неғұрлым күшті қозса, не оның аксоны арқылы қаңқа еттеріне күшті импульстер неғұрлым көп бағытталса, соғұрлым Реншоу клеткалары күшті қозып, ол қозғалтқыш нейрондар белсенділігін төмендетеді. Бұл қозғағыш нейрондарды шектен тыс қозудан сақтайтын механизм болып табылады. Постсинапстық тежелу стрихнин мен сіреспе токсинының әсерінен тоқтайды. Яғни қайтарымды (анитромды) тежелу болып табылады. Тежелудің бұл түрін басып тастаса орталық жүйке жүйесіндегі қозу процесінің заңдылығы бұзылып, соның нәтижесінде дене құрысып, ет тартылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет