Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте ұ с т а з ы



Pdf көрінісі
бет13/13
Дата28.12.2016
өлшемі9,76 Mb.
#657
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Фариза ҚАЖЫҒАЛИЕВА,

«Еуразия» гуманитарлық-

экономикалық колледжінің қазақ тілі 

пәнінің оқытушысы

Қазақтың ұлттық тұтастануы үшін 

табан тірейтін негізгі тұғыр  мемлекеттік тіл 

ретінде қазақ тілін дамыту.

Дауға салса, алмастай қиған, әрі қару, әрі қалқан 

болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы 

Ана тілінен артық бұ дүниеде қымбат не  бар екен?

   

 

        Н.Ә.Назарбаев

Кәсіби 


қазақ тілі

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» 

дегендей өзінің барлық күш-жігерін, білімін, жылдар 

бойы жинақтаған мол тәжірибесін бала оқытуда 

сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған 

ұлағатты ұстаз, Хамза Есенжанов атындағы 

ЖББОМ-нің  басшысы 

Шотанов  Шәрәпи 

Тәжібайұлы

 

нұрлы көктемнің мамыр айында  

зейнеткерлік 63 жасқа толғалы отыр.

Ол 1973   жылы Орал педагогикалық институты-

на оқуға түсіп, оның  химия-биология факультетін 

1978 жылы  бітіріп шықты. Содан бері ол  талап-

ты ұстаз, қабілетті педагог, жігерлі жетекші, ше-

бер ұйымдастырушы ретінде таныла білді. Шәрәпи 

Тәжібайұлы 20 жылға жуық мектеп директоры 

қызметін атқарып келеді. Ол үшін шағын ауылдағы 

білім ошағы екінші үйіндей болып кетті, өйткені ол өз  

ұжымын іскерлікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке 

дағдыландыра отырып, әр ұстаздың ізденіспен және 

шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал етті. Ол 

мектептегі сан-салалы істерді тындыруды  ше-

бер  жоспарлап, ұжымды ортақ іске ұйымдастыра 

білетін тәжірибелі басшы. Педагогикалық ұжымды 

басқарумен қатар, мектептің заман талабына сай 

материалдық-техникалық базасын  жетілдіру, пе-

дагог кадрлармен  қамтамасыз ету, мектеп айна-

ласын көгалдандыру, оқушыларды  еңбек тәрбиесіне  

баулу, олардың  денсаулығын сақтау, мектепті  

күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарын да  тиімді 

шешіп келеді. Мектептің үздік оқушылары мен  

ұстаздық қызметте жетістіктерге қол жеткізген 

ұстаздарды марапаттап, олардың оқуға, еңбекке 

деген ынта-жігерін  арттырып отыру  –  мектеп 

басшысының қалаптасқан дағдысы. Осындай ты-

нымсыз еңбектің сапалық сипаты жоғары.  Бүгінгі 

таңда Хамза Есенжанов атындағы орта мектеп 

аудан көлемінде өзіндік орны бар елеулі мектептер 

қатарында. 

Шәрәпи Тәжібайұлы  шәкірттерге биология 

пәнінен білім бере отырып, күнделікті сабақтарын 

елімізде  орын  алып  отырған  экологиялық  

мәселелермен үнемі тығыз байланыста өткізеді. 

«Ұстаз еңбегі шәкірт жетістігімен бағалы» деген-

дей, оның бірнеше шәкірттері аудандық пәндік олим-

пиадаларда, облыстық  ғылыми жоба сайыстарын-

да «Жергілікті жер зкологиясы және әлеуметтік  

жағдайдың адам ағзасына әсері», «Адам ағзасына 

макро-микро  элементтердің  әсері,  олардың 

күнделікті тамақта болуы» тақырыптарында 

әзірлеген жұмыстары жүлделі орындарға ие бо-

лып, ұстаз еңбеген ақтады. Жоғарғы оқу орында-

рында білім алып жатқан шәкірттері де Шәрәпи 

Тәжібайұлының  мақтан етуге лайықты еңбегінің 

жемісі.

Өскелең ұрпаққа оқу-тәрбие беру жолында кәсіби 

шеберлігімен ерекшеленіп, аянбай еңбек еткені үшін 

1999 жылы Білім және ғылым министрлігінің «Білім 

беру ісінің үздігі» белгісімен, 2001 жылы «Қазақстан 

Республикасының 10 жылдығы» медалімен және 

бірнеше рет аудандық білім бөлімінің, Облыстық 

білім басқармасының дипломдарымен марапаттал-

ды.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасы-

сын» деген сөз бар. Шәрәпи Тәжібайұлы  өнегелі 

ұстаз,  шебер басшы ғана емес, ол ел қамын, оның 

тұрғындарының әлеуметтік жағдайын үнемі наза-

рында ұстап отыратын, қолынан келгенше руха-

ни демеу бола білетін қамқор жан. Ол ауылдағы 

қоғамдық бірлестіктермен үнемі байланыста бо-

лып, ауыл өміріне етене араласып, аз қамтылған 

отбасыларға  көмек  ұйымдастыру,  тазалық 

сақтау, ауыл жастарының бос уақытын тиімді 

ұйымдастыру, халықты салауатты өмір  салтын 

ұстану жолына үйрету жұмыстарында  өз үлесін 

қосып  отырады. Ол – елге елеулі тұлға. Осын-

дай адамгершілік және жауапкершілік қасиетінің 

арқасында ол 3 рет аудандық мәслихаттың депу-

таты болып сайланды. 2005 жылы  Президент сай-

лау науқанында  ұйымдастырушылық қызметі үшін  

Елбасының «Алғыс хатымен» марапатталды.

Өз ісін тек қызу, тынымсыз еңбегімен танытқан 

Шәрәпи Тәжібайұлы – үлкен мерейтой иесі. Оның 

ұстаздық ғұмыры үлгіге толы. Берекелі жанұяда 

ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырған абзал әке, 

жаны ізгілікке толы ұлағатты ұстаз, ұстаздардың 

ұстазы  бола  білген  Шәрәпи  Тәжібайұлының  

мүлтіксіз еңбегіне  ұстаздар қауымы ризашылығын 

білдіре отырып, деніне саулық,  шаңырағына шаттық 

және  көп жылғы еңбегінің жемісті зейнетін көруін 

тілейді. 

Хамза Есенжанов атындағы ЖББОМ 

педагогикалық ұжымы,

Теректі ауданы

Елге елеулі тұлға



Құттықтаймыз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет