Байланыс энергиясы — байланысқан жүйені (мысалы, атом, молекула, атом ядросы, т.б.), оны құрайтын бөлшектерге (құраушыларға) жіктеуге және оларды бір-бірінен арасында өзара әсер болмайтындай қашықтыққа алыстату үшін жұмсалатын энергия; біртұтас жүйе болып байланысқан бөлшектер жиынтығының сипаттамасы
Радиоактивті ядролар қандай сәуелерді шығарады?
1896 жылы француз физигі Анри Беккерель уран тұздарының көзге көрінбейтін сәуле шығаратынын байқаған. Ол сәулелердің ренгтген сәулелері тәрізді, мөлдір емес заттардан өтіп кететіні анықталған. Онан кейін Мария Складовская мен Пьер Кюри мұндай сәулелерді торий, полоний, және радий элементтерінің де шығаратынын анықтады. Осындай сәуле шығаратын заттарды радиоактивті заттар деп атады.
Кейбір элементтер ядросының өз бетінше сәуле шығарып, содан кейін жаңа элемент ядросының пайда болу қасиеті радиоактивтік деп аталады.
Радиоактивті заттар алғашқыда табиғатта байқалған-ды. Сондықтан табиғатта өз бетінше болып жататын радиоактивтікті табиғи радиоактивтік деп атайды. Радиоактивті заттардың шығаратын сәулелерін зерттеу мақсатында төмендегі тәжірибенің принципін қарастырайық. Радиоактивті затты бір қораптың ішіне орналастырып, оны магнит өрісіне қояды. Сонда қораптан шыққан сәулелердің үшке жіктелетіні байқалған. Олардың бір тобы магнит өрісінде ауытқымай, тіке таралған. Бұл сәулелердің заряды жоқ деген сөз. Бұл сәулелерді гамма- сәулелер деп атаған. Магниттің сол полюсіне қарай бағытталған сәулелер оң зарядталған деп есептеледі. Ол альфа-сәулелер. Ал теріс зарядты сәулелерді бета-сәулелер деп атайды.
Альфа сәулелер гелий атомы ядроларының ағыны болып есептеледі. Оның массасы 4-ке, заряды +2е-ге тең. Энергиясы 2÷5 МэВ. Альфа-сәулелер ядродан 14000-20000 км/с жылдамдықпен ұшып шығады. Затқа келіп соқтығысқан альфа-бөлшектер оның молекулаларымен немесе атомдарымен әсерлеседі де, оларды иондайды немесе қозған күйге келтіреді.
Бета-бөлшектердің массасы альфа-бөлшектердің массасынан 7350 есе жеңіл. Сондықтан бета сәулелер магнит немесе электр өрісінде альфа-сәулелерге қарағанда күштірек ауытқиды. Бұл сәулелердің жылдамдығы 160000 км/с- шамасында болады. Бета-бөлшектер альфа-бөлшектерге қарағанда заттарды аз иондайды.
Гамма-сәулелер деп фотондар ағынын айтады. Оның жиілігі 1020 Гц. Гамма- сәулелер жарық жылдамдығына тең жылдамдықпен таралады.
Радиоактивті ыдырау заңын тұжырымданыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |