Палеопсихологиялық, антропологиялық жэне тарихи-психоло-гиялық материалдар адам психологиясының өзгеруі тарихи сипатта болатынын көрсетеді. Тарихи деректер мен жеке адамның туғаннан қайтыс болуына дейінгі өмірін бақылау нәтижелері түлғаның: филогенетикалық және онтогенетикалық екі салада дамитынын көрсетеді. Екі сала да эдетте бірлікте және өзара шарттылықта қарастырыл ады.
Тұлға филогенезі - адамның тарихи эволюция үдерісінде психиканың дамуы мен түрлі тарихи кезендер мен түрлі қоғамдағы жеке түлғаның пайда болуы және дара тұлғалардың саралануынан байқалатын адамдардың қоғамдық өмірінің өзгерістері деп түсіну қажет.
Тұлға филогенезі туралы мәселенің мәні, түлғаның қандай өзгеріске үшырағанын және ол туралы адам тарихының түрлі кезеңіндегі түсініктерді және осындай өзгерістердің механизмінің қандай екенін түсіну болып табылады. Тұлға дегеніміз - өзінің тұрақтылығына қарамастан, үздіксіз дамуға тап болған психикалық қалыптасу. Даму адамның ең басты белгісі болып табылады, сондықтан да оны «адам тіршілігінің басты формасы» деп есептейді. Бұл дүниеге келгеннен бастап дүниеден өткенге дейін болатын шығармашылық (жасампаз) үдеріс. А. Адлердің айтуынша, адам өзінің өмірлік айқындамасын қалыптастыра отырып, өз тұлғасының жасампазы болып табылады. Шығармашылық «Мен» - бұл қоршаған ақиқатты біртұтас, динамикалы, жеке, қайталанбас стилі бар тұлғаға тасымалдайтын өзіндік фермент [69]. Әрбір адамға тән өмір стилі бұл шығармашылықтың нәтижесі және де адамның өз тағдырын өзі шешуіне мүмкіндік береді.
мен көптеген әлеуметтік және өзге де өзара әрекеттерді камтитын бүкіл өміріндегі жеке адам психикасының бағдар бойынша даралык дамуын білдіреді. Адамның онтогенездік дамуы мен өмірлік жолында осы дамудың барлық деңгейін қамтитын адам организмі мен тұлғасының үдемелі даралануы жүзеге асады.
Тұлғаның онтогенезі - адам психикасы дамуының басты бағыты. Адамның дамуы басынан бастап тұлғалық сипатта болады. Яғни, онтогенездік даму үдерісінде психикада психикалық функциялардың өзгерістері болып саналмайтын сапалы түрдегі жаңа құрылымдар пайда болады. Бұл жаңа психологиялық құрылымдар, құрамына аса күрделі емес функциялар енетін ықпалдасқан жүйелер болады.
Қабылдау, ее, ойлау жэне басқа да функциялардың ықпалдасуы арқылы жоғарғы функцияларға: категориялық қабылдау, қисындық жад, сөзбен ойлау және т.б. түрлене отырып дамуының өз қисыны бар. Жогарғы функциялар дегеніміз - негізгі психикалық функциялардың ажырамас «кұймасы». Олар адамның іс-әрекетін, адамдармен ара қатынасын жэне өзіне деген көзқарасын анықтайды. Тұлға онтогенезі мэдениетті меңгеруге әкеліп соқпайды. Әрбір жеке адам өзінің табиғи қабілеттерінің жэне басқа адамдардың көмегінің арқасында тілді және басқа да қоғам жинаған мәдени байлықтарды меңгереді. Нәтижесінде адам табиғи құбылыс ретінде адамгершілік-руханиятты тіршілік иесі, қоғам мүшесі болып шыгады; адам бойында биологиялық және әеуметтік тұтастық орнайды.
Әлеуметтену, сонымен қатар тұлғаның мазмұны заттық әлемді, табиғатты меңгеру, оларға деген дұрыс көзқарастың қалыптасуын білдіретін заттық дамуын қамтиды. Адамның табиғатқа деген көзкарасы табиғи-биологиялық және мәдени-әлеуметтік аспектіде болады. Биологиялық аспект дегеніміз - адамның табиғаттан «шыққанын» және өмір бойы солай болып қалатынын білдіреді. Кез келген тірі жан секілді, адам өзін-өзі реттеудің табиғи механизмі бар, заттардың табиғи ауыспалы айналымына енеді. Қазіргі жағдайда өмірдің табиғи жағдайларын сақтап қалу қажеттілігі мен қоғамның дамуы бірінші кезекке шығып отыр. Тұлғаның әлеуметтенуі, қазіргі және болашақтағы ұрпақтар үшін өмірлік ресурстарының жалпы қайнар көзі ретіндегі табиғаттың қоғамдық қатынастар жүйесіне объективті түрде етене еніп
кеткенін, осы ресурстарды бір адамдардың пайдалануы басқалардың да мүддесіне әсер ететінін жоққа шығарады, сондықтан да әлеуметтік мінез-құлықтың маңызды нысаны болып табылады. Сонымен, тұлғаның әлеуметтенуі қазіргі кездегі экологиялық зандылықтарды ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс.
Тұлғаның дамуы барлық жаңа сапалардың монотондық біркелкі қалыптасуы немесе А.С. Макаренко айтқандай, кемшіліктерден барынша арылу үдерісі болып табылмайды. Тұлга онтогенезі көптеген зерттеушілер көрсеткендей, әрқайсысы тұлғалық даму міндеттерінің айрықша шеңберін шешуге байланысты бір қатар кезеңдерге бөлінеді.
Тұлғаның даму кезеңдері мэселелерімен 3. Фрейд, Ж.Пиаже, Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин А. Газел, Э. Шпрангер және баска да көптеген психологтар айналысқан. Түрлі авторлар түрлі кезеңдерді бөліп көрсетті. Персоногенездің қандай да бір кезеңдері тиісті түлға теориясына, тұлғаның қалыптасу үдерісінің ұзақтығына қатысты болжамға және белгілі зерттеу әдістемесіне негізделген. Тұлға теориялары көп болғандықтан, ал әдіскерлік тәсілдердің одан да көптігінен кезеңдердің санын есепке алу мүмкін емес. Э.Эриксонның толық өмір циклінің түжырымдамасы тұлға онтогенезі тақырыбына жақындығымен және толықтығымен сипатталады. Э.Эриксон бірінші қатарға «Мен» инстанциясын шығарады. Тұлғаның дамуын ол индивид өзіне жэне өзінің әлеуметтік ортасына қатысты негізгі бағдарларды белгілейтін «Меннің» дамуы ретінде көрсетеді. Тұлға дамуының негізгі үдерісі «эгоиденттілік» динамикасы - орын алып отыратын өзгерістерге қарамастан өзіндік «Меннің» тұрактылығы мен үздіксіздігін сезіну болып табылады.
Тұлғаның эгоиденттігінің немесе тұтастығының қалыптасуы, Эго дамуы, бүкіл өмір бойына созылады. Дамудың бұл үдерісі тұлға дамуының эпигенетикалық қағидасына (эпигенез) багынады. Бұл қағида бойынша индивидтің дамуы қоғамның өміріне байланысты және генетикалық кодына тәуелсіз инвариативті бірізді және сатылы түрде жүреді. Эриксонның постулаттары Эго дамуының сегіз сатысының бар екендігіне тоғысады. Әрбір сатының жағымды және жағымсыз мәнге ие болатын өзінің даму параметрлері, сонымен қатар адам өзінің рухани дамуының кезекті сатысына көтерілу үшін шешетін айрықша міндеттері болады. Міндетті шешу индивидтің осы кезге дейін қол жеткізген психоэлеуметтік деңгейіне де, отбасы мен қоғамның жалпы рухани ахуалына да тәуелді болады.
Адам дамуының бірінші сатысы, әдетте, өмірінің алғашқы жылын қамтиды. Міндеті - жағымды полюс ретінде сенім, ал жағымсыз полюс сенімсіздік болып табылатын әлеуметтік өзара эрекеттің маңызды өлшемдері әлемге деген базалық сенімнің қалыптасуы. Баланың қоршаған әлемге, басқа адамдарға жэне өзіне деген сенім деңгейі оған жасалатын қамқорлыққа тәуелді болады.