Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте ұ с т а з ы



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата28.12.2016
өлшемі9,76 Mb.
#657
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Ұйымдастыру

ізденушілік. 

Жұмбақ:    

 

 

Тарақта бар , 

             

Шашта жоқ.

           

Тамақта бар,

              

Аста жоқ.

                             

     (Қ)

 

Балалар жұмбақты шешеді. 

 

Жаңылтпаш:  Қырсық қисық-ты 

                                 Қисық қырсықты

                                 Қисық құр қисықты. 

Хормен айтады.

Өтірік өлең: Қырық бақа бірлесіп,

                        Қызыл шоқты жүр кешіп

                        Қаршығаға қарғалар

                        Қиқулады мінгесіп. 

Балалар тыңдайды.

Метаграмма: Оңға қарай,

                           Оқысаңда бір халық.

                           Солға қарай, 

                           Оқысаңда бір халық

                                                         (Қазақ)

 

Бір буыным – құс, 

 

Бір буыным – түс.       (Қаз, ақ) 

Балалар шешімін табады.

Әріппен  таныстыру, ауада жазып көрсету, қ дыбысын 

айту арқылы оның дауыссыз дыбыс екенін анықтату.

-  Дауыссыз  дыбыстар  қандай  текшелермен 

белгіленеді?

- Ал біз әріптерді көреміз бе? 

Балалар жауап береді.

Ғажайып сәт: 

- Балалар тыңдаңдаршы бір дыбыс естіледі, кәне 

тыңдайықшы, есік қағылған сиаяқты, кәне кім келді екен 

бізге қарайықшы? 

- Қонаққа әже келді, қолында қоржыны бар.

- Әже балаларға сыйлықтарын көрсетті.(торсық, 

қамшы, ұршық, тарақ... т.б) буынға бөлу, текшемен 

жаз 

дыбыстық 

талдау.

Балалар әженің тап-

сырмасын орындайды.

Дидактикалық ойын: «Кім тез».

Ойынның шарты: Сурет бойынша 

сөйлем құрау. (тақтаға текшемен жазып 

көрсетеді)

- Көрме ұйымдастыру. (ұлттық бұйымдарды 

санау, суреттерді көрсету.)               

Дәптермен жұмыс тапсырманы орындау. 

Рефлексивті-коррекциялаушы: 

Жұмбақ шешу: 

 Заттар салу үшін ағаштан жасалған төртбұрышты 

жиһаз (сандық). 

Басқа төсеп ұйықтауға арналған зат    

                                     (жастық)

Ас ішетін құрал (қасық)

Тақтаға схема түрінде жазу.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: бала әріпті біледі .

Меңгерді: дауыссыз, қатаң дыбыс екенін меңгерді

Не істей алады: әріпті жаза алып, сөйлем құрай 

алады.

Нұрсұлу ИЗМУХАНОВА,

 Трекин ЖББОМ, 

 Зеленов  ауданы

Білім беру саласы: Шыгармашылық.

Бөлімдері: Ән-күй.

Мақсаты: Әуенді орындай жүріп, 

ырғақпен қол соғуға, аяқ топылдатуға 

үйрету. 

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: 

Балабақша туралы әңгімелеу.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, көрсету, 

сұрақ-жауап, ойын.

Қажетті  көрнекі  құралдар: 

Балабақша суреті.

Қостілдік  компонент/билинг-

вальный/: балабақша-детский сад, 

ойыншықтар-игрушки, кең простор-

ный, әдемі-красивый.

Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің 

іс-әрекеті. Балалардыц іс-әрекеті.

Қозғаушы-ынталандырушы кезеңі. 

Балаларды заңга әуенмен кіргізу. 

Балалар залға музыкамен кіреді.

Жылулық шеңбері. Шеңбер болып 

тұрып, өлең жолдарын қайталайды.

Күндей жадырап, 

Айдай арайлап. 

Жұлдыздай жарқырап, 

Судай мөлдір таза көңілмен 

Бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастайық. 

Іс-қимыл орындайды.

Бала, бала, балақан, 

Қане, қайсы алақан.

Саусақтарың әйбәт, 

Былай, былай ойнат.

Ұйымдастырушылық  ізденіс 

кезеңі.

-  Балалар,  сендер  бүгін  қайда 

келдіңіздер?

- Балабақшаға.

- Дұрыс, балабақшаға. 

- Балабақша сендерге ұнай ма? 

- Иә, ұнайды.

-  Балабақшада  сендер  не 

істейсіңдер? 

- Өз жауаптарын айтады.

- Топтың бөлмесі қандай? 

- Кең, үлкен т.б.

-  Балабақшада  кімдер  кызмет 

істейді?

- Жауаптарын айтады.

Музыка тыңдау «Не деу керек?»

Ө.Байділдаев (Әннің мазмұнымен 

таныстыру). 

Ән тыңдайды. 

Дауыс  жаттықтыру.  (осы  ән 

үзіндісінен дауыс жаттықтыру).

 Дауыстарын жаттықтырады.

Ән  айту  «Біздің  балабақша». 

И.Нүсіпбаев Музыкалық-ырғақтық 

қимылдар «Кеңілді би» А.Бітібаев.

Әнді тындап, сөзін үйренеді.

Шеңбер болып тұрады, әуенмен 

бірге аяқтарын топылдатады (2-3 рет 

қайталайды).

Ойын: «Өз үйіңді тап».

Би: «Көңілді би» А.Бітібаева.

Балалар түрлі-түсті карточкалар 

арқылы өз орындарын табады. Шеңбер 

құрып, әуенге сай қолдарын соғады, 

аяқтарымен топылдатады. 

Іс-әрекетті бақылау кезеңі. 

-  Балалар  балабақша  сендерге 

несімен ұнайды? 

-  Балабақшада  сендер  не 

істейсіңдер?

- Балабақшада сендер бір-біріңізбен 

дос бола аласыңдар ма? 

- Балалар өз жауаптарын айтады.

Күтілетін нәтиже: Нені біледі: 

Балабақша туралы біледі.

Қандай  түсініктерін  игерді: 

Әуенді орындай жүріп, ырғақпен қол 

соғуды, аяк топылдатуға игерді.

Меңгерген  дағдылары  мен 

іскерліктері: Бір-бірін сыйлауды, көңіл 

күйлерін жақсы қалыптастыруды, 

сақтауды меңгерді. 

А.САРБАСОВА,

«Ақ желкен» балабақшасының 

ән-күй жетекшісі, 

Теректі ауданы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиа-

лы «Батыс Қазақстан облы-

сы бойынша педагогикалық 

қызметкерлердің 

білік-

тілігін арттыру институ-

ты» жанындағы 42 орындық 

жатақхана  жыл  бойын-

ша білім жетілдіру курсы-

нан өтетін мұғалімдер мен 

тәрбиешілерге,  т.б.  білім 

саласы қызметкерлеріне өз 

қызметін ұсынады.

Сонымен  қатар  бұл 

жатақхана облыс көлеміндегі 

мекемелер мен ұйымдардан 

да  ұжымдық  өтініштер 

қабылдайды.

Жатақхана институттың 

4-қабатында  орналасқан, 

жылы, салқын суы, душы бар, 

холда теледидар қойылған.

Жатақханада  тұрудың 

бағасы 1 тәулікке 1000-1200 

теңге  көлемінде;  ал  люкс 

бөлмесі (барлық жағдайымен) 

–  6000  теңге;  жартылай 

люкс бөлмесі – 3000 теңге.

Біздің мекен-жайымыз: 

Орал қаласы, Евразия даңғылы, 

238-үй, №8 мектеп аялдамасы.

Байланыс  телефондары: 

8 (7112) 54-38-84.  

4

 

Жайық ұстазы

30 сәуір, 2014 ж.

Дене шынықтыру мен спорт арқылы ұлтты сауықтыруға

Салауатты өмір салтын 

қалыптастыру жолында

Ұстаз. Бапкер. Жаттықтырушы.

Халықаралық конференция

Еліміздің даму бағытын бекіткен 

«Қазақстан-2030»  стратегиялық 

бағдарламасында салауатты өмір сал-

тын қалыптастыру дене тәрбиесімен, 

спортпен  шұғылдану  мәселесі 

қаралған. 

«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, 

үшеуімен болады бақытты өмір», - 

деп сыршыл ақын Мағжан Жұмабаев 

айтқандай мектептің басты міндеті 

– бастапқы білім берумен қатар, 

оқушыға жан-жақты жарасымды, 

жүйелі рухани тәрбие беру және 

оларды денсаулығы мықты етіп 

өсіру болып табылады.

Салауатты  өмір  салты  –  ол  өмір 

тіршілігі. Оқушылардың салауатты өмір 

салтын құрайтын қозғаушы күштерге мы-

налар жатады: еңбек, қозғалыс, тазалық 

сақтау, зиянды әдеттерден аулақ болу т.б.

Менің  педагогикалық  басты  тала-

бым – оқушыны өзімнің педагогикалық 

шеберлігіммен дене жаттығуларына де-

ген сүйіспеншілігімен, былайша айтқанда, 

шәкіртті қызықтыра білумен ынталандыру.

Дене тәрбиесі пәнінен сабақ бергелі, 

біраз тәжірибе жинақтадым. «Волейбол» 

және «Футбол» үйірмесін ұйымдастырдым. 

Спорттағы жетістіктерім де айтарлықтай.

Аудандық волейбол 

жарысынан  оқушылар 

командасы I орын алды. 

Е.Халиуллин «Үздік ша-

буылшы»,  Ә.Түменов 

«Үздік ойыншы»  атанды.

 Ауданда оздырылған 

шағын 

футболдан-



да IІ орынға ие болдық. 

Мұнда «Үздік шабуыл-

шы»  –  Е.Халиуллин, 

«Үздік  ойыншы»  - 

Н.Ғарифуллин. 

    Үстел  теннисінен 

спорт ардагері Елеусін 

Зинуллиннің  жүлдесі  үшін  өткізілген 

аудандық ашық турнирде III орынды жеңіп 

алдық, мұнда  Е.Халиуллин, А.Уалиуллина 

белсенділік көрсетті.

Осылайша оқушылар спорт арқылы өз 

денсаулықтарын шыңдап отыруды дәстүрге 

айналдырды.

Ұстаздар арасында «Біз салауатты өмір 

сүреміз» атты көңілді старт, «Мен және 

менің ұстазым» спорттық сайыс, салауат-

ты өмір салтын қалыптастыру бағытында 

мектепішілік спартакиада оздырылып, 

көптің көңілінен шықты.

Дене тәрбиесі және спортпен күн сай-

ын шұғылдану жас өспірімдерге 

өз денсаулықтарын нығайтуға, 

ауырмауға,  белсенді  болуға, 

бос  уақыттарын  қызықты 

өткізулеріне көмектеседі. Олай 

болса,  өз  сабағым  бойынша 

өткізілетін сыныптан тыс шаралар 

мен жарыстарға оқушылардың 

ұйымдасқан түрде қатысуларына 



қол жеткізу – менің міндетім.

С.ГИМРАНОВ,

Ғ.Абдуллин атындағы 

ЖББОМ дене шынықтыру 

пәні мұғалімі, 

Жәнібек ауданы  

Асқар Мақсотұлы Нұрғалиев – кәсіби 

ұстаз ғана емес, ол сонымен қатар өте та-

маша спортшы. Үлкен спорттың жанашы-

ры, көптеген шәкірттері қалалық, облыстық, 

республикалық чемпионаттардан алтын, күміс, 

қола медальдармен оралып жатуы – оның өз 

өміріндегі бар бақыты болса керек.

Соңғы деректерге сүйінсек, 2013 жылы 

маусымның 14-22 аралығында Атырау облысы, 

Аққыстау ауданында өткен республикалық тур-

нирде Асқар Мақсотұлының шәкірті 5-сынып 

оқушысы, Арсен Садиров, III орынға ие болды.

2013 жылы 9-11 наурыз айында спорт 

ардагерлер арасында самбо күресінен 35-40 

жас аралығында БҚО чемпионатында 62 

келі салмақта III орынға ие болған бапкер 

жаттықтырушы Асқар Мақсотұлы қай до-

далы жарыста да шәкірттері де, өзі де III 

орыннан төмендеген емес. Бүгінгі ұстазға, бап-

кер жаттықтырушыға біліктілік, білімділік, 

ұстамдылық аса қажет. Ал бапкер-ұстаз Асқар 

талантты, ізденгіш, жанашыл. «Талпынған 

жетер мұратқа» демекші, Асқар – қолға алған 

ісінің тізгінін мықтап ұстап, мұрат үдесінен 

көрініп отыр деуге әбден лайық жан.

Ол  спортпен  тұрақты  шұғылданып, 

әрқашан өзін дайындау үстінде болады. Бұл 

тамаша спортшының спортқа деген үлкен 

сүйіспеншілігін  білдіріп қана қоймай, жыл сай-

ын өтетін әлемдік, европа-азиялық спорттың 

самбо түрінен чемпионаттарға ардагерлер 

командасымен барып келуді  әрқашан мұрат 

тұтқан, тамаша бабындағы самбошы, абзал 

жан екендігінің дәлелі. Оның ұлттық қазақ 

күресін де  дамыту ойында бар. 

Ол 2013 жылының желтоқсан айында 

Астана қаласында тұңғыш рет өткізілген 

«Қазақ күресінің өткені, бүгіні мен болашағы» 

атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға 

қатысып, өзінің ойында жүрген, өмір елегінен 

өткізген ой-тәжірибелерін ортаға салып 

қайтты.  Оны  конференцияға  қатысушы 

ұстаздар мен жаттықтырушылар зейін сала 

тыңдады. 

Асқар Мақсотұлының өмірдеректеріне 

көз  жүгіртсек,  Фурманов  ауданын-

да (қазіргі Жалпақтал ауылы) 1974 жы-

лы маусымда дүниеге келген. 1981 жылы 

мектеп табалдырығын аттаған. Асқар 

Мақсотұлы 1985 жылы 4-сыныпта оқып 

жүріп, самбо күресінен ҚР еңбек сіңірген 

жаттықтырушысы Қауметов Нұрлан Кажи-

акпар ұлының самбо  үйірмесіне қатысады. 

Мектепте оқып жүрген Асқар Нұрғалиев 

аудандық жарыстарда бірнеше рет сам-

бо және қазақ күресінен жеңімпаз атана-

ды. 1989 жылы 8-сынып бітіріп, аудандағы 

№17 кәсіптік техникалық училищесіне түседі. 

Сол жылы Жалпақтал ауылында алғашқы 

рет Кеңес Одағының батыры А.Д.Құсайынов 

атындағы облыстық ашық турнирінде 1-ші 

орынға ие болады. 1990 жылы шілде айында 

Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында 30-шы 

Бүкілқазақстандық оқушылар спартакиадасы-

на қатысып, жүлделі 2-ші орынға ие болады.

1990 жылы тамыз айында Тула қаласында 

КСРО чемпионатына іріктеу жарысында 5-ші 

орынға ие болды. 1991-1992 жж. «Уральская  

снежинка» атты облыстық спартакиадаға екі 

рет қатысып, екі рет самбо күресінен облыс 

чемпионы атанды. 1991 жылы қазан айында 

Ресей Федерациясының Горький облысы, Выска 

қаласында Бүкілодақтық турниріне қатысып, 

2-орынға ие болды. 1992-1994 жылдары әскери 

борышын өтеді. 1997-2002 жылдары Алма-

ты қаласындағы қазақтың Спорт және Ту-

ризм Академиясын оқып бітірген Асқар. 

Оралдағы №43 мектепте дене тәрбиесі пәні 

мұғалімі болып, өз жұмысын бастады. 2011 

жылдың 1-қазанынан бастап А.Байтұрсынов 

атындағы мектеп дене тәрбиесі пәні мұғалімі 

бола жүріп, 2012 жылы сәуір айынан бастап 

БҚО «Ат спорты» бойынша БЖС мектебінде 

«Қазақ күресі» бөлімінде қазақ күресінен 

бапкер жаттықтырушы болып, қосымша 

жұмыс жасап келеді. Әрине, біреулер ойлап 

та қалар. Асқар Мақсотұлы БҚО «Ат спор-

ты» БЖС мектебінде жаттықтырушы бо-

лып, істеп жүріп қай уақытта №10 мектеп-

те дене тәрбиесінен сабақ беріп үлгереді деген 

сұраққа көз жеткізу үшін А.М.Нұрғалиев 5-6 

сыныптағы сабағына кірдік. Асқар Мақсотұлы 

әр  сабағына  жауапкершілікпен  қарап, 

оның білімділік, тәрбиелік, дамытушылық 

мақсаттарына, ғылыми бағытына сабақ 

мазмұнының жүйелігіне ерекше мән береді 

екен. Оқушылардың салауатты өмір салтын 

ұстануға бағдарлау мұғалімнің назарынан тыс 

қалып көрген емес. Жеке басының адамгершілік 

қасиеттерімен шәкірттеріне де, әріптестеріне 

де үлгі болып келеді. 

Оқушы бойына ұлттық құндылықтарды, 

озық  салт-дәстүрді,  халық  педагогика-

сын сіңіру – Асқар Мақсотұлының басты 

ұстанымдарының бірі. Ол әр түрлі сайыстарға 

қатысып, биіктерден көрініп үлгерді. Бұл ұстаз 

жетістігі, тынымсыз еңбегінің жемісі. Бүгінгі 

заман талабының сұраныстарына сай жан-

жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыруда 

сабағында  озық  әдіс-тәсілдерді  тиімді 

қолданып, шәкірттерін биіктерге бастай ала-

тын, ізденіске баулитын шығармашыл ұстаз. 

Отбасында жұбайы Аймат Қанатқалиқызы 

– (медбике) екеуі бір ұл, бір қыз тәрбиелеген. 

Қадамыңа нұр жаусын, абыройлы бапкер 

ұстаз! 

Асқар ӘБУБӘКІРОВ,

«Жайық ұстазы» газетінің

 штаттан тыс тілшісі

Хабарландыру

Жақында Қазақ драма театрында Батыс 

Қазақстан  облысы  дене  шынықтыру  және 

спорт басқармасы мен М.Өтемісов атындағы 

Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 

ұйымдастыруымен «Қазақстан-2050» стратегия-

сы: дене шынықтыру мен спорт арқылы ұлттың 

денсаулығын нығайту» тақырыбында Халықаралық 

ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен 

ашып жүргізген конференция жұмысына ба-

тыс өңірі облыстарының өкілдері Ресей, Поль-

ша елдерінің делегациялары, облыстағы спорт 

ұйымдарының басшылары, спорт саласының 

ғылыми зерттеушілері, спорт әдіскерлері мен 

жаттықтырушылары қатысты.

Конференция мәжілісінде Польшадағы эконо-

мика университетінің денсаулық, дене шынықтыру 

және спорт институтының профессоры А.Скалий 

«Польшадағы дене шынықтыру мен спорттың даму 

стратегиясы, қойылған міндеттер мен оларды орын-

дау жолдары», Поволжье әлеуметтік-гуманитарлық 

академиясының дене шынықтыру және спорт 

факультетінің деканы В.Н.Беленов «Білім бе-

ру мекемелерінде денсаулық сақтау ортасын 

қалыптастыру: проблемалар, оларды шешу жолда-

ры», Орта және кәсіби білім беретін федеральдық 

мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің 

директоры,  п.ғ.д.,  профессор  Г.З.Карнаухов 

«Мемлекеттік  олимпиадалық  резервтердегі 

училищеде  олимпиадалық  резерв  даярлау 

жүйесінің жайы», М.Өтемісов атындағы БҚМУ-

нің дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі 

кафедрасының меңгерушісі Р.Н.Испулова «Де-

не шынықтыру мен спорт саласының мамандарын 

даярлаудың ерекшеліктері», Қ.Жұбанов атындағы 

Ақтөбе аймақтық мемлекеттік университетінің 

жаратылыстану факультетінің деканы п.ғ.д., про-

фессор Т.А.Ботағараев «Қазақстан Республи-

касында дене шынықтыру мен спорт жөніндегі 

ғылыми зерттеулерді дамыту үрдісі және оларды 

халықаралық білім беру кеңістігіне біріктіру пер-

спективалары» тақырыптарында баяндамалар жа-

сады.


Александр  Скалийдің  айтуы  бойынша 

Польшадағы спортты дамытудағы негізгі бағыттар 

мыналар екен: жастар мен балалардың дене 

тәрбиесін жетілдіруге жағдай жасау, неғұрлым 

отырып  жұмыс  істеуді,  семіздік  пен  ауыр 

салмақтағы адамдарды барынша азайту, өркениет 

аурулары  атанып  кеткен  қатерлі  ауруларды 

төмендету, әсіресе, жастар арасындағы қалыптан 

ауытқушылық пен әлеуметтік қарсы көріністер 

мен агрессияны төмендету, тұрғындарды демалыс 

уақыттарында пайдалы істерге бағыттау, спорт-

пен айналысуға ынталандыру, мүмкіндігі шектеулі 

адамдарға денсаулығын қалпына келтіруге кеңірек 

жағдай жасау.

Ұлттың 

денсаулығын 



сауықтыруды 

польшалықтар екіге бөліп қарайды. Біріншісінде, 

жастар  мен  балалардың  дене  шынықтыруға 

әзірлігін қалыптастыру, екіншісі, қоғамның де-

не  шынықтыруға  белсенділігін  арттыру. 

Біріншісінде, дене шынықтыру тәрбиесіндегі 

авторлық бағдарламаларға қолдау көрсете оты-

рып, мектеп жүйесіндегі дене тәрбиесінде әр түрлі 

бағдарламаларды дамытумен қатар, суда жүзуді 

үйретуді мәселе етіп қойған. Екіншісінде, белгілі 

бір әлеуметтік топтар мен кез-келген саладағы 

белсенділер программасын насихаттау, туризмді 

дамыту, мүгедектердің спортқа ынтасын арттыру 

болып табылады. 

«РФ-ның  дене  тәрбиесі  ісінің  үздігі» 

В.Н.Беленов өз баяндамасында мектептер мен 

училищелердегі балалардың денсаулығының 

жай-күйіне баса назар аударады. Мектепке 90-

100% денсаулығы жақсы болып келген бала мек-

теп бітіріп шыққанда, 15% денсаулықпен ғана 

шығатынын зерттеу нәтижесінде анықтапты. 

Бұдан әрі ол оқушы училищеге барса, барлық 

денсаулығын жоғалтады екен. Бұдан шығатын 

қорытынды: мектеп пен училищелерде дене 

шынықтыру сабағы дұрыс өтпейді. Ол тек фут-

бол ойнаумен ғана шектеледі. Адам ағзасына пай-

далы дене тәрбиесі сабағындағы қимыл-қозғалыс 

атымен жоқ деген қорытындыға келеді. Мұндай 

олқылықтың орны, мектепке тек дұрыс дене 

тәрбиесі мұғалімінің  керектігімен толады. Оны 

дайындау келер күннің мәселесі деп түйіндейді ба-

яндамашы.

Облыс әкімі Н.Ноғаев қорытынды сөз сөйлеген 

конференция бұқаралық спортты дамыту ұлт 

денсаулығының негізі үшін жасалу керектігін, 

салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру,  дене 

шынықтыру мен спорт саласында дұрыс мамандар 

дайындау мәселесі жұмыстарына бағыттар сілтеді.

Конференция «Бұқаралық спортты дамыту 

бойынша отандық және шетелдік тәжірибелер» 



тақырыбындағы дөңгелек үстелге жалғасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет