«Өзін-өзі тану» пәніне кіріспе: Оқу құралы/ Әзірлеушілер: Б.Қ. Құдышева педагогика ғылымдарының кандидаты; Г. Ж. Жұманова философия ғылымдарының кандидаты, доцент; С. С



бет17/40
Дата07.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#19165
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40
Тұлғалың өсудің сыртқы критерийлері

Басқаларды қабылдау. Интерперсоналдық бағытта тұлғалық өсу, ең алдымен, басқа адамдарға қатынастың динамикасынан көрінеді. Түлға басқа адамдарды сол күйінде қабылдай алуға олардың өзіндік ерекшелігін жэне өзімен-өзі болу құқын қүрметтеуге, олардың сөзсіз құндылығын мойындауға жэне оларға сенуге қабілетті болған сайын кемелдене түседі. Ал бұл өз кезегінде «адам табиғатына негізгі сеніммен» жэне адамдар арасындағы мәнді де терең байланыс сезімімен байланысты.

Басқаларды түсіну. Ересек тұлға алдын ала кесіп-пішуге және стереотиптерге тәуелсіздігімен, жалпы қоршаған ортаны, әсіресе басқа адамдарды дұрыс, толық және жіктеп қабылдауымен ерекшеленеді. Тұлғалық өсудің маңызды критерийі - терең әрі , нәзік түсінудің, күйзелудің, эмпатияның негізінде тұлғааралық қарым-қатынас жасауға дайын екендігінде.

Әлеуметтену. Тұлғалық өсу адамның түбегейлі ұмтылыстарының, яғни сындарлы әлеуметтік қарым-қатынастың неғүрлым оңтайлы көрініс беруіне алып келеді. Адам баскалармен араласуда барынша ашык және табиғи бола түседі, бірақ сонымен қатар реалист, икемді, тұлғааралық қайшылықты тиімді шеше алатын және басқалармен бар мүмкіндігінше үйлесімді өмір сүре алатын болады.

Шыгармашылық бейімділігі. Тұлғаның маңызды қасиеттерінің бірі - өмірлік мәселелерді батыл және ашық қабылдауға және оларды шешуге дайындығы, олардың маңызын түсірмей, «нақты кезеңнің жаңалығына шығармашылықпен бейімделу» және «әлеуетті ішкі мүмкіндіктерді көрсете және пайдалана білу». (К.Роджерс)

Осы бағыттардың әрқайсысы бойынша өзгерістер олардың зандылықтарының ерекшеліктеріне сәйкес өтіп отыратындығы белгілі. Бұл үдеріс біртұтас және өзара тығыз байланысты: бір «тұлғалық өлшемде» өсу басқа ілгері қозғалыстарға жағдай жасайды. Бүл бағыттардағы қозғалыстардың, өзін-өзі аша білу және табу үдерісіне ену фактісінің өзі маңызды болып табылады, бұл адамға бүрынғыдан да еркін және жауапты, сәйкес жэне қайталанбас, ақкөңіл және ашық, мықты және шығармашылықты, айналып келгенде бұрынғыдан да есейіп, кемелденген және дүниені, қоршаған ортаны, әлемді өмір сүруге ынталандырушы фактор ретінде қабылдауға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет