«Өзін-өзі тану» пәніне кіріспе: Оқу құралы/ Әзірлеушілер: Б.Қ. Құдышева педагогика ғылымдарының кандидаты; Г. Ж. Жұманова философия ғылымдарының кандидаты, доцент; С. С



бет20/40
Дата07.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#19165
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40
Трансперсоналды психология негізінде құрылган т ұлга теориялары. Трансперсоналды психология адамды неғұрлым кең мағынада, бейсаналылық психика деңгейінде, бүкіл адамзат және ғаламмен байланысатын, жалпы ғаламдық, космостық ақпарат, адамзат ақпарат (ұжымдық, бейсаналық) алуға мүмкіндігі бар космостық пенде деп қарастырады.

Трансперсоналды психология 60-жылдардың аяғына дейін дербес пән ретінде қалыптаспаса да психологияда транспер­соналды ағымдар ондаған жылдар бойы өмір сүрген. Транспер­соналды агымдардың негізін салушылар ретінде К.Юнг, Р.Ассаджиоли, А.Маслоуды атауға болады. Өйткені адам дамуында олардың ұжымдық бейсаналық, «жоғарғы Мен», адамдардың бір-біріне санасыз түрде әсер етуі, «шыңына жеткен күйзелістердің» рөлі туралы идеялары трансперсоналды психологияның дамуына негіз болды.

Трансперсоналды жүйенің бірі - психосинтезді италия психиатры Р.Ассаджиоли құрды. Оның тұжырымдық негіздері, адам өзінің әлі көрінбеген мүмкіндіктерін өзектей отырып, әрдайым даму үстінде болады деген болжамға негізделген.

К.Юнгтің идеясы бойынша ұжымдық бейсаналылық (ата-бабадан тұқым куалаған жасырын естеліктер, ерекше биологиялық түрдегі адам тарихын қатыстыратын өткен шақ) күшті ақпараттық алаң болып көрініс береді. Соның салдарынан әрбір адам санасыз түрде барлық адамзатпен байланысты (бұрын өмір сүрген, қазір өмір сүріп жатқан және болашақтагы адамдар)

Трансперсоналды психологияның дамуына А.Маслоу маңызды үлес қосты. Ол спонтанды мистикалық немесе «пиктік уайымы» бар адамдарға зерттеу жүргізді. А.Маслоу өз зерттеуінде кенеттен пайда болатын «пиктік уайымдардың» адамдар үшін жағымды әсер ететіндігі және соның салдарынан олар «өзін іс жүзінде көрсету» немесе «өзін-өзі жігерлендіру» тенденциясын айқын көрсететін-дігін аныктады. Осылайша, трансперсоналды психологияның шынайы айрықша белгісі - адамзат жаны болып табылады. Онда сана эволюциясы үшін рухани және космостық өлшемдер мен мүмкіндіктердің маңыздылыгы анықталады.

Трансперсоналдық көзқарастарда мынадай деңгейлерді атап көрсетуге болады: 1) жансыз материяның/энергияның физикалық деңгейі; 2) жанды, сезімтал материяның/энергияның биологиялық деңгейі; 3) ақылдың, эгоның, қисынның психологиялық деңгейі; 4) пара-психологиялық және архетиптік құбылыстардың нәзік деңгейі; 5) кемелденген трансценденциямен сипатталатын себептік деңгей; 6) абсолюттік сана-сезім [58]. Әлем өзара байланысқан және өзара сіңіскен осы дүниелердің шоғырланған және бірттас торабы болып табылады, сондықтан да белгілі бір жағдайларда адам өзінің космостық тораппен барабарлығын қалпына келтіре алады жэне оның тіршілік етуінің кез келген аспектісін (телепатия, психодиагностика, қашықтан коре білу, болашақты болжау жэне т.б.) саналы түрде басынан кешіре алуы мүмкін.

Адамды түсінудің трансперсоналдық айқындамасына Станис­лав Грофтың бірнеше жылдар бойы жүргізген зерттеулері эмпирикалық дәлел бола алады. Ол адамның сана-сезімі саласында нақты шек пен шектеулер жоқ екендігін, соған қарамастан біздің қалыпты сана-сезіміміз тәжірибесінен тыс жатқан психиканың төрт саласы бар екендігін дэлелдеп берді [49]: 1) сенсорлық кедергі; 2) жеке бейсаналылық; 3) туу және өлім деңгейлері (перинатальдық (құрсақтагы) матрицалар); 4) трансперсоналдық сала.

С. Гроф өзін-өзі тану және тұлғалық өсудің керемет техникасын, яғни холотроптық дем алу әдістемесін ойлап тапты. Бұл техника адам бойындағы өмірдің төтенше (экстремальдық) жағдаяттарына байланысты туындайтын сезімдерге ұқсас келетін холотроптық күйді бастан кешіруіне негізделеді. С. Грофтың ойынша, трансперсоналдық құбылыстар адамның космоспен байланысын ашады. Жеке бейсаналылық деңгейді зерттеу кезінде бүкіл ғаламшар эмпирикалық шарлауға айналып, адамның сана-сезімі қалыпты шектерден тысқары шығып, уақыттық және кеңістіктік шектеулерді меңгерген жағдайда мұндай өзара қарым-қатынасқа қол жеткізу мүмкін емес. Сөйтіп, трансперсоналдық психологияның кейбір айқындамалары адамды табиғатпен, космостық күштермен және әлеммен тығыз байланыста қарастырылатын өзін-өзі тану тұжырымдамаларымен астасып жатады. Адам өз мақсаттарына қол жеткізу үшін осы бастау, көздерден күш-қуат алып, өзін-өзі және өзінің шексіз мүмкіншіліктерін тану мақсатында олармен жұмыс жасауы керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет